Хаттама
Тану үшін көрсету туралы
Алматы облысы 9 қыркүйек 1998ж.
Алматы облысы тергеушісі, 3-ші дәрежелі заңгер Исеноманов Б.А.,
Ағымдағы жылдың 9-шы шілдедегі жоғалу туралы Азаматша Диванова Вера Сергевнаның арызын қабылдады. Оның күйеуі Диванов Игнатия Александрович, 46жаста және ескере отырып, п. Шұбарқұдықтан 15км жерде ер адамның мәйіті табылды. Аталған белгілері мен киімдері, Диванова В.С-нің 9-ші қырқүйектегі жауабында сипаттаған, жоғалынған киімдері мен белгілеріне ұқсас (бет әлпетінің дұрыстығы,шашы ақшыл-сарылау,ұзын бойлы, дене бітімі арықша, иегінде мені,сол қырында жұлдызша тыртығы) бар. 16 сағат 30минутта Совхоз ауруханасының мәйітханасында ҚІЖК-нің 228-бабының талаптарын сақтай отырып, Шұбарқұдық поселкасы, Абай көшесі 3-ші үйдің тұрғыны Шакенов Исмағұл, Абай көшесі 5-ші үйдің тұрғыны Гизатов Шахир Ахметжанович, куәгерлерді қатыстырып: Шұбарқұдық ауданында табылған, белгісіз ер адамның мәйітін Диванова Вера Сергеевнаға көрсетті.
Танылған мәйіт секциондық столдың үстінде киімсіз және ақжайылмамен жабулы жатты. Тану алдында тергеуші мен аурухана хирургі мәйітті (бетін жуды, шашын тарады, көзін мақталы шариктің көмегімен ашты, төменгі салбыраңқы жақты байлады) жуды. Мәйттің маңындағы орындықтың үстінде оның киімдері жайылып қойылды: пиджагі, шалбары, ішкиімі, көйлегі, нәскиі, аяқ-киімі.
Жалған мәлімет беру туралы азаматша Диванованы қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы ескертілді. Барлық қатысушыларға олардың құқықтары мен бостандықтары түсіндірілді.
Көрсетілген мәйттің түрі мен денесі, сондай-ақ оның киімдерін қарап, азаматша Диванова мәлімдеді: “Маған көрсетілген мәйіт, мен өзімнің күйеуім Диванов Игнатия Александрович. Оның бет-әлпеті бойынша, ақшыл-сары шаштары, ұзын бойы, арықша денелі және ерекше белгілері бойынша: иегіндегі мені, жамбас сүйегінің жоғарғы сол жағындағы жарықшақты жарақатынан қалған жұлдыз тәріздес пішінді тыртығынан танимын ”
Мен танимын маған көрсетілген киімдерімен, сондай-ақ төмендегі көрсетілген белгілер бойынша күйеуім үйден шығып кеткен:
Пиджагі- материал түсі, фасоны, размері бойынша және оң жеңіндегі
жасалған өзіндік жамауы бойынша;
Шалбары- материал түсі, фасоны, размері бойынша және Гульфитегі
төменгі түйме қалыпсыз менімен тігілген.
Түрсігі- материал түсі және көлемі бойынша
Көйлегі- түсі, материал сапасы мен размері бойынша
Аяқ-киімі- түсі, размері және аяқ-киімнің сол жағындағы «союзки
правовой кеды» резинадан жабыстырылған, сол кезде күйеуім жабыстырып жатқанында болған едім.
Куәгерлерден шағым түспеді.
Аталғандарды ескере отырып, осы хаттама толтырылды.
Танушы: Диванова А.А.
Куәгерлер: Шакенов А.А., Гизатов А.А..
Тергеуші: Исеноманов А.А.
Достарыңызбен бөлісу: |