Ұсынылатын СОӨЖ тақырыптары:
Жауап алудың түсінігі, мәні және түрлері – реферат
Сезікті, айыпталушыдан жауап алудың процессуалдық тәртіптері – реферат
Куә мен жәбірленушіден жауап алудың процессуалдық тәртіптері – реферат
Қайшылықты жағдайда пайдаланылатын тактикалық әдістер – реферат
Қайлышылықсыз жағдайда пайдаланылатын тактикалық әдістер – реферат.
Кәмелетке толмаған куә, жәбірленуші, сезікті мен айыпкерден жауап алудың тактикасы – реферат.
Беттестіру тактикасы – реферат.
Жәбірленушіден жауап алу
Х А Т Т А М А С Ы
Алматы қаласы 14 тамыз 2016 жыл
Алматы қаласы Бостандық аудандық ІІБ тергеу бөлімінің тергеушісі Сүйлеменов С., ҚР ҚІЖК-нің 212, 213, 219-баптарынына талаптарына сәйкес, төмендегі аталған адамнан жәбірленуші ретінде жауап алдым.
1.Аты-жөні, есімі, әкесінің аты: Ержанов Манат Өсерқызы.
2. Туған жылы: 1963 жыл.
3. Туған жері: Қазалы ауданы
4. Ұлты: қазақ.
5. Білімі: орта.
6. Жұмыс орны: атқаратын қызметі: аудандық аурухана, мейірбике. 7.Мекен-жайы: Алматы қаласы, Жанқожа батыр көшесі 2 үй.
8. Төл құжаты: І-ГУ №167314 18 мамыр 1979 жылы Қазалы аудандық ІІБ тергеу бөлімі берген.
9. Айыпкермен қарым-қатынасы: ешқандай
ҚР ҚІЖК-нің 219 бабында көрсетілген жәбірленушінің құқықтары мен міндеттері түсіндірілді. Сонымен қатар жауап алғанда дыбыс жазу аппараты қолданылатыны жайлы және біле тұра өтірік жауап берсе немесе жауап беруден бас тартса ҚР ҚК-нің 187, 193 баптары бойынша қылмысты жауапкершілігі ескертілді. Ержанова М.
Қойылған сұрақтар бойынша төменде көрсетілгендей жауап беремін: 20... жылдан бастап Қазалы аудандық ауруханасында мейірке болып қызмет атқарамын. 20... жылдың күз айында Омаров Әділхан деген жігіт біздің ауруханада жатып емделген болатын. Сол жатқан кезінде екеуміз таныстық. Ауруханада 20 күндей жатқан соң Омаров емдеу мерзімі бітіп, ауруханадан шыққан. Ауруханадан шығар алдында Омаров маған өзінің жақсы көретінін айтып, үйленуді ұсынған. Мен Омаровты ұнатпайтын болған соң, оның ұсынысынан бас тартқанмын. Омаров алғашқыда өтініп, оған көнбей қойған соң мені қорқытып көрген. Мен бірақ өз айтқанымда тұрдым. Сонымен ол ауруханадан шығарда маған қоқан-лоққы жасап кеткен болатын.
Мен қызмет бабына сәйкес түнгі кезекте де қызмет жасайтынмын, ол туралы Омаровта білуге тиіс.
12 тамыз 20... жылы түнде сағат 22.00-ден өте мен ауруханадан шықтым да үйге қарай жүрдім. Аялдамада автобус келмеген соң, үйге дейін жаяу бара салмақшы болғанмын. Ғарышкерлер мен Сәтбаев көшелерінің қиылысына келгенімде, үйдің бұрышында тұрған 4 жігітті байқадым. Олар өзара сөйлесіп, қатты күліп тұрды. Сөйлескен сөздерінен олардың мас екенін сезіп, көшені айналып, үйге бақша жақтан бармақшы болдым. Бірақ менің жолдан бұрылғанымды көрген біреуі қалған жігіттерден бөлініп маған қарай жүрді. Мен аяғымды тездетіп басып кетіп қалмақшы болдым. Жеделдетіп жүргеніммен әлгі жігіт соңымнан қалмады. Мен оның жүрісінен сезіктеніп, үйге қарай жүгірдім. Артымдағы жігіт те жүгіріп мені біздің бақшысының жанында қуып жетті. Сол кезде мен оның Омаров екенін байқап үлгердім. Онан соң ол менің басымнан қатты затпен ұрып құлатты. Шамалыдан соң есімді жисам, қасымда көршім Әскербек ағай отыр екен. Оның аты-жөні Арыстанов болуы керек. Есімді жиған соң етегімді жинап, іш киімді шешіндіріп, зорламақшы болған. Бірақ Әскербек ағай айқайлап, кедергі жасаған. Менің бар айтарым осы.
Хаттаманы өзім оқып шықтым, бәрі дұрыс жазылған, қосымша айтарым жоқ. Дыбыс жазу аппаратындағы таспаны толық тындадым, мазмұны хаттамаға сәйкес. Ержанова М.
Жауап алу 14 сағат 10 минутта басталып, 14 сағат 55 минутта аяқталды, жауап алу барысы «Sony» магнитафонына, МК-60 таспасына жазылды.
ІІБ тергеу бөлімінің тергеушісі: Сүлеменов С.
Достарыңызбен бөлісу: |