Жалпы табыстьщ ауытқуына негізгі факторлардың әсері
№
|
Көрсеткіштер
|
Сомасы, мың тг
|
Жоспарлы табысқа %-бен
|
1.
|
Өткізілген енімнің өзіндіі? құны-ның өсуі
|
-1255
|
+ 28,4
|
2.
|
Келісілген бағалар деңгейінің өсуі
|
+ 3434
|
+ 77,7
|
3.
|
Өнімді өткізу көлемінің артуы
|
+ 150
|
+ 3,4
|
4.
|
Өткізілген енім құрамындағы құрылымдық езгерістер
|
-561
|
-12,7
|
|
Жиыны:
|
+ 1768
|
+ 40,0
|
Жоспардан тыс жалпы табыс келісім бағалары мен өнімді өткізу көлемінің өсуі нәтижесінде алынып отыр. Егер кәсіпорын өнімнің өзіндік құнының өсуіне жол бермеген болса және де бизнес жоспармен салыстыр ғанда өткізілген өнімнің құрамындағы құрылымдық өзгерістер болмаған жағдайда жалпы табыс 1816 мың теңгеге (1255+561) есетін еді. Жалпы табыстың өндірістік езіндік құнының өсуі нәтижесінде азаюын — кәсіпорын жұмысындағы жағымсыз құбылыс ретінде сипаттауға болады. Елеулі кемшіліктерге 1996 жылы талданып отырған кәсіпорынның өткізген өнімінің құ-рамында болған құрылымдық өзгерістер жатады. Сондықтан талдаушы, шығарылатын өнім сұрыпталымы мен өндірілетін және өткізілетін өнімдердің құрамында болатын құрылымдық өзгерістерін талдауға басты назар аударуы қажет. Егер әрине нарықта оларға деген сұраныс болса, кәсіпорынға өнімнің жоғары рентабельді түрлерін өндіру мен сату тиімді болады. Өткен жылмен салыстырғандағы жалпы табыстың езгеру себептерін анықтау кезінде, В.А. Маличет (34) ұсынған талдау әдістемесін қолдануға болады. Нарықтық экономика жағдайында, тауарларға деген бағалар еркін болған кезде және де олардың деңгейі нарық жағдайымен анықталатын кезде осы бағалардың өзгерісі туралы ақпараттар алу қажеттігі пайда болады. Кәсіпорын өнім есебін екі түрлі бағамен, яғни нарықтағы қазіргі және өткен жылдағы бағалар бойынша жүргізбейді. Осының бәрі экономиканы басқару және бақылау мақсатында бағаның қозғалысы туралы, олардың тек жылдық қана емес, сонымен қатар одан да қысқа мерзім аралықтарына, яғни ай, тоқсан, жарты жылдағы индекстері туралы мәліметтердің болу қажеттілігін тудырады. Мұн-дай мәліметтер ең алдымен кәсіпкерлерге, салық инс-пекцияларына және әр түрлі деңгейлердегі экономиканы басқару органдарына қажет болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |