- Табыстыльщтың абсолютті көрсеткіші -жалпы табыс. Ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады
Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік құн, сондықтан оның төмендеуі оның көлеміне көп әсерін тигізеді
Көптеген кәсіпорындарда өзіндік құнды баптар бойынша талдаумен айналысатын, оны төмендету жол-дарын іздестіретін экономикалық қызметтің бөлімшелері болады. Бірақ белгілі бір мөлшерде бұл жұмыс, инфляциясының әсері және шикізат пен отын-энергетика ресурстарында бағаның өсуімен өзінің маңызын төмен-детеді. Бағаның күрт өсуі және кәсіпорынның меншікті айналым қаражаттарының жетіспеуі жағдайында өзіндік құнның төмендеуі нәтижесінде табыстың өсімі мүмкін емес.
Шаруашылық жүргізудің түрақты экономикалық жағдайында жалпы табыстың өсуінің негізгі жолы материалды шығындар бөлігінде өзіндік құнды төмендету. Бұл, әсіресе шикізат құнының үлес салмағы өнімнің өзіндік құнында өте жоғары болып келетін өңдеу және қайта өңдеу салаларында (машина жасау және металл өңдеу, металлургия, мұнай-химия, тігін, тамақ және т.б.) қызмет жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды.
Шығарушы салаларда табиғи себептерге байланысты табыс есімін пайдалы қазбаларды шығарудың өзіндік құнын төмендету нәтижесінде қамтамасыз ету өте қиын. Бұл негізінде шығару көлемін өсіру арқылы болуы мүмкін.
Соңғы тұтынушыға бағытталған салаларда сұраныс, өзіндік құн деңгейімен анықталатын өндіріс және өнімді өткізу көлемі шешуші мәнділікке ие болады.
Заттай түрде өнімді өткізу көлемінің есуі табыстың өсуіне әкеледі. Сұранысқа ие өнімдерді өндірудің өспелі көлеміне күрделі салымдар көмегімен қол жеткізуге болады, бұл табыстың әлдеқайда өнімді жабдықтарды сатып алуға, жаңа технологияны игеруге, өндірісті кеңейтуге бағытталуын талап етеді. Бұл жол, қазіргі кезде көптеген кәсіпорындардың инфляция, бағаның өсуі және ұзақ мерзімді несиелерге қол жетіспеушілігіне байланысты қиын немесе мүлде мүмкін емес. Күрделі капитал салымдарын жүргізуге қаржылары мен мүмкіндіктері бар кәсіпорындар, егер инвестиция рентабельділігін инфляция қарқынынан жоғары ұстаса, онда бұл кәсіпорын өз табысын нақты өсіре алады.
Өндіріс және өнім өткізу көлемін өсіруге әкелетін айналым қаражаттарының айналымдылығын жылдамдату күрделі шығындарды талап етпейді. Инфляция айналым қаражаттарын өте тез құнсыздандырады. Кәсіпорын-дардың шикізат пен отын-энергетика ресурстарын сатып алуына олардың көп бөлігі бағытталады. Сатып алушылардың төлемеушілігі және де талап етілетін алдын ала төлем жүргізу кәсіпорынның қаржысының көп бөлігін айналымнан тыс әкетеді. Төлем жүргізбеудің себептері тек айналым қаражаттарының жетіспеуі ғана емес, сонымен бірге төмен қаржылық есептік тәртіп, банк жүйесі жұмысындағы кемшіліктер және де вексельдік айналымның дамымауы да болып табылады.
Кәсіпорын табысы бағаның өсуі есебінен жоғары қарқынмен өседі. Бағаның өсуі өзінше теріс фактор болып табылмайды. Егер өнімге деген сұраныстың өсуі мен шығарылатын өнімнің техника-экономикалық пара-метрлердің және тұтынушылық қасиетінің жақсаруымен байланысты болса, онда ол дәлелді болады.
Жоғарыда аталған факторлардың жалпы табысқа әсерін анықтау үшін қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептің мәліметтері бойынша келесі талдау кестесін құруға болады (14-кесте).
14-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |