Графикте шығындар аймағы өндіріс көлемінің қауіп-ті нүктесінің сол жағында, ал табыстар аймағы - оң жағында орналасқан. 10 мыңнан 70 мыңға дейін бүйымдар шеңберінде релеванттық қатарды бағалай отырып, 30 мың бірлік бұйымнан артық өткізілген немесе шығарылған әрбір өнім бірлігі, кәсіпорындарға айны-малы шығындарды алып тастағандағы өткізу бағасына тең болатын 15 теңге маржиналды табыс (24-9) әкеледі деп қорытынды жасауға болады. Бұл табыс нақты сомадан тұрақты шығындар көлемімен ажыратылады. Өнімнің өзіндік құнын айнымалы шығындар негізінде есептеу әдісін қолдану, тұрақты шығындарды күрделі есептеуден қүтылуға, өткізуден түскен табыс пен мар-жиналды табысты салыстыруға, өткізілген өнімге келе-тін барлық тұрақты шығындарды есептеп шығаруға және айнымалы шығындар бойынша қоймадағы дайын өнімнің қалдығын бағалауға мүмкіндік береді. Негізінен бұл, ағымдағы жылғы тауарлардың сатылмауына байла-нысты мүмкін болатын тәуелділіктен ойдағыдай өтуге және де осы сомаға табыс пен салықты азайтуға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |