Егер қарастырьшып отырған мысалда бағаны 24 теңгеден 21 теңгеге дейін төмендетсе,онда орнын толтыру нүктесі 37500бірлікке(450000/21-9)
тең болады.
.
10 мыңнан 70 мың бірлікке дейін мүмкін болатын өткізудің релеванттық интервалын сақтау кезінде қауіп-сіздік аймағы тарылады және 40 мың емес, 32,5 мың бірлікті қүрайды (70 000 - 37 500), яғни өткізу кезінде кәсіпорын тек 37 501 бірліктен бастап негізгі қызметтен табыс алады. Бағаның өсуі орнын толтыру нүктесіне кері әсерін тигізеді. Ол зиянсыздық деңгейін төмендетеді. Мысалы, егер кәсіпорын өнім бірлігін 29теңгеден сатса, яғни бағаны 5 теңгеге немесе 20,8 %-ға өсірсе, онда өндірістің қауіпті көлемі 22 500 бірлікті, 450000. құраиды ( ). Басқаша аитқанда, егер өзгермеитін шығындар кезінде бағаны 5 теңгеге көтерсе, кәсіпорын 7500 бұйымға аз сатады. Өнім бірлігіне шаққандагы айнымалы шығындардың өзгеруі мен өндіріс көлемінің қауіпті нүктесі тікелей өзара байланысты: осы шығындардың өсуі "өлі нүктенің" көтерілуіне әкеледі. Егер қарастырылып отырған мысалда өнім бірлігіне шаққандағы айнымалы шығындар 9 теңгенің орнына 12 теңгені құраса, яғни 33,3%-ға өссе, онда өндірістің қаушті көлемі 37500 бірлікке тең болады (450000/24-12).
Тұрақты шығыкдар өзгерісінің бағыты қарастырылған айнымалы шығындарға ұқсас болып келеді.
Осы формуладан көріп отырғанымыздай, тұрақты шығындардың сомасының кез келген өсімі қауіпті көлемінің өсуіне әкеледі және керісінше. Басқаша айт-қанда, өткізуден түскен табыс жаңа, өскен шығындарды өтеуі ұшін өнімнің белгілі бір көлемін қосымша сату қажеттілігі туады, яғни белгілі бір көлемде қосымша өнім сатылуы керек.
Осы мысалды одан әрі қарастыра отырып, мысалы жал төлемінің өсуіне байланысты тұрақты шығын-дардың 10%-ға өсуі қауіпті көлемге қалай әсер ететінін анықтайық. Мәліметтерді жоғарыда келтірілген форму-лаға қойып, жаңа, өскен тұракты шығындар жағдайында тек зиянсыз жұмыс істеу үшін ғана, қосымша 3000 өнім бірлігін сату қажет екендігін анықтаймыз. Кері тұжырымдама да дұрыс болады, *^цц гұрақты шығындардың азаюы зиянсыздық нүктесін төмендетудің және кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартудың бірден-бір әдісі болып табылады. Осылайша, 30000 өнім өткізіп, кәсіпорын шығянсыз жұмыс істейді. Бір өнімге шаққандағы тұрақты шығын мөлшері 15 теңгені (450000:3000)) қүрайды. Өндірістік қуаттар толық жұмыспен қамтылмаған. Сатып алушы 20 теңгеден 6000 бұйымды сатып алғысы келеді.
Кәсіпорын тапсырысты, оны орындаудан қосымша табыс алатын жағдайда ғана қабылдауы тиіс, 17-кестені қараңыз.
17-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |