Бұл есеп беруде қызмет пен өнімді сатудан түскен және басқа да баптардағы табыстар көрсетіліп кәсіпорын қызмет етуіне байланысты шығындармен салыстырылынады. Нәтижесі есеп беру кезеңіндегі таза пайда немесе таза шығындар болып табылады.
|
|
|
|
|
КӨРСЕТКІШТЕР АТАЛЫМЫ
|
бап коды
|
Өткен кезең басы
|
Есеп беру кезең соңы
|
Өнімді(тауарды,қызметті,жұмысты) сатудан түскен табыс
|
010
|
|
|
Сатылған өнімддердің(тауарды,қызметті,жұмысты) өзіндік құны
|
020
|
|
|
Жалпы табыс
|
030
|
|
|
Кезең шығындары
|
040
|
|
|
оның ішінде
|
|
|
|
сату бойынша шығындар
|
041
|
|
|
жалпы және әкімгершілік шығындар
|
042
|
|
|
расходы на выплату вознагрождения
|
043
|
|
|
Негізгі қызмет бойынша пайда(шығын)
|
050
|
|
|
Негізгі емес қызмет бойынша пайда(шығын)
|
060
|
|
|
Жай қызмет бойынша пайда(шығын) салық салуға дейін
|
070
|
|
|
Корпоративті табыс салығы бойынша шығын(кейінге қалынған табыс салығы)
|
080
|
|
|
Жай қызмет бойынша пайда(шығын) салық салудан кейін
|
090
|
|
|
Күтілмеген жағдай бойынша пайда(шығын)
|
100
|
|
|
Таза пайда(шығын)
|
110
|
|
|
Мұнда, табыстың ең маңызды көзі әдетте бірінші көрсетіледі және ол – сатылу көлемі – тауар мен қызметтерді сатудан түскен табыс көлемі (010). Бұл сомадан шикізатті тауарға айналдыру барысында компанияның көрген шығындары алынып тасталады. Әдетте оларды тауардың өзіндік құны деп атайды – сатуға арналған өнімді өндіру немесе сатып алумен байланысты шығындар (020).
Жалпы пайда – бұл дегеніміз сату көлемінің сатылған өнімнің өзіндік құнынан асқан көлемі(030).
ЖП = өнімді сатудан түскен табыс - өнімнің өзіндік құны
Сату бойынша шығындарын, жалпы және әкімгершілік шығындарын әдетте өнімнің өзіндік құнына енгізбей бөлек топтастырады. Олар әдетте тауардың жылжуына, жарнамасына, қызметкерлердің түрлі топтарына жалақы төлеуге, офистерді ұстауға байланысты шығындарды енгізеді (040). Жалпы пайдадан осы аталған шығындармен амортизациялық шығындарды алып тастасақ негізгі қызметтен алынған пайданы аламыз(050).
Негізгі қызмет бойынша пайда = жалпы табыс – кезең шығындары
Табыстың қосымша көзі болып дивиденттер, пайыздық төлемдер, компанияның алатын арендалық төлемдері табылады. Аталған табыстар негізгі емес қызметтегі шығындармен салыстырынып бөлек Негізгі емес қызметтен пайда(шығын)(060) деген бабында топтасады және негізгі қызметтен пайда(шығын) (050) бірігіп Жай қызмет бойынша пайда(шығын)(070) – ні құрайды.
Жай қызмет бойынша пайда(шығын)(070) = Негізгі емес қызмет бойынша пайда(шығын)(060) + Негізгі қызмет бойынша пайда(шығын) салық салуға дейін (050)
Ал корпоративті табыс салығы төленгеннен кейін ол мынадай болады:
Жай қызмет бойынша пайда(шығын) салық салудан кейін (090) = жай қызмет бойынша пайда(шығын) салық салуға дейін (070) - Корпоративті табыс салығы бойынша шығын(кейінге қалынған табыс салығы) (080)
Ал таза пайда салық төлеуден кейін қалған сомаға кұтілмеген жағдайлар бойынша пайда мен шығындарды қосқанда таза пайда(шығын) табылады.
Таза пайда (шығын) (110) = жай қызмет бойынша пайда(шығын) салық төлеуден кейін(090) - кұтілмеген жағдайлар бойынша пайда(100)
2.5. Ақша ағымы туралы есеп беру
Ақша туралы есеп беру бухгалтерлік есеп берулер қатарына 1995ж енгізілген болатын. Сонымен еліміздегі есеп беруді есепберудің халықаралық стандарттарына жақындатуға бағытталған қадам жасалды. Жаңа есеп беруде берілетен ақпарат қолданушы үшін кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтауда кеңірек мүмкіндіктер ашты. Ақша ағым көрсеткіштерін қолдану аймағы кәсіпорынды басқарудағы көптеген сұрақтарды қамтиды. Сондықтан халақаралық практикадағы басқарушылардың қолданатын ақша құралдар ағымдарының көрсеткіштерінің есептелу ерекшеліктерімен танысқан жөн./21,85-бет/
Ақша құралдарының ағымы туралы есеп беру кәсіпорынның ақша құралдарының ағымы және де кәсіпорынның ақша құраларын өзгерістерге ұшыратқан басқа да оқиғалар резюмесін бейнелейді. Ақша құралдарының ағымы туралы есеп беру мәліметтерді баланспен қатар пайда мен шығын туралы есеп беруден алады және ол ақшаны қалай тапқанын мен орналастырғанын бейнелейді.
Есеп беруде ақша құралдары нарықтық жағдайда қызмет ететін компанияның бизнесті жүргізу логикасына сәйкес жіктеледі. Біріншіден, кәсіпорын ағымдағы немесе негізгі қызметін яғни тауар мен қызметтерді өндіруді жүзеге асырады. Екіншіден, компания дамып, нарықта тұрақтанып келе өзінің активтер құрылымын өзгерту, нарықтық жағдайларының өзгерісіне бейімдеу үшін инвестициялық қызметті жүзеге асырады. Үшіншіден компания операцияларын қаржыландыру үшін қаржылық қызметпен айналысады. Сонымен біз ақша құралдарының ағымын үшке бөлеміз.
ағымдағы қызметтен болған ақша құралдарының ағымы
инвестициялық қызметтен болған ақша құралдарының ағымы
қаржылық қызметтен болған ақша құралдарының ағымы
Ағымдағыі қызметтен болған ақша құралдарының ағымы таза пайда мөлшерін көбісін анықтайтын компания опрацияларымен жасалады. Бірақ, таза пйда мөлшеріне тек өнімнен алған табыстар емес сонымен қатар қаржылық және метериалдық емес активтерден табылған табыс жатады: облигация, дивиденттер бойынша алынған пайыздар, басқа компанияның акцияларынан алған дивиденттер, арендаға берілген активтінен келетін төлемақылар жатады.
Ақша ағымы туралы есеп беру
-
КӨРСЕТКІШТЕР АТАЛЫМЫ
|
БАП КОДЫ
|
өткен мерзімге
|
есеп беру мерзіміне
|
I.Ағымдағы қызмет бойынша ақша ағымы
|
1. Жалпы кіріс
|
010
|
|
|
2. Шығыс жалпы
|
020
|
|
|
3. Ағымдағы қызмет бойынша нәтиже
|
030
|
|
|
II.Инвестициялық қызмет бойынша ақша ағымы
|
1. Жалпы кіріс
|
040
|
|
|
2. Жалпы шығыс
|
050
|
|
|
3. Инвестициялық қызмет бойынша нәтиже
|
060
|
|
|
III.Қаржылық қызмет бойынша ақша ағымы
|
1. Жалпы кіріс
|
070
|
|
|
2. Жалпы шығыс
|
080
|
|
|
3. Қаржылық қызметтің нәтижесі
|
090
|
|
|
Жалпы : Ақшаның өсуі(+)/кемуі(-)
|
|
|
|
Есеп беру мерзімнің алдындағы ақша
|
|
|
| Есеп беру мерзімнің соңындағы ақша |
|
|
|
Мұндағы:
Ағымдағы қызмет бойынша жалпы кіріс (010) = дайын өнімді сату + алынған аванстар + вознаграждение + диведенттер + роялти + басқалары
Ағымдағы қызмет бойынша жалпы шығыс (020) = жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу+ берілген аванстар+ еңбекақыны төлеу+ несиелер бойынша проценттерді төлеу+ бюджетпен есеп айырысу+ зейнетақы қорына төлемдер+ отпуск бойынша борышты өтеу+ басқа да төлемдер
Ағымдағы қызмет бойынша нәтиже(030) = (010) - (020)
Инвестициялық қызмет бойынша жалпы кіріс (040) = материалдық емес активтерді сату+ негізгі құралдарды сату+ басқа да ұзақмерзімді активтерді сату+ қаржылық активтерді сату+ берілген қарыздарды сату+ қаржылық көмек+ басқалары
Инвестициялық қызмет бойынша жалпы шығыс (050) = материалдық емес активтерді сатып алу+ негізгі құралдарды сатып алу+ негізгі құралдарды сатып алу+ басқа да ұзақмерзімді активтерді сатып алу+ қаржылық активтерді сатып алу+ берілген қарыздарды сатып алу+ қаржылық көмек+ басқалары
Инвестициялық қызмет бойынша жалпы нәтиже(060) = (040)-(050)
Қаржылық қызмет бойынша жалпы кіріс (070) = акция мен басқа да бағалы қағаздарды эмиссиялау+ қарыз алу+ қаржылық аренда бойынша төлем алу + басқалары
Қаржылық қызмет бойынша жалпы шығыс (080) = қарызды өтеу+ өзінің акцияларын өтеу+ дивиденттерді өтеу+ басқалары
Қаржылық қызмет бойынша нәтиже (090) = (070) - (080)
Жалпы ақшаның өсуі(кемуі) = (030)+(060)+(090)
Есеп беру мерзімнің соңындағы ақша = Есеп беру мерзімнің алдындағы ақша + Жалпы ақшаның өсуі(кемуі)
Инвестор , несие беруші, иеленушінің көзінше ақша ағымдар көрсеткішінің артықшылықтары:
Ақша құралдар ағымының көрсеткіші ликвидті ресурстардың нақты кіріс пен шығыстарын көрсетеді.
Ақша құралдарының ағымы таза айналым капиталындағы өзгерістерді есепке алады және олар компанияның операциялық циклінің қажеттіліктерін анықтайды.
Ақша құралдарының ағымы көрсеткіштері компанияның инвестицияға деген қажеттіліктері мен оның қаржыландыру мүмкіндігін көрсетеді.
Сонымен, ақша құралдарының ағымының потенциалды инвесторлардың көзінше пайда көрсекіштерінің өзгерістеріне қарағанда көп артықшлықтары бар.
2.6. Кәсіпорын жағдайын талдау
Кәсіпорынның жағдайын талдау үшін бір-бірімен байланысты көрсеткіштер жүйесі қолданылады. Бұл көрсеткіштер осы бухгалтерлік мәліметтер мен басқа да статистикалық мәліметтер негізінде құралады. Осы көрсеткіштердің бағалығы бастапқы мәліметтердің шынайылығымен анықталады./22,367-бет/
Кәсіпорын басқарушылары кәсіпорынның ағымды және стратегиялық мүмкіншіліктерін жоғары дәрежеде дәл анықтай алатындай көрсеткіштер жүйесін таңдап алу керек.
Басқарушыларға қаржыландыру көздерінің құрылымы ерекше мәнге ие. Осыған байланысты негізгі көрсеткіштерді қарастырып өтейік. Біріншіден ол тәуенсіздік коэффициенті және ол мына формула бойынша есептеледі.
Кт = (қаржыландырудың өзіндік көздері)/(жалпы баланс)
Яғни баланс баптарын пайдалана отырып оны былай жазуға болады:
Кт=(220-бап)/(жалпы баланс)
Егер бұл көрсеткіш 50 пайздан асса, онда кәсіпорынның жай және ұлғаймалы ұдайы өндірісті жүргізу үшін жеткілікті меншікті капиталы бар дегенді білдіреді.
Келесі көрсеткіш қаржылық тұрақтылық коэффициенті. Ол былай есептелінеді:
Ктұр =(Меншік капитал + Ұзақмерзімді несиелер мен міндеттемелер)/(жалпы балан) немесе
Ктұр =((220-бап)+(250-бап))/(жалпы баланс)
Тәуелсіздік коэффициентінің тұрақтылық коэффициентінен айырмашылығы қаржыландыру көздеріне тек меншікті капитал ғана емес сонымен қатар ұзақмерзімді несиелер мен міндеттемелердің енгізілуі.
Қаржыландыру коэффициенті меншікті және меншік емес капиталдарының арақатынасын көрсетеді және мына формула арқылы есептелінеді:
Кқ = (меншікті капитал)/((ұзақ мерзімді несиелер мен міндеттемелер ) + +(қысқа мерзімді несиелер мен міндеттемелер))
Немесе
Кқ =(220)/((250)+(320))
Егкр көэффициент 1-ден көп болса онда кәсіпорында өзін-өзі қаржыландыру принципі жүзеге асады.
Инвестициялау коэффициенті негізгі құралдар мен басқа да айналымнан тыс активтерге бағытталатын қаржылық ресурстардың үлесін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл жерде ескеретін жай қаржыландыру көзі ретінде меншікті капиталмен қатар ұзақмерзімді несиелер мен міндеттемелерді ескеру кеоек. Есеп мына формула бойынша жүргізіледі:
Кқ = ((меншікті капитал)+(ұзақмерзімді несиелер мен міндеттемелер))/((негізгі құралдар)+(басқа да айналымнан тыс активтер))
Немесе
Кқ = ((220-бап) + (250-бап))/((030-бап)+(060-бап))
Жарғылық капитал мен жалпы меншік капиталдың арақатынасы да үлкен мәнге ие. Егер бұл көрсекіш тым төмендеп кетсе кәсіпорынға пайданы капиталға айналдырған немесе дивиденттерді көптеп төлеген жөн. Акционерлердің кәсіпорынның меншік капиталындағы үлесі коэффициенті былыай есептелінеді:
Ка = (жарғылық капитал)/(меншікті капитал)
Немесе
Ка = (150-бап)/(220-бап)
Кәсіпорынның тартылғын капиталы мен өзіндік капиталының арақатынасы кәсіпорынның міндеттемелерді өз уақытында оындау мен ағымдағы есепайырысуларды жүзеге асыру мүмкіншілігін бейнелейді.
Меншікті капиталдың бір бірдігіне келетін тартылған капиталдың коэффициенті былай есептелінеді:
Кт = (тартылған капитал)/(меншікті капитал)
Ұзақмерзімді несиелер мен міндеттемелерді өтеу мүмкіншілігін бағалау үшін ұзақмерзімді несиелер коэффициенті қолданылады және ол былай есептелінеді:
Кұ = (Ұзақ мерзімді несиелер мен міндеттемелер)/(меншікті капитал)
Енді рентабельдік пен пайдалылықты бағалайтын негізгі көрсеткіштерді қарастырып өтейік:
Сату рентабельдігі мына формула бойынша есептелінеді:
Рс = (баланстық пайда)/(сату көлемі)
Активтердін рентабельдігі мына формула бойынша есептелінеді:
Ра = (баланстық пайда)/(активтердін орташа бағалануы)
Ағымдағы айналым активтерінің рентабельдігі мына формула бойынша есептелінеді:
Ра = (баланстық пайда)/(айналым активтердін орташа бағалануы)
Өзіндік капитал салымдарының рентабельдігі мына формула бойынша есептелінеді:
Ра = (Таза пайда)/(негізгі құралдардың орташа бағалануы)
Өзіндік капиталдың пайдалылық нормасы мына формула бойынша есептелінеді:
Та = (Таза пайда)/(өзіндік капиталдың орташа бағалануы)
Акционерлік қоғамның шығарған Бір жай акцияға келетін пайда мына формула бойынша есептелінеді:
Ра = (таза пайда)/(айналамдағы жай акциялардың жылпы саны)
Дивиденттер бойынша төлемдер нормасы мына формула бойынша есептелінеді:
Нд = (жай акциялар бойынша жалпы дивиденттер)/(жай акцияға келетін таза пайда)
Дивиденттердің пайдалылығы мына формула бойынша есептелінеді:
Дп = (жай акциялар бойынша жалпы дивиденттер)/(акцияның нарықтық бағасы)
Абсолютті ликвидтілік коэффициенті - ең жоғары ликвидті активтерді - ақшаны есепке ала отырып есептелінеді:
Ка.л = (ақша құралдары)/(Есептер мен басқа пассивтер)-(ұзақ мерзімді несиелер мен міндеттемелер)
Төлемқабілеттілігінің жалпы коэффициенті – материалдық және материалдық емес активтер есебінен жабылатын несиелер мен міндеттемелердің үлесін көрсетеді және былай есептелінеді:
Кт = ((негізгі құралдар мен басқа да айналымнан тыс активтер)+(запастар мен шығындар))/((ұзақмерзімді несиелер мен міндеттемелер)+(қысқамерзімді несиелер несиелер мен міндеттемелер))
Қаржылық талдауда запастар жайын, техникалық жабдықталуын, саласын ерекшелейтін баланс активтерінің құрылымына ерекше мән беріледі. Оларға:
Негізгі құралдың үлестік қатысу коэффициенті былай есептелінеді:
Кн = (негізгі құралдар және басқа да айналымнан тыс активтер)/(жалпы баланс)
Айналым капиталының үлестік қатысу коэффициенті былай есептелінеді:
К = (запастар мен шығындар)/(жалпы баланс)
Ақша капиталының үлестік қатысуы былай есептелінеді:
К = (ақша құралдары, есептесулер және басқа активтер)/(жалпы баланс)
Қаржылық талдауда сонымен қатар дебиторлық және кредиторлық борыштардың арақатынасын қарастыру да ерекше мәнге ие. Олардың арасында әдетте тіке байланыс болады. Жеткізушілерге төлемнің кешігуі әдетте ақшаның капиталдан тысқаруынан болады. Егер олардың арақатынасы 1 – ге тең болса, онда есептесулердің жағдайы тұрақты деп есептелінеді. Ағымдағы борыштардың коэффициентінің формуласы былай бейнеленеді: /22,157-бет/
Кб = (орташа дебиторлық борыштар)/(орташа кредиторлық борыштар)
Жоғары ликвидті активтердің ағымдылығын талдау үшін мынадай формула қолданылады:
Ка = (сатылу көлемі)/(ақша құралдары, есептесулер және басқа да активтер)
Ағымдағы активтердің ағымдылығын талдауы кезінде мына формула пайдаланылады:
К = (сатылу көлемі)/( ақша құралдары, есептесулер және басқа да активтер)
Активтердің ағымдылығының жалпы коэффициенті
К = (сатылу көлемі)/( активтердің жалпы бағалануы)
Осы көрсеткіштерді жүйелі түрде бақылау жоспарлау мен жобалау кезінде оларды пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Талданатын көрсеткіштердің оптималды жиынтығы болып жатқан тәуелділіктер мен заңдылықтарды табуға көмек тиіседі және олар кәсіпорынды тиімді басқаруға жәрдемдеседі.
* 2.2. Кіріс және шығыс құжаттарының сипаттамасы.
2.2.1. Кіріс құжат
Кәсіпорын өндіріліген өнімдерді келісім шарттармен жүзеге асырады. Кәсіпорынның бухгалтерлік есеп бөлімінде жарлық бойынша қоймадан алынған өнімнің бухгалтерлік есеп бөлімінен есеп айырысу құжаты беріледі.
Ақпарат тізімді есеп-шот фактурасы, бұйрық, көшірмелер бекітіледі.
Қазақстан Республика президентінің бұйрығы бойынша салық төлеуші міндетті түрде тиелген өнімді және сол өнімнің сатылғаны туралы есеп-шот арқылы тіркеуден өткізуі қажет.
2.2.2. Шығыс құжаты
Жоғарыда айтылған құжаттар бойынша өнімнің түсіні және есеп-қисап туралы ақпараттық тізімі болады. Баланс үшін ең бастысы айналым ведомсті болып табылады.
Ақпараттық тізімде ең негізгі болып айдың басындағы және соңындағы жіберілген өнімнің өзіндік құны саналады. Басты сальдо және соңғы сальдо.
Накладная – бұл құжат арқылы өндірілген өнім бір адамнан екінші адамға беріледі. Берілетін тауардың анықтама құжаты бір адамнан алынып екінші адамға жазылып берілетін 2 данадан тұратын құжат. Ол құжатта қол қойылады және мөр басылады. Бір данасы тауарды беретін адамда қалады, ал екінші данасы затты алушы адамда қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |