Зерттелініп отырған тақырыптың өзектілігі. Посткеңестік кеңістіктегі елдердің қазіргі кезеңдегі экономикалық жағдайы экономикалық даму парадигмасының өзгеруімен сипатталады, тиісінше басқарудың мақсатының, міндеттері мен әдістерінің өзгеруінде. Соның ішінде еңбек ресурстарын басқаруды негізге алалық. Біздің елімізде еңбек ресурстары әлеуметтік басқарудың объектісі болып табылмайды. Басқарудың объектісі ретінде еңбек ресурстары материалдық және рухани игіліктерді өндірушілер және тұтынушылар ретінде танылуына байланысты өз алдына ерекшеленеді, ал экономикалық және әлеуметтік прогрессте олардың ролі өсіп келеді. Қоғамдық еңбек бөлінісінің күрделенуіне байланысты еңбек ресурстарын басқару функциялары да қиындай түсуде, олардың сапалық және сандық көрсеткіштері де артып, құрылымыдық байланыстары түрленуде және талдау мен есепке алынатын факторлардың саны артуда.
Өндірістегі барлық факторлардың ішінде еңбек ең маңыздысы болып саналады, себебі адам қатыспаған жерде капитал да, табиғи ресурстар да өздігінен ештеңе бітіре алмайды. Нарықтық экономика жағдайында еңбек тауар болып саналады, және еңбек нарығында сұраныс пен ұсыныс заңдары әрекет етеді. Кез келген елдегі халықтың басым көпшілігі еңбегін сатып, есесіне Еңбекақы алып табыс табатыны мәлім. Адамдар күнкөріс үшін табыс табу мақсатында бойындағы білімін, еп-дағдысын, зердесін, білігін пайдалана отырып, уақыты мен денсаулығын жұмсай отырып өз еңбегін ұсынады. Мұндай еңбекке әлгі білімді, епдағыны және білікті тауар шығарып, қызмет көрсету ісіне, түптеп келгенде пайда табуға пайдаланғысы келетін кәсіпкерлер ділгерлік танытады.
Алғаш рет экономикалық әдебиеттерде «еңбек ресурстары» термині елдің еңбек әлеуетінің басты ұлттық байлығын сипаттау үшін 20-жылдардың басында академик С.П.Струмилинмен қолданылды.
Еңбек ресурстары басқа ресурс түрлерінен айрықша ерекшеленетін қоғамдық өндірістің маңызды элементі болып табылады. Бұл жағдай шартты түрде еңбек әлеуетін зерттеуде кешенді қадам жасауды талап етеді. Республиканың және оның облыстарының еңбек әлеуетін кешенді зерттеудің астарында көрсеткіштері мен оларды өлшеудің әдістемесі жүйесіндегі еңбек әлеуетінің қалыптасу үрдісінің ерекшелігін мақсатты және ауқымды түрде бейнелеу жатыр. Елдің еңбек әлеуетінің қалыптасуын қоғамдық практикада бұл үрдістің пайда болу формалары мен мәнін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін анықтауды талап ететін экономикалық үрдіс ретінде қарастырған абзал.
Аталмыш зерттеу жұмысының өзектілігі мынады, нарықтық экономика жағдайында еңбек ресурстарын пайдалануды жоғарылату мәселелері күннен-күнге артуда.
Достарыңызбен бөлісу: |