Кәсіпорында еңбекақыны ұйымдастырудың теориялық негіздері


Кәсіпорында еңбекақыны ұйымдастырудың теориялық негіздері



жүктеу 79,49 Kb.
бет3/7
Дата16.05.2020
өлшемі79,49 Kb.
#30474
1   2   3   4   5   6   7
Дипломның өзі

Кәсіпорында еңбекақыны ұйымдастырудың теориялық негіздері

Еңбекақы жөніндегі саясат кәсіпкерлік қызметте басқарудың құрамды бөлігі болып табылады және оның қызметінің тиімділігі оған елеулі ықпал етеді.Себебі, еңбекақы жұмыс күшін тиімді пайдаланудағы ынталандырудың маңыздысының бірі.Міне, сондықтан да, мұны еш уақытта естен шығаруға болмайды.

Еңбекақы – бұл жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетін төлем. Қалыпты жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болып табылады.    Еңбекақы төлеудің негізінде еңбекақы төлеудің шекті өнімділігімен шектелінетін, өндіріс факторы ретіндегі еңбектің құны жатыр. Шекті өнімділік теориясына сәйкес қызметкер еңбек ақыны орнын толтыратын өнім өндіруге міндетті, олай болса еңбекақы қызметкердің еңбек тиімділігіне тәуелді.

Әлеуметтік экономикалық категория бойынша еңбекақының маңызын қызметкерлер мен жұмыс берушілер үшін қарастыру қажет.

Қызметкер үшін еңбекақы оның жеке табысының негізгі және басты бөлігі болып табылады, сонымен қатар еңбекақы қызметкердің және оның жанұя мүшесіндегі адамдардың әл- ауқатын деңгейін жоғарлататын құрал болып саналады. Осыдан еңбекақынын ынталандырушы ролі алынатын сыйақының көлемін көбейту үшін еңбек нәтижесін жақсартудан тұрады.

Жұмыс беруші үшін еңбекақы өндіріс шығындары болып табылады. Жұмыс беруші, әсіресе, бұйымның бірлігіне кететін шығындарды азайтуға тырысады.Еңбекақы кәсіпорын қызметкерлері үшін маңызды ынта және еңбек төлемінің нысаны болып табылғандықтан ұдайы өндірістік және уәждемелік қызмет атқарады.

Еңбекақы төлеудің ақшалай және заттай нысандары бар.Қызметкерлерге ақша өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін ақшалай форма, еңбекақы төлеудегі ең басты нысандарының бірі болып саналады. Еңбекақының заттай нысаны сирек пайдаланылады. Еңбек төлейдін мұндай нысан ақша айналымының бұзылу кезінде, экономикалық тұрақсыз, гиперинфляция және құлдырау жағдайларында кең қолданамыз.

Кәсіпорында еңбекақыны ұйымдастырудың тетігі жұмыс күшінің еңбекақыға өзгеруінің процесін тікелей қамтып көрсетеді. Олардың қазіргі нарықтық жағдайларға қаншалықты сәйкес келетіндігі, еңбекақының негізгі қызметі орындауына байланысты. Еңбекақыны ұйымдастыру арқылы нарықтық экономиканың екі қозғалушы күштері арасында әлеуметтік әріптестік қатынастардың дамуына мүмкіндік беретін, жұмыс беруші мен қызметкерлердің мүдделері арасында келісімдер жасалынады.

Еңбекақының көлеміне қызметкердің иемденетін ақшасының мөлшері ғана емес, сонымен қатар оның ол ақшаға не сатып алатындығы да себепші болады.Сонда ақшаның сатып алу қабілеттілігі нақты еңбекақы мен номиналды еңбекақының арақатынасы арқылы анықталады. Кәсіпорын қызметкерді еңбекақыны мемлекеттің бекіткен ең төменгі деңгейінен жоғары төлеуге міндетті.

Жалпы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелінетін еңбекақы: негізгі және қосымша болып екіге бөлінеді:

Негізгі еңбекақы— жұмысшылар мен қызметкерлердің нақтылы жұмыста болған уақытына,яғни олардың істеген жұмысына, атқарған қызметіне төленеді.

Негізгі еңбекақыға мынандай төлемдер жатады:

мерзімдік, үдемелі және кесімді еңбекақы төлеу кезінде орындалған жұмыстың сапасы мен мөлшері үшін, пайдаланылған уақыт үшін төлемдер;

еңбектің қалыпты жағдайынан ауытқуымен байланысты төлемдер, яғни мерзімнен тыс жұмыстар үшін, түнгі уақыттарға, мереке күндерге және тағы басқа күндерге жұмыс жасағаны үшін төлемдер;

қызметкердің кесірінсіз тоқтап қалған төлемдер,

сыйлықтар, сыйақылы үстемелер және т.б

Қосымша еңбекақыға — еңбек ету заңдарына сәйкес шарттарда атқарылып  белгіленген, жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыста қызметте болмаған уақытына төленетін төлемдер жатқызылады. Мұндай төлемдер қатарына:

жұмысшалар мен қызметкерлердің еңбек демалысы үшін төленетін төлемдер;

жұмысшылар мен қызметкерлердің мемлекеттік және қоғамдық жұмыстарды атқарғаны үшін төленетін төлемдер;

кішкентай балалары бар аналарға жұмыстағы үзілістері үшін ақы төлеу;

жас өспірімдердің қысқартылған жұмыс уақытына төленетін төлемдер;

жұмысшылар мен қызметкерлердің кінәсінсіз жұмыстың тоқтап қалған уақытына төленетін төлемдер;

жоғары немесе арнаулы оқу орындарына және басқа да мамандығын көтеру курсына жіберілген уақытына байланысты жұмысшылар мен қызметкетлерге төленетін төлемдер.

Өнеркәсіптік кәсіпорындарда тарифтік жүйені қолдану. Жұмыстың негізгі түрлерінің толық сипаттамасынан тұратын және өнеркәсіптің әрбір саласын құрастырылған тарифтік- біліктілік анықтамасының негізінде жүргізіледі. Анықтаманы және оның қолданылу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Тарифтік жүйе- ол еңбекке ақы төлеу шамасын   қызметкерлердің әртүрлі топтары мен категориялары еңбегінің күрделілігін, мәні және жағдайын ескере отырып саралау үшін пайдаланылады.

Тарифтік мөлшерлеме (жалақы)- бұл жұмыс уақытының бірлігі үшін, (сағат, ай, күн) біліктіліктің айқын күрделілігінде еңбек нормасын (еңбек міндеттерін) орындаған қызметкердің  еңбекақысының белгіленген мөлшері.

Тарифтік тор-бұл разрядтардың және оған меншіктелінген тарифтік коэффиценттердің арақатынас шкаласы. Тарифтік тордағы разрядтардың саны және тарифтік коэффиценттер арасындағы алшақтықтар арасындағы әр түрлі және олар өнеркәсіптің әр түрлі саласында орын иемденген нақты ерекшеліктермен және бөлінісінің дәрежесімен анықталған.

Өнеркәсіптің көпшілік салаларында жұмысшының біліктілігіне тәуелді саналатын, 6 разрядты тарифтік торды қолдану ұсынылған.

Жұмысшыларды қайта тарифтендіру және аттестациялау заңмен бекітілген мерзімде қойылады. Бірыңғай тарифтік торда 21 тарифтік разряд бар. 21 тарифтік разряд халық шаруашылығында жұмыс жасайтын барлық қызметкерлерге таратылады.21 тарифтік разряд щаруашылықтағы жүргізу нысанына және  бюджеттік ұйымдарға тәуелсіз барлық кәсіпорындарға арналған:

1-8 разрядтар бойынша – жұмысшыларға төлемдер;

6-15 разрядтар бойынша сызықиық қызметкерлер;

4-11 разрядтар бойынша – орта білімді мамандар;

7-15 разрядтар бойынша – жоғары білімді мамандар;

10-20 разрядтар бойынша – кәсіпорынның басшылары, бөлімдердің, функционалдық қызметтердің басшылары;

9-21 разрядтар бойынша – ғылыми қызметкерлер;

ҚР–ның бюджеттік салаларындағы қызметкерлердің еңбекақыларына арналған бірыңғай тарифтік тор қызметкерлерінің дәрежесін міндетін, разрядтар санын (21) және разрядтарға қатысты тарифтік коэффиценттерін көрсете отырып, әр түрлі топтардағы қызметкерлердің еңбекақысындағы арақатынастары мәтінін көрсетеді.



Еңбекақыны төлеудің разрядтары

Тарифтік коэффиценттері

Еңбекақыны төлеудің разрядтары

Тарифтік коэффиценттері

1

1,0

12

2,20

2

1,07

13

2,37

3

1,15

14

2,55

4

1,24

15

2,74

5

1,33

16

2,95

6

1,43

17

3,17

7

1,54

18

3,43

8

1,66

19

3,67

9

1,78

20

3,94

10

1,91

21

4,24

11

2,05







Мамандарға, қызметшілерге және басшыларға еңбекақы төлеу кезінде лауазымды жалақының жүйесі қолданылады. Лауазымда жалақы қызметкерлердің (ереже бойынша, ұйым қызметкерлерінің орташа еңбекақысының пропорциясындағы) атқаратын қызметтеріне байланысты бекітілген еңбекақының абсалюттік мөлшері.

Кәсіпорында еңбекақы төлеуді ұйымдастыру 3 өзара байланысты және өзара тәуелді элементтермен анықталады:

тарифтік жүйе;

еңбекті нормалау;

еңбекақы төлеудің нысаны.

Тарифтік жүйе әр түрлі топтағы және категориядағы қызметкерлердің еңбектерінің сапалық сипаттамасына тәуелді, олардың еңбекақыларын саралауды және реттеуді жүзеге асыра алу мүмкіндігі қамтамасыз ететін нормативтердің жиынтығын көрсетеді.

Тарифтік жүйеге:

сағатына немесе күніне еңбекақы мөлшерін анықтайтын тарифтік жүйе,

еңбекақы төлеудегі жұмыстың және жұмысшылардың (біліктілік) әр түрлі разряд арасындағы арақатынастарын көрсететін тарифтік тор;

тарифтік жүйемен сәйкес жұмысшылардың және жұмыстың разрядтарын анықтауға болатын тарифтік- біліктілік анықтамалар кіреді.

Жұмысты тарифтеу – бұл еңбек түрлерінің  күрделілігіне тәуелді еңбек түрлерін біліктілік категориясына немесе тарифтік разрядқа жатқызу.

Тарифтік разряд- қызметкердің біліктілігін және еңбек күрделілігін қамтып көрсететін шама және тарифтік разряд әр өндірістік операцияда, әр жұмыста қолданылады, біліктілік разряд – қызметкердің кәсіптілігін дайындаудағы деңгейін қамтып көрсететін шама.еңбекті тарифтеу және тарифтелу  разрядының кызметкерлерге иемденіп кетуі кызметкерлердің біліктілігіне, ұсынылған талаптарымен көрсетілген.

Еңбекақы жүйелерінде қайта құру еңбек министрлігімен әлеуметтік қорғау бағдарламаларына сәйкес келесі бағыттарда жүзеге асырылады.

Бірыңғай тарифтік торды жаңарту;

Жалақыны мемлекеттік реттеу;

3.Жұмыс берушілердің еңбекақыны уақтылы беруге жауапкешіліктердің жоғарлауы;

4, Кәсіпорынның қаржысына және пайдасына ұжымның қатысуы;

Әлеуметтік серіктестердің дамуы.

Таяу уақытқа дейін жалақы деп – жұмысшылар арасындағы еңбек бойынша бөлінетін қоғамдық өнімнің үлесі танылып келеді.

Бүгінде жалақы бұл – құнның ауыспалы формасы, жұмысшы күшінің бағасы. Ал ол – жұмыстың ақырғы нәтижесіне байланысты жұмысшының өмірлік қорлараның негізгі бөлігі. Қазақстанда әзірше жұмысшы күшінің бағасына жалақы категориясын бекітуге жағдайлар жасалған жоқ.

Жұмысшының табысының мәні жалақы заңында көрсетіледі, жалақы жұмысшы күшінің құнымен немесе бағасымен анықталады. Жұмысшы күшінің заңы бұл – икемді экономикалық заң, өйткені табыс деңгейі үнемі құбылып отырады, жұмысшылардың өмірінің жағдайына сәйкес өзгеріп отырады. Мейлінше жалпы алғанда, еңбекақы деп – жұмыскерге оңың еңбегін пайдаланғаны үшін төленетін құралдар сомасын түсінуге болады. Оның негізінде жұмысы күшінің бағасы жатыр. Бұл категорияның мәнін қазіргі шет елдің зерттеушілері шамамен осылай анықтайды.

2 «ОРДА ЖОЛДАРЫ» ЖШС-нің қаржылық-ұйымдық жұмысын және қысқа мерзімді міндеттемелер есебін ұйымдастыру

2.1 «ОРДА ЖОЛДАРЫ» ЖШС-нің қаржылық-экономикалық сипаттамасы

«ОРДА ЖОЛДАРЫ» ЖШС 2002 жылдың 15 маусым айында Батыс Қазақстан Облыстық Әділет басқармасында тіркелген. Бұл ұйымның тұрған жері Батыс Қазақстан Облысы, Орал қаласы, Полевая көшесі 5.

«ОРДА ЖОЛДАРЫ» ЖШС заңды тұлға болып табылады. ЖШС өзінің қызметін серіктестік құрылтайшысымен бекітілген Жарғы негізінде жүзеге асырады.

Серіктестік мемлекеттік тіркеуді өткен сәттен бастап заңды тұлғаның құқықтарын иеленді. Серіктестіктің өзінде мөрі, дербес балансы, банкілерде есепшоттары, өз атауымен бланкілері бар.

«ОРДА ЖОЛДАРЫ» ЖШС қызметінің мақсаты болып кәсіпорында өндірілген дайын өнімді сату жолымен пайда табу болып табылады. Серіктестіктің қызметінің негізгі түрлері:


  • тұтыну тауарларын өндіру;

  • сауда-делдалдық қызмет;

  • құрылыс монтаждық жұмыстар

  • құрылыс тауарларын сату;

  • өндірістік ғимараттарды және жер учаскелерін жалға беру;

  • коммерциялық қызмет;

  • басқа да қызметтер мен жұмыстар;

Серіктестік Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген қызметтің түрлерін жүзеге асыра алады.

Өндірістік-техникалық бөлім орындалған жұмыстың норма бойынша негізгі материалдар шығындарының дұрыстығын, ал бухгалтерия материалдардың фактілік шығындары туралы құжаттардың дұрыс толтырылуын тексереді.

Кесте 1

«ОРДА ЖОЛДАРЫ» ЖШС-нің өткізілген өнім (қызмет, жұмыс) бойынша шығындары, мың тенге



Көрсеткіштер атауы

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

ТМҚ жыл басына

-

2606,0

4591,0

ТМҚ жыл аяғына

2606,0

4591,0

16342,3

Материалдар, тауарлар сатып алынды

11319,5

18160,8

81032,5

Еңбек ақы бойынша шығындар

822,4

2112,6

8175,1

Өткізілген өнімнің өзіндік құны

9357,8

18970,8

74453,8

1 кестенің мәліметтерін талдай отырып, келесідей қорытынды жасауға болады. Тауарлы-материалдық қорлар 2018 жылдың басына 2606,0 мың теңге, ал жыл аяғына өсіп, 4591,0 мың теңгені құрады. Бұл тауарлы материалдық қорлар құрылыс-монтаждық қызмет процесінде жұмсалатынын көрсетіп тұр. 2017 жылы 11319,5 мың теңге, ал 2019 жылы 81032,5 мың теңге сомасына материалдар мен тауарлар сатып алынды. Бұл жұмыс көлемінің артуымен байланысты болуымен сипатталады. Еңбекақы бойынша шығындар да өскен, 2017 жылы 822,4 мың теңге, 2018 жылы – 2112,6 мың теңге, 2019 жылы – 8175,1 мың теңгені құрады. Бұл кәсіпорынның нарықта өзінің позициясын нығайтып, жұмысшылардың штат санын арттырумен байланысты.

2 кестеден көрініп тұрғандай, 2017 жылы жарғылық капитал толығымен ақшалай қаражаттардан құралған және 80 мың теңгені құрады, 2019 жылы оның 3220 мың теңгеге өскенін баланстан көруге болады, бұл кәсіпорын мүлкінің өсуімен байланысты.

Кесте 2

«ОРДА ЖОЛДАРЫ» ЖШС-нің міндеттемелері мен меншікті капиталының құрамы мен құрылымы



Көрсеткіштер атауы


2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2017 жылды 2019 жылмен салыстырғанда ауытқуы

(+;-)


мың теңге


мың теңге

үлесі, % - бен

мың теңге

үлесі, % - бен

мың теңге

үлесі, % - бен

1.Меншікті капитал

соның ішінде:

жарғылық капитал

бөлінбеген табыс

резервтік капитал









































13075

7


80225

160


86,4

0,2


80907

160


-

86,9

0,2


-

93300

167


-

88,5

0,16


-

-

2. Ұзақ мерзімді міндеттемелер



















-800

соның ішінде



















банк несиелері

3000

3,2

2700

2,9

2200

2,08

3. Ағымдағы міндеттемелер






















соның ішінде



















кредиторлық бережақ

9467

10,2

9248

9,9

9752

9,25

285

Барлығы

92852

100

93015

100

105419

100




Кестеден активтерді сатып алу көздерінің құрылымын қарайтын болсақ, барлық көздердің жалпы көлемінде аз үлесті банк несиелері құрайды: 2017 жылы - 3,2%, 2018 жылы -2,08%, 2018 жылы - 2,9%, ал қомақты үлесті жарғылық капитал алып отыр: 2017 жылы - 86,5%, 2018 жылы-88,9,0%, 2019 жылы -88,5% -ды құрады. Бұл 2017 жылдан бастап кәсіпорынның көрсеткіштерінің жақсаруымен байланысты, сонымен қатар «ОРДА ЖОЛДАРЫ» ЖШС осы үшін бастапқы жылдары мерзімде ұзақ мерзімді несиелерді тартты.

3 кестеде «ОРДА ЖОЛДАРЫ» ЖШС-нің негізгі құралдарының көлемі мен құрылымы қарастырылған. Бұл қоғамның негізгі құралдарына ғимараттар, көлік құралдары және басқа да негізгі құралдар да жатады.

Кесте 3

«ОРДА ЖОЛДАРЫ» ЖШС-нің негізгі құралдарының көлемі мен құрылымы



жүктеу 79,49 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау