Қазақстан экономикасының дамуын бақылау барысында көптеген өзгерістерді көруге болады: жекешелендіруге, бәсекелестікті қолдауға бағытталған реформалар жүргізілді, республикамыздың стратегиясын анықтайтын заңдар мен қаулылар қабылданды, көптеген басқару функциялары тікелей кәсіпорындармен ұйымдарға берілді. Еңбекақыны ұйымдастыруға қатысты саясатта осындай сипатта болады.
Президентіміздің Қазақстан халқына жолдауында әлеуметтік саладағы бірінші кезекте мәселе етіп еңбекақыны төлеудің жаңа жүйесін құру мәселесін қойды. Оның негізінде еңбекақының ең төменгі шегі емес, кедейшілік пен күн көріс минимумы жатуы қажет. Бұл өзгерістердің барлығы еңбенкақының төменгі деңгейі арқылы қалыптасатын еңбекақының ұдайы өндірістік рөлі қазіргі жағдайда тұрғылықты халықтың өмірлік қажетттілігін қанағаттандыру және төлем қабілеті сұранымын реттеу құралы ретіндегі негізгі функцияларының бірін көрсете алмады, бұл нарық қатынастарының негізін түзеді.
Осының негізінде еңбекақыны реформалау жүргізілген болатын. Реформалауда жұмыс беруші мен жалданушының құқықтары, жұмысшының бюджеті, оған мамандық, еңбек саны мен сапасы деңгейіне байланысты қажет өмір сапасын қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріледі.
Бірыңғай тарифтік сеткаға сапалық коэффиценттерді пайдалану қандай да бір дәрежеде еңбекақыны дифференциалауға әсерін тигізді. Нарықтық қатыныаста еңбекақыны көп жағдайда өндірістің ресурстары бағасына қарағанда, экономикадағы шағын деңгейіне байланысты әсер етеді. Еңбекақыны ұйымдастыру экономикалық жақтарды ғана қамтымайды, сонымен қатар елдегі әлеуметтік жағдайларды да қарастырады.
Осы жағдайларды ескере отырып кәсіпкерлік қызметті қолдау, еңбекақыны ұйымдастырудың тиімділігін арттыру- қазіргі қоғамымыздың өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Дипломдық жобаның мақсаты – кәсіпорынның еңбекақы төлей жүйесін есепке алу, талдау және аудиттік тексеру, оның тиімділігін жоғарылату бойынша шараларды жүзеге асыруға ұсыну.
Дипломдық зерттеудің басты мақсатына жету үшін келесі міндеттер қойылды:
Кәсіпорында еңбекақыны ұйымдастырудың теориялық негіздері
«ОРДА ЖОЛДАРЫ» ЖШС-нің қаржылық-ұйымдық жұмысын ұйымдастыру
Кәсіпорынның еңбекақы жүйесін талдау, есепке алу және аудиттік тексеру
Зерттеу объектісі – «ОРДА ЖОЛДАРЫ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің еңбекақыны бухгалтерлік ұйымдастыру жүйесі.
Дипломдық жобаның әдістемелік негізін қаржылық талдаудың әдістері құрады: бухгалтерлік есептің көлденең және тік талдауы; статистикалық мәліметтерді жинау мен топтау; динамика қатарларын талдау; кәсіпорынның айналым қаражаттарын басқарудың қазіргі заманғы әдістері; кәсіпорынның ағымдық қаржылық қажеттіліктерін басқару.
Зерттеудің ақпараттық негізін кәсіпорынның бухгалтерлік және қаржылық есептілігінің мәліметтері, кәсіпорынның ішкі нормативті-техникалық құжаттары, мерзімді баспа құралдарының ақпараттары, қаржылық менеджмент саласындағы отандық және шетелдік мамандардың оқулықтары құрайды.
Дипломдық жоба кіріспеден, үш бөлімдерден, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен құралады.
Достарыңызбен бөлісу: |