|
2017 жыл
|
2018 жыл
|
2019 жыл
|
құны,
мың теңге
|
үлесі,
%
|
құны,
мың теңге
|
үлесі,
%
|
құны,
мың теңге
|
үлесі,
%
|
Негізгі құралдарының барлығы
соның ішінде:
а) ғимараттар
б) көлік құралдары
в) басқалай негізгі
құралдар
|
14596,4
3345,7
10893,5
357,2
|
100
23,0
74,6
2,4
|
12373,9
3357,7
8671
345,2
|
100
27,1
70,1
2,8
|
20756,8
3456,2
17005,1
295,5
|
100
16,6
82,0
1,4
|
3 кестені тұжырымдай келе былай қорытындылауға болады. Бұл кестеде кәсіпорынның шаруашылығын жүргізуге және оны жедел орындауға арналған меншік құқығына жататын ғимараттар, көлік құралдары және басқа да негізгі құралдарының құны, өсу қарқыны көрсетілген. Негізгі құралдарының әр түрі бойынша жыл басында және жыл аяғында оның қозғалысын, бастапқы немесе ағымдағы құнын есеспке ала отырып жүргізіледі.
Негізгі құралдардың құны жылдан-жылға жоғарылаған. Алдағы екі жылға қарағанда негізгі құралдар құнының 2019 жылы жоғары болғанын көруге болады. Негізгі құралдардың құнының 2019 жылы жоғары болуы негізгі құралдарға жүргізілген қайта бағалаумен емес, сонымен қатар іске қосылған жаңа негізгі құралдарды қолдану себептеріне байланысты.
2017 жылға қарағанда 2018 жылы негізгі құралдардың құны төмендеген, оның себебі негізгі құралдарға деген тозулардың және табиғи жағдайларға, жөндеу жұмыстарының жоғары көлемде жүргізілуіне баланысты. Бастапқы құны бұл нақты негізгі құралдарды сатып алу бойынша жүргізілген шығындар, яғни төленген салықтарды, активтердің жұмыс жағдайларына байланысты оның пайдалануын белгілеу үшін кеткен шығындарды және кез келген басқа да шығындарды қоса алады.
Ағымдық құны бұл негізгі құралдардың нақты түрі оның қолданылуы бойынша кәсіпорын қызметттерін бөлмей тұтастай жүргізіледі.
Кестеден көріп отырғанымыздай негізгі құралдар ішінде көлік құралдарының сомасы көп үлесті алып отыр. Сонымен негізгі құралдарының құны жылдан жылға жоғарылауы, оның жаңа бір деңгейдегі өндірісті қолдануға байланысты болып келеді. Сондықтан да бұл кәсіпорын үшін маңызды орынды негізгі құралдар алады.
Кесте 4
«ОРДА ЖОЛДАРЫ» ЖШС-нің қаржылық қызметінің нәтижесі, мың тенге
Көрсеткіштер атауы
|
2017 жыл
|
2018 жыл
|
2019 жыл
|
Өнім (қызмет, жұмыс) өткізуден түскен табыс
|
10656,4
|
21168,6
|
82108,7
|
Өткізілген өнімнің өзіндік құны
|
9357,8
|
18970,7
|
74453,8
|
Жалпы табыс
|
1298,5
|
2197,9
|
7654,9
|
Мерзімді шығындар
|
562,0
|
123,7
|
66798,8
|
Негізгі қызметтен түскен табыс
|
736,5
|
960,1
|
2113,2
|
Негізгі емес қызметтен табыс
|
600,0
|
202,5
|
2949,9
|
Салық салынуға дейінгі кәдімгі әрекеттен алынған табыс
|
136,4
|
1162,6
|
5063,1
|
Корпорациялық табыс салығы
|
27,28
|
232,5
|
1012,62
|
Салық салғаннан кейінгі әдеттегі қызметтен табыс
|
109,12
|
930,1
|
4050,48
|
Төтенше жағдайлардан алынған табыс
|
-
|
-
|
-
|
Таза табыс
|
109,12
|
930,1
|
4050,48
|
Бүгінгі күнде кәсіпорынның қаржылық жағдайының жақсарып келе жатқаны байқалады. Оны «ОРДА ЖОЛДАРЫ» ЖШС-нің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі есебінен көруге болады.
4 кестеден көрініп тұрғандай серіктестік кірістері 2019 жылы өскен. Бұл жаңа техникалар мен құралжарды сатып алу есебінен болып отыр. Одан басқа кәсіпорын жұмысшылары біліктіліктерін арттырып, бұл жұмыс өнімділігінің сапасын арттыруға әсер етті.
Сапаның және жұмыстың жылдамдығының артуы есебінен объектілерді тапсыру мерзімі қысқарды. Нәтижесінде тапсырыс берушілер саны өсіп, жұмыс көлемінің артуына себеп болды. Бұның барлығы табысқа алып келді.
Кәсіпорын өндіріс халық тұтынатын тауарлар өндірумен бірнеше жыл айналысқандықтан, ол сенімді жабдықтаушыларға да ие, олардан кәсіпорын құрылыс материалдарын өндіруші бағасымен сатып алады. Бұл да кәсіпорынның табысына әсер етеді.
Бүгінде кәсіпорын тұрақты түрде дамуда.
2.2 «ОРДА ЖОЛДАРЫ» ЖШС-нің есеп қаржы жұмысын ұйымдастыру
Кәсіпорынның қаржы жұмысы экономикалық қызметтің басты бөлімі болып табылады.
Кәсіпорынның қаржы жұмысының негізгі мақсаты ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады және бөлінген қаражаттың дұрыс пайдалануына бақылау жасау.
Кәсіпорынның қаржы жұмысының негізгі бөлімдері мыналар:
а) Қаржылық жоспарлау. Бұл жерде қаржы жоспарының баланстық жоспары, кіріс пен шығыс жоспары, ақша қозғалысы жоспары құжаттары жасақталады.
б) Жабдықтаушылармен есеп айрысу. Бұл жерде жабдықтаушылармен келісім шарт жасақталып, олармен есеп айрысу жүргізу барысындағы қажетті құжаттар толтырылады.
в) Қаржы органдарымен есеп айрысу. Бұл жерде бюджетпен есеп айырысу бойынша, бюджеттен тыс есеп айрысу операциялары бойынша мәселелер жүргізіліп, құжаттар толтырылады.
г) Айналым қаражаттары. Бұл жерде айналым қаражаттарын пайдалану тиімділігі мен айналымдылығын үдетуді көтеру бойынша шаралар жасақталып жүргізіледі.
д) Несиелендіу. Мұнда несиені алу және қайтаруға байланысты есептеулер жүргізіліп, құжаттар толтырылады.
е) Кассалық операциялар. Мұнда кәсіпорындағы қаржы жұмысының дұрыс ұйымдастырылуына, олардың қаржы жағдайларына байланысты болады.
Кәсіпорынның есеп саясатын қалыптастыру бұл бухгалтерлік есепті жүргізудің белгілі бір тәсілін нақты бір шаруашылықтық жағдайларда пайдаланудың тәртібін белгілеу болып табылады.
Кәсіпорында қабылданған есеп саясатының басты міндеті – оның шаруашылық қызметін мейлінше шынайы етіп көрсететін толық, объективті және дұрыс ақпараттарды жасау болып табылады. Есеп саясатының сауатты түрде жасалынуы және оның есепті жыл ішінде өзгермеуі қаржылық қорытынды есеп ақпараттарын сыртқы пайдаланушылар тарапынан келіспеушіліктерді, пікір қайшылығын, шағым талаптарды болдырмауға жағдай жасайды.
Есеп варианттарын таңдауға төмендегі факторлар әсерін тигізеді:
Кәсіпорынның құқықтық және ұйымдастыру-экономикалық статусы – меншік түрі (жеке меншік, мемлекеттік меншік), ұйымдық-құқықтық нысан (акционерлік қоғам, серіктестіктер және т.б.), шаруашылық қызметтің түрі, саласы (өнеркәсіп, ауылшаруашылық, құрылыс және т.б.), көлемі (шаруашылық қызметтің масштабы, сатып өткізу мөлшері, жұмыскерлердің саны және т.б.);
Кәсіпкерліктің ағымдағы және ұзақ мерзімді мақсаты (қосымша қаржылық ресурстарды тарту, рынокта бәсекелестік позицияны күшейтү, инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру және т.б.);
Шаруашылық қызметтің ерекшеліктері - өндірістік (технологиялық құрылым, пайдаланылатын ресурстар), коммерциялық (жабдықтауды және сатып-өткізуді ұйымдастыру, есеп айырысу жүйесі және нысандары, сатып алушылармен қарым-қатынас), қаржылық (банк мекемелерімен, салық жүйесімен қарым-қатынас), басқару (кәсіпорынның құрылымы, меншік иелерінен тәүелсіздігі, олардың алдында есеп беру, техникалық жағынан қамтамасыз етү деңгейі, оның ішінде тек компьютерлік техникамен жабдықтау);
Кадрлармен қамтамасыз ету – қызметкерлердің квалификациялық деңгейі (тәжірибесі, іскерлігі және т.б.);
Шаруашылық ситуациялары – шаруашылық, салық төлеу, бухгалтерлік есеп заңдарының жағдайы, нарық инфраструктурасының даму деңгейі және т.б.
Бухгалтерлік есептің әдістемелік аспектісі активтерді бағалау тәсілдері, амортизацияны есептеу тәсілдері, табыстарды анықтау тәсілдері сияқты элементтерден тұрады.
Техникалық аспект – бухгалтерлік есепті жүргізу нысанын (жеңілдетілген, автоматтандырылған, журнал-ордерлік) анықтайды.
Ұйымдық аспект – кәсіпорындағы бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру элементтерін қамтиды.
Кәсіпорын қабылдаған есеп саясаты қаржылық қорытынды есеп мәліметтерін сыртқы пайдаланушылар үшін ашылып көрсетілуге тиісті. Есеп саясаты ең бірінші қаржылық қорытынды есеп беруге түсіндірме хатта ашылып көрсетілуге тиісті.
«ОРДА ЖОЛДАРЫ» ЖШС-ң есеп саясаты оның құрамында болатын барлық құрылымдық бөлімшелеріне тән, олардың тәуелсіз түрде орналасқан жеріне, ұйымдастырылуына қарамастан, кәсіпорынның бақылауымен өздерінің консолидацияланған қаржылық есеп беруін жасайды.
Кәсіпорын және оның бақылауындағы еншілес ұйымдардың есептілік кезеңі тоқсан және күнтізбелік жыл болып саналады.
Кәсіпорынның құрылымындағы бар құрылымдық бөлімшелерінің, секторлары мен филиалдарының бухгалтерлік есепті басқарудағы қызметі негізінен кәсіпорынның Бас бухгалтеріне жүктеледі.
«ОРДА ЖОЛДАРЫ» ЖШС-ң құрылымдық бөлімшелері, еншілес ұйымдары бухгалтерлік есептің бастамасын қалыптастырады, белгіленген көлемі мен анықталған уақыт мерзімінде қаржы-шаруашылық қызметі жөніндегі ақпараттарын кәсіпорынның бухгалтерлік есеп жөніндегі Департаментіне есеп берулері тиіс.
Бухгалтерлік есепті қалыптастыруда кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері бухгалтерлік есептің бірыңғай автоматтандырылған жүйесін қолданады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігімен бекітілген кәсіпорынның қаржы-шаруашылық жағдайын айқындайтын жұмыс шоттар жоспарын пайдаланады.
«ОРДА ЖОЛДАРЫ» ЖШС қаржылық және салық есебі мен ішкі аудитін ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының заңдылықтарын есепке алады. Оларға жататындар:
1.Қазақстан Республикасының «бухгалтерлік есеп туралы» Заңы;
2. Салық кодексі;
3. Аудиторлық қызмет туралы; Заңы
4.«Бухгалтерлік есеп стандарты» тағы да басқа заңдылықтарды, нормативтік актілерді жатқызуға болады.
«ОРДА ЖОЛДАРЫ» ЖШС бухгалтерлік есеп жұмыстары толығымен компьютерлендіруге көшірілген. Қаржы есебі қаржылық көрсеткіштерді өлшеумен байланысты, олардың элемменттері табыс пен шығыстар болып табылады. Өнімді сатудан (көрсетілген қызметтерден, орындалған жұмыстардан) түскен түсімнен, олардың олардың өндірістік өзіндік құнынан кезең шығындарын шегерген соң, қалған айырмасы табыс (зиян) болып есептеледі.
Қаржылық есеп берудің құрамдас бөліктері өзара байланысты, өйткені олар бірдей операциялар мен оқиғалардың әр түрлі аспектілерін білдіреді. Есеп берудің әрбір нысаны басқалардан ерекшеленетін ақпаратты береді, олардың ешқайсысы да бір затпен шектелмейді және пайдаланушы нақты мұқтаждары үшін қажетті бүкіл ақпаратты береді. Мысалы, кірістер мен шығыстар туралы есеп бухгалтерлік баланссыз, ақшалардың қозғалысы туралы есепсіз және капиталындағы өзгерістер туралы есепсіз ұйым қызметінің толық сипатын бермейді.
3 Кәсіпорынның еңбекақы жүйесін талдау, есепке алу және аудиттік тексеру
3.1 «Орда жолдары» ЖШС-де еңбекақыны есепке алу, аудиттік тексеру
Кез келген кәсіпорында қаражаттардың пайдалануына талдау жасау өте маңызды болып келеді. Талдау барысында еңбекақы қорының пайдаланылуына жүйелік реттеу жасау керек және өнімнің еңбек сиымдылығын төмендетіп, еңбек өнімділігін жоғарылату есебінен қаржыландыруды үнмдеу мүмкіндігін анықтау керек.
Статистикалық органдардың әдістемелік құжаттарына сейкес еңбекақы қорына тек ағымдағы шығындарға жатқызылатын еңбекті төлеу қоры ғана емес, сонымен қатар таза табыс пен әлеуметтік сақтандыру қорына жіберілетін төлемдер де кіргізіледі.
Тұтыну мақсатында қолданылатын қаражаттардың ең көп бөлігі өнімнің өзіндік құнына кіретін еңбекақыны төлеу болып табылады.
Өнімнің өзіндік құнына жатқызылатын еңбекақы қорының пайдалануына талдау жасау барысында ең бірінші оның жоспарлы көлемі мен нақты көлемінің арасындағы салыстырмалы және абсалютті ауытқуды есептеуден бастау керек.
Осылайша, абсалюттік ауытқуы (∆ ФЗПабс) есптік жылдағы еңбекақыны төлеуге пайдаланылған қаражаттар мен базалық жылдағы еңбекақыны төлеу қорымен салыстыру арқылы анықтаймыз:
∆ ФЗП абс= ФЗП есеп. ж.-ФЗП баз.ж.=8831,7-7609,3=1222,4 мың тг.(3)
Бірақ абсалюттік ауытқу көрсеткіші өздігінен еңбекақы қорының пайдалануын сипаттамайды. Өйткені бұл көрсеткіш өнімді өндіру жоспарының орындалу дәрежесін есепке алмайды.
Салыстырмалы ауытқу есептік жылдағы еңбекақы қорының айырмасы ретінде есептелінеді. Бірақ, бұл айырмаға өнімді өндіру жоспарының орындалу коэффиценті арқылы түзету енгізіледі. Олар – жұмысшыларға және басқару аппаратына берілетін сыйақылар. Мұндай сыйақылар ФЗП-ның айнымалы бөлігі болып табылады. Ал тұрақты бөлігі өндірілген өнім көлемінің көбейюі мен азаюы барысында өзгеріске ұшырамайды.Тұрақты бөлікке мыналар жатады: тарифтік мөлшерлеме және жалақы бойынша тұрмыс – коммуналдық шаруашылық саласында, әлеуметтік салада жұмыс істейтін қызметкетлер мен жұмысшылардың жалақысы.
∆ ФЗП ауытқу=ФЗП есеп.ж.-ФЗП тк=
ФЗП есеп.ж.-(ФЗП б.өзг*Кжо+ФЗП б. тұр) (4)
∆ФЗПауытқу- еңбекақы қоры бойынша салыстырмалы ауытқу;
ФЗП есеп.ж- есептік жылдағы еңбекақы қоры;
ФЗПтк- өндірілген өнімнің жоспарының орындалу коэффиценті арқылы
түзету енгізілген базалық жылдағы еңбекақы қоры;
ФЗПб.өзг – базалық жылдағы еңбекақы қорының өзгермелі сомасы;
Кжо — өнімді өндіру жоспарының орындалу коэффиценті.
Менің мысалға келтіріп отырған кәсіпорынымда қосымша және негізгі цехтерде жұмысшыларға еңбекақыны төлеу кесімді еңбекақы жүйесі арқылы жүзеге асады. Бұл жүйе бойынша еңбекақы төлеу барысында еңбекақы көлемі бригада мен цехтің жұмыстарының нәтижесімен анықталады. «Орда жолдары» ЖШС-де айына екі рет бригадир немесе цех мастері «Орындалған жұмыс ведомствасын » (ФТУ№10) , бір данада ғана толтырылады. Онда өндірген өнім көлемі жазылады. Бұл құжаттың артқы жағында бригададағы жұмысшылардың құрамы, аты-жөндері, разрядтары жазылады. Толтырылған ведомстваны бригадир еңбек және жалақы бөліміне өткізеді. Мұнда бір ай ішінде өндірілген өнімнің жалпы көлемі есептелінеді.
Бригаданың бір ай ішіндегі өнімнің бір түрі бойынша өндірілген өнім көлемін бағаламаға көбейту арақылы бригада мүшелерінің жалақысы анықталады. Жұмысшылардың әр түрі бойынша нормаланған уақытты анықтау үшін уақыт нормасын өндірілген өнім данасының сомасына көбейтеміз.Әр жұмыс түрі бойынша уақыт нормаларын қосу арқылы бригаданың жалпы нормаланған ақыты анықталады. Кесімді жалақы сомасы бригада мүшелерінің рарсында олардың мамандану деңгейіне байланысты пропорционалды болады. Мұнда тарифтік коэффиценттер есептеледі. Ол белгілі бір разрядтың ставкасына қатынасы ретінде болады.
Бір сағатқа шаққандағы еңбекақы сомасын анықтау үшін кесімді еңбекақы сомасын жұмыс жасалған уақытқа бөледі.
«Орда жолдары» ЖШС-гі жұмысшылар кесімді еңбекақы сомасымен қатар белгілі бір сандық және сапалық көрсеткішьерге сай сыйақы (премия) алады. Бұл көрсеткіштерге мыналар жатады: құрылғылардың технологиялық режимін сақтау, өнім сапасын жоғарылату, шикізаттарды, материалдарды, отынды және энергияны үнемдеу және тағы басқалары.
«Орда жолдары» ЖШС-де уақытқа байланысты еңбекақыны төлеу жүйесі мына тұлғаларға қолданылады: басқармадағы тұлғалар, мамандар, қосымша цехтің жұмысшылары және тағы басқалар. Оларға еңбекақы уақыт бойынша төленеді, яғни сағаттық, күндік және айлық тарифтер мен жалақылар бойынша. Жұмысшы еңбекақысының көлемі атқарылған жұмыс уақытымен тарифтік мөлшерлеменің көбейтісінің нәтижесінде анықталады. Жұмысшылардың құрамы мен әр жұмысшы бойынша жалақының есептелуін кадрлар бөлімі жүзеге асырады.Сол сияқты, кадрлар бөлімі бухгалтерия бөлімін жұмысшылардың саны туралы ақпараттармен қамтамасыз етеді де, бухгалтерия бөлімі өз кезегінде әр жұмысшы бойынша жалақының есебін жүргізеді.
Еңбеккерлермен еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысуларды есепке алу үшін есептік және төлем тізімдемелері, сондай-ақ жұмыскерлер мен қызметкерлердің жеке шоттары пайдаланылады, сондықтан онда жазулар жүргізу үшін келесі бағандар қарастырылған: тегі аты, әкесінің аты; табельдік номері, жұмыс істеген сағаттарының саны; есептелген еңбекке ақы төлеудің барлық түрлері; қолданыстағы заңдарға сәйкес жүргізілетін ұсталымдар мен шегерімдердің барлық түрлері; еңбеккердің берешегі; берілетін сома. Мекеменің лауазымды тұлғаларының және басқа қызметкерлеріне есептелген еңбекақылар 3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек» шотына есепке алынады. Қазіргі уақытта еңбекке ақы төлеуді есепке алуды автоматтандырудың үлкен әр түрлі бағдарламалары бар жағдайда мекемелер олардың қажеттісін және ыңғайлысын өздері таңдайды. Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарына сәйкес еңбекке ақы төлеу бойынша еңбеккерлермен есеп айырысуларды есепке алу үшін 3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек» пассивтік шот арналған. Көрсетілген шоттың кредиті бойынша есептелген еңбекақы мен сыйақының барлық түрлері, зейнетақылар, жәрдемақылар және жұмыскерлер мен қызметкерлерге тиісілі сесптелген барлық төлемдердің басқа да түрлері көрсетіледі. Есептелген еңбекақылар мен сыйақылар мекеменің шығындары болып танылғандық- 92 тан, олардың сомасы мекеменің өнімдері сату және қызметтер көрсету бойынша шығындары мен әкімшілік және басқару шығындарының және құрылыс пен өндірістік шығындары құрамында есепке алынады. 3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек» шотының дебеті бойынша қолданыстағы заңдарға сәйкес жүргізілген ұсталымдар мен шегерімдердің барлық түрлерінің, жұмыскерлер мен қызметкерлерге кассадан қолма қол ақшамен берілген еңбекақы, жәрдемақы, зейнетақы және басқа төлемдердің барлық сомалары, сондай – ақ еңбеккерлердің уақытында алмаған еңбекақы көрсетіледі. Еңбекке ақы төлеу бойынша еңбекерлермен айырысудың негізгі операцияларын бухгалтерлік шоттарда жазулар жүргізуге төлем мен есеп айырысу – төлем тізімдемелер негіз болады. Мекеменің құрылыста, өндірісте, өгнімдерді өткізу және қызмет көрсету салаларында жұмыс істейтін жұмыскерлер мен қызметкерлеріне, жалпы шаруашылық және әкімшілік – басқару қызметкерлеріне есептелген еңбекақы төлемдері бухгалтерлік есеп шоттарында келесі жазумен көрсетіледі: Тиісті шоттардың дебеті: 2930 «Аяқталмаған құрылыс» - құрылыста жұмыс істейтін еңбеккерлерге есептелген еңбекақы сомаларына 7110 «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар» өнімдерді сату және қызметтер көрсетумен шұғылданатын еңбеккерлерге есептелген еңбекақы сомаларына 7210 «Әкімшілік шығыстыр» - жалпы шаруашылық және әкімшілік басқару қызметкерлеріне есептелген еңбекақы сомаларынаа 8110 «Негізгі өндіріс» - негізіг өндірістегі жұмыскерлерге есептелген еңбекақы сомаларына 8210 «Өз өндірісінің жартылай фабрикаттары» - жартылай фабрикаттарды өндірумен шұғылданатын жұмыскерлерге қатысты есептелегн еңбекақы сомаларына 8310 «Көмекші өндірістер» - мекеменің негізгі өндірісінің көмекші өндірістерінің жұмыскерлеріне қатысты есептелгег еңбекақы сомаларына 8410 «Үстеме шығыстар» - негізгі, қосалқы және жартылай фабрикаттар өндірістеріне қызмет көрсететін еңбеккерлерге есептелген еңбекақы слмаларына 93 3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек» шотының кредиті Төлеу көздерінде салық салынатын еңбеккерлердің табысына белгіленген ставканы қолдану арқылы еңбеккерлердің табысы бойынша есептелген әлеуметтік салық және әлеуметтік сақтандыру бойынша аударымдар сомасына арнайы есептелуге сәйкес келесі бухгалтерлік жасалады: Тиісті шоттардың дебеті: 2930 «Аяқталмаған құрылыс» - күрделі құрылыста жұмыс істейтін еңбеккерлердің еңбекақысынан есептелген әлеуметтік салық және әлеуметтік сақтандыру бойынша аударымдар сомасына 7110 «Өнімдерді сату және қызметтер көрстеу бойынша шығыстар» - өнімдерді сату мен қызметтер көрсетумен шұғылданатын қызметкерлердің еңбекақысынан есептелген әлеуметті сақтандыру бойынша аударымдар сомасына 7210 «Әкімшілік шығыстар» - жалпы шаруашылық және әкімшілік - басқару қызметкерлерінің еңбекақысынан есептелген әлеуметтік салық және әлеуметтік сақтандыру бойынша аударымдар сомасына 8110 «Негізгі өндіріс» - негізгі өндірістегі жұмыскерлердің еңбекақысынан есептелген әлеуметтік салық және әлеуметтік салық және әлеуметтік сақтандыру бойынша аударымдар сомасына 8210 «Өз өндірісінің жартылай фабрикаттары» - жартылай фабрикаттарды өндірумен шұғылданатын жұмыскерлердің еңбекақысынан есептелген әлеуметтік салық және әлеуметтік сақтандыру бойынша аударымдар сомасына 8310 «Көмекші өндірістер» - көмекші өндірістердің жұмыскерлерінің еңбекақысынан есептелген әлеуметтік салық және әлеуметтік сақтандыру бойынша аударымдар сомасына 8410 «Үстеме шығыстар» - негізгі, қосалқы және жартылай фабрткаттар өндірістеріне қызмет көрсететін еңбеккерлердің еңбекақысынан есептелген әлеуметтік салық және әлеуметтік сақтандыру бойынша аударымдар сомасына Тиісті шоттардың кредиті: 3150 «Әлеуметтік салық» 3210 «Әлеуметтік сақтандыру бойынша міндеттемелер» Еңбеккерлермен еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысулардың жинақтау есебі №10 журнал ордер мен №5 тізімдемеде 94 жүргізіледі. Ай соңында бұл құжаттардың жиынтық сомалары Бас кітапқа көшіріледі. Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысудың аудиторлық тексеруінің негізгі мақсаты - еңбекақы есебін жүргізудегі құқықтық-нормативтік актілердің әрекеттілігін тексеру, бухгалтерлік есеп жағдайы мен оны ұйымдастыру, және еңбекке ақы төлеу бойынша жүргізіліп жатқан есеп айырысудың дұрыстығын тексеру.
Еңбекке ақы төлеу өндіріс циклінің бір бөлігі болып табылады және кәсіпорын ресурстарының маңызды бөлігін құрайды. Сол үшін еңбек ресурстары мен еңбкақы қорының тиімділігін тексеріп тұру кәсіпорын үшін өте маңызды.
Қызметкерлермен есептесуді тексеру үшін қажет ақпарат көздері ретінде- штаттық кесте, жарғы, бұйрықтар, жарғылықтар, келісім-шарттар, азаматтық құқықтық сипаттағы келісімдер, жеке қамсыздандыру бойынша келісім –шарттар, ссуданы беру бойынша, тауарды несиеге сату, жұмыс уақытын қолдану, есептеу табелі, наряд, жолдама қағаздары, уақытша еңбекке жарамсыздық қағаздары, атқару қағаздары, есептеу және төлеу карточкалары, авнстық есеп берулер және соған қосыла берілетін алдыңғы құжаттар, мүлікті инвенторлар, мүлік актілері құжаттарын пайдалануға болады.
Еңбекақының қандай түрлері кәсіпорында қолданылатынын біліп алу керек.Қызметкерлерге еңбекақыны төлеудің ішкі ережесі бар ма және ұжымдық келісім шарты бар, әлде жоқ екенін анықтау, қызметкерлердің тізімдік және орта тізімдік құрамын, еңбекақыны төлеу бойынша есептеулерді есепке алу қалай ұйымдастырылғаны т.б. осындай және осы сияқты сұрақтарға жауап алу үшін ішкі бақылау жүйесі мен оны бөлім бойынша есептесуді тексеру үшін қосымша есептеулерді жүргізу дұрыс. Тексеруден соң аудитор тексеру бағдарламасын дайындауды соған сәйкес қызметкерлермен есептесудің әртүрлері бойынша операцияларды, бөлшек тексеруді іске асырады.
Негізінде еңбекақыны есептеуде жүргізілген алғашқы құжаттар, құжаттардың нормативті талаптарына сәйкес дұрыс толтырылуына үлкен мән беріледі.
Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысуларды аудиторлық тексерудің бағдарламасы
№
|
Процедуралар
|
Ақпарат көздері.
|
1.
|
Барлық негіздер бойынша қызметкерлерге төлемдерді есептеу мен толтырудың дұрыстығын бақылау.
|
Есептеу-төлем тізімдемелері, нарядтар, жұмыс уақытын есепке алу табелі, штат кестесі.
|
2.
|
Еңбекақыдан ұсталынатын салықтардың зейнетақы қорына төленетін жарналардың дұрыс есептелуін тексеру.
|
Есептеу-төлем тізімдемелері, материалдық көмек беру туралы бұйрықтар.
|
3.
|
Қызметкерлердің еңбекақысын төлеу реестрлеріндегі мағлұматтарды тексеріп және оны Бас кітап шоттарымен салыстырып тексеру.
|
Тізімдемелер, журнал-ордерлер, машинограммалар, Бас кітап.
|
4.
|
Қызметкерлердің еңбекақысын есепке алу бойынша шоттар корреспонденцияларының дұрыстығын тексеру.
|
Тізімдемелер, журнал-ордерлер, машинограммалар.
|
Кәсіпорынның өз қызметкерлеріне еңбекақысы бойынша қарызы жылдың басы мен аяғындағы баланста көрсетілген несие қарызының маңызды баптарының бірі болып табылады. Еңбек пен еңбекақысын есепке алудың қазіргі тәртібін, бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен оның ахуалын, сонымен қатар еңбекақысы бойынша есеп айырысудың дұрыс жүргізілуін тексеру - осы борыш аудитінің негізгі міндеті болып табылады..
Жұмыс жағдайларында ауытқуларға байланысты қосымша төлемдердің дұрыс есептеп шығарылуын тексеру кезінде аудитор жұмыс орындар нарядқа басқа да құжаттарға сәйкес шикізатпен, материалдармен, жабдықтармен құралдармен толық қамтамасыз етілгенде ғана жұмыс жағдайлары қалыпты болып саналатынын білуге тиіс.Егер бұл шарттар орындалмаған болса жұмысшы осыған орай қосымша уақыт жұмсайтын болса, онда осы уақыттың ақысы төленуі керек.
Осы мақсатта алдын-ала қарастырылмаған қосымша технологиялық операцилар анықталған жағдайда, кесімді жұмысқа наряд жазылу керек. Аудитор қосымша төлемдердің жазылуы мен есептеп шығарылуының дұрыстығын тексеруге міндетті.
Аудитор түнгі уақыт пен жұмыстан тыс уақыттағы еңбекақысы мен қосымша төлемдердің дұрыс есептеп шығарылуын тексеруге тиіс.
Сағат 22-ден таңғы 6-ға дейінгі уақыт түнгі уақыт болып саналады. Осы жұмыс уақытының жалпы саны бір айға есепке алу табельдерінде жазылады. Осы жұмыс уақытының ақысы екі есе артық төленеді.
Жұмыстан тыс уақыттағы бірінші екі сағаттық төлемақысы 1.5 есе артық төленеді. Жұмыс уақытын есептейтін табель жұмыстан тыс уақытта орындаған еңбекақысын негізі болып табылады..
Сонан соң аудитор мейрам күндеріндегі еңбекақысының дұрыс төленуін тексеруге міндетті
Тексеру жұмыстарын аяқтай отырып, аудитор мына төмендегілерді анықтауға тиіс:
- Бекітілген мерзімде алынбаған жалақы депоненттік сомаға өз уақытында жатқызылуын;
- Депоненттік сомалардың төленуін және алынбаған депоненттік қарыз кірісі құрамына жіберілгенін;
- Қосымша жұмыс бойынша төлемдердің дұрыс жүзеге асырылуын;
- Қазіргі заңмен қарастырылған жұмыспен өтелмеген уақытқа еңбек демалысы, демалыс жәрдемақысы, төлемдерді жүзеге асырудың дұрыстығын, уақытша еңбекке жарамсызға жәрдемақының есептелуін;
- Еңбекақы қорына шығындарды жатқызудың дұрыстығын;
- Жеке төлемдерді өнімнің өзіндік құнына дұрыс жатқызылуын;
- Еңбекақы бойынша құрылған шоттар корреспонденциясының дұрыстығын;
- Синтетикалық және аналитикалық есептердің құрама деректердің дұрыс жүргізілуін, қаржы есеп формаларының дұрыс толтырылуын анықтауы тиіс.
Кәсіпорында еңбек заңдылықтарының сақталуына бақылау жасау бірінші орында тұрады. Осыған байланысты аудитор қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, шығару ережелерін, қызметкерлердің жұмыс уақыттарының есептелуін, еңбекақы төлеу жүйесін тексереді.
Қызметкерлерді қабылдау және жұмыстан шығару бұйрықтар, контракттар, еңбек келісім-шарттарымен тексеріледі. Қолданылып жүрген еңбекақыны төлеу жүйелерінің кесімді немесе мерзімді жүйелері қолданылады. Ол кәсіпорын қызметкерлерінің тиісті құжаттарында белгіленуі керек.
Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысуды тексеру кезінде аудитор келесілердің негізділігін тексеру керек:
- еңбекақының дұрыс есептелуін;
- нақты жұмыс істеп жатқан қызметкерлер санының тізімдегі санына сәйкестігі;
- еңбекақыны төлеудің дұрыстығы, уақыттылығы, толықтығы.
Еңбекақының дұрыс есептелуі мен штаттық кестемен нақты қызметкерлердің санының сәйкестігін тексеру үшін келесі құжаттар қарастырылған:
- кәсіпорын қызметкерлерімен келісім-шарт;
- жеке шот;
- жұмыс уақытын пайдалану есебі табелі;
- жеке құрамы бойынша бұйрықтар;
- кесімді жұмысқа наряд;
- орындалған жұмысты қабылдау актісі;
- өндіру туралы рапорт;
- маршруттық қағаз;
- атқару қағаздары, неке туралы акт.
Аудитор қызметкерлердің еңбекақыларынан ұсталынатын міндетті ұсталымдардың дұрыс жүргізіліп жатқанын, заңға сәйкес жүргізіліп жатқанын тексеруі керек.
Инициативтік ұсталымдарға:
- атқару парақтары бойынша ұсталымдар;
Аудитор атқару парағының бар, жоқтығын немесе қызметкердің ұсталымдарды жасау туралы жеке өтініштің бар жоқтығын тексеруі тиіс.
- келтірілген зиян немесе мүліктің бүлінуінен ұсталатын ұсталымдар.
Аудитор ревизия, түгендеу, неке туралы актілерін, және ұстслымдарды ұстау туралы бұйрықтарды тексеруі керек.
- несиеге тауарларды сатып алу.
Аудитор сауда кәсіпорындарымен жасалған (екі не үш жақты) келісім-шарттың бар жоқтығын тексеру керек. Онда несиені өтеу мерзімі мен несиеге сатып алынған тауардың сомасы көрсетілуі керек.
Еңбекке ақы төлеу өндіріс циклінің бір бөлігі болып табылады және кәсіпорын ресурстарының маңызды бөлігін құрайды. Сол үшін еңбек ресурстары мен еңбекақы қорының тиімділігін тексеріп тұру кәсіпорын үшін өте маңызды.Қызметкерлермен есептесуді тексеру үшін қажет ақпарат көздері ретінде штаттық кесте, жарғы, бұйрықтар, жарғылықтар, келісім-шарттар, азаматтық құқықтық сипаттағы келісімдер, жеке қамсыздандыру бойынша келісім–шарттар, ссуданы беру бойынша, тауарды несиеге сату, жұмыс уақытын қолдану, есептеу табелі, наряд, жолдама қағаздары, уақытша еңбекке жарамсыздық қағаздары, атқару қағаздары, есептеу және төлеу карточкалары, авнстық есеп берулер және соған қосыла берілетін алдыңғы құжаттар, мүлікті инвенторлар, мүлік актілері құжаттарын пайдалануға болады.Тексеруден соң аудитор тексеру бағдарламасын дайындауды соған сәйкес қызметкерлермен есептесудің әртүрлері бойынша операцияларды, бөлшек тексеруді іске асырады.Негізінде еңбекақыны есептеуде жүргізілген алғашқы құжаттар, құжаттардың нормативті талаптарына сәйкес дұрыс толтырылуына үлкен мән беріледі.
Аудитор 3350 «Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу» шотын тексере отырып, қызметкерлерге тиісті демалыс ақысын және көп жылғы сіңірген еңбекақысының бекітілген тәртіп бойынша құрылған қор есебінен төленетін еңбекақысы сомасының, әлеуметтік сақтандыруға және зейнет ақысымен қамтамасыз етуге жіберілген қаржы есебінен шығарылған жәрдемақы сомасының, кәсіпорын табысы сомасының, ал дебет бойынша еңбекақының, сыйлық ақшаның, уақытша еңбекке жарамсызға арналған жәрдемақының төленген сомаларының, сонымен қатар кәсіпорындардың өз қызметкерлеріне еңбекақысы жөніндегі қарызын сальдо шоты көрсететін орындаушы құжаттар бойынша есептелген салықтар мен төлемдердің сомасының, еңбекақысы сомаларының қамтып көрсетілетінін білуге тиіс.Көбінесе осы шот бойынша аналитикалық есеп деректер синтетикалық есеп деректеріне сәйкес келе бермейді. Бұл сальдо есеп айырысу-төлем тізімдерінің қорытынды сомаларымен берілген есеп бойынша тексеру арқылы анықталынады.Сол үшін аудитор бұлардың қатынасын әр түрлі кезеңдерде, кәсіпорынның әртүрлі бөлімдері бойынша, және шығарылып жатқан өнім түрлері бойынша талдау жасауы керек. Өндірістің есепке алынбаған көлемінің шығарылуымен байланысты бухгалтерлер еңбекақының көлемін дұрыс талдап есептеуі керек. Еңбекақы қаншалықты дұрыс есептелгенін, еңбекақының есептелуі қай көздерден жасалғанын, өнімнің өзіндік құнының қай дәрежеде қымбат болғанын, осы және осы сияқты жағдайлардың барлығын аудитор тексеріп отыру керек.Өндірістік қызметке жұмысшылардың қатысуына байланысты персоналдар өнеркәсіптік өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді Жұмысшыларды тізімдік және тізімдік емес құрамға бөледі. Тізімдегі құрамға бір күннен артық негізгі қызметі бойынша, ал басқа қызмет түрлері бойынша бес күннен кем мерзімге жұмысқа қабылданған барлық тұрақты, кезеңдік және уақытша жұмысшылар жатады .
Кадрлар есебі үшін жеке карточкалар, ғылыми жұмысшылар үшін ғылыми жұмысшының есеп карточкалары алғашқы құжаттар болып табылады. Жұмыс уақытының есебі бойынша негізгі алғашқы құжаттар- жұмыс уақытын пайдаланудың есебі мен еңбек ақыны есептеу табелі және жұмыс уақытын пайдалануды есептеу табелі болып табылады. Табель жұмысшылардың барлық категорияларының жұмыс уақытын пайдалануын есептеу үшін, сондай- ақ жұмысшылар мен қызметкерлердің бекітілген жұмыс күні режимін сақтауына бақылау жасау үшін, олармен еңбек ақы бойынша есеп айырысу және атқарылған уақыт туралы деректер алу үшін қолданылады. Табельді табель толтырушы немесе мастер бір данада толтырады және еңбекақы есептеу үшін бухгалтерияның есеп айырысу бөліміне жіберіледі.Жұмысқа келулер және жұмыс уақытын пайдаланудың есебін табельде жалпылау тіркеу әдісімен жүргізіледі, яғни барлық келгендерді , кешіккендерді белгілеу немесе тек қана ауытқуларды тіркеу арқылы. Күндер мен сағаттардың санын ондық белгімен көрсетіледі. Ай соңында табельдер әрбір жұмысшымен атқарылған уақыттың қорытындысы жазылады және жұмысқа келген, келмеген күндер есептеледі. Осы деректер жұмыс категориялары бойынша және жалпы табель бойынша қосылады.Жеке құрамның есебі категорияның кадрлар бөлімінде жүргізіледі. Еңбек ақы төлеу бойынша қызметкерлер мен есеп айырысудың синтетикалық есебі 3350 “Еңбек ақы бойынша қысқа мерзімді қарыздар’’ шоты бойынша жүзеге асырылады.3350 шоттың кредиті бойынша айдың басы мен айдың аяғына жұмыс істеушілердің алдындағы қарыздардың қалдығы және оларға еңбекақы, сыйақы, жәрдемақы түрінде есептелген сомалар, яғни қарыздардың көбеюі, ал дебеті бойынша барлық ұстаулар түрлері мен берілген еңбекақы сомалары көрсетіледі.Жұмысшылардың кезекті демалыс уақытына ақы төлеу үшін кәсіпорындарда резерв құрылады, өйткені жұмысшыларға демалыс жыл бойы біркелкі берілмейді және демалысты төлеу бойынша шығындарды сол айда өндірілген өнімнің өзіндік құнына жатқызу өзіндік құн туралы мәліметтерді өзгертеді. Демалыстарды төлеуге резерв демалысақы сомаларын және еңбек ақы қорынан аударуларды есептеу кезінде ескерілетін, олардың еңбегіне ақы төлеу шығындары сомасынан анықталады. Резерв қарастырылған процент бойынша ай сайын анықталады Демалыс үшін нақты есептелінген сомаларды осы резерв есебінен есептеп шығарады. 3350 “Еңбек ақы бойынша қысқа мерзімді қарыздар’’ шотының кредиттік айналымдары №10 журнал – ордерде бейнеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |