3.2 Кәсіпорында еңбекақыны жетілдіру жолдары
Негізгі еңбекақы персоналға нақты істелген уақытқа, істелген жұмысының көлемі мен сапасына немесе өндірілген өнімнің көлеміне бекітілген мөлшерде немесе жалақыға сәйкес төленеді.
Қосымша – ол персоналға кәсіпорында жұмыс істелмеген уақыт үшін төленетін, еңбек заңнамасына сәйкес тәртіпке төленетін еңбекақы мөлшері. Оған кезекті демалыстардың төлемақылары, сонымен қатарқосымша төлемдер мен тарифтік мөлшерлемелердің үстіне қосулар және жұмысшылардың қызметтік жалақылары жатады.
Кәсіпорында еңбекақыны төлеудің кейбір материалдық ынталандылулар ескерілген.
Бір мезгілді сыйақылар еңбекақы қорының құрамында.
Еңбекақы қорының құрамына бір мезгілді сыйақылардың келесі элементтері кіреді:
төлем көздеріне тәуелсіз төленетін бір жолғы сыйақылар;
жыл соңы нәтижесіне байланысты төленетін сыйақылар, жұмыс істеу уақытына байланысты төленетін жылдық сыйақылар;
жұмысшылардың барлығына немесе бөлігіне төленетін материалдық көмек;
жылдық демалысқа байланысты төленетін қосымша төленетін ақылар (заңнамаға ссәйкес демалыс сомаларына қосымша);
пайдаланылмаған демалыстар үшін өтемақылар (компенсациалар);
жұмысшыларға ынталандыру ақылары ретінде берілетін акциалар мен акциаларды алуға берілетін жеңілдіктердің құны.
Біздің кәсіпорында қосымша төлемдердің (сыныптылығына байланысты, жұмыс тәжіибесіне байланысты) – жұмысшыларды жұмысқа деген белсенділінін арттыру, кадрлардың ағымдығын қысқарту.Қосымша төлемақылар арқылы жұмыстың жоғары интенсивтілігі, мамандардың қосарлануы, жұмыстың мейрамды күндері орындалуы, түнгі және қосымша уақыттағы жұмыстың орындалуы іске асды.
«ОРДА ЖОЛДАРЫ» ЖШС-де мейрам күндердегі жұмыс кесімді еңбекақымен төленеді – екі тарифтік ставкадан кем емес.
Жұмыстың жоспардан тыс артық орындалуының бастапқы екі сағатыбір жарым есе төленеді, ал қалған сағаттары екі еселік мөлшерде төленеді. Дегенмен, нормадан артық жұмыс сменалық график бойынша жоспардан тыс жұмыс деп есптелінбейді және қосымша демалыс күнімен өтеледі.
Түнгі уақыттағы істелінетін жұмыс жоғарылатылған мөлшердетөленеді.Түнгі уақыт деп 22 сағаттан бастап сағат 6-ға дейінгі уақыт (жергіліктіуақыт бойынша) уақыт аралығы есептелінеді. Егер осы уақыт кіретін болса, онда қосымша төлемақылар бүкіл смена үшін төленеді.
Мамандықтарды қосарлату үшін төленетін қосымша төлемақылар қосарланатын мамандықтар мен ерекшелік тердің сипаты мен қиындығына байланысты. «Орда жолдары» ЖШС-де бірнеше мамандықтарды бірге атқаратын жұмысшыларға тарифтік мөлшерлеменің немесе қосымша төлемақылар үздіксіз тәжірибелерін жұмысына байланысты төленеді.Қосымша төлемақылар тарифтік мөлшерлемеге сәйкес ай сайынғы жалақыға қосылып төленеді, бір жыодан бес жылға дейінгі тәжірибелік деңгейіне 5%, бес жылдан жиырма жыға дейінгі уақытқа 10% мөлшерінде төленеді.
Еңбекақыны есептеген кезде қызмет теіп жүрген жердегі аудандық коэффиценттер,яғни қолайсыз климаттық жағдайларда жұмыс істеп жүргендері үшін төленетін өтемақылар ескеріледі. «Орда жолдары» ЖШС-нің жұмысшылары үшін аудандық коэффицнт айлық ставканың 15% құрайды. Демалыс алу құқын жұмысшылар жұмыс істеген күннен бастап он бір ай үздіксіз жұмыс істеген соң иеленеді.Бухгалтерианың есептік тобы еңбекақыдан туындай отырып он екі күнтізбелік айды қамтиды.
Жоғарыда көрсетілген қосымша төлемақылар түрлері ЖШС-те еңбекақыны ныталандыру әдісі ретінде қолданылып, сол арқылы жұмыстың өнімділігін, сапасын, шикізат пен энергияның үнемделуін тудырады.
Өндірістің тиімділігін арттыру, табысты ұлғайту және рентабельділікті жоғарылату, басқарушы жұмысшылардың материалдық қызығушылығын арттыру үшін «Орда жолдары» ЖШС-деі ске асырылып отырған жұмысшыларды сыйақылау жүйсін қайта қарастыру кеңесі орындалды.Ол жұмысшыларды сыйақының жұмыс істеп отырған ережеде жеткізілсе және асырылса қосымша сыйақылар төленетін көрсеткіштер көрсетілуі керек және сыйақының мөлшері орындалмаса,сыйақы төленбейтін міндетті жағдайларды нақтыландыру жүзеге асырылса, сыйақының мөлшері көбейтілетін көрсеткіштер нақтылану керек, жұмыс барысында жіберілетін қателіктер үшін жұмысшы сыйақыдан толық немесе бөлшекті босатылуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |