1-бөлім
Еңбек ақының тарифсіз жүйесі туралы жалпы түсінік
Еңбекақы төлеудің аралас жүйесі мерзімдік және кесімді еңбекақы төлеудің негізгі артықшылықтарын қамтиды және еңбекақы мөлшерінің жеке қызметкерлер және кәсіпорын қызметінің нәтижесімен икемді байланысын қамтамассыз етеді. Мұндай жүйелерге қазіргі кезде тарифсіз жүйе жатады.
Еңбекақы төлеудің тарифсіз жүйесінде қызметкерлердің табыстары ұжым жұмысының соңғы нәтижелеріне толықтай тәуелді. Тарифсіз жүйе еңбекақы қорындағы барлық ұжымның тапқан табысындағы өзінің үлесін көрсетеді. Мұндай жүйеде тарифтік ставка немесе тұрақты жалақы белгіленбейді, ол ереже бойынша мұндай үлесті еңбекке қатысу денгейін, жұмысшыға белгіленген тұрақты коэффицент арқылы анықтаймыз.
Еңбекақы төлеудің тарифсіз жүйесін қолданушы ұйымның тәжербиелік қызметінде жиі жауабы табылмайтын сұрақтар пайда болады. Осыған қарай еңбекақы төлеудің тарифті және тарифсіз жүйесінің элементтерінен құралған аралас жүйелер қолданылады.
Құрастырылған және қазіргі жағдайда жұмыс істейтін еңбек ақы жүйесіндегі қазіргі нарықтық шарттарға ең сай келетіні тарифсіз еңбек ақы жүйесі болып табылады. Ол еңбек ақыға кіретін барлық құралдарды бөлуге негізделген. Тарифсіз еңбек ақының бірнеше элементтері бар. Солардың арасындағы бір элемент- жұмысшының еңбек ақысы бөлімшедегі еңбек ақының бір бөлігін сипаттайды. Оның өзі үш факторға байланысты:
- Жұмысшының біліктілік деңгейі;
- Еңбекке қатысу коэффициенті (ЕҚК);
- Жұмыс жасалған уақыт;
Табысқа қатысу дегеніміз не? Бұл компенсация әдісінің мақсатын анықтаңыз. Оны сәтті қолдау жағдайларын ашып көрсетіңіз.
Табыс келесі факторларғы тәуелді(жұмыскерлерден тыс)
- Басқарудың тиімділігі
- Кәсіпорынның құралдарының сапасы
- Өндірістің ұйымдастырылуы
- Экономикалық жағдайы
Табысқа қатысу дегеніміз, жалдамалы қызметкерлерге олардың негізгі еңбекақысына қосымша компанияның таза табысынан төленуі. 1889 жылы АҚШта пайда болды.
Табысқа қатысудың негізгі түрлері:
- Тек табысқа қатысу
- Табысқа қатысу
- Серіктестік (акцияның иесі болғандықтан)
- Акцияның иесі болғандықтан табысқа қатысу, бірақ серіктестік емес.
Табысты бөлу схемалары:
1. Алдымен артықшылығы бар акциялар бойынша дивиденттер төленеді. Ал қалған табысы акционерлердің және персоанлдың (тек қана жалдамалы қызметкер) арасында алдын ала бекітілген жоспармен төленеді.
2. Табыстың жартысы қызметкерлердің еңбекақысына пропорционалды төленеді. Жоғары квалификациялы қызметкерлер жоғары табыс алады.
3. Жалдамалы қызметкерлердің арасында абсолютті көрсетілген сомадан сыйақы төленеді. Ал таза табыстың қалдығы акционерлерге қалады.
4. Табыс пен жалдамалы қызметкерлердің арасында еңбекақысына сәйкес төленеді (қызметкердің стажы бір жылдан жоғары болуы керек, егер де он жылдан жоғары болса, табысы екі есе жоғары болады.)
Серіктестік деп компанияны басқаруға қатысуды айтамыз. Басқаруға қатысудың түрлері:
1. Кәсіпорынның кеңес шеңберінде әкімшілік пен жұмыскерлердің арасында кеңес беру
2. Жалдамалы қызметкерлердің акционерлердің кеңесінде қатысу және дауыс беру
3. Жалдамалы қызметкерлердің директорлар кеңесіне өз өкілдерін жіберу.
Достарыңызбен бөлісу: |