Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет74/100
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15791
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   100

230
қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды 
жүзеге асыратын органның рұқсатымен төленедi. 
129-бап.  Қорғаншыларды  немесе  қамқоршыларды  өз 
міндеттерін атқарудан босату жəне шеттету
1.  Кəмелетке  толмаған  қамқорлыққа  алынушы  оның  ата-
аналарына  немесе  оны  асырап  алушыларға  қайтарылған 
жағдайларда,  қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі 
функцияларды  жүзеге  асыратын  орган  қорғаншыны  немесе 
қамқоршыны өз мiндеттерiн атқарудан босатады. 
Қамқорлыққа  алынушы  тиісті  білім  беру  ұйымына, 
медициналық  жəне  медициналық-əлеуметтік  ұйымға  неме-
се  басқа  да  арнайы  ұйымға  орналастырылған  кезде,  егер  бұл 
қамқорлыққа  алынушының  мүдделерiне  қайшы  келмесе, 
қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды 
жүзеге  асыратын  орган  бұрын  тағайындалған  қорғаншыны  не-
месе қамқоршыны  өз мiндеттерiн атқарудан босатады. 
2. Қорғаншы немесе қамқоршы дəлелдi себептер болған кезде 
(науқастануы, мүлiктiк жағдайының өзгеруi, қамқорлыққа алы-
нушымен өзара түсiнiстіктің болмауы жəне басқалары) өз өтiнiшi 
бойынша немесе қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі 
функцияларды жүзеге асыратын органның бастамасы бойынша 
өз мiндеттерiн атқарудан босатылады. 
3.  Қорғаншының  немесе  қамқоршының  өз  міндеттерін 
тиісінше  атқармауына,  оның  ішінде  қорғаншылықты  немесе 
қамқоршылықты жеке басының мақсаттарына пайдалануына не 
қамқорлыққа  алынушыны  қадағалаусыз  жəне  қажетті  көмексіз 
қалдыруына тыйым салынады.
Осы  тармақтың  бірінші  бөлігінде  көзделген  жағдайларда, 
қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функциялар-
ды  жүзеге  асыратын  орган  қорғаншыны  немесе  қамқоршыны 
осы  міндеттерді  атқарудан  шеттетуге  жəне  қажетті  шаралар 
қолдануға міндетті.
130-бап.  Қорғаншылықты  немесе  қамқоршылықты 
тоқтату
1. Қамқорлыққа алынушыны əрекетке қабiлеттi деп тану не-
месе қорғаншының немесе қамқоршының не қорғаншылық не-
месе  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын 


231
органның  өтініші    бойынша  оның  əрекет  қабiлетi  шектелуiнiң 
күшiн жою туралы сот шешiм шығарған жағдайларда кəмелетке 
толған  адамдарға  қорғаншылық  немесе  қамқоршылық 
тоқтатылады.  
2. Қамқорлыққа алынған жас бала он төрт жасқа толған соң 
оған  қорғаншылық  тоқтатылады,  ал  қорғаншылық  мiндетiн 
жүзеге асырған адам бұл туралы қосымша шешiмсiз кəмелетке 
толмаған баланың қамқоршысы болады. 
3. Қамқорлыққа алынушы он сегiз жасқа толған соң, сондай-ақ 
ол некеге отырған (ерлі-зайыпты болған) кезде кəмелетке толмаған 
балаға қамқоршылық ерекше рұқсатсыз-ақ тоқтатылады. 
131-бап.  Қорғаншылардың  немесе  қамқоршылардың  іс-
əрекеттеріне шағым жасау
Қамқорлыққа алынушының мүддесінде оның тұрғылықты же-
рі бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функ-
цияларды жүзеге асыратын органда не сотта қорғаншылардың не-
месе қамқоршылардың іс-əрекеттеріне шағым жасалуы мүмкін. 
132-бап.  Қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі 
функцияларды  жүзеге  асыратын  органның  шешімдеріне  
шағым жасау
Мүдделі тұлғалар барлық мəселелер бойынша қорғаншылық 
немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыра-
тын  органдардың  шешімдеріне  сот  тəртібімен  шағым  жасауы 
мүмкін. 
 18-тарау. ПАТРОНАТ
 133-бап. Патронат 
 1. Патронат нысанындағы қорғаншылық немесе қамқоршы-
лық  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған,  оның  ішінде 
білім  беру  ұйымдарындағы,  медициналық    немесе  басқа  да 
ұйымдардағы кəмелетке толмаған балаларға белгіленеді.    
2.  Баланы  тəрбиелеуге  алуға  тілек    білдірген  адам  мен 
қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды 
жүзеге асыратын орган арасында жасалған баланы патронаттық 
тəрбиелеуге  беру  туралы  шарт  патронаттың  туындауына  негіз 
болып табылады. 


232
3.  Патронаттық  тəрбие  туралы  ережені  Қазақстан 
Республикасының Үкіметі бекітеді. 
134-бап.  Баланы  патронаттық  тəрбиелеуге  беру  туралы 
шарт
1.  Баланы  патронаттық  тəрбиелеуге  беру  туралы  шарт  ба-
ланы  күтіп-  бағу,  тəрбиелеу  жəне  білім  беру  жағдайларын,  па-
тронат  тəрбиешілердің  құқықтары  мен  міндеттерін,  патронат 
тəрбиешілерге  қатысты  қорғаншылық  немесе  қамқоршылық 
жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның міндеттерін, 
сондай-ақ мұндай шарттың тоқтатылу негіздері мен салдарларын 
көздеуге тиіс. 
Бала  патронат  тəрбиешіге  көрсетілген  шартта  көзделген 
мерзімге тəрбиелеуге беріледі. 
Патронаттық  тəрбиелеуге  берілген  əрбір  балаға  жеке  шарт 
жасалады.
Баланы  патронаттық  тəрбиелеуге  беру  туралы  шарттың 
мерзімі  аяқталған  жағдайда,  оның  отбасында  болу  мерзімін 
ұзарту жаңа шарттың негізінде жүргізіледі.  
2. Патронат тəрбиешілердің еңбегіне ақы жəне оларға ақша-
лай төлем төлеу тəртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының 
заңнамасымен айқындалады. 
3. Баланы патронаттық тəрбиелеуге беру туралы шарт: 
1)  дəлелді  себептері  (науқастануы,  отбасылық  немесе 
материалдық  жағдайының  өзгеруі,  баламен  өзара  түсіністіктің 
болмауы, балалар арасындағы жанжалдар жəне басқалар) болған 
кезде патронат тəрбиешілердің бастамасы бойынша; 
 2) баланы күтіп-бағу, тəрбиелеу жəне білім беру үшін қолайсыз 
жағдайлар туындаған кезде қорғаншылық немесе қамқоршылық 
жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның бастамасы 
бойынша; 
 3) бала ата-анасына қайтарылған, туыстарына берілген неме-
се бала асырап алынған жағдайларда мерзімінен бұрын бұзылуы 
мүмкін. 
 135-бап. Патронат тəрбиешілер
1.  Патронат  тəрбиешілердің  тəрбиелеуге  қабылдап  алынған 
балаға қатысы бойынша қорғаншылар мен қамқоршылар сияқты 
құқықтары  мен  міндеттері  болады.  Оларға  осы  Кодекстің 122-


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау