Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет71/100
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15791
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   100

221
қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орга-
нына жібереді.       
6.  Облыстардың,  республикалық  маңызы  бар  қалалардың, 
астананың  жергілікті  атқарушы  органдары  жетім  балалар-
ды,  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балаларды 
Қазақстан  Республикасының  азаматтарына  асырап  алуға, 
қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронат тəрбиешілері 
отбасы  тəрбиесіне  беру  мүмкін  болмаған  кезде  өзіне  бала  ту-
ралы мəліметтер түскен күннен бастап екі ай мерзім өткен соң 
жетім  балаларды,  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған 
балаларды  орталықтандырылған  есепке  қою  үшін  Қазақстан 
Республикасының  балалар  құқықтарын  қорғау  саласындағы 
уəкілетті органына хабарлауға міндетті. 
Жетім 
балаларды, 
ата-аналарының 
қамқорлығынсыз 
қалған  жəне  асырап  алуға  жататын  балаларды  есепке  алуды 
ұйымдастыру жəне олар туралы ақпаратқа  қол жеткізу тəртібін 
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
 
118-бап.  Жетім  балаларды,  ата-аналарының  қамқор-
лығынсыз қалған балаларды орналастыру
1. Баланың мүддесіне сай асырап алуға, қорғаншылыққа неме-
се қамқоршылыққа немесе баланы патронаттық тəрбиелеуге беру 
туралы шарт бойынша отбасы тəрбиесіне, ал мұндай мүмкіндік 
болмаған кезде, барлық үлгідегі (білім беру, медициналық жəне 
басқа да) ұйымдарға берілген жетім балаларды, ата-аналарының 
қамқорлығынсыз  қалған  балаларды  орналастыру  кезінде  оның 
ұлты, белгілі бір дінге жəне мəдениетке қатыстылығы, ана тілі, 
тəрбиелеу мен оқытуда сабақтастықты қамтамасыз ету мүмкіндігі 
ескерілуі мүмкін. 
2.  Жетім  балалар,  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған 
балалар,  отбасы  тəрбиесіне  немесе  осы  баптың 1-тармағында 
көрсетілген  ұйымдарға  орналастырылғанға  дейін  балаларға 
қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  міндеттерін  атқару 
баланың  тұрған  жері  бойынша  уақытша  қорғаншылық  неме-
се  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын 
органдарға жүктеледі.


222
16-тарау. ҚОРҒАНШЫЛЫҚТЫ НЕМЕСЕ 
ҚАМҚОРШЫЛЫҚТЫ БЕЛГІЛЕУ ТƏРТІБІ
119-бап. Қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілене-
тін адамдар
1.  Жетім  балаларды,  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған 
балаларды  күтіп-бағу,  тəрбиелеу  жəне  оқыту  мақсатында, 
сондай-ақ олардың мүлiктiк жəне жеке мүлiктiк емес құқықтары 
мен  мүдделерiн  қорғау  үшiн  оларға  қорғаншылық  немесе 
қамқоршылық белгiленедi. 
2.  Сондай-ақ,  əрекетке  қабiлетсiз  немесе  əрекет  қабiлетi 
шектеулі  кəмелетке  толған  адамдардың  мүлiктiк  жəне  жеке 
мүлiктiк  емес  құқықтары  мен  мүдделерiн  қорғау  үшiн 
қорғаншылық немесе қамқоршылық белгiленедi. 
3.  Бұл  мəн-жайлар  балалардың  мүдделеріне  сай  келетін 
жағдайларды  қоспағанда,  бір  отбасында  тəрбиеленген  бірге 
туған  ағалы-інілер  мен  апалы-сіңлілерді  əртүрлі  адамдардың 
қорғаншылыққа 
немесе 
қамқоршылыққа 
алуына 
жол 
берілмейді.
120-бап.  Мемлекеттің  қорғаншылық  немесе  қамқоршы-
лық жөніндегі функциялары 
1.  Мемлекет  кəмелетке  толмағандарға  жəне  кəмелетке 
толған  адамдарға  қатысты қорғаншылық немесе қамқоршылық 
жөніндегі  өз  функцияларын  жергілікті  атқарушы  органдар 
арқылы жүзеге асырады.
2.  Қазақстан  Республикасының  балалар  құқықтарын  қорғау 
саласындағы уəкілетті органы мен оның аумақтық бөлімшелері 
мемлекеттік  органдардың  жəне  ұйымдардың  кəмелетке 
толмағандарға  қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі 
қызметін  үйлестіруді  жəне  өзара  іс-қимылын  ұйымдастыруды  
жүзеге асырады.  
3.  Мемлекеттің  қорғаншылық  немесе  қамқоршылық 
жөніндегі  функциялары  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі 
айқындайтын тəртіппен жүзеге асырылады. 
121-бап.  Қорғаншылықты  немесе  қамқоршылықты 
белгілеу
1.  Қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функ-


223
цияларды  жүзеге  асыратын  органдар  қорғаншылыққа  немесе 
қамқоршылыққа  мұқтаж  адамның  тұрғылықты  жерi  бойын-
ша  не  қамқорлыққа  жататын  мүліктің  орналасқан  жері  бойын-
ша  қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  белгiлейдi.  Жекелеген 
жағдайларда қорғаншылық немесе қамқоршылық қорғаншының 
немесе  қамқоршының  тұрғылықты  жерi  бойынша  белгiленуi 
мүмкiн. 
2. Адамды əрекетке қабiлетсiз немесе əрекет қабiлетi шектеулі 
деп  тану  туралы  шешiм  заңды  күшiне  енген  кезден  бастап 
үш  күн  iшiнде  сот  оған  қорғаншылық  немесе  қамқоршылық 
белгiлеу үшiн бұл туралы сол адамның тұрғылықты жерi бойын-
ша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функциялар-
ды жүзеге асыратын органға хабарлауға мiндеттi.
3.  Адамға  қорғаншылықты  немесе  қамқоршылықты  не-
месе  мүлікке  қорғаншылықты  белгiлеу  қажеттiгi  туралы 
тиiстi  органдарға  белгiлi  болған  кезден  бастап  бiр  ай  iшiнде 
қорғаншылық немесе қамқоршылық белгiленедi.
4. Қорғаншы немесе қамқоршы тағайындауға мүдделi адам-
дар сот тəртiбiмен шағым жасауы мүмкiн.
122-бап. Қорғаншылар немесе қамқоршылар
1. Мыналарды:
1) сот əрекетке қабiлетсiз немесе əрекет қабiлетi шектеулі деп 
таныған адамдарды;
2)  сот  ата-ана  құқықтарынан  айырған  немесе  сот  ата-ана 
құқықтарын шектеген адамдарды;  
3)  өзiне  Қазақстан  Республикасының  заңында  жүктелген 
мiндеттердi  тиiсiнше  орындамағаны  үшiн  қорғаншы  немесе 
қамқоршы мiндеттерінен шеттетiлген адамдарды; 
4) егер сот олардың кiнəсi бойынша бала асырап алудың күшiн 
жойса, бұрынғы бала асырап алушыларды;
5)  денсаулық  жағдайына  байланысты  қорғаншы  неме-
се  қамқоршы  мiндеттерін  жүзеге  асыра  алмайтын  адамдарды 
қоспағанда, тек қана кəмелетке толған адамдар қорғаншылар не-
месе қамқоршылар бола алады.  
2.  Қорғаншы  немесе  қамқоршы  тек  қана  оның  келiсiмiмен 
тағайындалуы  мүмкiн.  Егер  бұл  қамқорлыққа  алынушының 
мүдделерiне қайшы келмесе, жұбайы, ата-аналары, туыстары не-
месе қамқорлыққа алынушыға жақын басқа да адамдар қорғаншы 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау