Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет70/100
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15791
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   100

218
төрт  жасқа  толған  асырап  алынған  баланың,  қорғаншылық  не-
месе  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын 
органның,  сондай-ақ  прокурордың  баланың  мүддесінде  бала 
асырап алудың күшiн жоюды талап етуге құқығы бар. 
109-бап. Бала асырап алудың күшін жоюдың салдары
1.  Сот  бала  асырап  алудың  күшiн  жойған  кезде,  егер  бұл 
баланың мүдделерi үшін қажет болса, асырап алынған баланың 
жəне  бала  асырап  алушылардың,  бала  асырап  алушылардың 
туыстарының  өзара  құқықтары  мен  мiндеттерi  тоқтатылады 
жəне бала мен оның ата-аналарының (оның туыстарының) өзара 
құқықтары мен мiндеттерi қалпына келтiрiледi. 
2. Бала асырап алудың күшi жойылған кезде бала сот шешiмi 
бойынша  ата-аналарына  берiледi.  Ата-аналары  болмаған  кезде, 
сондай-ақ баланы ата-аналарына беру оның мүдделерiне қайшы 
келсе,  бала  қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі 
функцияларды  жүзеге  асыратын  органның  қамқоршылығына 
берiледi.  
3. Сот сондай-ақ баланың асырап алынуына байланысты оған 
берiлген  аты,  əкесiнiң  аты  (егер  бар  болса)  жəне  тегi  сақталды 
ма, сондай-ақ бала асырап алу кезінде өзгерген туған күні мен 
туған жері қалпына келтірілді ме деген мəселені шешеді.  
Он жасқа толған баланың аты, əкесiнiң аты немесе тегi оның 
келiсiмiмен ғана өзгертілуі мүмкiн.  
4. Сот баланың мүдделерiн негiзге ала отырып, осы Кодекстің 
138 жəне 140-баптарында белгiленген мөлшерде бұрынғы бала 
асырап  алушыны  баланы  күтіп-бағуға  арналған  қаражатты 
төлеуге мiндеттеуге құқылы.
110-бап. Асырап алынған бала кəмелетке толған соң бала 
асырап алудың күшін жоюға жол бермеу 
Бала  асырап  алудың  күшiн  жоюға  бала  асырап  алушы  мен 
асырап алынған баланың, сондай-ақ егер ата-ана құқықтарынан 
айырылмаған не олар шектелмеген немесе сот əрекетке қабiлетсiз 
деп танымаған асырап алынған баланың ата-аналары тiрi болса, 
олардың    өзара  келiсiмi  болған  жағдайларды  қоспағанда,  егер 
бала  асырап  алудың  күшiн  жою  туралы  талап  қойылған  кезде 
асырап алынған бала кəмелетке толса, бала асырап алудың күшiн 
жоюға жол берiлмейдi. 


219
15-тарау. ЖЕТІМ БАЛАЛАРДЫ, АТА-АНАЛАРЫНЫҢ 
ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАРДЫ АНЫҚТАУ 
ЖƏНЕ ОРНАЛАСТЫРУ
115-бап. 
Жетім 
балалардың, 
ата-аналарының 
қамқорлығынсыз  қалған  балалардың  құқықтары  мен 
мүдделерін қорғау
1.  Жетім  балалардың,  ата-аналарының  қамқорлығынсыз 
қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау Қазақстан 
Республикасының  балалар  құқықтарын  қорғау  саласындағы 
уəкілетті  органына  жəне  өз  өкілеттіктері  шегінде  басқа  да 
мемлекеттік  органдарға,  сондай-ақ  осы  балалардың  заңды 
өкілдеріне жүктеледі.
2.  Ата-аналарының    қамқорлығынсыз  қалудың  нақты  мəн-
жайларын негiзге ала отырып, жетім балаларды, ата-аналарының 
қамқорлығынсыз  қалған  балаларды  есепке  алу  жөніндегі 
қызметті  ұйымдастыру,  балаларды  орналастырудың  нысанда-
рын таңдау, сондай-ақ оларды күтіп-бағу, тəрбиелеу жəне оқыту 
жағдайларын одан əрi бақылау жергілікті атқарушы органдарға 
жүктеледі. 
3. Мемлекеттік органдардың өз құзыреті шегіндегі қызметін 
қоспағанда, жеке жəне заңды тұлғалардың жетім балаларды, ата-
аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балаларды  іріктеу,  орна-
ластыру,  беру  жөнiндегi  қызметі  бойынша  делдалдық  жəне  кез 
келген өзге де қызметке тыйым салынады.
Қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функция-
ларды  жүзеге  асыратын  органдардың  жəне  жетім  балаларды, 
ата-аналарының    қамқорлығынсыз  қалған  балаларды  анықтау 
жəне  орналастыру  бойынша  өздеріне  жүктелген  міндеттерді, 
балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды орын-
дайтын басқа да ұйымдардың қызметі, сондай-ақ агенттіктердің 
осы  Кодексте  көзделген  қызметі  бала  асырап  алу  жөніндегі 
делдалдық қызмет болып табылмайды. 
Осы бапта аталған жеке жəне заңды тұлғалар өз қызметінде 
коммерциялық мақсаттарды көздей алмайды.
116-бап.  Жетім  балаларды,  ата-аналарының    қамқор-
лығынсыз  қалған  балалардың  құқықтары  мен  мүдделерін 
қорғау нысандары
Жетім  балаларды,  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған 


220
балалардың  құқықтары  мен  мүдделерін  қорғау  оларды -  отба-
сына  (асырап  алуға,  қамқоршылыққа  немесе  қорғаншылыққа, 
патронатқа)  тəрбиелеуге,  ал  мұндай  мүмкіндік  болмаған  кезде 
жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар 
үшін барлық үлгідегі ұйымдарға беру арқылы жүзеге асырыла-
ды.
117-бап.  Жетім  балаларды,  ата-аналарының  қамқор-
лығынсыз қалған балаларды анықтау жəне есепке алу
1. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған 
балаларды анықтауды ата-ананың қамқорлығының болмауы ту-
ралы өздеріне белгілі болған барлық жеке жəне заңды тұлғалар 
жүзеге асырады. 
2. Жеке жəне заңды тұлғалар жетім балалар, ата-аналарының 
қамқорлығынсыз қалған балалар туралы олардың тұратын жері 
бойынша  қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функ-
цияларды  жүзеге  асыратын  органдарды  кешіктірмей  хабардар 
етуге міндетті. 
3.  Медициналық  ұйымдардың  лауазымды  адамдары  жаңа 
туған  бала  қалдырылған  күннен  бастап  үш  жұмыс  күні  ішінде 
тиісті  əкімшілік-аумақтық  бөліністің  қорғаншылық  немесе 
қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орга-
нына бұл туралы хабарлауға міндетті.  
4. Жергілікті атқарушы орган оның ата-аналары немесе оның 
туыстары  жағынан  қамқорлықтың  болмау  фактісі  анықталған 
кезде, мəліметтер алынған күннен бастап үш күн ішінде баланың 
тұрмыс  жағдайын  зерттеп-қарап  шығуға  жəне  баланы  орнала-
стыру  туралы  мəселе  шешілгенге  дейін  оның  құқықтары  мен 
мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге  міндетті. 
5. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, астананың  
жергілікті атқарушы органы жетім балалардың, ата-аналарының 
қамқорлығынсыз  қалған  балалардың  тұратын  жері  бойынша 
олар туралы мəліметтер түскен күннен бастап бір ай ішінде ба-
ланы орналастыруды қамтамасыз етеді (бастапқы есеп). 
Баланы  отбасына  тəрбиеге  беру  мүмкін  болмаған  кез-
де  баланы  өңірлік  есепке  алу  жəне  кейіннен  оны  Қазақстан 
Республикасының  аумағында  тұрақты  тұратын  Қазақстан  Рес-
публикасы  азаматтарының  отбасы  тəрбиесіне  орналастыруда 
жəрдем  көрсету  үшін  бір  ай  өткен  соң  бала  туралы  мəліметті 
тиісті  аумақтық-əкімшілік  бөліністердің  қорғаншылық  немесе 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау