Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық


-бап. Əке (ана) болуды анықтау жəне оған дау айту



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет80/100
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15791
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   100

248
айқындалады. 
276-бап. Əке (ана) болуды анықтау жəне оған дау айту
1. Əке (ана) болуды анықтау жəне оған дау айту  бала туған 
кезде азаматы болған мемлекеттің заңнамасымен айқындалады. 
2.  Əке  (ана)  болуды  анықтаудың  жəне  оған    дау  айтудың 
тəртібі  Қазақстан  Республикасының  аумағында  Қазақстан 
Республикасының заңнамасымен айқындалады. Егер Қазақстан 
Республикасының  заңнамасында  тіркеуші  органдарда  əке 
(ана)  болуды  анықтауға  жол  берілсе,  баланың  Қазақстан 
Республикасының  аумағынан  тыс  жерлерде  тұратын  ең  болма-
са  біреуі  Қазақстан  Республикасының  азаматы  болып  табыла-
тын  ата-аналары  əке  (ана)  болуды  анықтау  туралы  Қазақстан 
Республикасының  шетелдегі    мекемелерiне  өтініш  беруге 
құқылы. 
277-бап.  Ата-аналардың  жəне  балалардың  құқықтары 
мен міндеттері
Ата-аналардың жəне балалардың құқықтары мен міндеттері, 
оның  ішінде  ата-аналардың  балаларын  күтіп-бағу  жөніндегі 
міндеті  аумағында  олардың  бірге  тұратын    тұрғылықты  жері 
бар  мемлекеттің  заңнамасымен  айқындалады.  Ата-аналар  мен 
балалардың  бірге  тұратын  тұрғылықты    жері  болмаған  кез-
де  ата-аналардың  жəне  балалардың  құқықтары  мен  міндеттері 
бала  азаматы  болып  табылатын  мемлекеттің  заңнамасымен 
айқындалады.  Талапкердің  талап  етуі  бойынша  алименттік 
міндеттемелерге  жəне  ата-аналар  мен  балалардың  арасындағы 
басқа  да  қатынастарға  аумағында  бала  тұрақты  тұрып  жатқан 
мемлекеттің заңнамасы қолданылуы мүмкін. 
278-бап. 
Кəмелетке 
толған 
балалардың, 
сондай-
ақ 
отбасының 
басқа 
да 
мүшелерінің 
алименттік 
міндеттемелері
Ата-аналардың пайдасына алименттік міндеттемелер, сондай-
ақ отбасының басқа да мүшелерінің алименттік міндеттемелері 
аумағында  олардың  бірге  тұратын  тұрғылықты    жері  бар 
мемлекеттің  заңнамасымен  айқындалады.  Бірге  тұратын 
тұрғылықты  жері болмаған кезде мұндай міндеттемелер алимент 
алуға  құқығы  бар  адам  азаматы  болып  табылатын  мемлекеттің 


249
заңнамасымен айқындалады. 
279-бап.  Қазақстан  Республикасынан  тыс  жерлер-
де  тұратын  Қазақстан  Республикасы  азаматтарының 
азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу
 1. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты неме-
се уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына 
қатысты азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді Қазақстан 
Республикасының    шетелдегі  мекемелерi  жүргізеді  жəне  олар 
жасаған  акт  жазбалары  Қазақстан  Республикасы  астанасының 
аумақтық əділет органына беріледі. 
2.  Қазақстан  Республикасының  шетелдегі  мекемелерiнде 
азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу кезінде, егер мүдделі 
адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табыл-
са, Қазақстан Республикасының заңнамасы қолданылады. 
280-бап. Азаматтық хал актілерінің жасалуын растайтын 
шет мемлекеттердің құжаттарын тану
Қазақстан  Республикасының  азаматтарына,  шетелдіктер 
мен  азаматтығы  жоқ  адамдарға  қатысты  тиісті  мемлекеттердің 
заңдары бойынша шет мемлекеттердің құзыретті органдары бер-
ген  Қазақстан  Республикасынан  тыс  жерлерде  азаматтық  хал 
актілерінің жасалғанын растайтын құжаттар, егер олар Қазақстан 
Республикасының  заңнамасына    қайшы  келмесе,  сондай-ақ  
консулдық  ресмилендірілген  не  арнайы  мөртаңба  (апостиль) 
болған кезде Қазақстан Республикасында жарамды деп таныла-
ды.
Қазақстан Республикасының құзыретті органдары босқындар 
мен мəжбүрлеп қоныс аударушыларға  бұрынғы тұрған жері бой-
ынша неке қию (ерлі-зайыпты болу), туу туралы куəліктерді жəне 
азаматтық  хал  актілерінің  басқа  да  құжаттарын  алуға  жəрдем 
көрсетуге міндетті.
281-бап.  Қазақстан  Республикасының  неке-отбасы 
заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан  Республикасының  неке-отбасы  заңнамасын 
бұзу  Қазақстан  Республикасының  заңдарында  белгіленген 
жауаптылыққа əкеп соғады.


250
 32-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖƏНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
282-бап. Осы Кодексті қолдану тəртібі
1.  Осы  Кодекс,  осы  баптың 2-тармағын  қоспағанда, 
қолданысқа 
енгізілгенінен 
кейін 
туындаған 
құқықтық 
қатынастарға  қолданылады. 
2.  Бала  асырап  алу  жөніндегі  агенттіктер  осы  Кодекс 
қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл ішінде Қазақстан 
Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы 
уəкілетті органда аккредиттеуден өтуге міндетті. 
283-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу тəртібі
1.  Осы  Кодекс  алғашқы  ресми  жарияланғанынан  кейін  
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. «Неке жəне отбасы туралы» 1998 жылғы 17 желтоқсандағы 
Қазақстан  Республикасы  Заңының  (Қазақстан  Республикасы 
Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 23, 430-құжат; 2001 ж., № 
24, 338-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; 
2007 ж., № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2011 ж., 
№ 6, 49-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының 
Президенті   
 
 
 
Н. Назарбаев
 


251
КƏМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ 
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ ПРОФИЛАКТИКАСЫ 
МЕН БАЛАЛАРДЫҢ ҚАДАҒАЛАУСЫЗ ЖƏНЕ ПАНАСЫЗ 
ҚАЛУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ТУРАЛЫ 2004 ЖЫЛҒЫ 9 
ШIЛДЕДЕГI N 591 ЗАҢЫ
    (2010.12.29 берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Ескерту.  Бүкiл  мəтiн  бойынша  «жеке  профилактикалық  жұ-
мыс», «Жеке профилактикалық жұмыс», «жеке профилактикалық 
жұмысты», «Жеке  профилактикалық  жұмысты»  деген  сөздер 
тиiсiнше  «жеке  профилактикасы  шаралары», «Жеке  профилак-
тикасы шаралары», «жеке профилактикасы шараларын», «Жеке 
профилактикасы  шараларын»  деген  сөздермен  ауыстырылды - 
ҚР 2010.04.29 № 272-IV Заңымен.
Осы  Заң  кəмелетке  толмағандар  арасындағы  құқық 
бұзушылықтардың 
профилактикасы 
мен 
балалардың 
қадағалаусыз  жəне  панасыз  қалуының  алдын  алу  жөнiндегi 
мемлекеттiк органдар қызметiнiң құқықтық, экономикалық жəне 
əлеуметтiк негiздерiн айқындайды. 
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 
1)  əлеуметтiк  оңалту - кəмелетке  толмағандар  арасындағы 
құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз жəне панасыз қалудың 
профилактикасы  жүйесiнiң  органдары  мен  мекемелерi  жүзеге 
асыратын  өмiрде  қиын  жағдайға  душар  болған  кəмелетке 
толмағанды  құқықтық,  əлеуметтiк,  дене  бiтiмi,  психикалық, 
педагогикалық, моральдық жəне (немесе) материалдық жағынан 
қалпына келтiруге бағытталған шаралар кешенi; 
2) Алынып тасталды - ҚР 2010.04.29 № 272-IV Заңымен. 
3) кəмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар-
дың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз жəне пана-
сыз  қалуының  алдын  алу  (бұдан  əрi - кəмелетке  толмағандар 
арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз жəне панасыз 
қалудың профилактикасы) - кəмелетке толмағандар арасындағы 
құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз, панасыз қалудың жəне 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау