Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет76/100
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15791
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   100

236
материалдық  жəне  отбасылық  жағдайлары  мен  басқа  да  назар 
аударарлық  мəн-жайларды  ескере  отырып,  баланың  бұрынғы 
қамтамасыз етілу деңгейін мүмкіндігінше сақтайтын көлемдегі 
айлық есептік көрсеткіш мөлшерін негізге алып айқындайды.  
4.  Егер  ата-аналардың  əрқайсысының  қолында  балалар 
қалатын болса, алименттің мөлшері оның біреуінен аз қамтылған 
екіншісінің пайдасына осы баптың 3-тармағына сəйкес ай сайын 
өндіріп  алынатын  жəне  сот  айқындайтын    тұрақты  ақша  сома-
сында белгіленеді. 
142-бап.  Ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған 
балаларға алимент өндіріп алу жəне оны пайдалану
Ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балаларға  али-
мент осы Кодекстің 138-141-баптарына сəйкес өндіріп алынады 
жəне балалардың қорғаншысына немесе қамқоршысына немесе 
олардың патронат тəрбиешілеріне төленеді. 
Қорғаншылыққа 
немесе 
қамқоршылыққа, 
патронат 
тəрбиешіге  берілген  балаларға  арналған  алимент  төлемдерінің 
сомасы  екінші  деңгейдегі  банктерде  ашылған  осы  балалардың 
депозиттік шоттарына аударылады.
143-бап. Еңбекке жарамсыз кəмелетке толған балалардың 
алимент алуға құқығы
1.  Еңбекке  жарамды  ата-аналар  өздерінің  көмекке  мұқтаж, 
еңбекке  жарамсыз  кəмелетке  толған  балаларын  күтіп-бағуға 
міндетті. 
2.  Алимент  төлеу  туралы  келісім  болмаған  кезде  еңбекке 
жарамсыз  кəмелетке  толған  балаларға  алимент  мөлшерін  сот 
алимент  төлеу  кезіндегі  қолданылып  жүрген  айлық  есептік 
көрсеткіштің еселенген қатынасында, тараптардың материалдық 
жəне  отбасылық  жағдайлары  мен  басқа  да  назар  аударарлық 
мүдделерін негізге ала отырып, айқындайды. 
144-бап. Ата-аналардың балаларды күтіп-бағуға арналған 
қосымша шығыстарға қатысуы
1. Алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде жəне ерек-
ше жағдайлар (кəмелетке толмаған балалардың немесе көмекке 
мұқтаж,  еңбекке  жарамсыз  кəмелетке  толған  балалардың  ауыр 
науқастануы,  мертігуі,  оларға  бөгде  адамның  бағып-күтуіне 


237
ақы төлеу қажеттігі жəне басқа да мəн-жайлар) болған кезде сот 
осы мəн-жайлардан туындаған қосымша шығыстарды көтеруге 
қатысуға ата-аналардың əрқайсысын тартуы мүмкін. 
2.  Егер  ата-аналардың  қосымша  шығыстарды  көтеруге 
қатыстырылу тəртібі жəне осы шығыстардың мөлшері екіжақты 
келісім бойынша айқындалмаса, онда сот  ата-аналардың, басқа 
да  балалардың  материалдық  жəне  отбасылық  жағдайлары  мен 
тараптардың  назар  аударарлық  мүдделерін  негізге  ала  отырып, 
ай сайын төленуге тиісті алиментті төлеу кезіндегі айлық есептік 
көрсеткіштің еселенген қатынасында белгілейді. 
 3. Сот  ата-аналарды  нақты  шеккен  қосымша  шығыстарды 
өтеуге  де,  балаларды  күтіп-бағуға  болашақта  жасалуға  тиіс 
қосымша шығыстарды өтеуге де қатысуын міндеттеуге құқылы. 
145-бап.  Кəмелетке  толған  балалардың  ата-аналарын 
күтіп-бағу жөніндегі міндеттері
1.  Еңбекке  жарамды  кəмелетке  толған  балалар  өздерінің 
көмекке  мұқтаж,  еңбекке  жарамсыз  ата-аналарын  күтіп-бағуға 
жəне оларға қамқорлық жасауға міндетті. 
2.  Алимент  төлеу  туралы  келісім  болмаған  кезде  көмекке 
мұқтаж,  еңбекке  жарамсыз  ата-аналарға  алимент  олардың 
еңбекке жарамды кəмелетке толған балаларынан сот тəртібімен 
өндіріп алынады. 
3.  Балалардың  əрқайсысынан  өндіріп  алынатын  алименттің 
мөлшерін  сот  ата-аналары  мен  балаларының  материалдық 
жəне  отбасылық  жағдайлары  мен  тараптардың  басқа  да  на-
зар  аударарлық  мүдделерін  негізге  ала  отырып,  алимент  төлеу 
кезіндегі  айлық  есептік  көрсеткіштің  еселенген  қатынасында 
белгілейді. 
4.  Алимент  мөлшерін  айқындау  кезінде  сот  балалардың 
бəріне, олардың біреуіне немесе бірнешеуіне талап қойылғанына 
қарамастан, осы ата-ананың еңбекке жарамды кəмелетке толған 
балаларының бəрін ескеруге құқылы. 
5. Егер сот ата-аналардың осы балаларына қатысты ата-аналық 
міндеттерін  орындаудан  бұрын  жалтарғанын  анықтаса,  бала-
лар өздерінің көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз ата-аналарын 
күтіп-бағу жөніндегі міндеттерінен босатылуы мүмкін.  
Балалары  ата-ана  құқықтарынан  айырылған  ата-аналарына 
алимент төлеуден босатылады. 


238
6.  Кəмелетке  толған,  асырап  алынған  балалардың  асырап 
алушыларды  күтіп-бағу  жөніндегі  міндеттері  балалардың  ата-
аналары алдындағы міндеттері сияқты айқындалады.
  
146-бап.  Кəмелетке  толған  балалардың  ата-аналарына 
жасалған қосымша шығыстарға қатысуы
1. Кəмелетке толған балалар еңбекке жарамсыз ата-аналарына 
қамқорлық  жасамаған  кезде  жəне  ерекше  мəн-жайлар  (ата-
анасының  ауыр  науқастануы,  мертігуі,  оны  бөгде  адамның 
бағып-күткені  үшін  ақы  төлеу  қажеттігі,  оны  медициналық-
əлеуметтік мекемеге орналастыру жəне басқалары) болған кезде 
сот кəмелетке толған балаларын осы мəн-жайлардан туындаған 
қосымша шығыстарды көтеруге тартуы мүмкін. 
2.  Кəмелетке  толған  балалардың  əрқайсысының  қосымша 
шығыстарды  көтеру  тəртібі  мен  осы  шығыстардың  мөлшерін 
сот  осы  Кодекстің 145-бабының 3, 4 жəне 5-тармақтарында 
белгіленген  талаптар  сақталған  кезде  ата-аналар  мен 
балаларының материалдық жəне отбасылық жағдайларын жəне 
тараптардың басқа да назар аударарлық мүдделерін ескере оты-
рып, айқындайды. 
3. Қосымша шығыстарды көтеру тəртібі мен осы шығыстар-
дың  мөлшері  тараптардың  келісімімен  айқындалуы  мүмкін, 
мұндай келісім болмаған жағдайда дау сот тəртібімен шешіледі. 
28-тарау. НЕКЕНІ (ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛЫҚТЫ) 
БҰЗУДЫ  МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ
 238-бап. 
Некені 
(ерлі-зайыптылықты) 
бұзуды 
мемлекеттік тіркеу үшін негіздер 
1.  Некені  (ерлі-зайыптылықты)  бұзу  туралы  ерлі-
зайыптылардың бірлескен өтініші, белгіленген тəртіппен некені 
(ерлі-зайыптылықты)  бұзуға  құқығы  бар  ерлі-зайыптылардың 
біреуінің  өтініші,  сондай-ақ  некені  (ерлі-зайыптылықты) 
бұзу  туралы  соттың  заңды  күшіне  енген  шешімі  некені  (ерлі-
зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеуге негіздер болып та-
былады. 
2.  Некені  (ерлі-зайыптылықты)  бұзуды  тіркеуші  органдар-
да  мемлекеттік  тіркеу  кəмелетке  толмаған  ортақ  балалары  жоқ 
жəне  бір-біріне  мүліктік  жəне  өзге  де  талаптар  қоймайтын 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау