Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет83/100
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15791
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   100

258
4)  қызметтерi  кəмелетке  толмағандар  арасындағы  құқық 
бұзушылықтардың, қадағалаусыз жəне панасыз қалудың профи-
лактикасы, жасөспiрiмдердiң салауатты өмiр салтын насихаттау, 
құқықтық  сауаттылығын  арттыру  жөнiндегi  шараларды  жүзеге 
асыруға байланысты коммерциялық емес жəне өзге де ұйымдарға 
ұйымдастырушылық-əдiстемелiк көмек көрсетедi; 
5)  кəмелетке  толмағандар  үшiн,  оның  iшiнде  бала  құқығын 
қорғау  жөнiндегi  мiндеттердi  жүзеге  асыратын  ұйымдардың 
əлеуметтiк инфрақұрылымының қалыптасуын қамтамасыз етедi 
жəне олардың қызметтерiнiң мониторингiн жүргiзедi. 
4. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi 
атқарушы органдары: 
1) кəмелетке толмағандардың iсi жəне олардың құқықтарын 
қорғау  жөнiндегi  комиссиялардың  дербес  құрамын  бекiту 
үшiн  тиiстi  мəслихаттарға  ұсынады  жəне  олардың  жұмысын 
ұйымдастырады; 
2)  өмiрде  қиын  жағдайға  душар  болған  кəмелетке 
толмағандардың жəне тұрмысы қолайсыз отбасылардың дербес 
есебiн жүргiзедi; 
3) 
кəмелетке 
толмағандарға 
арналған 
əлеуметтiк 
инфрақұрылымның қалыптасуына жəрдемдеседi; 
4) өмiрде қиын жағдайға душар болған кəмелетке толмағандарды 
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тəртiппен 
жұмысқа  орналастыру  жəне  оларға  тұрмыстық  жағдай  жасау, 
өзге де көмек көрсету жөнiндегi шараларды қолданады; 
5)  қызметтерi  кəмелетке  толмағандар  арасындағы  құқық 
бұзушылықтардың, қадағалаусыз жəне панасыз қалудың профи-
лактикасы, жасөспiрiмдердiң салауатты өмiр салтын насихаттау, 
құқықтық  сауаттылығын  арттыру  жөнiндегi  шараларды  жүзеге 
асыруға байланысты коммерциялық емес жəне өзге де ұйымдарға 
ұйымдастырушылық-əдiстемелiк көмек көрсетедi. 
9-бап.  Кəмелетке  толмағандардың  iсi  жəне  олардың 
құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссиялар 
1. Кəмелетке толмағандардың iсi жəне олардың құқықтарын 
қорғау  жөнiндегi  комиссия  кəмелетке  толмағандар  арасындағы 
құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз жəне панасыз қалудың 
профилактикасы,  олардың  құқықтары  мен  заңды  мүдделерiн 
қорғау  саласындағы  мемлекеттiк  органдар  мен  мекемелердiң 


259
қызметiн үйлестiрудi қамтамасыз ететiн тұрақты жұмыс iстейтiн 
алқалы орган болып табылады. 
2. Кəмелетке толмағандардың iсi жəне олардың құқықтарын 
қорғау  жөнiндегi  ведомствоаралық  комиссия - Қазақстан 
Республикасының  Үкiметi  жанынан,  ал  облыстық,  қалалық, 
аудандық - қалада,  аудандық  комиссиялар  тиiстi  жергiлiктi 
атқарушы орган (əкiмдiк) жанынан құрылады. 
3.  Қажет  болған  жағдайда  кəмелетке  толмағандардың  iсi 
жəне  олардың  құқықтарын  қорғау  жөнiндегi  комиссия  аудан 
орталығынан едəуiр қашықтықта орналасқан кент, ауыл (село), 
ауылдық  (селолық)  округ  əкiмi  жанынан  құрылуы  мүмкiн. 
Кент,  ауыл  (село),  ауылдық  (селолық)  округ  əкiмi  жанындағы 
кəмелетке толмағандардың iсi жəне олардың құқықтарын қорғау 
жөнiндегi комиссияның аудандық комиссияның құқықтары мен 
мiндеттерi болады. Кəмелетке толмағандардың iсi жəне олардың 
құқықтарын  қорғау  жөнiндегi  кенттiк,  ауылдық  (селолық), 
ауылдық  (селолық)  округтiк  комиссияны  құру  туралы  шешiмдi 
облыс  əкiмдiгi  қабылдайды,  ал  оның  дербес  құрамын  тиiстi 
ауданның мəслихаты бекiтедi. 
4. Кəмелетке толмағандардың iсi жəне олардың құқықтарын 
қорғау  жөнiндегi  комиссияның  құрамына  төраға,  төрағаның 
орынбасары, комиссия мүшелерi жəне хатшы кiредi. Төраға мен 
хатшы  тиiстi  мемлекеттiк  органдар  аппараттарында  штаттық 
лауазымды  атқарады.  Кəмелетке  толмағандардың  құқықтарын 
қорғау жөнiндегi кенттiк, ауылдық (селолық), ауылдық (селолық) 
округтiк комиссия төрағасының функцияларын тиiстi əкiмшiлiк-
аумақтық бiрлiктiң əкiмi атқарады. 
5. Кəмелетке толмағандардың iсi жəне олардың құқықтарын 
қорғау жөнiндегi комиссияның құрамына тиiстi мəслихаттардың 
депутаттары, iшкi iстер,  бiлiм  беру,  мəдениет,  денсаулық 
сақтау,  əдiлет  органдарының,  жұмыспен  қамту,  қамқоршылық 
пен  қорғаншылық  мəселелерi  жөнiндегi  уəкiлеттi  органның, 
кəмелетке  толмағандардың  арасындағы  құқық  бұзушылықтар-
дың,  қадағалаусыз  жəне  панасыз  қалудың  профилактикасына 
мүдделi қоғамдық жəне өзге де ұйымдардың өкiлдерi кiредi. 
6. Кəмелетке толмағандардың iсi жəне олардың құқықтарын 
қорғау жөнiндегi комиссиялар өз құзыретi шегiнде: 
1) кəмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделе-
рiн  қорғау  жəне  қалпына  келтiру,  кəмелетке  толмағандардың 
қадағалаусыз,  панасыз  қалуына,  құқық  бұзушылықтар  мен 


260
қоғамға  жат  iс-əрекеттер  жасауына  ықпал  ететiн  себептер  мен 
жағдайларды  анықтау  жəне  жою  жөнiндегi  шараларды  жүзеге 
асырады; 
2)  мемлекеттiк  органдардың  кəмелетке  толмағандар 
арасындағы  құқық  бұзушылықтардың,  қадағалаусыз,  панасыз 
қалудың  жəне  қоғамға  жат  iс-əрекеттердiң  профилактикасы 
жөнiндегi  қызметiн  жетiлдiруге,  оларды  əлеуметтiк  оңалтуға 
бағытталған бағдарламалар мен əдiстемелердi əзiрлейдi; 
3) бала құқығын қорғау жөнiндегi мiндеттердi жүзеге асыратын 
ұйымдардағы кəмелетке толмағандарды тəрбиелеу, əкету, бағып-
күту жағдайларын бақылауды қамтамасыз етуге қатысады; 
4) 
кəмелетке 
толмағандар 
арасындағы 
құқық 
бұзушылықтардың,  қадағалаусыз  жəне  панасыз  қалудың  жай-
күйiн зерделейдi жəне осы салада əлеуметтiк зерттеулер жүргiзудi 
ұйымдастырады; 
5)  бала  құқығын  қорғау  жөнiндегi  мiндеттердi  жүзеге  асы-
ратын ұйымдар желiсiнiң дамуына жəрдемдеседi жəне олардың 
қызметiнiң мониторингiн қамтамасыз етедi; 
6) 
кəмелетке 
толмағандар 
арасындағы 
құқық 
бұзушылықтардың,  қадағалаусыз  жəне  панасыз  қалудың  про-
филактикасымен  айналысатын  органдар  мен  ұйымдардың  оң 
тəжiрибесiн  жинақтап,  таратады  жəне  оларға  əдiстемелiк  жəне 
практикалық көмек көрсетедi; 
7)  мүдделi  мемлекеттiк  органдар  басшыларының  кəмелетке 
толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз 
жəне  панасыз  қалудың  профилактикасы,  олардың  құқықтарын 
қорғау  бойынша  жүргiзген  жұмыстары  туралы  есептерiн 
тыңдайды жəне олардың арасында жетекшiлiк ететiн мəселелер 
бойынша өзара ақпарат алмасуды ұйымдастырады; 
8) кəмелетке толмағандарды арнаулы бiлiм беру ұйымдарына 
жəне ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарына жiберу 
мəселелерi бойынша сотқа материалдар дайындауға қатысады; 
9) қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнен босатылған не 
арнаулы бiлiм беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын бiлiм 
беру ұйымдарынан оралған кəмелетке толмағандарды жұмысқа 
орналастыруда  жəне  тұрмыстық  жағдайын  қалыптастыруда, 
сондай-ақ  өмiрде  қиын  жағдайға  душар  болған  кəмелетке 
толмағандарды əлеуметтiк оңалту жөнiндегi өзге де мiндеттердi 
жүзеге асыруда мүдделi органдардың қызметiн үйлестiредi; 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау