Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет68/100
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15791
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   100

212
талап етiлмейдi. 
4.  Қорғаншылықтағы  немесе  қамқоршылықтағы  бала-
ларды  асырап  алу  үшiн  олардың  қорғаншыларының  немесе 
қамқоршыларының жазбаша нысандағы келiсiмi қажет. 
5.  Баланы  патронаттық  тəрбиелеуге  беру  туралы  шарт  бой-
ынша тəрбиеленiп жатқан балаларды асырап алу үшiн патронат 
тəрбиешiлерiнiң жазбаша нысандағы келiсiмi қажет.
6.  Жетім  балаларды,  ата-аналарының    қамқорлығынсыз 
қалған  жəне  білім  беру  ұйымдарындағы,  медициналық  жəне 
басқа да ұйымдардағы балаларды асырап алу үшін осы ұйымдар 
басшыларының жазбаша нысандағы келісімі қажет.
7.  Осы  баптың 1, 4, 5 жəне 6-тармақтарында  аталған 
адамдардың  келісімінсіз,  сот  баланың  мүддесінде  оны  асырап 
алу туралы шешім шығаруға құқылы.
Ата-анасының  екеуі  не  некеде  (ерлі-зайыптылы)  тұрмаған 
анасы  бас  тарту  туралы  өтінішті  Қазақстан  Республикасының 
заңнамасында 
белгіленген 
тəртіппен 
ресімдеместен, 
медициналық  ұйымда  туған  баладан  бас  тартқан  жағдайда, 
сондай-ақ үш жастан аспаған тастанды (ата-анасы бас тартқан) 
бала  табылған  кезде,  ол  қалдырылғаннан  немесе  табылғаннан 
кейін үш ай өткен соң сот баланың мүддесінде Қазақстан Респуб-
ликасы  азаматтарының  бала  асырап  алуы  туралы  істі  қарауға 
құқылы.
94-бап. Баланы ата-аналарының келісімінсіз асырап алу
Егер ата-аналар:
1)  белгiсiз  болған  немесе  сот  оларды  қайтыс  болған    деп 
жариялаған, хабар-ошарсыз кеткен деп таныған;
2) сот оларды  əрекетке қабiлетсiз деп таныған;
3) сот  оларды ата-ана құқықтарынан айырған; 
4) баламен бiрге тұрмаған жəне сот дəлелсiз деп таныған се-
бептер  бойынша  алты  айдан  астам  уақыт  бойы  оны  тəрбиелеу 
мен күтіп-бағудан жалтарған жағдайларда, олардың баланы асы-
рап алуға келісімі талап етілмейді.   
Некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) ананың Қазақстан 
Республикасының 
заңнамасында 
белгіленген 
тəртіппен 
ресімделген, медициналық ұйымдағы баладан бас тарту туралы 
жазбаша  өтініші  болған  кезде  сот  ата-аналардың  баланы  асы-
рап алуға келісімін растайтын басқа да құжаттарды талап етуге 
құқылы емес


213
95-бап. Баланың асырап алуға келісімі
Он  жасқа  толған  баланы  асырап  алу  үшін  оның  келісімі 
қажет.
Баланың асырап алуға келісімін ата-аналарының не баланың 
басқа  да  заңды  өкілдерінің,  прокурордың  қатысуымен  сот 
анықтайды. 
 
96-бап. Ерлі-зайыптылардың біреуінің бала асырап алуға 
келісімі
1.  Егер  баланы  ерлi-зайыптылардың  екеуi  асырап  алмаса, 
ерлi-зайыптылардың бiреуi баланы асырап алған кезде бала асы-
рап алуға екінші жұбайдың жазбаша келiсiмi талап етiледi.
2. Егер ерлi-зайыптылар іс жүзінде отбасылық қатынастарды 
тоқтатқан болса немесе бiр жылдан астам уақыт бөлек тұрып жат-
са, бала асырап алуға екiншi жұбайдың келiсiмi талап етiлмейдi.  
97-бап. Асырап алынған баланың аты, əкесінің аты жəне 
тегі
1. Асырап алынған баланың өз аты, əкесiнiң аты (егер бар бол-
са) жəне тегi сақталуы мүмкін. 
2.  Егер  бұл  баланың  мүдделерiне  қайшы  келмесе,  асырап 
алынған  балаға  бала  асырап  алушының  өтiнiшi  бойынша  бала 
асырап  алушының  тегi,  сондай-ақ  ол  көрсеткен  аты  берiледi. 
Егер бала асырап алушы ер адам болса, асырап алынған баланың 
əкесiнiң аты - асырап алушының аты бойынша, ал баланы əйел 
асырап  алған  кезде,  ол  асырап  алынған  баланың  əкесi  ретiнде 
көрсеткен адамның аты бойынша айқындалады. 
Егер бала асырап алушы ерлi-зайыптылардың тектерi əртүрлi 
болса, бала асырап алушы ерлi-зайыптылардың келiсiмi бойын-
ша, асырап алынған балаға олардың бiреуiнiң тегi берiледi. 
3.  Баланы  некеде  тұрмайтын  (ерлі-зайыпты  болмаған)  адам 
асырап  алған  кезде,  оның  өтiнiшi  бойынша  бала  асырап  алу-
ды  тіркеуші  органда  мемлекеттік  тіркеу  кезінде  бала  асырап 
алушының  көрсетуi  бойынша  тууды  жазу  кiтабына  асырап 
алынған баланың əкесiнiң (анасының) аты, əкесiнiң аты жəне тегi 
жазылады. Бала асырап алушының тілегі бойынша əкесі (анасы) 
туралы мəліметтер көрсетілмеуі мүмкін. 
4.  Бала  асырап  алу  құпиясын  талап  ететін  жағдайларды 
қоспағанда,  он  жасқа  толған  асырап  алынған  баланың  аты, 
əкесiнiң аты жəне тегi  оның келiсiмiмен ғана өзгертiлуi мүмкiн. 


214
5.  Асырап  алынған  баланың  атының,  əкесiнiң  аты  мен 
тегiнің  өзгеруі  туралы  оны  асырап  алу  туралы  сот  шешiмiнде 
көрсетiледi. 
98-бап.  Асырап  алынған  баланың  туған  күні  мен  туған 
жерінің өзгертілуі 
1. Бала асырап алу құпиясын қамтамасыз ету үшiн бала асы-
рап алушының өтiнiшi бойынша асырап алынған баланың туған 
күнi алты айдан аспайтын мерзімге, сондай-ақ оның туған жерi 
өзгертiлуi мүмкiн. 
Үш  жасқа  дейiнгi  баланы  асырап  алған  кезде  ғана  асырап 
алынған баланың туған күнiн өзгертуге жол берiледi.  
Асырап алынған баланың туған жерін өзгерту Қазақстан Рес-
публикасы  аумағының  шегінде  ғана  жүргізіледі  жəне  баланың 
жасына  қарамастан  асырап  алушының  тілегі  бойынша  жол 
беріледі.
2. Асырап алынған баланың туған күнiнiң жəне (немесе) туған 
жерiнiң  өзгеруі  туралы  оны  асырап  алу  туралы  сот  шешiмiнде 
көрсетiледi. 
99-бап.  Бала  асырап  алушыларды  асырауға  алынған 
баланың ата-аналары ретінде жазу
1. Бала асырап алушылардың өтiнiшi бойынша сот туу туралы 
актілер жазбалары кiтабына оларды өздері асырап алған баланың 
ата-аналары ретiнде жазу туралы шешiм қабылдайды. 
2. Мұндай жазбаның қажеттiлiгi соттың бала асырап алу тура-
лы  шешiмiнде міндетті түрде  көрсетiледi.  
100-бап. Бала асырап алудың құқықтық салдары
1.  Асырап  алынған  бала  жəне  оның  ұрпағы - бала  асырап 
алушылар  мен  олардың  туыстарына  қатысы  бойынша,  ал  бала 
асырап алушылар мен олардың туыстары асырап алынған бала 
мен оның ұрпағына қатысы бойынша жеке мүлiктiк емес жəне 
мүлiктiк  құқықтары  мен  мiндеттерінде  шыққан  тегi  бойынша 
туыстарына теңестiрiледi. 
2.  Асырап  алынған  бала  жеке  мүлiктiк  емес  жəне  мүлiктiк 
құқықтарынан  айрылады  жəне  өзiнiң  туған  ата-аналарына 
қатысты мiндеттерден босатылады.  
3.  Баланы  бiр  адам  асырап  алған  кезде,  егер  бала  асырап 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау