Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет67/100
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15791
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   100

209
көшірмесін  бала  асырап  алу  туралы  сот  шешімі  шығарылған 
жер немесе оның туған жері не тұрған жері бойынша тіркеуші 
органға  жəне  шешім  шығарылған  жер  бойынша  қорғаншылық 
немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыра-
тын  органға  жіберуге міндетті. 
89-бап. Асырап алуға жататын балаларды жəне бала асы-
рап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу
1. Асырап алуға жататын балаларды есепке алу осы Кодекстің 
117-бабының 5 жəне 6-тармақтарында  белгiленген  тəртiппен 
жүзеге асырылады. 
2.  Бала  асырап  алуға  тілек  білдірген  адамдарды  есепке  алу-
ды  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  белгілеген  тəртіппен 
қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды 
жүзеге асыратын органдар жүргізеді.
3. 
Қазақстан 
Республикасының 
азаматтары 
бо-
лып  табылатын  балаларды  асырап  алуға  тiлек  бiлдiрген 
шетелдiктердi есепке алуды Қазақстан Республикасының Үкіметі 
айқындайтын  тəртiппен Қазақстан Республикасының шетелдегі 
мекемелері жүргiзедi.
90-бап. Бірнеше бала асырап алу
1.  Бiр  адамның  ағалы-iнiлi  жəне  апалы-сiңлiлi (қарындасы) 
болып  табылатын  немесе  бір-бірімен  өзара  туыстық  қатынасы 
жоқ бiрнеше баланы асырап алуы мүмкін. 
Өзара туыстық қатынасы жоқ асырап алынған балалардың ара-
сында  ағалы-iнiлiлер  мен  апалы-сiңлiлiлердің  (қарындасының) 
арасындағы сияқты құқықтар мен мiндеттер  туындайды. 
2.  Асырап  алу  балалардың  мүдделерiне  сай  келетiн  жəне 
балалар  өздерінің  туыстығы  туралы  білмеген,  бірге  тұрмаған 
жəне  бірге  тəрбиеленбеген  жағдайларды  қоспағанда,  бір  от-
басында  тəрбиеленген  ағалы-iнiлілер  мен  апалы-сiңлiлілердi 
(қарындастарды)  əртүрлi  адамдардың  асырап  алуына  жол 
берiлмейдi.
91-бап. Бала асырап алушы болуға құқығы бар адамдар
1. Бала асырап алушы адамның отбасында баланың қалыпты 
дене бітімі, психикалық, рухани жəне адамгершілік жағынан да-
муы, тəрбиеленуi жəне бiлiм алуы үшiн жағдайлар болған кезде 


210
бала асырап алуға рұқсат етiледi.
2. Мыналарды: 
1) сот əрекетке қабiлетсiз немесе əрекет қабiлетi шектеулі деп 
таныған адамдарды;
2)  сот  біреуін  əрекетке  қабiлетсiз  немесе  əрекет  қабiлеті 
шектеулі деп таныған ерлi-зайыптыларды; 
3)  сот  ата-ана  құқықтарынан  айырған  немесе  сот  ата-ана 
құқықтарын шектеген адамдарды; 
4)  өзiне  Қазақстан  Республикасының  заңдарында  жүктелген 
мiндеттердi  тиiсiнше  орындамағаны  үшiн  қорғаншы  немесе 
қамқоршы мiндеттерінен шеттетiлген адамдарды; 
5) егер сот олардың кінəсінен бала асырап алудың күшiн жой-
са, бұрынғы бала асырап алушыларды;  
6)  денсаулық  жағдайына  байланысты  ата-ана  құқықтарын 
жүзеге  асыра  алмайтын  адамдарды;  Адамның  бала  асы-
рап  алуы,  оны  қорғаншылыққа  немесе  қамқоршылыққа, 
патронатқа  қабылдап  алуы  мүмкін  болмайтын  аурулар  болған 
кезде,  олардың    тiзбесiн  Қазақстан  Республикасының  Үкiметi 
белгiлейдi;  
7) тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдарды; 
8) дəстүрлi емес жыныстық бағдар ұстанатын адамдарды;
9) бала асырап алу кезінде қасақана қылмыс жасағаны үшін 
соттылығы өтелмеген адамдарды; 
10) азаматтығы жоқ адамдарды;
11)  анасының  қайтыс  болуына  немесе  оның  ата-ана 
құқықтарынан  айырылуына  байланысты  баланың  кемінде  үш 
жыл іс жүзінде тəрбиелену жағдайларын қоспағанда, тіркелген 
некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) еркек жынысты адам-
дарды;
12)  асырап  алған  кезде  асырап  алынған  баланы  Қазақстан 
Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс 
деңгейімен қамтамасыз ететін табысы жоқ адамдарды;
13)  наркологиялық  немесе  психоневрологиялық  диспансер-
лерде есепте тұратын адамдарды қоспағанда, кəмелетке толған 
адамдар бала асырап алушылар болуы мүмкін.
3.  Бiр-бiрiмен  некеде  тұрмайтын  (ерлі-зайыпты  болмаған) 
адамдар сол бiр баланы бiрлесiп асырап ала алмайды. 


211
92-бап.  Бала  асырап  алушы  мен  асырап  алынушы  бала 
арасындағы жас айырмасы 
1. Бала асырап алушы мен асырап алынушы баланың жас ай-
ырмасы кем дегенде он алты жас болуға жəне ол  қырық бес жас-
тан аспауға тиіс. Сот дəлелді деп таныған себептер бойынша жас 
айырмасы қысқартылуы мүмкін. 
2.  Өгей  əкесi (өгей  шешесi)  бала  асырап  алған  кезде,  осы 
баптың 1-тармағында белгiленген жас айырмасының болуы  та-
лап етiлмейдi.
93-бап. Бала асырап алуға заңды өкілдердің келісімі
1.  Егер    ата-ана  құқықтарынан  айрылмаған  болса,  баланы 
асырап алу үшін оның ата-аналарының келісімі қажет. 
Кəмелетке толмаған, жасы он алтыға толмаған ата-аналардың 
баласын асырап алған кезде, сондай-ақ заңды өкілдерінің келісімі 
қажет.
Кəмелетке толмаған ата-аналардың заңды өкілдері болмаған 
кезде  немесе  кəмелетке  толмаған  ата-аналар  баланы  туған  кез-
де  медициналық  ұйымда  қалдырған  жəне  үш  айдан  аса  оның 
тағдырына  ешкім  қарайласпаған  жағдайда, - қорғаншылық  не-
месе  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын 
органның келісімі қажет. 
2.  Бала  асырап  алуға  ата-аналардың  келiсiмi  нотариалды 
куəландырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 
бала тұратын ұйымның басшысы не бала асырап алған жердегі 
немесе  ата-аналар  тұратын  жердегi  қорғаншылық  немесе 
қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган 
растаған  өтініште  көрсетiлуге  тиiс,  сондай-ақ  бала  асырап  алу 
iсiн жүргiзу кезiнде сотта тiкелей бiлдiрiлуi мүмкiн. 
Бала асырап алу туралы сот шешiмi шығарылғанға дейiн ата-
аналар бала асырап алуға өздерi берген келiсiмiнiң күшiн жоюға 
құқылы. 
3.  Ата-аналар  нақты  адамның  не  нақты  адамды  көрсетпей-
ақ бала асырап алуына келiсiм беруi мүмкiн. Қорғаншылық не-
месе  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын 
органдар  сотқа  бала  асырап  алудың  баланың  мүдделерiне  сай 
келетiндігі  туралы  қорытындыны  ұсынады.  Баланы  оның  өгей 
əкесi (өгей шешесi) асырап алған жағдайда мұндай қорытынды 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау