Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет66/100
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15791
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   100

206
ры, Қазақстан Республикасының аумағында жəне одан тыс жерде 
тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары баланы асырап 
алуы мүмкін болмаса ғана шетелдіктердің асырап алуына берілуі 
мүмкін. 
Шетелдіктердің бала асырап алуы туралы істерді қараған кез-
де сот азаматтығы мен тұрғылықты жеріне қарамастан баланың 
туыстарының  не  Қазақстан  Республикасы  азаматтарының 
осы    баланы  бірінші  кезекте  асырап  алу  құқығын  Қазақстан 
Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы 
уəкілетті органының іске асырғанын анықтауға міндетті.
5. Шетелдіктердің бала асырап алуына балалардың құқықтары 
мен  мүдделерін  қорғау  саласында  Қазақстан  Республикасымен 
тең мəнді халықаралық міндеттемелері бар елдердің азаматтары-
на ғана рұқсат етіледі. 
6.  Қазақстан  Республикасының  азаматтары  болып  та-
былатын  балаларды  асырап  алуға  беру  тəртібін  Қазақстан 
Республикасының Үкіметі бекітеді.  
7. Баланы асырап алуға беру туралы рұқсатты комиссияның 
қорытындысы  негізінде  қорғаншылық  немесе  қамқоршылық 
жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган береді.
8.  Комиссияның  қызмет  тəртібі  мен  құрамын  Қазақстан 
Республикасының Үкіметі айқындайды.
85-бап.  Балаларды  асырап  алуға  тілек  білдірген 
адамдардың құқықтары мен  міндеттері      
1. 
Қазақстан 
Республикасының 
аумағында 
тұрақты 
тұратын,  балаларды  асырап  алуға  тілек  білдірген  Қазақстан 
Республикасының  азаматтары  баланы  жеке  өзі  таңдауға,  оны-
мен кемiнде екі апта тiкелей қатынасуға, баланың тұратын жері 
бойынша  қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функ-
цияларды  жүзеге  асыратын  органға  баланы  асырап  алуға  тілек 
білдіргені туралы жазбаша өтініш беруге, сондай-ақ тұрғын үй 
жағдайларын  тексеріп-қарау  актісін,  жиынтық  табыс  мөлшері, 
отбасы жағдайы, денсаулық жағдайы туралы, сотталмағандығы 
туралы анықтамалар ұсынуға міндетті. 
2. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, 
жетім-балаларды,  ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  бір 
жасқа дейінгі балаларды асырап алуға тілек білдірген Қазақстан 
Республикасы  азаматтарының  бала  асырап  алудың  рəсімдері 


207
аяқталғанға дейін балаларды қорғаншылыққа немесе патронатқа 
алуға құқығы бар.
3.  Бала  асырап  алуға  үміткер  Қазақстан  Республикасының 
шегінен  тыс  жерде  тұрақты  тұратын  Қазақстан  Республикасы-
ның  азаматтары,  шетелдіктер  баланы  жеке  өзі  таңдауға, 
онымен  кемiнде  төрт  апта  тiкелей  қатынасуға,  Қазақстан 
Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы 
уəкілетті  органына  баланы  асырап  алуға  тілек  білдіргені  ту-
ралы  жазбаша  өтініш,  сондай-ақ  арнайы  уəкілетті  шетелдік 
мемлекеттік органдар жəне бала асырап алу жөніндегі ұйымдар 
беретін, табыстары, отбасы жағдайы, денсаулық жағдайы, оның 
ішінде психикалық саулығы туралы, есірткіге (уытқұмарлыққа), 
алкогольге  тəуелді  еместігі  туралы,  сотталмағандығы  туралы, 
ықтимал ата-аналардың жеке басының адамгершілік қасиеттері 
туралы анықтамалар беруге міндетті.
86-бап.  Бала  асырап  алушының  құқықтары  мен 
міндеттері
1. Бала асырап алушы баланы тəрбиелеуге, оның денсаулығы-
на, дене бітімі, психикалық, адамгершілік жəне рухани жағынан 
дамуына қамқорлық жасауға міндетті. 
2. Бала асырап алушы баланың пікірі мен қорғаншылық не-
месе  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын 
органның  ұсынымдарын  ескере  отырып,  баланы  тəрбиелеу 
тəсілдерін  өз  бетінше  айқындауға  құқылы  жəне  осы  Кодексте 
көзделген талаптарды сақтауға міндетті.   
3.  Бала  асырап  алушы  баланың  пікірін  ескере  отырып,  ол 
міндетті жалпы орта білім алғанға дейін білім беру ұйымын жəне 
баланың оқу нысанын  таңдауға құқығы бар. 
4.  Бала  асырап  алушы,  оның  ішінде  шетелдік  бала  асырап 
алушы бала он сегіз жасқа толғанға дейін жылына кемінде бір 
рет бала асырап алу туралы сот шешімі шыққан жер бойынша 
қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функциялар-
ды жүзеге асыратын органға  асырап алынған баланың тұрмыс 
жағдайы, оқуы, тəрбиесі жəне денсаулық жағдайы туралы есеп-
тер ұсынуға міндетті.  
Шетелдік  бала  асырап  алушылар  бала  асырап  алушы  жəне 
бала тұрып жатқан елде орналасқан Қазақстан Республикасының 
шетелдегі мекемелері арқылы есептер ұсынады.   


208
Шетелдік бала асырап алушылар Қазақстан Республикасының 
балалардың  құқықтарын  қорғау  саласындағы  уəкілетті  органға 
есептерді  ұсынбаған  немесе  уақытылы  ұсынбаған  жағдайда, 
Қазақстан  Республикасында  бала  асырап  алу  кезінде  олардың 
мүдделерін білдірген бала асырап алу жөніндегі агенттік бір жыл 
мерзімге аккредиттеуден айрылады.
87-бап. Бала асырап алу тəртібі
1.  Бала  асырап  алуды  бала  асырап  алуға  тілек  білдірген 
адамдардың  (адамның)  өтініші  бойынша  сот  жүргізеді.  Бала 
асырап  алу  туралы  істерді  сот  Қазақстан  Республикасының 
Азаматтық  іс  жүргізу  кодексінде  көзделген  ерекше  іс  жүргізу 
тəртібімен жүргізеді. 
Сот  балаларды  асырап  алу  туралы  істерді  бала  асырап 
алушылардың  өздерінің,  қорғаншылық  немесе  қамқоршылық 
жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын  орган  өкілінің, 
сондай-ақ прокурордың міндетті түрде қатысуымен қарайды. 
2.  Қазақстан  Республикасының  азаматтары  Қазақстан  
Республикасының аумағында шетелдік болып табылатын баланы 
асырап  алған  кезде  баланың  заңды  өкілінің  жəне  бала  азаматы 
болып  табылатын  мемлекеттің  құзыретті  органының  келісімін, 
сондай-ақ  бұл  аталған  мемлекеттің  заңнамасына  сəйкес  қажет 
болса, асырап алуға баланың келісімін алуы қажет. 
3.  Бала  асырап  алушы  азаматы  болып  табылатын  шет 
мемлекеттің  құзыретті  органы  Қазақстан  Республикасының 
азаматы  болып  табылатын  жəне  Қазақстан  Республикасының 
шегінен тыс жерде тұратын баланы асырап алуды жүргізуі оның 
тұратын  жері  бойынша  жергілікті  атқарушы  органнан  неме-
се  Қазақстан  Республикасының  аумағынан  тыс  жерге  кеткенге 
дейін оның ата-аналарынан асырап алуға алдын ала рұқсат алған 
жағдайда Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады. 
88-бап.  Бала  асырап  алушылардың  құқықтары  мен 
міндеттерінің басталу кезі
Бала  асырап  алушының  жəне  асырап  алынған  баланың 
құқықтары мен міндеттері бала асырап алу туралы сот шешімі 
заңды күшіне енген күннен бастап туындайды. 
Баланы  асырап  алу  туралы  соттың  шешімі  заңды  күшіне 
енген  күннен  бастап  үш  күн  ішінде  сот  осы  шешімнің  үзінді 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау