Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық


-бап. Ата-аналардың баланы тəрбиелеу жəне оған білім



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет63/100
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15791
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   100

197
70-бап. Ата-аналардың баланы тəрбиелеу жəне оған білім 
беру жөніндегі құқықтары мен міндеттері
1. Ата-аналар өз баласының денсаулығына қамқорлық жасауға 
мiндеттi.
2.  Ата-аналардың  өз  баласын  тəрбиелеуге  құқығы  бар  жəне 
осыған міндетті. 
Ата-аналардың  барлық  өзге  адамдар  алдында  баласын 
тəрбиелеуге басым құқығы бар. 
Бала  тəрбиелеушi  ата-аналар  оның  дене  бітімі,  психикалық, 
адамгершілік жағынан жəне рухани дамуына  қажеттi өмiр сүру 
жағдайларын қамтамасыз ету үшін жауаптылықта болады.  
3.  Ата-аналар  баласының  міндетті  орта  білім  алуын 
қамтамасыз етуге міндетті. 
Ата-аналардың  бала  жалпы  орта  білім  алғанға  дейін  оның 
пікірін ескере отырып, білім беру ұйымын жəне баланың оқу ны-
санын таңдауға құқығы бар.  
4.  Баланың  тəрбиесі  мен  білім  алуына  қатысты  барлық 
мəселелерді  баланың  мүдделерін  негізге  алып  жəне  оның 
пікірін  ескере  отырып,  өзара  келісу  арқылы  ата-аналар 
шешеді.  Ата-аналардың  арасында  келіспеушіліктер  болған 
кезде,  бұл  келіспеушіліктерді  шешу  үшін  қорғаншылық  неме-
се  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын 
органға немесе сотқа жүгінуге құқылы.  
71-бап.  Ата-аналардың  баланың  құқықтары  мен 
мүдделерін қорғау жөніндегі  құқықтары мен міндеттері
1.  Ата-аналар  өз  баласының  заңды  өкiлдерi  болып  табы-
лады  жəне  арнайы  өкiлеттiктерсiз  кез  келген  жеке  жəне  заңды 
тұлғаларға қатысты, оның iшiнде соттарда оның құқықтары мен 
мүдделерiн қорғайды.  
2. Егер қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функ-
цияларды  жүзеге  асыратын  орган  ата-аналар  мен  баланың 
мүдделерi  арасында  қайшылықтар  барын  анықтаса,  ата-аналар 
өз  баласының  мүдделерiн  бiлдiруге  құқылы  емес.  Ата-аналар 
мен  баланың  арасында  келiспеушiлiктер  болған  жағдайда, 
қорғаншылық  немесе  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды 
жүзеге  асыратын  орган  баланың  құқықтары  мен  мүдделерiн 
қорғау үшiн өкiл тағайындауға мiндеттi.  
Егер    ата-аналар  балаға  қатысты  ата-ана  құқықтарынан 


198
айрылған  не  олар  шектелген  жағдайда,  баланың  мүдделерін 
білдіруге құқылы емес.
72-бап. Ата-ана құқықтарын баланың мүддесінде жүзеге 
асыру
Ата-ана  құқықтары  баланың  мүдделеріне  қайшы  жүзеге 
асырылмауға  тиіс.  Баланың  мүдделерін  қамтамасыз  ету  оның 
ата-аналары  жасайтын  негізгі  қамқорлықтың  нысанасы  болып 
табылады. 
Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру кезінде ата-аналар баланың 
тəн саулығы мен психикалық денсаулығына, оның адамгершілік 
жағынан дамуына зиян келтіруге құқылы емес. Баланы тəрбиелеу 
тəсілдері адамның қадір-қасиетін кемсітетін немқұрайлылықты, 
қатыгездікті,  дөрекілікті,  баланы  қорлауды  немесе  қанауды 
болғызбауға тиіс.
73-бап.  Баласынан  бөлек  тұратын  ата-ананың  ата-ана 
құқықтарын  жүзеге асыруы
1. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың баласымен араласуға, 
оның  тəрбиесі  мен  баланың  бiлiм  алуы  мəселелерiн  жəне  бала 
үшін  басқа  да  маңызды  мəселелерді  шешуге  қатысуға  құқығы 
бар. 
Егер  мұндай  араласу  баланың  тəн  саулығы  мен  психикалық 
денсаулығына,  оның  адамгершiлiк  жағынан  дамуына  зиян 
келтiрмесе, баласы өзімен бiрге тұратын ата-ана баланың екiншi 
ата-анасымен араласуына кедергi жасамауға тиiс.  
2. Ата-аналары бөлек тұратын кезде баланың тұрғылықты жерi 
мен заңды мекенжайы ата-аналарының келiсiмiмен белгiленедi.
Келiсiм  болмаған  кезде  ата-аналардың  арасындағы  дауды 
баланың  мүдделерiн  негiзге  алып  жəне  оның  пiкiрiн  ескере 
отырып,  ата-аналардың  талап  етуі  бойынша  қорғаншылық  не-
месе  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыра-
тын  органның  қатысуымен  сот  шешедi.  Бұл  ретте  сот  баланың 
ата-аналардың  əрқайсысына,  аға-iнiлерi (қарындастары)  мен 
апа-сiңлiлерiне  үйiрлiгiн,  баланың  жасын,  ата-аналардың 
адамгершiлiк  жəне  өзге  де  жеке  қасиеттерiн,  ата-аналардың 
əрқайсысы  мен  баланың  арасындағы  қарым-қатынастарды, 
баланың дамуы жəне тəрбиесі үшiн жағдайлар жасау мүмкiндiгiн 
(ата-аналар  қызметiнiң  түрiн,  жұмыс  режимін,  ата-аналардың 


199
материалдық жəне отбасылық жағдайын жəне басқа да осындай 
жағдайларды) ескередi.
3.  Ата-аналар  баладан  бөлек  тұратын  ата-ананың  ата-ана 
құқықтарын жүзеге асыру тəртiбi туралы жазбаша түрде келiсiм 
жасасуға құқылы. 
Егер ата-аналар келiсiмге келе алмаса - дауды қорғаншылық 
немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын 
орган,  ал  оның  шешімімен  келіспеген  жағдайда  осы  органның 
жəне баланың ата-аналарының қатысуымен сот шешедi. 
4.  Ата-ана  құқықтарын  жүзеге  асыру  тəртібі  туралы  сот 
шешiмi  орындалмаған  жағдайда,  кiнəлi  ата-ана  Қазақстан 
Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.  
Сот  шешiмi  қасақана  орындалмаған  кезде  баласынан  бөлек 
тұратын ата-ананың талап етуi бойынша сот баланың мүдделерiн 
негiзге алып жəне баланың пiкiрiн ескере отырып, баланы оған 
беру туралы шешiм шығара алады.
5.  Баласынан  бөлек  тұратын  ата-ананың  білім  беру 
ұйымдарынан, медициналық жəне басқа да ұйымдардан өз бала-
сы туралы ақпарат алуға құқығы бар. 
Ата-ана  тарапынан  баланың  өмiрi  мен  денсаулығына  қатер 
болған  жағдайда  ғана  ақпарат  беруден  бас  тартылуы  мүмкiн. 
Ақпарат  беруден  бас  тартуға  сот  тəртiбiмен  дау  айтылуы 
мүмкiн. 
74-бап.  Ата-аналардың  баланы  басқа  адамдардан  талап 
ету құқығы
1.  Ата-аналар  заңның  немесе  сот  шешiмiнің  негiзiнсiз  бала-
ны өз қолында ұстап отырған кез келген адамнан оны қайтаруды 
талап  етуге  құқылы.  Дау  туындаған  жағдайда  ата-аналар  өз 
құқықтарын қорғау үшiн сотқа жүгінуге құқылы. 
Бұл талаптарды қарау кезiнде сот, егер баланы ата-аналарына 
беру баланың мүдделерiне сай келмейдi деген қорытындыға кел-
се, баланың пiкiрiн ескере отырып, ата-аналардың талап-арызын 
қанағаттандырудан бас тартуға құқылы. 
2.  Егер  сот  ата-аналары  да,  бала  қолында  отырған  адамның 
да оның тиісті түрде тəрбиесін жəне дамуын қамтамасыз етуге 
жағдайы  келмейтінін  анықтаса,  сот  баланы  қорғаншылық  не-
месе  қамқоршылық  жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын 
органның қамқорлығына бередi.


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау