259
қызметiн үйлестiрудi қамтамасыз ететiн тұрақты жұмыс iстейтiн
алқалы орган болып табылады.
2. Кəмелетке толмағандардың iсi жəне олардың құқықтарын
қорғау жөнiндегi ведомствоаралық комиссия - Қазақстан
Республикасының Үкiметi жанынан, ал облыстық, қалалық,
аудандық - қалада, аудандық комиссиялар тиiстi жергiлiктi
атқарушы орган (əкiмдiк) жанынан құрылады.
3. Қажет болған жағдайда кəмелетке толмағандардың iсi
жəне олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссия аудан
орталығынан едəуiр қашықтықта орналасқан кент, ауыл (село),
ауылдық (селолық) округ əкiмi жанынан құрылуы мүмкiн.
Кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ əкiмi жанындағы
кəмелетке толмағандардың iсi жəне олардың құқықтарын қорғау
жөнiндегi комиссияның аудандық комиссияның құқықтары мен
мiндеттерi болады. Кəмелетке толмағандардың iсi жəне олардың
құқықтарын қорғау жөнiндегi кенттiк, ауылдық (селолық),
ауылдық (селолық) округтiк комиссияны құру туралы шешiмдi
облыс əкiмдiгi қабылдайды, ал оның дербес құрамын тиiстi
ауданның мəслихаты бекiтедi.
4. Кəмелетке толмағандардың iсi жəне олардың құқықтарын
қорғау жөнiндегi комиссияның құрамына төраға, төрағаның
орынбасары, комиссия мүшелерi жəне хатшы кiредi. Төраға мен
хатшы тиiстi мемлекеттiк органдар аппараттарында штаттық
лауазымды атқарады. Кəмелетке толмағандардың құқықтарын
қорғау жөнiндегi кенттiк, ауылдық (селолық), ауылдық (селолық)
округтiк комиссия төрағасының функцияларын тиiстi əкiмшiлiк-
аумақтық бiрлiктiң əкiмi атқарады.
5. Кəмелетке толмағандардың iсi жəне олардың құқықтарын
қорғау жөнiндегi комиссияның құрамына тиiстi мəслихаттардың
депутаттары,
iшкi iстер, бiлiм беру, мəдениет, денсаулық
сақтау, əдiлет органдарының, жұмыспен қамту, қамқоршылық
пен қорғаншылық мəселелерi жөнiндегi уəкiлеттi органның,
кəмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар-
дың, қадағалаусыз жəне панасыз қалудың профилактикасына
мүдделi қоғамдық жəне өзге де ұйымдардың өкiлдерi кiредi.
6. Кəмелетке толмағандардың iсi жəне олардың құқықтарын
қорғау жөнiндегi комиссиялар өз құзыретi шегiнде:
1) кəмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделе-
рiн қорғау жəне қалпына келтiру, кəмелетке толмағандардың
қадағалаусыз, панасыз қалуына, құқық бұзушылықтар мен