Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық



жүктеу 1,4 Mb.
Pdf просмотр
бет85/100
Дата17.01.2020
өлшемі1,4 Mb.
#27032
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   100

264
ақ  өзге  де  ерекше  жағдайларда  осы  баптың 1-тармағының 1), 
4)  жəне 5) тармақшаларында  аталған  кəмелетке  толмағандар 
Орталыққа  қалалық,  аудандық,  желiлiк  iшкi iстер  органы 
бастығының  (бастықтың  орынбасарының)  қаулысы  негiзiнде 
орналастырылуы мүмкiн, бұл туралы жиырма төрт сағат iшiнде 
Орталық  əкiмшiлiгi  прокурорды  жазбаша  түрде  хабардар  ету-
ге  мiндеттi.  Осы  тармақта  аталған  кəмелетке  толмағандарға 
қатысты материалдар оларды одан əрi ұстау не орналастыру ту-
ралы мəселенi шешу үшiн Орталыққа орналастырылған кезден 
бастап үш тəулiктiң iшiнде сотқа, прокурорға немесе қорғаншы 
жəне қамқоршы органына ұсынылады. 
4.  Кəмелетке  толмағандарды  Орталыққа  орналастыру  үшiн 
қажеттi құжаттарды жинақтауды iшкi iстер органдары қамтамасыз 
етедi. 
5. Осы баптың 1-тармағында аталған кəмелетке толмағандар-
дың  Орталықта  болу  мерзiмi  отыз  тəулiктен  аспауға  тиiс.  Осы 
баптың 1-тармағының 2), 4) жəне 5) тармақшаларында аталған 
кəмелетке толмағандардың Орталықта болу мерзiмi оларды ор-
наластыру мүмкiндiгiн қамтамасыз ету, ата-аналарын немесе өзге 
де заңды өкiлдерiн анықтау не қылмыстық iстi жан-жақты тергеу 
үшiн тек алты айдан аспайтын мерзiмге ұзартылуы мүмкiн. Осы 
санаттағы кəмелетке толмағандардың Орталықта болу мерзiмiн 
ұзартуға: 
1)  осы  баптың 1-тармағының 2) тармақшасында  аталған 
кəмелетке  толмағандарға  қатысты - прокурор  санкция  бер-
ген  қылмыстық  қудалау  органының  қаулысы  немесе  соттың 
қаулысы; 
2)  осы  баптың 1-тармағының 4) жəне 5) тармақшаларында 
аталған кəмелетке толмағандарға қатысты - қамқоршылық жəне 
қорғаншылық органының қаулысы негiз болып табылады. 
6.  Кəмелетке  толмағандардың  Орталықта  болу  мерзiмiне 
денсаулық  сақтау  саласындағы  уəкiлеттi  орган  жариялаған  ка-
рантин  кезеңi,  сондай-ақ  кəмелетке  толмағандардың  ауруына 
байланысты стационарлық медициналық мекемеде болу уақыты 
енбейдi. 
7.  Орталыққа  алкогольдiк,  есiрткiлiк  немесе  уытқұмарлық 
мас  болу  күйiндегi  кəмелетке  толмағандар,  сондай-ақ  айқын 
психикалық  аурудың  белгiлерi  бар  кəмелетке  толмағандар 
орналастырылуға тиiс емес. 


265
8. Кəмелетке толмағандарды Орталықта ұстаудың тəртiбi мен 
шарттары  Қазақстан  Республикасының  уəкiлеттi  мемлекеттiк 
органы бекiткен ережеде айқындалады. 
   
12-бап. Бiлiм беру органдарының құзыретi 
Бiлiм беру органдары өз құзыретi шегiнде: 
1)  девиантты  мiнез-құлықты  кəмелетке  толмағандарға 
арналған арнаулы бiлiм беру ұйымдарының жəне ерекше режим-
де ұстайтын бiлiм беру ұйымдарының, сондай-ақ бала құқығын 
қорғау жөнiндегi мiндеттердi жүзеге асыратын өзге де ұйымдар 
жүйесiн дамыту жөнiндегi шараларды жүзеге асырады; 
2) кəмелетке толмағандардың жазғы демалысын, бос уақытын 
жəне еңбекпен қамтылуын ұйымдастыруға қатысады; 
3) дəлелсiз себептермен жалпы бiлiм беретiн оқу орындары-
на бармайтын кəмелетке толмағандарды анықтайды жəне есеп-
ке алады, олармен жəне олардың ата-аналарымен немесе заңды 
өкiлдерiмен жеке профилактикасы шаралары жүргiзедi; 
4)  кəмелетке  толмағандардың  заңға  мойынсұнушылық 
мiнез-құлқын  қалыптастыруға,  олардың  бойына  имандылық 
пен  салауатты  өмiр  салтының  берiк  негiздерiн  дарытуға 
бағытталған  бағдарламалар  мен  əдiстемелердi  əзiрлеп,  бiлiм 
беру ұйымдарының жұмыс тəжiрибесiне енгiзедi; 
5)  дамуында  немесе  мiнез-құлқында  ауытқушылықтары 
бар  кəмелетке  толмағандарды  анықтайтын  психологиялық-
медициналық-педагогикалық  комиссияларды  құрады,  олардың 
кешендi  түрде  тексерiлуiн  жүргiзедi  жəне  оларды  одан  əрi 
оқыту жəне тəрбиелеу нысандарын анықтау жөнiнде ұсыныстар 
əзiрлейдi; 
6)  девиантты  мiнез-құлықты  кəмелетке  толмағандарды, 
тұрмысы  қолайсыз  отбасыларын  анықтауға,  оларды  iшкi iстер 
органдарында есепке алуға жəне олармен жеке профилактикасы 
шаралары жүргiзуге қатысады; 
7)  жалпы  бiлiм  беретiн  оқу  орындарында  қол  жетерлiк 
спорт  секцияларын,  техникалық  жəне  өзге  де  үйiрмелер,  клуб-
тар  ұйымдастыруды  қамтамасыз  етедi  жəне  оларға  кəмелетке 
толмағандарды тартады. 
13-бап. Арнаулы бiлiм беру ұйымдары 
1.  Арнаулы  бiлiм  беру  ұйымдары  оқу-тəрбие  немесе  емдеу-
тəрбие  мекемелерi  болып  табылады  жəне  əкiмшiлiк  жазалау 


266
шараларына  əкеп  соғатын  құқық  бұзушылықтарды  жүйелi 
түрде жасайтын, бастауыш, негiзгi орта жəне жалпы орта бiлiм 
алудан қасақана жалтаратын, отбасынан жəне балалардың оқу-
тəрбие ұйымдарынан үнемi кетiп қалатын, өзге де қоғамға жат 
iс-əрекеттер  жасайтын  он  бiр  жастан  он  сегiз  жасқа  дейiнгi 
кəмелетке  толмағандарды  тəрбиелеу,  оқыту  жəне  əлеуметтiк 
оңалту мақсатында құрылады. 
2. Кəмелетке толмағандардың iсi жəне олардың құқықтарын 
қорғау  жөнiндегi  комиссияның  ұсынысы  бойынша  кəмелетке 
толмағандарды  арнаулы  бiлiм  беру  ұйымдарына  жiберудiң 
орындылығы  туралы  шешiмдi  сот  қабылдайды.  Алкогольдiк 
iшiмдiктердi,  есiрткi  құралдары  мен  психотроптық  заттарды 
құмарлықпен салынып пайдаланатын кəмелетке толмағандарды 
арнаулы бiлiм беру ұйымдарына жiберу туралы мəселенi қарау 
кезiнде  мiндеттi  түрде  оларға  нашақорлық  аурулардан  емделу 
курсынан өтудi белгiлеудiң орындылығы зерттеледi. 
3. Кəмелетке толмаған бала арнаулы бiлiм беру ұйымына бiр 
айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге жiберiлуi мүмкiн. 
4.  Кəмелетке  толмағанның  арнаулы  бiлiм  беру  ұйымында 
болуы  оның  кəмелеттiк  жасқа  толуына  байланысты,  сондай-
ақ мекеме əкiмшiлiгiнiң не кəмелетке толмағандардың iсi жəне 
олардың  құқықтарын  қорғау  жөнiндегi  аумақтық  комиссияның 
ұсыныстары  негiзiнде  арнаулы  бiлiм  беру  ұйымы  орналасқан 
жердегi  сот  кəмелетке  толмаған  бала  өзiнiң  түзелуi  үшiн  бұл 
шараны қолдануды бұдан əрi қажет етпейдi деген қорытындыға 
келген жағдайда мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн. 
5.  Кəмелетке  толмағандардың  арнаулы  бiлiм  беру 
ұйымдарында  болуының  сот  белгiленген  мерзiмiн  осы  баптың 
2  жəне 3-тармақтарында  белгiленген  тəртiппен,  тек  қана  мына 
жағдайларда: 
1) кəмелетке толмаған баланың жалпы бiлiмiн немесе кəсiби 
даярлығын  аяқтау  қажет  болған,  бiрақ  ол  кəмелеттiк  жасқа 
толғанға дейiн; 
2)  əкiмшiлiк  жазалау  шараларына  əкелiп  соғатын  құқық 
бұзушылықтарды  жүйелi  түрде  жасаған,  орта  бiлiм  алудан 
қасақана  жалтарған,  арнаулы  бiлiм  беру  ұйымынан  өз  еркiмен 
кетiп қалған, өзге де қоғамға жат ic-əрекеттер арнаулы бiлiм беру 
ұйымы орналасқан жердегi сот ұзартуы мүмкiн. 
6. Арнаулы бiлiм беру ұйымының тəрбиеленушiсi қылмыстық 


жүктеу 1,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау