Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық



жүктеу 1,4 Mb.
Pdf просмотр
бет91/100
Дата17.01.2020
өлшемі1,4 Mb.
#27032
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   100

282
құқық  бұзушылық  немесе  қоғамға  жат  iс-əрекеттер  жасаған 
(жасап  жүрген)  кəмелетке  толмағандар,  сондай-ақ  кəмелетке 
толмағандарды  қылмыстық  қызмет  немесе  қоғамға  жат  iс-
əрекеттер жасауға тартып жүрген немесе оларға қатысты басқа 
да құқыққа қарсы iс-əрекеттер жасап жүрген ата-аналар мен өзге 
де ересек адамдар туралы; 
5) денсаулық сақтау органдарына - алкогольдiк iшiмдiктердi, 
есiрткi  құралдарын,  психотроптық  жəне  адамның  психикасына 
жəне  дене  мүшелерiнiң  функциялары  мен  мiнез-құлқына  терiс 
əсерiн тигiзетiн өзге де күштi əсер ететiн заттарды құмарлықпен 
салынып пайдалануына байланысты тексерiлудi, қаралуды неме-
се емделудi қажет ететiн кəмелетке толмағандар туралы; 
6)  бiлiм  беру  органдарына - балалар  үйлерiнен,  мектеп-
интернаттардан  жəне  басқа  да  балалар  мекемелерiнен  өз 
ерiктерiмен кетуiне байланысты не дəлелсiз себептермен жалпы 
бiлiм беру орындарындағы оқуларының тоқтатылуына байланы-
сты мемлекеттiң көмегiне мұқтаж кəмелетке толмағандар тура-
лы дереу хабарлауға мiндеттi. 
Ескерту. 23-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.07.10 N 176-IV 
Заңымен. 
24-бап.  Кəмелетке  толмағандар  арасындағы  құқық 
бұзушылықтардың,  қадағалаусыз  жəне  панасыз  қалудың 
профилактикасын  жүзеге  асыратын  органдардың,  мекеме-
лер мен өзге де ұйымдардың қызметiн бақылау 
Мемлекеттiк  органдар  өз  құзыретi  шегiнде  кəмелетке 
толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз 
жəне  панасыз  қалудың  профилактикасын  жүзеге  асыратын 
ведомстволық бағыныстағы органдардың, мекемелер мен өзге де 
ұйымдардың қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарында 
белгiленген тəртiппен бақылауды жүзеге асырады. 
25-бап. 
Қазақстан 
Республикасының 
кəмелетке 
толмағандар 
арасындағы 
құқық 
бұзушылықтардың, 
қадағалаусыз жəне панасыз қалудың профилактикасы тура-
лы заңдарын бұзғандық үшiн жауаптылық 
Қазақстан 
Республикасының 
кəмелетке 
толмағандар 
арасындағы  құқық  бұзушылықтардың,  қадағалаусыз  жəне  па-


283
насыз қалудың профилактикасы туралы заңдарын бұзуға кiнəлi 
тұлғалар  Қазақстан  Республикасының  заңдарында  белгiленген 
тəртiппен жауаптылықта болады. 
      Қазақстан Республикасының 
      Президентi  
 
 
           Н.Ə. Назарбаев


284
ƏКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОДЕКСІ
(2011.11.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
(Үзінділер)
2010.29.04. № 272-IV ҚР Заңымен 72-бап өзгертілді (бұр.ред.
қара)
72-бап.  Кəмелетке  толмағандардың  əкiмшiлiк  жауап-
тылығы 
1. Əкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезде он алты жасқа 
толған, бірақ он сегiз жасқа толмаған адамдар осы тараудың күшi 
қолданылатын кəмелетке толмағандар деп танылады. 
2.  Əкiмшiлiк  құқық  бұзушылық  жасаған  кəмелетке 
толмағандарға  тəрбиелік  ықпал  етудің  мəжбүрлеу  шаралары 
қолданыла отырып, əкімшілік жаза тағайындалуы мүмкін.
 
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 73-бап өзгертілді (бұр. ред. 
қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
73-бап.  Кəмелетке  толмағандарға  əкiмшiлiк  жазалар 
қолданудың ерекшелiктерi 
1.  Кəмелетке  толмаған  адамға  салынатын  əкімшілік 
айыппұлдың  мөлшері  осы  Кодекстің  ерекше  бөлімінің  бабын-
да  көзделген  айыппұл  мөлшеріне  қарамастан,  айлық  есептік 
көрсеткіштің бестен бір бөлігінен кем болмауға жəне он айлық 
есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.
Айыппұл  кəмелетке  толмаған  адамда  бар  мүліктің  есебінен 
төленеді.  Кəмелетке  толмаған  адамның  айыппұл  төлеуге 
жеткілікті мүлкі болмаған жағдайда, айыппұл ата-анасына неме-
се олардың орнындағы адамдарға салынады.
2.  Арнаулы  құқықтан  айыру  кəмелетке  толмағандарға  бір 
жылдан аспайтын мерзiмге қолданылуы мүмкiн. 
3.  Əкiмшiлiк  жазалардың  басқа  да  түрлерi (əкiмшiлiк 
қамауға  алуды  қоспағанда),  сондай-ақ  осы  Кодекстiң 45 жəне 
57-баптарында  аталған  əкiмшiлiк-құқықтық  ықпал  ету  шара-
лары  əкiмшiлiк  құқық  бұзушылық  жасауда  кiнəлi  кəмелетке 
толмағандарға жалпы негiздерде қолданылады.


285
74-бап.  Кəмелетке  толмаған  адамға  əкiмшiлiк  жаза 
қолдану 
1.  Осы  Кодекстiң 61 жəне 62-баптарында  көзделген  мəн-
жайлардан  басқа,  кəмелетке  толмаған  адамға  əкiмшiлiк  жаза 
қолданған  кезде  оның  өмiр  сүру  жəне  тəрбиелену  жағдайлары, 
психикалық даму деңгейi, жеке басының өзге де ерекшелiктерi, 
сондай-ақ оған жасы үлкен адамдардың əсер етуi ескерiледi. 
2.  Кəмелетке  толмаған  жас  басқа  да  жеңiлдететiн  жəне  ау-
ырлататын  мəн-жайлармен  жиынтықта  жеңiлдететiн  мəн-жай 
ретiнде ескерiледi.
2007.27.07.  № 314-III ҚР  Заңымен  75-бап  өзгертілді 
(2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 
75-бап.  Кəмелетке  толмағандарды  əкiмшiлiк  жауап-
тылықтан жəне əкiмшiлiк жазадан босату 
Əкiмшiлiк құқық бұзушылықты бірiншi рет жасаған кəмелетке 
толмаған  адамды  сот,  əкiмшiлiк  құқық  бұзушылық  туралы 
iстi  қарауға  уəкiлеттi  орган  (лауазымды  адам)  оған  заңдарда 
көзделген  тəрбиелiк  ықпал  ету  шараларын  қолдана  отырып, 
əкiмшiлiк жауаптылықтан немесе тағайындалған əкiмшiлiк жа-
заны орындаудан босатуы мүмкiн.
2010.23.11.  № 354-IV ҚР  Заңымен 76-бап  жаңа  редакцияда 
(бұр.ред.қара)
76-бап. Тəрбиелік ықпал ету шаралары
1. Кəмелетке толмаған балаға тəрбиелік ықпал етудің мына-
дай шаралары тағайындалуы мүмкін:
1) заңды түсіндіру;
2) ата-аналарының немесе олардың орнындағы адамдардың не 
мамандандырылған мемлекеттік органның қадағалауына беру;
3) келтірілген зиянның есесін толтыру міндетін жүктеу;
4)  бос  уақытын  шектеу  жəне  кəмелетке  толмаған  баланың 
мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу.
2.  Кəмелетке  толмаған  балаға  бір  мезгілде  тəрбиелік  ықпал 
етудің бірнеше шаралары тағайындалуы мүмкін.
3. Осы баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген 
тəрбиелік ықпал ету шараларын қолдану мерзімі үш айға дейінгі 
уақытқа белгіленеді.
4. Кəмелетке толмаған бала осы баптың бірінші бөлігінің 4) 


жүктеу 1,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау