Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық



жүктеу 1,4 Mb.
Pdf просмотр
бет81/100
Дата17.01.2020
өлшемі1,4 Mb.
#27032
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   100

252
қоғамға  жат  iс-əрекеттердiң  алдын  алуға,  оларға  ықпал  ететiн 
себептер мен жағдайларды анықтауға жəне жоюға бағытталған, 
кəмелетке  толмағандармен,  кəмелетке  толмағандардың  олар-
ды  тəрбиелеу,  оқыту  немесе  бағып-күту  жөнiндегi  мiндеттерiн 
орындамайтын  не  олардың  мiнез-құлқына  терiс  əсер  ететiн 
ата-аналарымен  немесе  басқа  да  заңды  өкiлдерiмен,  сондай-ақ 
кəмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар немесе қоғамға 
жат iс-əрекеттер жасауға тартып жүрген өзге де адамдармен жеке 
профилактикасы  шараларын  қоса  жүзеге  асыратын  құқықтық, 
педагогикалық жəне өзге де шаралар жүйесi; 
4) кəмелетке толмағанды бағып-күту - кəмелетке толмағанның 
ата-анасының  немесе  басқа  да  заңды  өкiлдерiнiң  өздерiнiң 
қаржылық  мүмкiндiктерiнiң  жəне  қабiлеттерiнiң  шегiнде  оның 
толыққанды дамуы, оның мүлiктiк жəне мүлiктiк емес құқықтары 
мен мүдделерiн жəне мемлекеттiк ең төмен əлеуметтiк стандарт-
тарды қорғау үшiн жағдай жасауы; 
5)  кəмелетке  толмағанды  тəрбиелеу - балаға  қоғамда 
қалыптасқан  жəне  оның  рухани,  дене  бiтiмi,  имандылық, 
психикалық,  мəдени,  зияткерлiк  жағынан  дамуына  жəне 
əлеуметтiк  ортаның  терiс  ықпалынан  қорғауға  бағытталған 
мiнез-құлық  ережелерi  мен  нормаларын  дарыту  жөнiндегi 
ата-анасының  немесе  басқа  да  заңды  өкiлдерiнiң,  сондай-ақ 
мемлекеттiк  органдар  қызметкерлерiнiң  тарапынан  оған  əсер 
ететiн үздiксiз процесс; 
6) қадағалаусыз қалған бала - ата-анасының немесе олардың 
заңды  өкiлдерiнiң,  сондай-ақ  кəмелетке  толмағандарды 
қадағалауды  жүзеге  асыруға  мiндеттi  оқыту,  тəрбиелеу  жəне 
өзге де мекеме педагогтарының, тəрбиешiлерiнiң жəне басқа да 
қызметкерлерiнiң  тарапынан  оны  тəрбиелеу,  оқыту  жəне  (не-
месе)  бағып-күту  жөнiндегi  мiндеттердi  орындамауы  немесе 
тиiсiнше орындамауы салдарынан не оның үйден немесе баланың 
құқықтарын  қорғау  жөнiндегi  функцияларды  жүзеге  асыратын 
ұйымдардан өз бетiмен кетуi салдарынан мiнез-құлқына бақылау 
болмаған кəмелетке толмаған бала; 
7)  қадағалаусыз  қалу - кəмелетке  толмағандардың  құқық 
бұзушылықтар  жасауына  ықпал  ететiн,  олардың  мiнез-құлқы 
мен  тұрмыс  жағдайына  тиiсiнше  бақылаудың  жоқтығымен  си-
патталатын əлеуметтiк құбылыс; 
8) Алынып тасталды - ҚР 2010.04.29 № 272-IV Заңымен. 


253
9) панасыз қалған бала - тұрғылықты жерi жоқ қадағалаусыз 
қалған бала; 
10)  тұрмысы  қолайсыз  отбасы - кəмелетке  толмағандардың 
ата-анасы  немесе  заңды  өкiлдерi  оларды  тəрбиелеу,  оқыту, 
бағып-күту жөнiндегi өз мiндеттерiн орындамайтын жəне (неме-
се) олардың мiнез-құлқына терiс əсер ететiн отбасы. 
Ескерту. 1-бап  жаңа  редакцияда - ҚР 2009.07.10 N 176-IV, 
өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.04.29 № 272-IV Заңдарымен.
2-бап. Қазақстан Республикасының кəмелетке толмаған-
дар  арасындағы  құқық  бұзушылықтардың,  қадағалаусыз 
жəне панасыз қалудың профилактикасы туралы заңдары
1.  Қазақстан  Республикасының  кəмелетке  толмағандар 
арасындағы  құқық  бұзушылықтардың,  қадағалаусыз  жəне  па-
насыз  қалудың  профилактикасы  туралы  заңдары  Қазақстан 
Республикасының  Конституциясына  негiзделедi  жəне  осы  Заң 
мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық 
актiлерiнен тұрады. 
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта 
осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық 
шарттың ережелерi қолданылады. 
3-бап.  Кəмелетке  толмағандар  арасындағы  құқық 
бұзушылықтардың,  қадағалаусыз  жəне  панасыз  қалудың 
профилактикасы саласындағы мемлекеттiк саясат
1. 
Кəмелетке 
толмағандар 
арасындағы 
құқық 
бұзушылықтардың,  қадағалаусыз  жəне  панасыз  қалудың  про-
филактикасы  саласындағы  мемлекеттiк  саясат  құқықтық 
саясаттың  бiр  бөлiгi  болып  табылады  жəне  ол  кəмелетке 
толмағандар үшiн құқықтық жəне əлеуметтiк кепiлдiктер жасау, 
кəмелетке  толмағандар  арасындағы  құқық  бұзушылықтардың, 
қадағалаусыз  жəне  панасыз  қалу  профилактикасының  жүйесiн 
құрайтын  органдар  мен  мекемелердi  материалдық-техникалық, 
қаржылық,  ғылыми-əдiстемелiк  жəне  кадрлармен  қамтамасыз 
етудi қамтиды. 
2. 
Кəмелетке 
толмағандар 
арасындағы 
құқық 
бұзушылықтардың, қадағалаусыз жəне панасыз қалудың профи-
лактикасы саласындағы мемлекеттiк саясат: 
1) заңдылық 


254
2) кəмелетке толмағандарға iзгiлiкпен қарау; 
3) отбасын қолдау; 
4) кəмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар, 
қадағалаусыз  жəне  панасыз  қалудың  профилактикасы  шарала-
рын қолданудағы кешендiлiк; 
5)  өмiрде  қиын  жағдайға  душар  болған  кəмелетке 
толмағандармен жеке жұмыс жүргiзу; 
6) құпиялылық 
7) ғылыми негiздiлiк; 
8) жүйелiлiк принциптерi бойынша жүзеге асырылады. 
3. Мемлекеттiк саясаттың мақсаты: 
1)  балалардың  дене  бiтiмi,  зияткерлiк,  рухани  жəне 
имандылық  дамуына,  оларды  патриоттыққа,  азаматтыққа  жəне 
бейбiтшiлiк сүйгiштiкке тəрбиелеуге, сондай-ақ баланың қоғам 
мүдделерiмен,  мемлекет  халықтарының  дəстүрлерiмен,  ұлттық 
жəне əлемдiк мəдениеттiң жетiстiктерiмен ұштасқан жеке басын 
тəрбиелеуге ықпал ету; 
2)  кəмелетке  толмағандардың  құқықтық  санасын  жəне 
құқықтық  мəдениетiн  қалыптастыру  жөнiндегi  мақсатты 
жұмысты қамтамасыз ету; 
3) кəмелетке толмағандармен жеке профилактикасы шарала-
ры жүргiзу үшiн құқықтық негiздердi қалыптастыру; 
4) кəмелетке толмаған баланың ата-анасымен жəне басқа да 
заңды өкiлдерiмен өзара қарым-қатынас жасау; 
5)  балаларды  оқыту,  тəрбиелеу,  емдеу,  спорт  жəне  өзге  де 
мекемелерiнiң тиiстi дəрежеде жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету; 
6)  кəмелетке  толмағандардың  құқықтары  мен  заңды 
мүдделерiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiктi белгiлеу; 
7)  қызметi  əлеуметтiк  тапсырыстар  беру  жəне  Қазақстан 
Республикасының заң актiлерiне сəйкес өзге де шаралар арқылы 
кəмелетке  толмағандар  арасындағы  құқық  бұзушылықтардың, 
қадағалаусыз жəне панасыз қалудың профилактикасы жөнiндегi 
шараларды  жүзеге  асырумен  байланысты  коммерциялық  емес 
ұйымдарды  мемлекеттiк  қолдау  арқылы  жүзеге  асырылатын 
кəмелетке  толмағандар  арасындағы  құқық  бұзушылықтардың, 
қадағалаусыз жəне панасыз қалудың профилактикасы болып та-
былады. 


жүктеу 1,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау