Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық



жүктеу 1,4 Mb.
Pdf просмотр
бет59/100
Дата17.01.2020
өлшемі1,4 Mb.
#27032
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   100

185
жағдайларды қоспағанда, сот жарамсыз деп таныған неке (ерлі-
зайыптылық)  ерлі-зайыптылардың  осы  Кодексте  көзделген 
құқықтары мен міндеттерін туғызбайды. 
2. Некесі (ерлі-зайыптылығы) жарамсыз деп танылған адам-
дар бірлесіп сатып алған мүліктің құқықтық режимі Қазақстан 
Республикасы  Азаматтық  кодексінің  нормаларымен  реттеледі. 
Мұндай жағдайда ерлі-зайыптылар жасасқан неке шарты жарам-
сыз деп танылады. 
3. Некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тану мұндай не-
кеден (ерлі-зайыптылықтан) туған немесе неке (ерлі-зайыптылық) 
жарамсыз деп танылған күннен бастап екі жүз сексен күн ішінде 
туған балалардың құқығына нұқсан келтірмейді. 
4.  Некені  (ерлі-зайыптылықты)  жарамсыз  деп  тану  туралы 
шешім  шығарылған  кезде  сот  некені  (ерлі-зайыптылықты)  жа-
рамсыз деп тану үшін негіз болып табылған мəн-жайлар неке қию 
(ерлі-зайыпты  болу)  кезінде  өзіне  белгілі  болмаған  жұбайдың 
(адал  ниетті  жұбайдың)  екінші  жұбайдан  осы  Кодекстің 148 
жəне 149-баптарына сəйкес қаражат алу құқығын тануға құқылы, 
ал  неке  (ерлі-зайыптылық)  жарамсыз  деп  танылған  кезге  дейін 
бірлесіп  сатып  алынған  мүлікті  бөлуге  қатысты  осы  Кодекстің 
33, 37 жəне 38-баптарында  белгіленген  ережелерді  қолдануға, 
сондай-ақ  неке  шартын  толық  немесе  ішінара  жарамды  деп 
тануға құқылы.
Адал  ниетті  жұбай  Қазақстан  Республикасының  Азаматтық 
кодексіне сəйкес екінші жұбайдан өзіне келтірілген материалдық 
жəне моральдық зиянды өтеуді талап етуге құқылы.
5. Адал ниетті жұбай некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз 
деп тану кезінде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік 
тіркеу кезіндегі өзі таңдаған тегін сақтауға құқылы.
6-тарау. ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫҢ ЖЕКЕ 
ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
29-бап.  Ерлі-зайыптылардың  құқықтары  мен    міндетте-
рінің туындауы
Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері неке қиюды 
(ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркелген күннен бастап ту-
ындайды.


186
30-бап. Ерлі-зайыптылардың отбасындағы теңдігі
1.  Ерлі-зайыптылар  тең  құқықтарды  пайдаланады  жəне  тең 
міндеттер атқарады.
2.  Ерлі-зайыптылардың  əрқайсысы  қызмет  түрін,  кəсібін, 
тұратын, болатын жерлерін жəне діни сенімін таңдауға ерікті. 
3. Ерлі-зайыптылар ана болу, əке болу, балаларды тəрбиелеу, 
білім беру мəселелерін жəне отбасы өмірінің басқа да мəселелерін 
бірлесіп шешеді. 
4.  Ерлі-зайыптылар  отбасындағы  өз  қатынастарын  өзара 
сыйластық пен өзара көмек негізінде құруға, отбасының игілігі 
мен  нығаюына  жəрдемдесуге,  өз  балаларының  денсаулығына, 
өсіп-жетілуіне  жəне  олардың  əл-ауқат  жағдайына  қамқорлық 
жасауға міндетті. 
7-тарау. ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫҢ МҮЛІКТІК 
ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
§1. Ерлі-зайыптылар мүлкінің заңдық режимі
32-бап. Ерлі-зайыптылар мүлкінің заңдық режимі ұғымы
1.  Егер  неке  шартында  өзгеше  белгiленбесе,  ерлi-
зайыптылардың  бiрлескен  ортақ  меншiгiнiң  режимi  олардың 
мүлкiнiң заңдық режимi болып табылады. 
2.  Ерлi-зайыптылардың  шаруа  немесе  фермер  қожалығы 
мүшелерiнiң бiрлескен ортақ меншiгi болып табылатын мүлiктi 
иелену,  пайдалану  жəне  оған  билік  ету  құқығы  Қазақстан 
Республикасының Азаматтық кодексiнде айқындалады. 
33-бап. Ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігі
1.  Ерлi-зайыптылар  некеде  тұрған  (ерлі-зайыпты  болған) 
кезінде жинаған мүлiк олардың бiрлескен ортақ меншiгi болып 
табылады. 
2.  Ерлi-зайыптылардың  неке  болған  (ерлі-зайыптылық) 
кезінде  жинаған  мүлкiне  ерлi-зайыптылардың  əрқайсысының 
еңбек қызметiнен, кəсiпкерлiк қызметтен жəне зияткерлiк қызмет 
нəтижелерiнен  түскен  табыс  сомалары,  ерлi-зайыптылардың 
ортақ мүлкiнен жəне ерлi-зайыптылардың əрқайсысының бөлек 
мүлкiнен  алынған  табыс  сомалары,  олар  алған  зейнетақылар, 


187
жəрдемақы,  зейнетақы  жинақтары,  сондай-ақ  арнаулы  нысана-
лы мақсаты жоқ өзге де ақшалай төлемдер (материалдық көмек 
сомалары,  жарақат  алу  не  денсаулығының  өзге  де  зақымдануы 
салдарынан еңбек қабiлетiнен айрылуына байланысты нұқсанды 
өтеуге  төленген  сомалар  жəне  басқалары)  жатады.  Сондай-
ақ  ерлi-зайыптылардың  ортақ  табыс  сомалары  есебiнен  сатып 
алынған  жылжымалы  жəне  жылжымайтын  мүлiктер,  бағалы 
қағаздар,  пайлар,  салымдар,  кредиттік  ұйымдарға  немесе  өзге 
де  ұйымдарға  салынған,  капиталдағы  үлестер  жəне  ол  отба-
сында  кімнің  атына  сатып  алынғанына  не  ақша  қаражаттарын 
ерлi-зайыптылардың  қайсысы  салғанына  қарамастан,  ерлi-
зайыптылар неке (ерлі-зайыптылық) кезеңінде жинаған басқа да 
кез келген мүлiк ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi болып табы-
лады.
3.  Ерлi-зайыптылардың  ортақ  мүлкіне  құқық  неке  (ерлі-
зайыптылық) кезеңінде үй шаруашылығын жүргiзудi, балаларды 
бағып-күтудi жүзеге асырған немесе басқа да дəлелдi себептер-
мен жеке табысы болмаған жұбайға да тиесiлi болады.
34-бап. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін иелену, пайда-
лану жəне оған билік ету
1. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн иелену, пайдалану жəне 
оған  билiк  ету  ерлi-зайыптылардың  өзара  келiсiмi  бойынша 
жүзеге асырылады.
2.  Ерлi-зайыптылардың  ортақ  мүлкiне  билiк  ету  жөнiнде 
ерлi-  зайыптылардың  бiреуi  мəмiлелер  жасасқан  кезде  екiншi 
жұбайының  келiсiмi  қажет  болады.  Екінші  жұбайдың  тек  қана 
оның  талап  етуі  бойынша  оның  келісімі  болмаған  себептері 
бойынша  жəне  егер  басқа  тарап  осы  мəмiленi  жасасуға  екінші 
жұбайдың  келiспеуі  туралы  бiлгендiгi  немесе  көрінеу  бiлуге 
тиiс  болғандығы  дəлелденген  жағдайларда  ғана  сот  ерлi-
зайыптылардың  бiреуiнің  ерлi-зайыптылардың  ортақ  мүлкiне 
билік  ету  жөнiнде  жасасқан  мəмiлені  жарамсыз  деп  тануы 
мүмкiн.  
3.  Ерлi-зайыптылардың  бiреуi  жылжымайтын  мүлікке  иелік 
ету  жөнінде  мəміле  жəне  нотариатта  куəландыруды  жəне  (не-
месе) заңда белгіленген тəртіппен тіркеуді қажет ететiн мəмiле 
жасасуы  үшiн  екінші  жұбайдың  нотариатта  куəландырылған 
келiсiмiн алу қажет. 


жүктеу 1,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау