182
жұбайдың талап етуі бойынша осы қаражат мөлшерін айқындауға
міндетті.
3. Егер мүлікті бөлу үшінші бір адамдардың мүдделерін
қозғайтын болса, сот мүлікті бөлу туралы жеке іс жүргізуді та-
лап етуге құқылы.
23-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзған кезде оның
тоқтатылу кезі
1. Тіркеуші органдарда бұзылған неке (ерлі-зайыптылық)
- азаматтық хал актілерін жазу кітабында некенің (ерлі-
зайыптылықтың) бұзылуы мемлекеттік тіркелген күннен бастап,
ал неке (ерлі-зайыптылық) сотта бұзылған кезде некені (ерлі-
зайыптылықты) бұзу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген
күннен бастап тоқтатылады.
Сот некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы соттың шешімі
заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде сот шешімінің
көшірмесін шешім шығарылған жер бойынша, сондай-ақ неке
қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеген жер бойынша
тіркеуші органға жолдауға міндетті.
2. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы заңды күшіне
енген соттың шешімі сот шешімі шығарылған жер бойынша
не ерлі-зайыптылардың біреуінің тұрғылықты жері бойынша
тіркеуші органдарда мемлекеттік тіркеуге жатады.
Ерлі-зайыптылар осының алдындағы некенің (ерлі-
зайыптылықтың) бұзылғаны туралы куəлік алғанға дейін жаңадан
некеге (ерлі-зайыптылыққа) отыруға (тіркелуге) құқылы емес.
24-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) тоқтатудың салда-
ры
Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, некенің
(ерлі-зайыптылықтың) тоқтатылуымен ерлі-зайыптылардың
өздерінің
неке-отбасылық
(ерлі-зайыптылық-отбасылық)
қатынастарынан туындайтын мүліктік жəне жеке мүліктік емес
құқықтары мен міндеттері тоқтатылады.
183
5-тарау. НЕКЕНІҢ (ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛЫҚТЫҢ)
ЖАРАМСЫЗДЫҒЫ
25-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тану
1. Осы Кодекстің 10 - 12-баптарында белгіленген шарттар
бұзылған кезде, сондай-ақ мынадай жағдайларда:
1) неке (ерлі-зайыптылық) жалған қиылған кезде;
2) неке (ерлі-зайыптылық) мəжбүрлеп қиылған кезде;
3) егер некеге отырған (ерлі-зайыпты болған) адамдардың
біреуі екіншісінен құрылған отбасы мүшелеріне, жеке басының
жəне қоғамның қауіпсіздігіне нақты қатер төндіретін ауруы бар
екенін жасырса;
4) егер некеге отырған (ерлі-зайыпты болған) адамдардың
біреуі екіншісінен басқа адамның пайдасына алимент төлеу
фактісін жасырса, сот некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп
таниды.
2. Сот некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тану тура-
лы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн
ішінде соттың осы шешімінің үзінді көшірмесін неке қиюдың
(ерлі-зайыпты болудың) мемлекеттік тіркелген жері бойынша
тіркеуші органға жіберуге міндетті.
3. Неке (ерлі-зайыптылық) қиылған күнінен бастап жарамсыз
деп танылады.
26-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тану-
ды талап етуге құқығы бар адамдар
1. Некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тану туралы та-
лап етуге:
1) егер неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адаммен
неке қиылса (ерлі-зайыпты болса), кəмелетке толмаған жұбайы,
оның заңды өкілдері немесе прокурор;
2) некелесуде (ерлі-зайыпты болуда) құқығы бұзылған жұбай,
сондай-ақ, егер мəжбүр ету, алдау, қателесу нəтижесінде немесе
некелесуді (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу кезінде өз
іс-əрекеттерінің мəнін түсінбеген жəне өзін-өзі билей алмаған
жай-күйінің салдарынан ерлі-зайыптылардың біреуінің некеге
отыруға ерікті келісімі болмаған кезде неке қиылса (ерлі-зайыпты
болса), прокурор;
3) неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) кедергі келтіретін мəн-
184
жайлардың бар екенін білмеген жұбайы, əрекетке қабілетсіз
деп танылған жұбайдың қорғаншысы, осының алдындағы
бұзылмаған неке (ерлі-зайыптылық) бойынша жұбайы;
4) прокурор, сондай-ақ жалған неке қию (ерлі-зайыпты болу)
жағдайында, некенің (ерлі-зайыптылықтың) жалғандығы туралы
білмеген жұбайы;
5) осы Кодекстің 25-бабы 1-тармағының 3) жəне 4)
тармақшаларында аталған мəн-жайлар болған кезде құқығы
бұзылған жұбайы құқылы.
2. Неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адаммен,
сондай-ақ сот əрекетке қабілетсіз деп таныған адаммен қиылған
некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тану туралы істі
қарау кезінде іске қатысуға қорғаншылық немесе қамқоршылық
жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган тартылады.
27-бап. Некенің (ерлі-зайыптылықтың) жарамсыздығын
болғызбайтын мəн-жайлар
1. Егер некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тану ту-
ралы істі қарау кезіне неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) кедергі
келтірген мəн-жайлар жойылса, сот осы кезден бастап некені
(ерлі-зайыптылықты) жарамды деп тануға құқылы.
2. Сот неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адаммен
қиылған некені (ерлі-зайыптылықты), егер мұны кəмелетке
толмаған жұбайдың мүдделері талап етсе, сондай-ақ некені (ерлі-
зайыптылықты) жарамсыз деп тануға оның келісімі болмаған кез-
де жарамсыз деп тану туралы талап-арыздан бас тартуы мүмкін.
3. Егер мұндай некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеткен адам-
дар істі сот қарағанға дейін іс жүзінде отбасын құрса, сот некені
(ерлі-зайыптылықты) жалған деп тани алмайды.
4. Ерлі-зайыптылардың арасында жақын туыстық болған
не некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу кезінде
ерлі-зайыптылардың біреуі басқа бұзылмаған некеде тұрған
(ерлі-зайыпты болған) жағдайларды қоспағанда, неке (ерлі-
зайыптылық) ол бұзылғаннан кейін жарамсыз деп таныла алмай-
ды.
28-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп
танудың салдары
1. Осы баптың 4 жəне 5-тармақтарында белгіленген
Достарыңызбен бөлісу: |