Кембридж бағдарламасымен жүргізілген іс-тәжірибемнен
(қазақ тілі пәні бойынша)
Құрастырушы: Баймаханова Тынымкул Канаевна
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы,
Жабасақ орта мектебінің
бастауыш класс мұғалімі
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы,
Жабасақ орта мектебі
Құрастырушы: Баймаханова Тынымкул Канаевна - бастауыш класс мұғалімі
Ұсынылып отырған жинақта мұғалімнің шығармашылығы мен оқу-танымдық шеберлігінің нәтижесіндегі Кембридж бағдарламасы бойынша тізбектелген сабақтар топтамалары үлгілері және іс-тәжірибелері туралы есептері келтірілген. Мұғалімнің шығармашылық ізденістерінен туындаған іс-тәжірибелік еңбегінен шәкірттерінің білім алуына жол салған жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді көруге болады.
Бұл жинақты бастауыш класс мұғалімдері көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.
Оқыту және оқу тәжірибесіне Бағдарламаның жеті модулі қалай ықпалдастырылғаны көрсетілген
тізбектелген сабақтар топтамасын орташа мерзімді жоспарлау
Мен, Баймаханова Тынымкул, мектептегі тәжірибе барысында 3-класқа қазақ тілі пәнін өткізуді жоспарлап отырмын. Класта 14 оқушы бар. Тәжірибе барысында сындарлы оқытудың мақсатын ұстана отырып, қысқа мерзімді жоспар құрдым. Тізбектелген сабақты жоспарлаудағы жалпы мақсатым-мәтінді талдауға негізгі ойды табуға, ой қорытындысын жасауға, әрі қарай жалғастыруға,аяқтауға және мәтін құрауға үйрету арқылы оқушылардың қызығушылығын оятып, ойлау қабілетін жетілдіру, мәтін туралы түсініктерін кеңейту. Әр сабақты бағдарламадағы жеті модульмен ықпалдастыра құрдым. Топтық жұмысқа белсене қатысу, нені қалай оқу керектігін ұғыну, қалыпты және жиынтық бағалау әдістерін жүзеге асыру, сыни тұрғыдан ойлауды қалыптастыру. АКТ-ны тиімді пайдалану.
Осы орайда көшбасшы ретінде класс ерекшелігін ескере отырып, тізбектелген сабақ барысында тапсырмаларды күрделендіремін. Оқушылардың өзін-өзі реттеуі мен сыныптағы ынтымақтастықты қалыптастыру мақсатында тренинг өткізуді ұйғардым. Сондықтан оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерін сыни тұрғыдан ойлауға үйрету мен Талантты және дарынды балаларды оқытуды эссе жазу, сахналау сияқты шығармашылық тапсырмалар, оқыту үшін және оқуды бағалау үшін «үш шапалақ», «жұлдызша» , топты бағалауда «Бас бармақ» әдісі, «Екі жұлдыз, бір тілек», жетон, бірін -бірі бағалау, «Алма ағашы», «Бағдаршам» әдісін пайдаланамын «Оқушының үнін» білу үшін « Рефлексия» жүргіземін. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу барысында үйге тапсырмалар деңгейлік бойынша жүргізіледі. Сонымен қатар «Білімді тексер» , «Мен саған, сен маған» әдісі, көру диктантын орындатамын. Сабақтың құрылымын жеті модульмен ықпалдастырып жоспарлаймын.
Мақсаты: Оқушылардың мәтін туралы алған білімін әрі қарай жетілдіре отырып, бірлесіп жұмыс жасауына, өз идеяларын ұсына білуге, талқылауға, өз бетінше үйренуге ықпал ету. Жаңаша оқыту әдістерімен сыни тұрғыда ойлау дағдыларын дамытуға ықпал ету.
№
|
Сабақ
тың тақырыбы
|
Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
|
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер,
барлық оқушыларды сабаққа тарту жұмыстары
|
Оқып-үйренудің нәтижесі
(сабақ соңында оқушылар нені біліп шығады, ұғынады деп үміттенесіз?)
|
Үйрену мақсатындағы бағаны қоса алғандағы бағалау
(Сабақ соңында жоспарыңыз бойынша оқушы тақырыпты қаншалықты меңгергенін қалай біле аласыз? Қандай бағалау тәсілін қолданасыз?
|
Негізгі дереккөздер
|
1
|
Мәтін
|
Мәтін туралы алған
блімін әрі қарай жетілдіру. Мәтіннің жасалу жолын, құрылымын, байланысуын, сөйлемнен айырмашылығын анықтай білу. Мәтін құрастыру, оған өз пікірін, ойын қосуға, әрі қарай жалғастыруға
үйрету.
|
1. Шаттық шеңбері «Сиқырлы гүл»
2.Топқа бөлу «Мозайка»
«Дыбыстар» ,«Сөздер», «Сөйлемдер»
3. Қызығушылығын ояту
« ЖИГСО » постер
4. «Адасқан сөздер»
5. «Еркін жазу» әдісі
6. «Алма ағашы». Рефлексия
|
Мәтін туралы алған білімдерін кеңейте отырып, алғашқы сабақтан бастап біріге отырып, оқуға үйренеді. Оқушылар бір- бірімен ақылдаса отырып, диалогқа түседі.
|
Үш шапалақ
Жетонмен
Топтық бағалау
Топтық бағалау
|
Оқулық,
сюжетті суреттер,
АКТ,
тірек сөздер.
|
2
|
Мәтіндегі негізгі ой
|
Мәтінді талдауға, негізгі ойды табуға, ой қорытындысын жасауға, әрі қарай жалғастыруға, аяқтауға және мәтін құрауға үйрету арқылы оқушылардың сөздік қорларын арттыру, мәтінді сахналау, сыни ойлауға, бағалай білуді үйрену.
|
1.Топқа бөлу. «Мақта қыз бен мысық», «Бауырсақ» ,«Түлкі мен ешкі»
2.Тренинг. «Дүкен»
3. Мәтінмен жұмыс.Жұптық жұмыс.
4.Ой қозғау «Араласып кеткен оқиғалар»
5. « ЖИГСО» жұппен,топпен талдап,басқа топпен ауысып бір- біріне түсіндіреді.
6.«Бұл қай ертегі» дидактикалық ойын.
7..« Блум» токсаномиясы
|
Мәтін туралы біледі. Мәтіннің сөйлеммен айырмашылығын тауып ажырата алады. Өз пікірлерін дәлелдеуді, өзгенің пікірін тыңдай білуді үйренеді.
|
Үш шапалақ
жетон
2 жұлдыз, 1 тілек
Бірін -бірі бағалау
Үш шапалақ
2 жұлдыз, 1 тілек
|
Ертегі кейіпкерлері-нің суреттері,
ертегіні сахналау,
бүктеме тірек сөздер,
таратпа материалдар.
|
3
|
Мәтін
нің
түрлері
|
Оқушыларға мәтіннің түрлерін ажырата білуге, дұрыс жүйелі құрастыруға үйрету. Жеке суреттер бере отырып, сөйлемдер құрату. Оқушылар өз ойларын ашық, жүйелі баяндау, сөздік қорын дамыту.
|
1.«Ыстық алақан» тренинг.
2.Топқа бөліну. Жетон дөңгелекшелерде «А», «Б», «Т» әріптер жазылған. А –тобы- Алғырлар, Б -тобы -Білгірлер, Т- тобы –Тапқырлар болып топқа бөлінді.
3.«Конверт-сұрақ». әдісі.
4.«Аялдама» әдісі. Әр топ өздерінің құраған мәтінін басқа топ мүшелеріне әңгімелеп береді.
5. Шығармашылық тапсырма.
6.Кері байланыс.
|
Мәтін түрлеріне ажырата отырып, өз бетінше мәтін құрау арқылы сөздік қорын дамыту. Кері байланыс жасай отырып, балалар өздеріне баға қоюға дағдыланады.
|
Үш шапалақ
.
Жетонмен
Топ басшысы
Топ басшысы
Стикерге жазып, тақтаға жапсырады.
|
Қима қағаздар, суреттер, оқулық,
видео ролик, сызба,
тірек сөздер.
|
4
|
Жоспар бойынша мәтін
құрастыру
.
|
Оқушыларды мәтін түрлерін ажырата білуге, жоспар бойынша мәтін құрастыра білуге мүмкіндік туғызу, байланыстырып сөйлеу тілін, ақыл ойын дамыту. Оқушылардың ойын түйіндеу, білімін толықтыру.
|
1. Психологиялық тренинг
2.Топқа бөлу. «Әңгімелеу», «Сипаттау», «Пайымдау»
3. «Қар үйіндісі» сұрақ –жауап.
4. «Суреттер сөйлейді» әдісі
5.Тест
6. «Мен саған, сен маған» сұрақ-жауап әдісі.
|
Жоспар бойынша мәтін құрауға үйренді. Өз ойын ашық айтуға,топпен, жұппен жұмыс жасауға, шешім қабылдауға , бағалауға қалыптасады.
|
Жетонмен
Үш шапалақ
Бірін -бірі бағалау
ББҮ
|
Сюжетті суреттер,
топтық жұмыс, АКТ , тест.
|
Қысқа мерзімді жоспар
Күні:
|
Пәні Қазақ тілі
|
Класы 3
|
Тақырыбы:
|
Мәтін
|
Мақсаты
|
Мәтін туралы алған білімін әрі қарай жетілдіру. Мәтіннің жасалу жолын, құрылымын, байланысуын ,сөйлемнен . айырмашылығын анықтай білу. Мәтін құрастыру , оған өз пікірін , ойын қосуға, әрі қарай жалғастыруға үйрету.
|
Күтілетін нәтиже
|
1.Мәтін туралы біледі. Мәтіннің сойлеммен айырмашылығын тауып ажырата алады.
2.Мәтін құрастырып, тақырып таңдай біледі.
3.Сауатты,көркем жазуға үйренеді.
|
Түйінді идеялар (кілтті сөздер)
|
«Қайда жүрсекте біз бәріміз біргеміз»
|
Сабақ кезеңдері:
|
Сабақ барысы
|
Бағалау
|
ресурстар
|
Кіріспе
2 мин
3 мин
5 мин
|
1.Ұйымдастыру бөлімі
Шеңбер құру . «Сиқырлы гүл» тренинг, қолындағы гүлін келесі оқушыға берерде сәттілік тілейді. (2 мин)
2.«Мозаика» әдісімен топқа бөлу. «Дыбыстар», «Сөздер», «Сөйлемдер».
3.Үй тапсырмасын тексеру.
3-топқа үш түрлі тапсырма беріледі, орталарынан бір оқушы шығып қорғайды.
1-топ. «Дыбыстар» Дыбыс туралы не білеміз?
2-топ. «Сөздер» Дауысты дыбыс түрлерін сызбамен көрсет?
3-топ. «Сөйлемдер». Дауыссыз дыбыс түрдерін сызбамен көрсет.
Әр топтан бір оқушы шығып жазғандарын қорғайды.
-Дыбыстан сөз құралады, ал сөзден не құралады.
-Сөзден сөйлем құралады.
|
3 шапалақ
жетонмен
|
Суреттер
|
Тұсаукесер
6 мин
4 мин
|
1.Назарларын жаңа сабаққа аудару.
Топпен жұмыс
1-топ «Дыбыстар» «Сөздер» Суретпен жұмыс.
2-топ «Сөздер» Сөйлеммен мәтінді салыстыр. Қайсысы мәтін?
3-топ «Сөйлемдер». «Адасқан сөздер» ойыны. Орындары ауыстырылып сөздер берілген, сол сөздерден сөйлемдер құрастырайық.
2. «Кім жылдам?» ойыны
-Құраған сөйлемдерді рет- ретімен қойып байланыстырып көрейік. Неше сөйлем құрадыңдар?
-Ойланыңдар сөйлемдер не түралы?
-Құралған сөйлемдерің бірін -бірі толықтырып, бір -бірімен байланысып тұр ма?
-Ендеше құраған сөйлемдерін бірін-бірі толықтырып, бір-бірімен байланысып тұрса, сөйлемдерден не құрастырдық?
-Мәтін дегеніміз не екенін ойланып, қорытынды шығарайық.
Ереже: Жазбаша немесе ауызша ойды жеткізу. Бірнеше сөйлемнен тұрады. Сөйлемдер бір-бірімен мағына жағынан байланысып тұр.
Бұл-мәтін.
|
Топтық бағалау
3 шапалақ
|
Суреттер АКТ
Оқулық
АКТ
|
Негізгі бөлім
12 мин
3 мин
|
1.Оқулықпен жұмыс.
1-топ «Дыбыстар 1-жаттығу. Салыстыр. Қайсысы мәтін.
2-топ «Сөздер» 2-жаттығу Мәтінді оқы. Мәтінге ат таңда.
3-топ «Сөйлемдер». Мәтіндегі негізгі ойды беретін атауды жаз..
3-жаттығу. Мәтінді сөйлемдерге ажыратып жаз. «Біздің көл»
2.Сергіту сәті «Күз»
|
Топтық бағалау
|
Оқулық
|
Қорытынды__6_мин'>Қорытынды
6 мин
|
1.Шығармашылық тапсырма: «Еркін жазу» әдісі.
Әр топ оқушыларына «Жыл мезгілдері» суреттері таратылады. Сурет бойынша мәтін құрастырады.
|
Топтық бағалау
|
Көктем, Жаз, Қыс
мезгілдерінің
суреттері.
|
Қосымша оқу
Үйге тапсырма 2 мин
|
«Қоңыр күз» тақырыбына мәтін құрастыру.
|
Рефлексия 2 мин
|
«Ынтымақтастық ағашына » өздерінің сабақтан алған әсерлерін жазады.
Не білдім? Не үйрендім? Не ұнады?
|
Не сәтті өтті?
Нені дамыта аласыз?
|
|
Не сәтсіз өтті?
Нені өзгерткіңіз келеді?
|
|
Қысқа мерзімді жоспар
Күні:
|
Пәні қазақ тілі
|
Класы 3
|
Тақырыбы:
|
Мәтіндегі негізгі ой
|
Мақсаты
|
1.Мәтінді талдауға, негізгі ойды табуға, ой қорытындысын жасауға, әрі қарай жалғастыруға, аяқтауға және мәтін құрауға үйрету арқылы оқушылардың қызығушылығын оятып, ойлау қабілетін жетілдіру. Өзін- өзі бағалау арқылы өз білім деңгейін саралау.
2.Сөз қорларын арттыру, сыни ойлауға, бағалай білуді үйрену.
3.Өз ойын толықтай қорытып айта алатын, саналы тұлға тәрбиелеу.
|
Күтілетін нәтиже
|
Суреттер бойынша және белгілі бір жағдайға байланысты әңгіме құрау.
|
Түйінді идеялар (кілтті сөздер)
|
Ізден, талпын,ерінбе
Шешілер сонда түйінде.
|
Сабақ кезеңдері:
|
Сабақ барысы
|
Бағалау
|
ресурстар
|
Кіріспе
3 мин
3 мин
7 мин
|
1.Ұйымдастыру Тренинг: «Дүкен» ойыны.
Топқа бөлу. «Мақта қыз бен мысық», «Бауырсақ», «Түлкі мен ешкі» кертегілерінің кейіпкерлері бойынша топқа бөлінеді.
Үй тапсырмасын тексеру.
«Қоңыр күз» тақырыбына жазылған мәтіндерін тыңдау.
Мәтін деп нені айтамыз?
Мәтін жайлы не білесің?
|
3 шапалақ
Жетон арқылы
|
Ертегі кейіпкерлерінің суреттері
|
Тұсаукесер
Ой қозғау
5 мин
|
«Араласып кеткен оқиғалар» стратегиялары бойынша жұмыс істеу. «Шалқан» ертегі
|
2 жұлдыз,1 тілек
|
Ертегінің әр бөлігіндегі негізгі ойды табу.
АКТ
|
Негізгі бөлім
Мағынаны тану кезеңі
7 мин
3 мин
7 мин
|
«ЖИГСО» әдісі бойынша берілген мәтінді әр топ әуелі жұппен, кейін топпен талдап, басқа топпен ауысып бір-біріне түсіндіреді.
1-топқа 5-жаттығу. Суретте қай ертегі бойынша салынған?
Томендегі сөйлемдердің берілу реті сурет мазмұнына сәйкес келе ме? Сурет реті бойынша айту.
2-топқа 6-жаттығу. «Түлкі мен ешкі» ертегісін айтуға дайындалу.
3-топқа 7-жаттығу. Қарамен жазылған сөздерді ертегі мазмұнының ретіне қарай айту.
Сергіту сәті: Ал, балалар тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай иіліп
Солға қарай иіліп.
Бір отырып, бір тұрып
Бір тынығып алайық.
8-жаттығу. «Түлкі мен құмыра»
1-топқа Ертегі мазмұнын айту.
2-топқа Мәтін бойынша сурет салу.
3-топқа Түлкіге мінездеме беру.
|
.
Бірін-бірі бағалау
3 шапалақ
Бірін- бірі бағалау
|
Оқулық, АКТ
Рөлге бөлініп оқу, қойылым дайындау.
Тірек сөздер
видеоролик
Оқулық
|
Қорытынды
6 мин
|
1. «Бұл қай ертегі?» дидактикалық ойын. Мұғалім оқушыларға таныс ертегілерден тірек сөздерін айтып «БҰЛ ҚАЙ ЕРТЕГІ» деп сұрақ қояды. Оқушылар ертегі тақырыбын табады
-Ертегінің атын табуға қандай сөздер көмектесті?
Жауап: Тірек сөздер.
«Демек, ертегінің атын табуға көмектесетін сөздердің тобын тірек сөздер дейміз.»
|
3 шапалақ
|
Тірек сөздер
|
Қосымша оқу
Үйге тапсырма 2 мин
|
Ертегі кітаптар, Балдырған материалдары.
4-жаттығу арқылы әңгімелеу мәтінін қалай құрастыруға болатынын еске түсіру керек. Оқушылар «Жайлаудағы бір күнім» тақырыбына әңгімелеу мәтінін құрастырады.
|
Рефлексия 2 мин
|
Бүгінгі сабақта мен не меңгердім?
Сабақ барысында мен не жасай алдым?
Әр топтағы оқушылар өзін -өзі «Бағдаршам әдісі» арқылы бағалайды.
|
Не сәтті өтті?
Нені дамыта аласыз?
|
|
Не сәтсіз өтті?
Нені өзгерткіңіз келеді?
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |