* Мереке күндері демалыс күндерімен сәйкес келген кезде мереке күнінен кейінгі келесі жұмыс күні демалыс күні болып табылады.
2.4. Күндік (сағаттық) жалақы – уақыт бірлігіне (күн, сағат) жалақы.
Жұмыскердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі тарифтік мөлшерлемені (лауазымдық айлықақыны) тиісті күнтізбелік жылдағы жұмыс уақытының балансына сәйкес бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасында ағымдағы айдағы жұмыс күндерінің (сағаттарының) санына бөлу жолымен айқындалады.
Мысалы, жұмыскердің лауазымдық айлықақысы 100000 теңгені кұрайды, 2015 жылға жұмыс уақытының балансы бойынша сәуір айына жұмыс күндерінің саны бес күндік жұмыс аптасында 22 күнді құрайды.
Күндік мөлшерлеме 100000/22=4545,5 теңгені құрайды.
2.5. Орташа жалақы
Орташа жалақы дегеніміз – жұмыскерге оның жалақысының сақталуына кепілдік берілетін кезең үшін жұмыс беруші есептейтін және жұмыскерге төленетін ақша қаражатының сомасы.
1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес (Ерекше бөлім) азаматтың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу үшін айқындалған орташа айлық жалақыны қоспағанда, бес күндік, сондай-ақ алты күндік жұмыс аптасындағы орташа айлық жалақыны есептеу белгіленген қосымша ақылар мен үстемеақылар, сыйлықақылар және еңбекақы төлеу жүйесінде көзделген тұрақты сипаттағы басқа да ынталандыру төлемдері ескеріле отырып, тиісті кезеңге орташа күндік (сағаттық) жалақының есебінен нақты жұмыс істелген уақыт үшін жүргізіледі.
Азаматтың өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 2-параграфында реттеледі.
2.6. Орташа күндік (сағаттық) жалақы
1) Бес күндік, сондай-ақ алты күндік жұмыс аптасындағы орташа айлық жалақыны есептеу белгіленген қосымша ақылар мен үстемеақылар, сыйлықақылар және еңбекақы төлеу жүйесінде көзделген тұрақты сипаттағы басқа да ынталандыру төлемдері ескеріле отырып, оның ішінде лауазымдарды қоса атқарғаны үшін (қызмет көрсету аймағының кеңейгені үшін) үстеме жұмысқа ақы төлеу, уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін атқарғаны, түнгі уақыттағы, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс үшін қосымша ақы ескеріле отырып, тиісті кезеңге орташа күндік (сағаттық) жалақының есебінен нақты жұмыс істелген уақыт үшін жүргізіледі.
Орташа күндік (сағаттық) жалақы – уақыт бірлігі (күн, сағат) үшін орташа жалақы.
Барлық жағдайларда орташа күндік (сағаттық) жалақы есеп айырысу кезеңінде есептелген жалақы сомасын осы кезеңдегі жұмыс күндерінің (сағаттарының) санына бөлу жолымен айқындалады.
Жұмыс уақытын жиынтық есепке алу кезінде орташа сағаттық жалақы пайдаланылады.
Орташа сағаттық жалақы барлық жағдайларда есеп айырысу кезеңінде есептелген жалақы сомасын осы кезеңде істелген жұмыс сағаттарының санына бөлу жолымен айқындалады.
Орташа күндік (сағаттық) жалақыны есептеу кезінде осы Қағидаларға қосымшада көрсетілген төлемдер ескерілмейді.
Мысалы, ұйымда бес күндік 40-сағаттық жұмыс аптасы.
Жұмыскер 2015 жылғы 8 қаңтардан бастап 11 қаңтарды қоса алғанда уақытша еңбекке жарамсыз. Есеп айырысу кезеңі 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезең.
Есеп айырысу кезеңінде жұмыскер 2014 жылғы 5 сәуірден бастап 10 сәуірді қоса алғанда уақытша еңбекке жарамсыз, 2014 жылғы 3 желтоқсаннан бастап 19 желтоқсанды қоса алғанда жалақысы сақталмайтын демалыста болды;
оқиға кезеңіне сәйкес келетін жұмыс күндерінің саны 2 жұмыс күні.
Есеп айырысу кезеңінде жұмыскерге есептелген жалақының сомасын айқындаймыз:
Ай
|
Нақты жұмыс істелген күндер (күн/сағат)
|
Есептелген жалақы, теңге
|
2014 жылғы қаңтар
|
20/160
|
80000,00
|
2014 жылғы ақпан
|
20/160
|
80000,00
|
2014 жылғы наурыз
|
17/136
|
80000,00
|
2014 жылғы сәуір
|
18/144
|
65000,00
|
2014 жылғы мамыр
|
19/152
|
80000,00
|
2014 жылғы маусым
|
21/168
|
80000,00
|
2014 жылғы шілде
|
22/176
|
80000,00
|
2014 жылғы тамыз
|
21/168
|
80000,00
|
2014 жылғы қыркүйек
|
21/168
|
80000,00
|
2014 жылғы қазан
|
23/184
|
80000,00
|
2014 жылғы қараша
|
20/160
|
80000,00
|
2014 жылғы желтоқсан
|
9/72
|
36000,00
|
Жиыны:
|
231/1848
|
901000,00
|
Орташа күндік жалақыны есептеу үшін пайдаланылатын жұмыс күндерінің (сағаттарының) санын айқындау кезінде мыналар алып тасталған:
2014 жылғы 3 желтоқсаннан бастап 19 желтоқсанды қоса алғанда жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңіне сәйкес келетін жұмыс күндері (сағаттары);
2014 жылғы 5 сәуірден бастап 10 сәуірді қоса алғанда жұмыскердің уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңіне сәйкес келетін жұмыс күндері (сағаттары).
Тиісінше, көрсетілген кезеңдерде есептелген сомалар есепке алынбайды.
Орташа күндік жалақыны былайша есептейміз:
901000 теңге / 231 күніне /1848 сағат = 3900,43/487,6 теңге.
Жұмыскердің уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңіне орташа жалақыны есептейміз: 3900,43/487,6 теңге *оқиға кезеңіне сәйкес келетін жұмыс күндерінің / сағаттарының саны, яғни 3900,43*2 немесе 487,6*16
Уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша айлық әлеуметтік жәрдемақының мөлшері айлық есептік көрсеткіштің он бес еселенген мөлшерінен аспауға тиіс (айлық есептік көрсеткіш 2015 жылы 1982 теңге * 15 = 29730 теңге).
2) Қағидалардың 11-тармағына сәйкес толық емес жұмыс аптасы (жұмыс күні) кезінде орташа күндік (сағаттық) жалақыны есептеу жалпы негіздерде жүзеге асырылады.
2.7. Оқиға
Оқиға дегеніміз – Кодекске сәйкес жұмыскерге орташа жалақы сақталатын немесе төленетін жағдайлар.
3. Арттыру коэффициентін қолдану
Лауазымдық айлықақы арттырылған жағдайда орташа жалақыны есептеу арттыру коэффициентін ескере отырып, мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) егер арттыру есеп айырысу кезеңінде жүргізілсе, арттырудың алдындағы әрбір ай үшін орташа жалақы арттыру коэффициенті ескеріле отырып есептеледі;
2) егер арттыру есеп айырысу кезеңінен кейін оқиға басталғанға дейін жүргізілсе, есеп айырысу кезеңі үшін орташа жалақы арттыру коэффициенті ескеріле отырып есептеледі;
3) егер арттыру оқиға кезеңінде жүргізілсе, орташа жалақының бір бөлігі тарифтік мөлшерлеме (лауазымдық айлықақы) арттырылған күннен бастап көрсетілген кезең аяқталғанға дейін арттыру коэффициенті ескеріле отырып есептеледі.
Арттыру коэффициенті арттыру айында белгіленген тарифтік мөлшерлемені (лауазымдық айлықақыны) арттыруға дейін белгіленген тарифтік мөлшерлемеге (лауазымдық айлықақыға) бөлу жолымен есептеледі.
Негізгі персоналдың азаматтық қызметшілері үшін (В2; В3; В4 звеноларында) арттыру коэффициенті біліктілік санаты үшін қосымша ақыны есепке ала отырып, егер орташа жалақының есебіне 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген сома қосылған жағдайда, арттыру айында белгіленген лауазымдық айлықақыны арттыруға дейін белгіленген лауазымдық айлықақыға бөлу жолымен есептеледі.
Арттыру коэффициенті есеп айырысу кезеңінің шегінде әрбір тиісті айға есептелген жалақының жалпы сомасына қолданылады.
Арттыру коэффициенті:
жұмыскерді бір лауазымнан екіншісіне ауыстыру кезінде;
2) лауазымдық айлықақының мөлшерін есептеу кезінде ескерілетін жұмыскердің мамандығы бойынша жұмыс өтілін ұлғайту кезінде немесе жұмысшының біліктілік разрядын арттыру кезінде қолданылмайды.
Мысалы, маманның лауазымдық айлықақысы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 шілдені қоса алғандағы есеп айырысу кезеңінде бірнеше рет арттырылады:
қаңтарда, ақпанда, наурызда 90000 теңгені,
сәуірде, мамырда, маусымда 100000 теңгені,
шілдеде 120000 теңгені құрайды.
Бұл ретте, жұмыскер сол лауазымда жұмыс істеді. Осыған байланысты арттыру коэффициенті былайша айқындалады:
қаңтарға - (120000 теңге/90000 теңге) - коэффициент 1,33;
ақпанға - (120000 теңге/90000 теңге) - коэффициент 1,33;
наурызға - (120000 теңге/90000 теңге) - коэффициент 1,33;
сәуірге - (120000 теңге/100000 теңге) - коэффициент 1,2;
мамырға - (120000 теңге/100000 теңге) - коэффициент 1,2;
маусымға - (120000 теңге/100000 теңге) - коэффициент 1,2;
шілдеге -
1-мысал
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Егер арттыру есеп айырысу кезеңінде жүргізілсе, арттырудың алдындағы әрбір ай үшін орташа айлықақы арттыру коэффициенті ескеріле отырып есептеледі
|
Ұйымда бес күндік 40 сағаттық жұмыс аптасы.
Жұмыскерге 2016 жылғы 1 ақпаннан бастап 20 ақпанды қоса алғанда (15 жұмыс күні) ақы төленетін еңбек демалысы берілді.
Есеп айырысу кезеңі 2015 жылғы 1 ақпаннан бастап 2016 жылғы 31 қаңтарды қоса алғандағы кезеңді құрайды.
Лауазымдық айлықақы 2015 жылы 50000 теңгені құрады, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 60000 теңгені құрады.
Коэффициент 60000/50000=1,2.
Арттыру коэффициенті есеп айырысу кезеңінің шегінде әрбір тиісті айға есептелген жалақының жалпы сомасына қолданылады.
Ай
|
Нақты жұмыс істелген күндер
|
Жұмыс істелген кезең үшін есептелген жалақы сомасы
|
Коэффициент
|
Арттыру коэффициентін есептегенде жұмыс істелген кезең үшін есептелген жалақы сомасы
|
2015 жылғы ақпан
|
20
|
50000,00
|
1,2
|
60000,00
|
2015 жылғы наурыз
|
18
|
50000,00
|
1,2
|
60000,00
|
2015 жылғы сәуір
|
22
|
50000,00
|
1,2
|
60000,00
|
2015 жылғы мамыр
|
18
|
50000,00
|
1,2
|
60000,00
|
2015 жылғы маусым
|
22
|
50000,00
|
1,2
|
60000,00
|
2015 жылғы шілде
|
22
|
50000,00
|
1,2
|
60000,00
|
2015 жылғы тамыз
|
20
|
50000,00
|
1,2
|
60000,00
|
2015 жылғы қыркүйек
|
21
|
50000,00
|
1,2
|
60000,00
|
2015 жылғы қазан
|
22
|
50000,00
|
1,2
|
60000,00
|
2015 жылғы қараша
|
21
|
50000,00
|
1,2
|
60000,00
|
2015 жылғы желтоқсан
|
20
|
50000,00
|
1,2
|
60000,00
|
2016 жылғы қаңтар
|
18
|
60000,00
|
1,0
|
60000,00
|
Жиыны:
|
244
|
610000,0
|
|
720000,0
|
720000,0 теңге / 244 (жұмыс күні) = 2951,0 теңге (орташа күндік жалақы).
2951,0 теңге * 15 (жұмыс күні) = 44265,0 теңге (оқиға кезеңіне орташа жалақы).
2-мысал
Егер арттыру есеп айырысу кезеңінен кейін оқиға басталғанға дейін жүргізілсе, есеп айырысу кезеңі үшін орташа жалақы арттыру коэффициенті ескеріле отырып есептеледі
|
Ұйымда бес күндік 40 сағаттық жұмыс аптасы
Жұмыскерге 2016 жылғы 11 қаңтардан бастап 30 қаңтарды қоса алғанда (15 жұмыс күні) ақылы еңбек демалысы берілді.
Есеп айырысу кезеңі 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезеңді құрайды.
Лауазымдық айлықақы 2015 жылы 50000 теңгені құрады, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 60000 теңгені құрады.
Коэффициент 60000/50000=1,2.
Арттыру коэффициенті есеп айырысу кезеңінің шегінде әрбір тиісті айға есептелген жалақының жалпы сомасына қолданылады.
Ай
|
Нақты жұмыс істелген күндер
|
Жұмыс істелген кезең үшін есептелген жалақы сомасы
|
Коэффициент
|
Арттыру коэффициентін есептегенде жұмыс істелген кезең үшін есептелген жалақы сомасы
|
2015 жылғы қаңтар
|
19
|
50000,00
|
1,2
|
60000,00
|
2015 жылғы ақпан
|
20
|
50000,00
|
1,2
|
60000,00
|
2015 жылғы наурыз
|
18
|
50000,00
|
1,2
|
60000,00
|
2015 жылғы сәуір
|
22
|
50000,00
|
1,2
|
60000,00
|
2015 жылғы мамыр
|
18
|
50000,00
|
1,2
|
60000,00
|
2015 жылғы маусым
|
22
|
50000,00
|
1,2
|
60000,00
|
2015 жылғы шілде
|
22
|
50000,00
|
1,2
|
60000,00
|
2015 жылғы тамыз
|
20
|
50000,00
|
1,2
|
60000,00
|
2015 жылғы қыркүйек
|
21
|
50000,00
|
1,2
|
60000,00
|
2015 жылғы қазан
|
22
|
50000,00
|
1,2
|
60000,00
|
2015 жылғы қараша
|
21
|
50000,00
|
1,2
|
60000,00
|
2015 жылғы желтоқсан
|
20
|
50000,00
|
1,2
|
60000,00
|
Жиыны:__245__600000,0_____720000,0'>Жиыны:
|
245
|
600000,0
|
|
720000,0
|
720000,0 теңге / 245 (жұмыс күні) = 2938,8 теңге (орташа күндік жалақы).
2938,8 теңге * 15 = 44082,0 теңге (оқиға кезеңіне үшін орташа жалақы).
3-мысал
Егер арттыру оқиға кезеңінде жүргізілсе, орташа жалақының бір бөлігі лауазымдық айлықақы (мөлшерлеме) арттырылған күннен бастап көрсетілген кезең аяқталғанға дейін арттыру коэффициенті ескеріле отырып есептеледі
|
Ұйымда бес күндік 40 сағаттық жұмыс аптасы
Жұмыскерге 2016 жылғы 20 қаңтардан бастап 15 ақпанды қоса алғанда (19 жұмыс күні) ақы төленетін еңбек демалысы берілді.
Есеп айырысу кезеңі 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезеңді құрайды.
Лауазымдық айлықақы 2015 жылы 50000 теңгені құрады, арттыру 2016 жылғы 25 қаңтарда жүргізілді, 60000 теңге.
Коэффициент 60000/50000=1,2.
Ай
|
Нақты жұмыс істелген күндер
|
Жұмыс істелген кезең үшін есептелген жалақы сомасы
|
2015 жылғы қаңтар
|
19
|
50000,00
|
2015 жылғы ақпан
|
20
|
50000,00
|
2015 жылғы наурыз
|
18
|
50000,00
|
2015 жылғы сәуір
|
22
|
50000,00
|
2015 жылғы мамыр
|
18
|
50000,00
|
2015 жылғы маусым
|
22
|
50000,00
|
2015 жылғы шілде
|
22
|
50000,00
|
2015 жылғы тамыз
|
20
|
50000,00
|
2015 жылғы қыркүйек
|
21
|
50000,00
|
2015 жылғы қазан
|
22
|
50000,00
|
2015 жылғы қараша
|
21
|
50000,00
|
2015 жылғы желтоқсан
|
20
|
50000,00
|
Жиыны:
|
245
|
600000,0
|
Достарыңызбен бөлісу: |