Жауабы: той қоржын, қыз қоржын, бесік қоржын, сүндет қоржын және т.б.
Қыз қоржын дегеніміз не?
Жауабы: бұрынғы кезде ата-бабаларымыз қыздарының өзіне қажет әшекей бұйымдарын бір қапталына киімдерін салып қыздарына апарған.
Той кәделерінің түрлерін ата?
Жауабы: тойбастар, сарқыт, байғазы, көрімдік, сүйінші, айттық, жыртыс, шашу, бата т.б.
Есік ашар дегеніміз не?
Жауабы: Келін түсіру тойы аяқталған соң, жас келінді туыстары үлкен үйдің есігін ашуға, қонаққа шақырады. Отбасын көрсетеді, бата береді. Оны қазақтар «есік ашар» деп атайды. Есік ашарға шақырылған келін құр қол бармайды, өз тойына келген жасаудан көйлек-көншек ала барады. Үлкендерге сый көрсетіп, ибалық танытады.
Төркіндеу дегеніміз не?
Жауабы: әр қыздың парызы және оның бір-ақ рет төркіндеп баруға қақысы бар. Төркіндеудің халықтық, дәстүрлік маңызы зор және ол әйелдерге ғана тән ғұрып. Қазақ дәстүрінде қыз төркіндеп, күйеу қайындап, жиен нағашылап барады.
Бәсіре атау дегеніміз не?
Жауабы: ежелгі әдет-ғұрыптардың бірі. Ата-анасы баласына арнап жас төлге ен салады да оны «бәсіре» деп атайды. Бәсіре аталған төл өскен соң сол баланың қажетіне, тойына жаратылады. Оны ен салып, малды таңбалаумен шатастырмау қажет.
Босаға майлау дегеніміз не?
Жауабы: жастар шаңырақ құрғанында немесе біреу жаңа үй алғанында жақын туған-туыстары келіп жаңа үйдің босағасына май жағу салтын жасайды. Ол осы үй берекелі, майдай жұғымды, көптің үйі болсын деген ниеттен туған. Босағасын майлаған адамға шаңырақ иелері кәде береді.
Қорықтық құю дегеніміз не?
Жауабы: ол – емдік ғұрып. Ауырған адамның төбесінің үстіне (басына тигізбей) май құйылған табаны әкеліп, екінші бір ыдыста қорытылған сұйық (ыстық) қорғасынды оның үстіне құйып кеп жібереді. Сонда «шар» етіп кішкене қорғасын сұйығы бір бейне қалпына түседі. Емші соған қарап ауруға «Сіз иттен немесе адамнан, жыланнан қорыққансыз» дегендей болжам айтып, ауруды жазылатынына сендіреді.
Сүйек жаңғырту дегеніміз не?
Жауабы: бұрындары құда-құдағи болған жақтар қайтадан қыз алысып, қыз берісіп құдалықты одан әрі жалғастырса, оны сүйек жаңғырту дейді. Бұл салт қыз бен жігіттің келісімімен қазір де жасалып жүр.
Сыбаға дегеніміз не?
Жауабы: Сыбаға (дәстүр). Құрметті қонаққа немесе өздерінің жақын-туыстарына арнап сақтаған кәделі ет мүшелері «Сыбаға» деп аталады.
Ірімшіктің жасалу жолы қандай?
Жауабы: 3-4 л қайнатылған жылы сүтті және 1 стакан қатықты ыдысқа құйып, араластырады да әбден қоюланып, ұйығанша бөлме температурасында ұстайды. Үйығаннан кейін оны ірі кесектерге бөліп тіледі де, ыдысты су құйылған тегешке немесе үлкен табаққа салып, баяу жанған отқа қойып қыздырады (қайнап кетпеуі керек), қасықпен ептеп жоғарғы қабатын араластыру қажет. Осылай араластырған кезде оның төменгі қабаты үстіне көтеріліп, жоғарғы қабаты төмен түседі, мұның өзі қоспаның біркелкі ысуына және сарысудың неғұрлым толық бөлінуіне жәрдемдеседі. Қою қоспаның кесек бөліктері қалқып бетіне шығысымен ақ ірімшікті алдын ала қайнаған сумен шайып, сүзу үшін бетіне екі қабат таза дәке жабылған елекке салады. Сары суы әбден сорғыған кезде ақ ірімшікті суытып дәке немесе мата дорбаға салып, үстіне салма қойылған тақтаймен бастырады. Ақ ірімшікті сатып алған соң немесе дайындаған соң дереу пайдалану керек. Өйткені оны тоңазытқышта 2—3 күннен артық сақтауға болмайды.
Табақ жасау нешеге бөлінеді?
Жауабы: Қазақ ғұрпында табақ дегеніміз — бас табақ, сый табақ, орта табақ, аяқ табақ деп негізінде төртке бөлінеді. Оның бер жағында күйеу табақ, құдағи табағы, қыздардың, соғымшының, малшының табағы деген табақтар және бар.
Құда табаққа қандай ет түрлері салынады?
Достарыңызбен бөлісу: |