Белгіленуі және техникалық сипаттауы.
1.1. КСГ-10, КСГВ-10, КСГ-12, КСГВ -12 (ары қарай мәтін бойынша қазандықтар) болат жылу ауыстырғышы бар су жылытатын қыздыратын газ қазандықтар табиғи немесе еріксіз айналмалы сумен жылыту жүйесі бар пәтерлер, тұрғын үй, әкімшілік-тұрмыстық белгілеудегі ғимараттарды жылыту және ыстық сумен қамтамасыз ету (КСГВ моделінің қазандықтары) үшін арналған.
1.2. Нақты қысым және табиғи газдың жану жылуының 35570±1780 кДж/м³ (8500±425 ккал/м³) болғандағы қазандық жұмысы 1-шi кестеде келтірілген техникалық сипаттауларға ие.
1 кесте – қазандықтардың техникалық сипаттауы
Көрсеткіш атауы
|
КСГ-10
|
КСГВ-10
|
КСГ-12
|
КСГВ-12
|
1. Жылытылатын жайдың бағдарлы көлемі, 2,7 м, кв.м. биіктікте
|
≤ 100
|
≤ 120
|
2. Нақты жылу қуаты, кВт
|
10
|
12
|
3. Пайдалы әрекет коэффиценті %
|
86
|
87
|
87
|
87
|
4. Табиғи газдың шығыны, м3/час артық емес
|
1,11
|
1,46
|
5. Табиғи газдың нақты қысымы, Па
|
1300
|
6. Табиғи газдың ең жоғары қысымы, Па
|
3000
|
7. Жылу тасығышының жылыту жүйесіндегі жұмыс қысымы, МПа артық емес
|
0,3
|
0,3
|
0,3
|
0,3
|
8. Ыстық судың ЫСҚ арқылы температура ауытқуы 35° С, л/сағ болғандағы шығыны
|
-
|
120
|
-
|
150
|
9. қазандықтың тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін түтін жолындағы сиректеу диапазоны, Па
|
5…15
|
5…15
|
5…15
|
5…15
|
10. Түтін жинағыштың шығыс келтеқұбырының диаметрі, мм
|
115
|
11. Түтін құбырының ұсынылатын көрсеткіштері:
-көлденең кескінінің көлемі, см.²
-биіктігі, м
-диаметрі, мм
|
105
5
120
|
12. Қосылатын келтеқұбырлар диаметрі:
- газ шығуы
- жылыту жүйесінің шығуы мен кіруі
- ЫСҚ жүйесіндегі шығуы мен кіруі
|
G ½”-В
G1 ½”-В
-
|
G ½”-В
G1 ½”-В
G ½”-В
|
G ½”-В
G1 ½”-В
-
|
G ½”-В
G1 ½”-В
G ½”-В
|
13. Габариттік өлшемдер, мм:
- ені
- тереңдігі
- биіктігі
|
372
425
852
|
14. Салмағы, кг артық емес
|
45
|
46
|
45
|
46
|
*) Ескертпе: Көрсеткіш жылытылатын жай құрылыстық нормалары мен аймақ үшін ережелерге сәйкес болғанда анықталған.
2. Жинақтаулық.
Су жылытатын газ қазандығы - 1 дана
Төлқұжат, пайдалану бойынша басшылық - 1 дана
Қаптама - 1 дана
3. Қазандық құрылымы.
3.1 1 суретте қазандықтың жалпы көрінісі келтірілген. 8 және 9 суреттерде газ блогының автоматикасының САБК-АТ және 630 EUROSIT басқару элементтерімен сұлбалары келтірілген.
Артқы көрінісі
ЫСҚ келтеқосқышы
* - ГВС келте құбырларының «КСГВ» моделінің қазандықтары үшін орналасу өлшемдері
1 сурет – қазандықтардың жалпы көрінісі, габариттік және қосылысты өлшемдері.
3.2 Қазандық айналасында сулы қаптамасы бар жану камерасынан тұрады. Жану камерасының төменгі жағында автоматикасы мен жылыту қазандығының басқару механизмі бар жанарғы орналасқан. Жылыту қазандығының артқы жағында жылыту жүйесіне жалғау келте құбырлары бар.
4. Құрастыру, пайдалану.
4.1. Құрастыру, жұмысқа енгізу, профилактикалық қызмет көрсету, қазандықты жөндеу, сұйылтылған газда жұмыс істеуге қазандықты қайта жөндеу және нұсқамалық газ шаруашылығын басқару мамандарымен немесе арнайы лицензиялары бар құрастыратын қызметтермен жасалады. Құрастыруды, іске қосу немесе қазандықпен байланысты басқа да жұмысты орындау кезінде қазандықты орнатуға бақылау талоны қол қою және мөр қоюмен толтырылады. (1 қосымша).
4.2. Қазандық басшылықты құжаттар талаптарына сәйкес ғимараттар мен жайларда орнатылу керек: «Бу және су жылытатын қазандықтарды қауіпсіз пайдалану және құрылымына қойылатын өндірістік қауіпсіздік талаптары», ҚР ҚНжЕ 4.02-08-2003 «Қазандық қондырғылар», ҚР ҚН 2.02-14-2002 «Газ тәріздес және сұйық жанармайда жұмыс істейтін шағын жылыту қазандықтарын технологиялық жобалау нормалары. Өртке қарсы талаптар», ҚР ҚЕ 4.02-16-2005 «Бір пәтерлі тұрғын үйлердің инженерлік жүйелерін жобалау және құрастыру» және «Газ шаруашылығындағы қауіпсіздік ережелері». Қазандықты орналастыру жайы оның қауіпсіз және тұрақты жұмыс істеуіне қажетті ағынды-сорғылы желдетуге ие болу керек. Қазандықты орнату жайының көлемі 8 м3 артық болмау керек.
4.3. Қазандықты орнату жанбайтын негізге жасалады.
4.4. Қазандықты орнату жайының жылдам жанатын қабырғалары өңделіп немесе жылу өткізбейтін жанбайтын материалмен оқшаулану керек. Қазандық қызметінің қауіпсіздігі және қызмет көрсету ыңғайлығы үшін қазандық пен жай қабырғалары арасындағы қашықтық келесідей болу керек, артық емес:
1000 мм. алдында;
150 мм. артында;
150 мм. оң және сол жақтарында;
700 мм. үстінде.
4.5. Қазандықты жылыту жүйесімен және газ магистралімен қосылысын қазандықтың мүмкін ажыратылуына дейін кесулермен жасау керек. Ескі қазандықтың орнына жылыту қазандықтың орнатқанда жылыту жүйесінің радиаторлары мен құбыржолдарын тот қалдықтары, қаспақ пен тұнбадан міндетті түрде жуып-шаю керек.
4.6. Қазандық жабық жайда орналасса, қазандық жайының қабырғаларында желдету мен жануға жеткілікті ауа мөлшерін өткізетін екі тесікті (ойық) көздеу керек:
- ағынды, еден жанында;
- соратын, төбе жанында.
Тесіктер көлемі 1 см² қазандықта газбен жұмыс істейтін барлық жабдықтардың әрбір 225 Вт қуатының есебінде алынады.
4.7. Осы қазандықтар суық және жылытылған ауа айырмашылығының есебінен алынатын табиғи тарту арқылы жұмыс істейді, сондықтан түтін құбырының құрылымы келесі талаптарға сәйкес болу керек (2 сур.қар.):
- түтін түтігінің биіктігі 1-ші кестеде келтірілгеннен кем болмау керек;
- құбырдың төбе шатыржалынан биіктігі 2, 3 суретте келтірілген өлшемдерге сәйкес болу керек.
- құбыр қазандықтан ең үлкен мүмкін болатын тік бетке ие болу керкек, мүмкіндік болса көлденең беттердің үлкен ұзындығына жол бермеу керек, құбырдың кішкентай радиусты бүгілу немесе тік бұрыш астында бұрылыстарын жасамау керек.
- түтін құбырының ішкі қабырғалары тегіс болу керек;
- қима көлемі 105 см.² кем емес болу керек, тік төрт бұрышты қиманы қолданған кезде көлемін 30% арттыру ұсынылады;
- жақсы жылу оқшаулағышы болу керек, әсіресе мұздауды болдырмау үшін бастиектің жылу оқшаулауына назар аудару керек, өйткені ПӘК жоғары болса кететін газдар температурасы ең төмен болады;
Қазандықты каминнің түтін құбырына қосу рұқсатталмайды.
А- түтіндіктің төбе шатыржалына қатысты орналасуы;
Б –қосымша салынған қазандық жайында орнатылған қазандықтың түтін құбырының орналасуы;
В –көпарналы түтіндіктің төбе шатыржалына қатысты орналасуы:
1- ең жақсы; 2- рұқсатталатын; 3- жағымсыз; 4- өте жағымсыз;
5- төбе шатыржалы; 6- жел тіректі аймақ;
Достарыңызбен бөлісу: |