2 сурет – Қазандық түтіндігі құрылымының сызбасы.
Құбыр жылу оқшаулауы
Өртке қарсы бөлу
Өртке қарсы бөлу
Жанбайтын төселім
Жанбайтын төселім
Артық емес
Артық емес
Конденсат қалтасы
Артық емес
Артық емес
Кем емес
Кем емес
Кем емес
Кем емес
Кем емес
0,5
Кем емес
Конденсаттың мұздануы мен мұзды тығындаулардың пайда болуын болдырмау үшін түтінді жоятын жылу оқшаулағыш қабаты бар құбырларды қолдану керек.
3 сурет - Түтін құбырын қабырғадан щығарып және төбе жабынынан шығарып орнату сызбалары.
4.8. Қазандыққа кіретін газ құбырында газдалу көрсеткіші бар электрмагнитті клапан орнатылуы керек.
4.9. қазандықты жылыту жүйесіне қосу бұрандалы байланыс арқылы жасалады. Қосылыс кезінде құбыр мен қазандықтың жинақтайтын бірліктерін өзара тарту болмау керек. Қазандықтың жинақтайтын бірліктеріне берілетін тарту күші жылу ауыстырғышының, қосылатын құбыржолдардың қымтандылығының жойылуына немесе тетіктердің сынуына әкелуі мүмкін.
4.10. Жылу тасығышының табиғи айналымын қолданғанда (айналмалы сорап көмегінсіз) қазандықты жылытатын жабдықтардан төмен орнату керек.
4.11. Жылыту жүйесін ажыратуды қазандықты бұрандап қосу (ажырату) мүмкіндігімен жасау керек.
4.12. Ұлғайма күбішігі жылыту жүйесінің жоғарғы жағында, мүмкіндік болса жылытылатын жайда, орнатылады. Жылытылмайтын жайда күбішікті орнатса, оның ішіндегі жылу тасығыштық қатуын болдырмау үшін құбыржолды, күбішікті және ағызу түтігін мұқият жылытып қаптау керек.
4.13. Жылу тасығышының еріксіз айналымын қолданғанда сақтандыратын лақтыратын клапанды 1,5 кгс/см2 артық қысымға және жылу тасығышының қысымын бақылайтын манометрді орнатуды көздеу керек.
Сорапты ең төмен шығуда іске қосу қазандық 70-80° С дейін жылығаннан кейін ғана рұқсатталады.
4.14. Оттықтың күйеге толуын, қазандық қабырғаларында конденсаттың болуын төмендету үшін және тоттану процесстерін кеміту мақсатында жылыту жүйесінде айналудың кіші шеңбері үшін автоматты үш жүрісті клапанмен байпасты түзуді жасайды (5 сур.қар.), бұл жылу тасығышты конденсаттың пайда болуын болдырмайтын температурадан (50 ° С жоғары) жоғары температураға жылдам жылуын қамтамасыз етеді.
Үш жүрісті шүмектің 1 және 3 шығулары үнемі ашық болады, бұл жылу тасығышына кіші шеңбер бойымен айналуға мүмкіндік береді және қазандыққа кіру кезінде жылу тасығышына жоғары температураны қамтамасыз етеді.
4.15. КСГ-10, КСГВ-10, КСГ-12, КСГВ-12 газ қазандықтары үшін жылу тасығышы жылдамдығының ең төмен диапазонын 0,2-0,25 м/с шектерінде алуға ұсынылады. Жылу тасығышының жоғары диапазоны 0,6 -1,5 м/с. Диапазонның осы шектеріндегі жылдамдықты ұстану құбыржолда гидравликалық шулардың болмауын қамтамасыз етеді. Жабық жылыту жүйесі үшін ең тиімді көрсеткіштер:
Жүйедегі жылу тасығышының (су) көлемі 180 л артық емес.
Ұлғайма күбішігінің көлемі 10 л кем емес.
Айналмалы сораптың өнімділігі 1,0 м³/сағ кем емес.
4.16. Құрастыру кезінде кері құбыржолда міндетті түрде механикалық сүзгішті орнатыңыз, оны жылыту мезгілі басталар алдында тазалап отырыңыз.
4.17. Жылытылмайтын жыл мезгілі кезінде жылыту жүйесінен суды қажеттілік болмаса ағызбау керек.
4.18. Жұмыс істеп тұрған қазандықты ұзақ мерзімге (тәуліктен артық) қараусыз қалдырмаңыз.
1 м ұзындыққа 5 мм кем емес көлбеу
1 м ұзындыққа 5 мм кем емес көлбеу
Су құбырынан
Канализацияға ағызу
|
1 – дабылдау құбыры;
2 – ұлғайма күбішік;
3 – басты тікқұбыр;
4 – жылыту қазандығы;
5 – айналмалы сорап;
6- қоқысжинағыш (сүзгі);
7 - шүмек;
8 - радиатор;
9 – толықтыру суқұбыры;
10- ағызатын магистраль;
11 – кері су құбыржолы.
|
Достарыңызбен бөлісу: |