1-сурет ЭК сериялы электр тас пеш. Құрылғы және габариттік өлшемдері.
Ескертпе : ЭК-18 электр тас пешке екі клеммалы қалып орнатылады. 4-поз.
2-сурет Басқару пульті (жеке жеткізіледі)
Габариттік сызба.
5. ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ
5.1. Электр тас пешті орнатуды және монтаждауды жергілікті Мемлекеттік энергетикалық қадағалау органдардың келісілген жобасымен, ЭҚОЕ, ТПЕ, ТҚЕ және осы нұсқаулықты міндетті сақтаған кезде қолданыстағы электр желілерде және электр қондырғыларда жұмыс істеу құқығы бар мамандандырылған ұйымдардың күшімен жүргізу керек.
Электр тас пешке қызмет көрсетуге электр қауіпсіздік бойынша үштен төмен емес білікті тобы бар тұлғалар жіберіледі.
5.2. Оқшаулауы бұзылған кезде кернеу астында болуы мүмкін тас пештің және пульттің барлық металл бөліктері жерлендірілуі тиіс.
5.3. Жерлендіру үшін су құбыры, жылыту және газ желілерінің металл конструкцияларын қолдануға қатаң тыйым салынады.
5.4. Шабыну бөлмесін алғаш рет қыздыру қадағалаумен жүзеге асуы тиіс. Сауна үй-жайы таймерді екінші қосқанға дейін тексерілуі тиіс.
5.5. Бу алу үшін ыстық суды жақсы қызған электр тас пештің тастарына сабы ұзын пластмасса немесе ағаш ожаумен 100 г артық емес үлестермен құю қажет.
5.6. Судың электр тас пештің корпусынан ағуына алып келетін тастарды шамадан тыс сулауға рұқсат етілмейді.
5.7. Басқару пульті жоғары қауіпті емес үй-жайлардың ЭҚОЕ сәйкес шабыну бөлмесінен бөлек құрғақ үй-жайға орнатылуы тиіс.
5.8. Электр тас пеш кіріктіруге немесе қуыстарға орналастыруға арналмаған.
5.9. Жұмыс істеп тұрған тас пешке жақын тез тұтанатын заттарды ұстауға, киім кептіруге тыйым салынады.
5.10. Электр тас пешті басқа мақсаттар үшін пайдалануға, сонымен қатар оның конструкциясына қандай да бір өзгертулер жасауға тыйым салынады.
5.11. Электр тас пешті электр сымы бұзылған жағдайда, сонымен қатар дұрыс емес жерлендірген кезде пайдалануға тыйым салынады.
5.12. Электр тас пешті тексеру, профилактикасы және жөндеу бойынша барлық жұмыстарды тек кернеуді алғаннан кейін және қуат желісінің көрінетін үзілуінде жүргізу қажет.
5.13. Электр тас пешті жабуға болмайды! Тұтану болуы мүмкін!
Тастарға арналған бакты жеткіліксіз толтыру өрт қаупін тудырады!
5.14. Электр тас пешке профилактикалық қызмет көрсету бойынша барлық жұмыстарды тек қуат көзі сөндірулі кезде жүргізу керек.
5.15. ЭК Келет сериялы электр тас пештерді пайдалану ҚСҚ (қорғанышты сөндіру құрылғысы) немесе жалпы сөндіруді және жүктеуден және қысқа тұйықталудан қорғауды қамтамасыз ететін басқа құрылғылар болған кезде жүргізіледі.
6. ТАС ПЕШТІ ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ МОНТАЖДАУ
6.1. Электр тас пештердің қуатын таңдау, оларды орналастыру және монтаждау кезінде шабыну бөлмесінің өлшемдерін ескеру керек, сонымен қатар тас пештен қабырғаға, төбеге, еденге дейінгі арақашықтық кестеде көрсетілгендерден кем болмауы тиіс:
|
ЭК
-6
|
ЭК
-9
|
ЭК
-12
|
ЭК
-18
|
Шабыну бөлмесінің көлемі, текше м., кем емес
|
8
|
12
|
15
|
23
|
Шабыну бөлмесінің биіктігі, м, кем емес
|
1,9
|
1,9
|
1,9
|
1,9
|
Тас пештің жоғарғы бөлігі мен шабыну бөлмесінің төбесінің арасындағы арақашықтық, м, кем емес
|
1,15
|
1,15
|
1,2
|
1,3
|
Тас пештің төменгі бөлігі мен шабыну бөлмесінің еденінің арасындағы арақашықтық, м, кем емес
|
0,13
|
Тас пеш корпусынан қабырғаға, қорғаныш торларына дейінгі кем емес, м, кем емес
|
0,15
|
6.2. Моншаның қабырғалары мен төбесі жақсылап жылу оқшаулануы тиіс. Көп жылу жинайтын барлық беттер (кірпіш, тегістеме және т.б.) алюминий фольгамен және минмақтамен жылытылуы тиіс. Шабыну бөлмесі кірпіштен және басқа тас материалдарынан жасалған жылытылмаған қабырғалар алдын ала қыздыру уақытын ұлғайтады. Мысалы, төбедегі немесе қабырғаның жоғары бөлігіндегі 1 шаршы м. сыланған бет шабыну бөлмесінің көлемінің 1.5...2 текше метрге ұлғаюына сәйкес. Жапырақты тұқымдас ағаштан (жөке, көктерек және т.б.) жасалған қабырғаларды және төбені қаптау үй-жайды қыздыруға кететін электр энергияның шығынын төмендетеді. Шабыну бөлмесінің температурасы төбеден төмен қарай азаяды. Жоғары жағындағы температура 45 С дейін төменгі аймақта біртіндеп төмендей отырып, 120С дейін жетеді. Осыған байланысты жоғарғы сөре мен төбе арасында 110 - 120 см қашықтықты қалдыру орынды.
6.3. Тиісті түрде іске асырылатын монша желдетуі процедураларды қабылдау кезінде жайлы жағдайларды жасайды. Желдету құбырларының диаметрлері сағатына ауаны 3...5 рет ауыстыру үшін жеткілікті болуы тиіс және 12-20 см құрайды. Желдету саңылауларында реттегіш клапандар (шиберлер) қарастырылған, олар алдын ала қыздыру кезінде жабылады. Желдетудің ағынды арнасы тас пешті орнату аймағына, оның жоғарғы бөлігінен төмен орналасады. Соратын ауа клапанының орналасу өте маңызды. Ол тас пештен алыс, төмен орналасқаны жақсы. Егер ауа моншаның жоғары бөлігінен сорылатын болса, ең бірінші бу шығады, ал ылғал соратын ауамен бірге шығады. Егер сору клапанын шабыну бөлмесіне еденге жақын төменгі жағына орнату қиын болса, пайдаланылған ауаны шабыну бөлмесіне есіктің астынан шығару арқылы жұмысқа қабілетті желдеткішті қамтамасыз етуге болады.
Электр тас пеші қабырғаға бұрандалармен бекітіледі және жоғарыда аталғаннан аз емес шамада еден деңгейінен жоғары жылуға төзімді іргетасқа орнатылады. Қабырғаға бекіту сенімді болуы тиіс. Әсіресе кірпіштен жасалған қабырғаға бекіткен кезде абай болу қажет және пластмасса тығындарды қолдануға болмайды (уақыт барысында жылуда кеуіп кетеді).
6.4. Электр тас пешінің жанындағы қабырғалар минмақта немесе базальтты орама материалдардан жасалған жылу оқшауы оттан қорғайтын панель болуы тиіс.
6.5. Басқару пультінен датчиктің корпусын қабырғадағы тесік арқылы шабыну бөлмесінің ішіне енгізу керек. Датчиктің жалғау кабелін тас пештің жоғары бөлігінен кемінде 1 - 1,2 метр биіктікте ілмектерге ілу керек.
Датчик және жалғау кабелі қыздыру және салқындату құрылғыларына жақын тұрмауы тиіс.
6.6. Электр тас пеші электр желіге стационарлы қосылады. Қуаттандыратын кабельдер ГОСТ 7399-97 ПСГ кабельден кем емес күшейтілген жабыны болуы тиіс.
Сымдардың талап етілген қималары және кабельдегі сымдар мөлшері төменде берілген:
|
ЭК-6
|
ЭКМ-9
|
ЭКМ-12
|
ЭКМ-18
|
Сымдар мен кабельдердің қимасы, шаршы мм
|
1,5
|
2,5
|
2,5
|
4,0
|
Кабельдегі сымдардың мөлшері
|
4
|
4
|
4
|
4
|
Үш полюсті қорғаныш құрылғысының номиналды тоғы, А (тұтынушыға арналған ұсыныстар)
|
10
|
16
|
20
|
32
|
Ескертпе: 1. Жұмыс істейтін нөлдік өткізгіштердің және қорғанышты жерлендіру қимасы фазалық қимадан кем емес.
2. Кабель сымдарының мөлшерінде қорғанышты жерлендіру сымы ескерілмеген.
6.7. ЭКМ-6 электр тас пешті 220В/50Гц бір фазалы желіге қосу үшін А1, В1, С1қосқыштарын (6.6-т. сәйкес қимамен) орнатып және оларға және N1 клеммаға бір фазалы желіні жүргізу керек. ЭК-6 электр тас пештерді ПУЭКМ-02 пультінің бір фазалы желісінен қоректендіру кезінде
«Делсот» ЖАҚ өндірісі пультке берілген нұсқаулықтағы нұсқауларды басшылыққа алуы тиіс.
Монтаждаудан кейін, сонымен қатар жұмыстағы ұзақ уақытты үзілістерден кейін 0,5МОм кем емес болуы тиіс қыздырғыш элементтер оқшауының кедергісін тексеріңіз. Оқшаулаудың кедергісі оны қалпына келтіру үшін сәйкес келмеген жағдайда қыздырғыш элементтерді 120…200С температурада 4…6 сағат бойы құрғату қажет.
6.8. Тас пештер үшін қолданылатын тастар жоғары температуралық тербелістерге шыдауы тиіс, иіс пен тозаң шығармауы тиіс. Ең жақсы тастар – өзеннің шайылған ұсақ тастарының 8-10 см фракциясы. Оларды салу алдында шаю қажет.
6.9. Тастарды олардың арасында ыстық ауа айналатындай түрде, қыздырғыштардың үстінен 5-8 см артық емес биіктікте электр тас пештің ыдысына салу қажет.
Ұсақ тастардың болуы, ҚЭҚ сыналануы тас пештің мерзімінен бұрын істен шығуына алып келуі мүмкін.
6.10. Саунаға арналған аралас қыздырғыштарды орнатуға болады. Бұл жағдайда шабыну бөлмесінің көлемі қыздырғыштардың әрбір киловатт қуатына 1,2 куб.м есебімен анықтау қажет.
7. ШАБЫНУ БӨЛМЕСІН ҚЫЗДЫРУ
7.1. Шабыну бөлмесін қыздыру қадағалаумен жүзеге асуы тиіс. Моншаны бірінші рет қосқан кезде жақсылап желдету қажет, себебі түтіндеумен тас пеш қыздырғыштарының күюі болады. Әдетте тастар қызуы және моншадағы температура теңесуі үшін қыздыруды қабылдауға дейін шамамен екі сағат бұрын бастау қажет.
7.2. Бу алу үшін ыстық суды жақсы қызған электр тас пештің тастарына сабы ұзын пластмасса немесе ағаш ожаумен 100 г артық емес үлестермен құю қажет.
7.3. Басқару пульті 6 сағат жұмысы аяқталғаннан кейін автоматты сөндіруді қамтамасыз етеді.
7.4. Шабыну үй-жайы таймер екінші рет қосылғанға дейін тексерілуі тиіс.
8. САҚТАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Пеш күн сәулелері, ылғал, температураның күрт ауытқу әсерлерін болдырмайтын жағдайларда жабық бөлмелерде сақталуы тиіс. Электр тас пешті сақтаған кезде қоршаған ортаның температурасы +5 С жоғары болуы тиіс. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы +25 С температура кезінде 80% аспайды.
9. КЕПІЛДІКТІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
8.1 Өндіруші тұтынушы пайдалану ережелерін орындаған кезде электр тас пештің қалыпты жұмысына кепілдік береді.
8.2 Кепілді сақтау мерзімі – 1 жыл. Кепілді пайдалану мерзімі – электр тас пешті сатқан (берген) сәттен бастап 3 жыл. Кепілдік мерзімі егер оны сату (табыстау) күнін белгілеу мүмкін емес болса, электр тас пешті дайындау күнінен бастап есептеледі. Кепілді мерзім ішінде зауыт-өндіруші электр тас пештің кемшіліктеріне қатысты тұтынушы пайдалану, сақтау және тасымалдау ережелерін орындаған кезде қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұтынушының талаптарын қанағаттандырады.
8.3 Кепілдікті қызмет көрсету электр тас пешті сатып алу дерегін және шарттарын растайтын құжаттарды ұсынған кезде жүргізіледі. Мұндай құжаттардың болмаған кезде электр тас пешті сатып алу дерегін және шарттарын, соның ішінде кепілдікті беру дерегін және оның шарттарын дәлелдеуді тұтынушы заңнамамен белгіленген тәртіпте жүргізеді.
ЭК-6, ЭК-9 Келет электр тас пештің электрлі принципиалдық схемасы.
3-сурет.
ХТ1 –клемма қалыбы,
ЕК1…ЕК3 - электр жылытқыштар.
РЕ – жерлендіру элементі.
ЭК-12 Келет электр тас пештің электрлі принципиалдық схемасы.
4-сурет.
ХТ1 – клемма қалыбы,
ЕК1…ЕК6 – электр жылытқыштар.
РЕ – жерлендіру элементі.
ЭК-18 Келет электр тас пештің электрлі принципиалдық схемасы.
5-сурет.
ХТ1, ХТ2 –клемма қалыбы,
ЕК1…ЕК6 – электр жылытқыштар.
РЕ – жерлендіру элементі.
Ескертпе: Басқару пультінсіз ЭКМ-1-18 электр тас пешті қосу үшін А1 және А2, В1 және В2, С1 және С2 жұп клеммаларды 2,5мм2 қималы қосқышпен өзара жалғап және схемаға сәйкес оларға 3 фазалы желіден қоректендіру кабелін жүргізу керек.
10. ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК
ЭК- Келет электр тас пеші____________________________ СТ 15575-1910-АҚ-09-2015 сәйкес келеді және пайдалануға жарамды деп танылған.
Зауыттық нөмірі________________________________________
Шығарылған күні __________________________________________
ТББ мөртаңбасы
Электр монтаждаушы
Достарыңызбен бөлісу: |