Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



жүктеу 1,76 Mb.
Pdf просмотр
бет36/83
Дата20.11.2018
өлшемі1,76 Mb.
#21940
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   83

қарағанда езу дауыстылардың жиі қолданылғанын тіл фактілері
көрсетіп отыр.
Сөйтіп, қазақ жазуында ерін үндесімінің таңбаланбау сипа-
ты уәжсіз емес. Тіліміздің сингармонизмге негізделген қасиеті,
оның екі   бірдей  түрін  негізгі   жетекші  етіп ала  алмауға   тиіс:
біреуі  басты, екіншісі қосалқы болуға керекті. Сондықтан тіл
үндестігінің   жазуда   бейнеленіп,   ерін  үндестігінің   ауызша   тіл
ка-тегориясы болып табылуы жөн.
Қазақ   жазуы   фонематикалық   екенін   естен   шығармаса,   сау-ат
ашу   ісінде   әріппен   қатар   оның   дыбыстық   мәндерін   үйретсе,
Л.В.Щерба ескерткендей, балаға алғашқы бір жыл ауызша тілді,
дыбыстарды меңгертсе, сосын оның жазудағы бейнесін үйретсе,
қысқасы, қазақ тілінің оқыту әдістемесінде тіл үндестігінің орны
дұрыс көрсетілсе ерін үндестігінің жоғалуы мүмкін емес.
Оқуға арналған материал
...Сингармонизм заңының екінші жағы –  ерін үндесімі.  Бұл –
бірінші буындағы ерін дауыстылардың әсерінен (о, ө, ұ, ү) екін-ші-
үшінші буындағы езуліктердің (ы,  і,  е) еріндікке айналып, ұқсап,
жуықтап айтылуы.  Қазақ тіліндегі ерін үндестігі қырғыз, алтай,
тува тілдеріндегідей жаппай қамтитын құбылыс емес екені белгілі.
Сондықтан   ерін   үндестігі   жазба   тілде   көрініс   таппаған.   Қазақ
тіліндегі ерін үндестігі – 2-3 буынға дейін сақталатын, ары қарай
сөз   неше   буыннан   тұрса   да   соңында   езулікпен   айтылатын
құбылыс.   Ерін   үндестігінің   2-3   буынға   дейін   анық   естілетін,
айтылатын   тұсы   ашық   буын   жағдайында.   Мысалы:  көбелек  
көбөлөк, құбылыс – құб
ү
лұс, сүйініш – сүй
ү
нүш, бөдене – бөдөнө,
бұрылыс – бұр
ү
лұс, бүлініс – бүл
ү
нүс, көпене – көпөнө, күйініш
– күй
ү
нүш, құйылыс – құй
ұ
лұс.
Жалпы,   ерін   дауыстыларын   еріндік   реңкінің   күштісінен
әлсізіне қарай орналастырсақ, былай болады: ө, о, ү, ұ. Сондықтан
ө дыбысы үшінші бітеу буында сирек айтылады да, ашық буын-ды
жоғарыдағы түбір сөздерден басқа жағдайда, мысалы, түбір мен
жалғау жағдайында үшінші буын е болып дыбыстала-ды. Болмаса
өзінен еріндігі әлсіз ү болып айтылады. Мысалы:
көркемдік – көркөмдүк, өзенге – өзөңге, көркемдеу – көркөмдеу.
Тіліміздегі ерін үндестігінің жаппай қамтитын құбылыс емес
екенін жалғаулар арқылы білуге болады. Жалғаулар қатарында  ө-
мен келетін еріндік варианттар жоқтың қасы. Сондықтан сөз
ашық буынды болса да, үшінші буындағы жалғау езулікпен ай-
тылады. Мысалы: төбеле  төбөле, төпеле  төпөле.
Мына сөздерді айтылу нормасына сай жаттығып көріңіздер:
төбеден – төбөден төбелес – төбөлес төлдеме – 
төлдөме төменде – төмөнде төпелеу – төпөлеу 
төредей – төрөдей
Жалпы,  ұ,  ү  ерін   дауыстылары   алғашқы   үш   буында   естіліп,
айтылады   да,   ары   қарай   солғындайды.   Мысалы:  сүйініш  
сүй
ү
нүш,   сүйінішсіз   –   сүй
ү
нүшшіз,   түскіліктің   –   түскүлүктің,
тұзды – тұздұ, тұщылық – тұшшұлұқ, борышсыз – борұшшұз,
құйыну – құй
ұ
нұу, құйыршық – құйұршұқ, құйрықты – құйрұқтұ,
құзғындық – құзғұндұқ, құбылу – құб
ұ
лұу, құбыжық – құб
ұ
жұқ,
құбылыс  –  құб
ұ
лұс.  Ал  ө  дыбысымен   айтылған   екінші   буыннан
кейінгі  і  әрпі  ү  дыбысына ұқсап, айтылып барып, ерін үндестігі
солғындайды.   Мысалы:  төбесінің    төбөсүнің,  көгершін  
көгөршүн.  Сондай-ақ  көбөлөк, дөңгөлөк  сияқты үш буынға дейін
ө-мен айтылатын сөздерде ерін үндестігі төрт буынға да бара-
ды:  көбелектің    көбөлөктүң,  дөңгелекті    дөңгөлөктү,  бірақ
көбелекке – көбөлекке, дөңгелекке – дөңгөлөкке.
Бұл құбылысқа  байланысты мына бір ерекшелікті  көрсете
кетуге болады. әліпбидегі у таңбасы ұу және үу дыбыс тіркес-
терін, не үнді дауыссыз дыбысын беретіні белгілі. Мысалы: су
– сұу, суық – сұуұқ, бу – бұу, сурет – сүурөт, тулақ – тұулақ,
қуаныш – құуаныш, қуат – құуат. Бірінші буындағы ұ, ү
дауыстыларының   әсерінен   екінші-үшінші   буында   жазылатын
езулік дыбыстар еріндікке айналады. Мысалы: қуғын  құуғұн,
қуқыл – құуқұл, құжыңдау – құужұңдау, қулық – құулұқ, шулы
–   шұулұ,   тумыс   –   тұумұс,   туылу   –   тұуұлұу,   туырлық   –
тұуұрлұқ, туыс – тұуұс, тумыш – тұумұш.
Сондай-ақ  у  дауыссыз   дыбысынан   басталған   буын
құрамындағы езуліктер де еріндік болып айтылады. Мысалы:
тауық – тауұқ, сауық – сауұқ, бауыр – бауұр, сауыр – сауұр,
туыс – тұуұс, туылу – тұуұлұу, сауу – сауұу, сауылу – сауұлұу,
туу   –   тұуұу,   суу   –   сұуұу,   серуен   –   сер
ү
уөн,   серуендеу   –
сер
ү
уөндеу, керуен – кер
ү
уөн, керуенбасы – кер
ү
уөмбасы.
Соңғы мысалдардағы буын санын ықшамдау үшін және ашық
буыннан қашу мақсатында екі бітеу буын аралығындағы ү, ұ
148
149


дыбыстары жартылай немесе толық түсіріліп (редукцияланып)
айтылады. Осы қатарға шаруа  шар
ү
уа, меруерт  мер
ү
уерт
сөздері де жатады.
Мына сөздердің айтылу сазын сақтап жаттығыңыздар:
рәсуа – рәс
ү
уә қонағуар – қонағ
ұ
уар 
керуен – кер
ү
уөн серуен – сер
ү
уөн сәруар 
– сәр
ұ
уәр меруерт – мер
ү
уөрт пәруана – 
пәр
ү
уәна пәтуа – пәт
ү
уа шаруа – шар
ұ
уа 
қалуа – қал
ұ
уа белуар – бел
ұ
уар сөзуар – 
сөз
ұ
уар
Ал   екі   бітеу   буындағы   еріндіктердің   көрші   буынға   әсері
алдыңғыларға қарағанда әлсіздеу болатынын білген жөн. Оның
үстіне, екінші буындағы ы, і дыбыстарына қарағанда, е езулігін
өзгерту тіпті қиын. Сондықтан мұндайда екінші буындағы ды-
быс таза е де, таза ө де емес болып айтылады. Қараңыз: құрмет
–   құрмөт   ,   құрметте   –   құрмөтте,   сүрме   –   сүрмө,   сүрмелеу   –
сүрмөлеу, сурет – сүурөт. Е мен ө-нің арасындағы аралық реңкті
й деп көрсетуге болады (құрмет  құрмйт, сурет  сүурйт).
Ал біріккен сөз, кіріккен сөз, бір деммен айтылатын ырғақты
топ сыңарларының алдыңғысындағы еріндік соңғысына әсер ете
алмайды. Мысалы: сол кез  солгез (солгөз емес), соқыр сенім
– соқұр€ сенім (соқұр€сөнүм емес), сутегі – сұутегі (сұутөгү
емес),   сусімір   –   сұусімір   (сұусүмүр   емес),   суығыстырым   –
сұу€ығыстырым,   (сұу€ұғұстырым   емес),   супияз   –   сұупыйаз,
(сұупұйаз емес), сужылан – сұужылан (сұужұлан емес), сужегі
– сұужегі (сұужөгү емес), су етті – сұу€етті (сұу€өттү емес)
т.с.с.  Ереже ескертусіз болмайтыны сияқты үшінші буыннан ар-
тпайтын ерін үндестігі кейде 4-5 буындарға өтіп кетеді. Үш буын
ерін үндесімімен айтылып, төртінші, тіпті бесінші буын езулік, ал
келесі буында ұу, үу тіркесі келетін болса, онда сөз бастан-аяқ ерін
үндестігімен айтылады. Мысалы: сүйкімдену  сүйкүмдөнүу
(сүйкүмденүу емес), бірақ сүйкімденбеу – сүйкүмденбеу.
Төмендегі сөздердің айтылу нормасын сақтап, жаттығып 
көріңіздер:
түлкілену – түлкүлөнүу 
түркілену – түркүлөнүу 
түнделету – түндөлөтүу 
түрткілену – түрткүлөнүу 
түртпектелу түртпөктөлүу 
түрпілену – түрпүлөнүу
Дауыстылардың үндесімін сөз еткенде үнемі мына бір нәрсені
есте   ұстаған   жөн.   Дауыссыздарға   қарағанда   дауыстылардың   ай-
тылу реңкі өте құбылмалы, тұрақсыз болып келеді. Оның үстіне
жалпы көпшілікке ұсынатын әдебиеттерде (орфографиялық сөздік,
айтылу нормасының анықтағыштары) дауыстыларды белгілейтін
әріп   таңбасы   да   әліпбидегі   дауысты   таңбасынан   ас-пайды   және
сонымен   бірдей   болады.   Сондықтан   әрпіне   қарап,   дыбысын   да
солай оқып, аздап қайшылық туады. Сол себепті тіл үндестігінде
де, ерін үндестігінде де, яки жіңішке буыннан жуан буынға (ә→а)
және еріндік дауыстыдан езулік  дауыстыға бірте-бірте ауысарда,
үнемі   дауыстыға   қатысты   «анық   айтылу»,   «солғындау»,
«көмескілену», «ә мен а-ның», немесе «ө мен е-нің», «ү мен і-нің
ортасында   айтылу»,   «жартылай  ө»,   «жар-тылай  е»   болып
дыбысталу деген түсініктерді есте ұстап оты-ру керек. Сонда ғана
сөз  құрамындағы,   тіркес   құрамындағы   бейүндестіктен   құтылуға
болады. Дауысты дыбыс негізгі реңкінен бірден айрылмайды, өз
реңкін сақтай отырып, келесі буын үндесуіне бірте-бірте өтеді.
Ерін үндестігін сақтап, жаттығып көріңіздер:
құрылыс – құр
ұ
лұс бұйығысу – 
бұйұғұсұу бөдененің – 
бөдөнөнүң көпенені – көпөнөнү 
дөңгелекті – дөңгөлөктү тауық –
тауұқ сауықтыру – сауұқтұрұу
Қ
ұралай Күдеринованың
 
«Орфоэпиялық анықтағыш»
(Алматы, 2005.) жинағындағы мақаласынан алынды.
150
151


жүктеу 1,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау