Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



жүктеу 1,76 Mb.
Pdf просмотр
бет46/83
Дата20.11.2018
өлшемі1,76 Mb.
#21940
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   83

артикуляциялық жағынан да дифференциалдық қасиеттерге ие,
сондықтан сөздердің мағынасын өзгертеді, ал солай болғаннан
соң олар жеке әріптермен таңбаланады. Н.Ф.Яковлев бұл дау-
ыссыз дыбыстарды бір фонеманың түрлері (вариациялары) деп
түсінген, сол себептен оларға жеке әріптер арнамаған».
Проф.  Н.Уәли:  “Таңба   теориясы   тұрғысынан  алғанда   бұл
жазу жүйесі тұрпат межесі тұрғысынан жалпы халықтық тілдің
бір формасы болып табылатын ауызша әдеби тілдің дыбыс бір-
ліктерін, ал мазмұн межесі тұрғысынан тілдің мағыналық бір-
ліктерін белгіледі” деп бағалайды.
Оқуға арналған материал
Ұлттық сана және «әліпби» концептісі
Мәселенің мән-жайы түсінікті болуы үшін сана деген ір-гелі
ұғымды   еске   түсіруімізге   тура   келеді.   Бұл   аталған   күрделі
ұғымның   арғы   жақтағы   қатпарларына   бармай-ақ,   қысқа
қайырсақ,   сана   дегеніміз   адамдардың   ақиқат   дүниедегі   зат,
құбылыс, уақиға т.б. түйсінуі, қабылдауы және оларды ой еле-
гінен өткізу барысында пайда болған, қалыптасқан түсінігі мен
көзқарасы дегенге саяды.
Түсінік,   көзқарас,   әрине,   алдымен   адам   санасында,   тілдік
ұжымның   санасында   ақиқат   дүниеден   қабылданған   әртүрлі
ақпарлардың   жинақтала,   қорытыла   келе   білімге   айнала-ды.
Ондай   білімдердің   біралуаны   ұрпақтан-ұрпаққа   беріліп   келе
жатқан «д ә с т ү р л і білімдер» болса, бір алуаны тіл-дік ұжым
мүшелерінің   әрқилы   ақпараттарды   салыстыру,   ойлау
нәтижесінде пайда болған «т а б и ғ и б і л і м» жүйесі болып
табылады. Білімнің тағы бір түрі арнайы бағдарлама бойынша
оқыту барысында мектепте, жоғары оқу орындарында, арнаулы
курстарда алынған ү й р е т і н д і б і л і м д е р жүйесіне жата-
ды.
Мысалы, «әліпби» деген концептіде (когнитивтік  бірлікте)
әртүрлі білімдер жүйесіне жататын ақпараттар тілдік таңбалар
арқылы кодқа салынған. «Әліпби» – ақиқат дүниенің үзігі. Ол
жөнінде   тілдік   ұжымның,   оның   мүшелерінің   санасында
ақпараттар жинақтала екшеле келіп, «концепт» деп айтылатын
когнитивтік құрылым арқылы білімге айналады.
Кирилл,   латын,   араб,   Орхон   әліпбилері   туралы   тілдік
ұжымның когнитивтік санасында кодқа салынған ақпарттар
жинақтала   келіп,   білімге   айналады.   Ал   білімнің   өзі   тұрмыстық
деңгейдегі, энциклопедиялық деңгейдегі білім деп бөлінеді. Тілдік
ұжымның   санасында   білім   түрінде   жинақталған   ақпараттарды
жүйелеп   көрсету   арқылы   еліміздегі   әліпби   саяса-тына
«жұртшылықтың қалай қарайтынын» байқауға, бағамдауға азды-
көпті   мүмкіндік   береді.   ¤йткені   мұндай   білімдер   жүйесі   са-яси,
мәдени–әлеуметтік,   тілдік,   психологиялық,   экономикалық
факторлардың қалыптасуына әсерін тигізеді.
Әліпби   әріптер   арқылы   белгілі   бір   тілдің   мағыналық
бірліктерінің   дыбыстық   тұрпатын   белгілейді.   Бұл   тұрғыдан
қарағанда,   әліпби   –   таза   лингвистикалық   ұғым.   Сонымен   бірге
әліпбиді белгілі бір тілдік қоғамдастықтағы таза лингвистикалық
мәнділік   қана   емес,   мәдени–тарихи   ақпараттар   (информа-ция)
кодқа салынған концепт (кең ұғым) деуге болады. Егер әліпбиді
тілдік   ұжымның   когнитивтік   санасындағы   мәдени–та-рихи,
лингвистикалық ақпараттар кодқа салынған концепт деп қарасақ,
ондағы кодты шамамен былайша ашуға болады:
Мысалы, Орхон әліпбиі V – VIII ғғ. түркі қағанаты қолданған
әліпбидің жазуы; Түркі қағанатында жазба коммуникация болған
және ол бұқаралық сипатта болғанға ұқсайды, өйткені тек бір ғана
әлеуметтік   жіктің   қаған   мен   бектердің   ғана   емес,   өзге   де
әлеуметтік   төмен   жікті   қамтығанға   ұқсайды;   Қазіргі   түркі
халықтары   (чуваштардан   басқалары),   оның   ішінде   қазақ   тілі   де
Орхон–Енесей әдеби тілінің мұрагері. Тілдің барлық деңгейіндегі
дыбыстар,   грамматикалық   бірліктер,   лексика–   фразеологиялық
жүйесі де қазақ тілімен ортақтықтары бар, сон-дай-ақ қазақ тілінің
жүйесінен (қыпшақтық жүйелері) өзгеше, басқа туыстас тілдерде
кездесетін құрылымдар бар.
Орхон әліпбиінің вокализм жүйесі 8 дауыстыдан, консонан-
тизм жүйесі 16 дауыссыз дыбыстан тұратыны белгілі: а, а; о, ő;
u (ұ), ű (ү) бұл жерде назар аударатын қиындық а (ә) дыбы-сын
белгілейтін таңба [е]-ні де, [і]-ні де белгілеген. 16 дауыс-
сыз в, č, d, g/γ, k/q, j, l, m, n, n’, ŋ, p, r, s, š, t, z дыбыс 32 әріппен
таңбаланған. ¤йткені жуан дауыстылармен келген сөздерде да-
уыссыз   бір   таңбамен,   жіңішке   дауыссыздармен   келген   сөзде
басқа таңбамен белгіленген. Мысалы, Орхон әліпбиіне көшетін
болсақ, тон дегендегі т дауыссызын бір таңбамен, төн деген-
дегі [н’]-ді басқа бір таңбамен белгілеуге тура келеді. Сөйтіп,
Орхон әліпбиіне көшсек, 9 дауыстыны 5 әріппен, 16 дауыссыз-
ды 32 әріппен таңбалар едік, ал әліпбидегі әріптің саны 31 әріп
болар еді.
186
187


Түркі қағанатында (V–VIII ғғ.) оның шығысы мен батысын-
да солтүстігі пен оңтүстік аймақтарында  Орхоннан басқа си-
рия   жазуы,   санскрит   жазуы,   брахми,   ескі   ұйғыр   жазулары
қолданылды. Бұлардың бәрі діни фактормен (будда, христи-ан
дінімен)   байланысты  болды.   Тек  Орхон  жазуы   ғана,   кезін-де
қағанатқа   кеңінен   тараған.   Салыстырмалы   түрде   айтқанда,
әскери демократиялық қоғамның азаматтық сипаттағы жа-зуы
болып,   «маңдайы»   жарқырап   тұрды.   Алайда   діни   фактор
болмағандықтан,   діни   сенімге   негізделмегендіктен   бұл   жазу
қолданыс майданынан шығып қалды.
«Әліпби»   концептісімен   байланысты   кодқа   салынған   мұндай
ақпараттар   тек   филолог,  тарихшы,   шығыстанушы,   қоғамтанушы
және   делитанттардың   тілдік   санасында   білім   алу   жолымен
жүйеленген. Ал өзге жұртшылықтың когнитивтік санасында білім
түрінде   орныққан   ақпараттар  жеткілікті   болмағандықтан,   Орхон
әліпбиінің   мұрагері   ретінде   қайта   жаңғыртып,   қазақ   әліпбиі
ретінде   алу   ұсынысы   қалың   жұртшылықта   қолдау   таба-тыны
күмәнді болып қалды. Ұсынылған жобалар жоқтың қасы, ғылыми-
лингвистикалық тұрғыдан негіздеу, мықты дейтіндей факторларды
ашып көрсету жағы олқы түсіп жатты.
Мәдени-тілдік   ұжымның   санасындағы   «араб   әліпбиі»   кон-
цептісінде   әртүрлі   мәдени-тарихи   ақпарат   кодқа   салынған.   Сол
ақпарат   жүйесін   қысқаша   таратып   айтар   болсақ,   «араб   тілі
пайғамбарлардың тілі»; қасиетті Құранның сүрелері көктен араб
тілінде  түскен;  қазақтар исламды қабылдап,  өзінің дәстүрлі  діні
деп   таныды.   Араб   мәдениеті,   жазуы   арқылы   қазақ   дала-сына
білімнің   ұшқыны   тарай   бастады;   қазақ   қоғамдастығында   жазба
тілдің   үлгілері   жасалып,   нормалары   айқындалып,   қазақ
мемлекетінің   хан   жарлықтары,   іс-қағаздары,   дипломатиялық
жазбалары,   заң   жобалары   араб   әрпімен   қағазға   түсті.   Қазақтың
оқып,   сауат   ашқан   ақын-жыраулары   көркем   дүниелерін   араб
әліпбиімен   қағазға   түсірді.   Қазан   төңкерісіне   дейін,   шамамен
мыңға   тарта   кітап   жүздеген   таралыммен   ауыл-ауылға   таралған
екен.   Ертеректегі   қазақ   қоғамында   тек   зиялы   қауым   игілігіне
қызмет еткен ескі жазбаны А.Байтұрсынұлы реформалап, бар-ша
жұртшылықтың игілігіне айналдарды, «төте жазу» жүйесін жасап,
жазу-сызуды демократияландырды.
Алайда советтік/кеңестік дәуірде қазақ әліпбиін латынға, одан
кирилшеге көшірумен байланысты тілдік ұжым төте жазудан қол
үзіп қалды да дәстүр сабақтастығы бұзылды. Тек Қытайдағы
қазақ   диаспорасы   осы   төте   жазуды   қолданып   отыр.   Міне,   араб
әліпбиі   туралы   осы   тәрізді   ақпараттар   тілдік   тұлғаның   (жеке
адамның,   тілдік   ұжымның)   санасында   жинақтала   келе   мәдени
құндылық   түрінде   орнықты.   Осымен   байланысты   кейбір   тілдік
тұлғалардың әліпби ауыстырулар болып жатқан бұл заманда төте
жазуға   неге  оралмаймыз,   мәдени-ұлттық  құндылығымызды   неге
қайта   жаңғыртпаймыз   деген   сұраудың   күдікшілдер   та-рапынан
қойылуын орынсыз деп айта алмаймыз. Оның үстіне А.Байтұрсын
әліпбиін кезінде әлем лингвистикасының көрнекті өкілдерінің бірі
Д.Е.Поливанов аса жоғары бағалаған. Н.Ф.Яковлев математикалық
тәсілмен   бұл   әліпбидің   ең   тиімді   екенін   көрсеткен.   Алайда
А.Байтұрсын әліпбиіне көшуді қолдаушылар төте жазу шеттілдік
сөздердің   қалай   жазылаты-ны,   шеттілдік   сөздердің
«басқыншылығы»   көктемгі   қарғындай   күшейіп   келе   жатқан
қазіргі   заманда   бейүндес   сөздердің   қалай   орфографиялануы
тәрізді қиын мәселелермен байланысты сын-дарлы ұсыныс жасай
қойған жоқ.
Егер таза лингвистикалық факторға сүйенсек, ең дұрысы төте
жазу болар еді. Бұл жерде мәдени–әлеуметтік фактор басым түсіп
жатыр.   Әрине,   қоғам   тек   өткен   кезеңді   еске   алып,   оның
сабақтарынан   тағылым   алумен   бірге   болашақты   болжамдайды.
Көптеген   ел,  әліпби   ауыстырғаны  да,   ауыстырам  деп,   ауыстыра
алмай қалғаны да басқаны емес, неге латын әліпбиін таңдайды?
¤йткені әлем Батысты бағдарға алып, оның озық технология-сын,
ғылым–білімдегі   табыстарын   игеріп,   жаңартпалар   жаса-уды
көздеп   отыр.   Экономикадағы   мемлекетаралық   сан-салалы
қатынастың   ең   болмағанда   бір   тегершігін   өз  қолында   ұстағысы
келеді, одан айырылып қалмауға тырысады. Бұл ұлттық сананың
әлеуметтік-экономикалық   жағдайымен   байланысты   қыры.   Кез
келген   реформа   ұлттық   санамен   байланысты.   Егер   ұлттық   сана
қай   әліпбиді   қолдаса,   реформаны   жүзеге   асыру   да   ойдағыдай
болмақ.  Қалың  жұртшылықтың ықыласы  латын  әліпбиіне  қарай
ауып тұрғаны жобалардың көптігінен де аңғаруға болады.
Тілдік ұжымның когнитивтік санасында латын әліпбиі жөнінде
орныққан   ақпараттар   жүйесін   энциклопедиялық   сипаттағы
жинақталған білім және тұрмыстық мазмұндағы білімдер жүйесі
деуге   болады.   Қазіргі   ғылым   мен   білімнің   тер-минологиясы
негізінен   латын   сөздері   болып   табылады;   латын   әліпбиін
қолданып   отырған   тілдер   саны   жағынан   өзге   тілдерден   басым;
алыс шетелдердің университеттерінде қандай мамандық
188
189


жүктеу 1,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау