Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



жүктеу 1,76 Mb.
Pdf просмотр
бет18/83
Дата20.11.2018
өлшемі1,76 Mb.
#21940
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   83

көрсеткен жоқ (А.Бақтыгереева (ақын), Қазақтан-1 телеарна-
сы. 26.02.06.).
ІV-мәтін:  Мынау басында тақырыбы тары деп бекіткен-
де,  ұсынғанда ойлап едік, бір тарыдан  не шығады, оның ар
жағында не болуы мүмкін деп. Бұл э-э-э, диссертацияның да,
авторефераттың  да кіріспесінен  байқалып отырғандай, бұл
үлкен ғылыми, әлеуметтік маңызы бар тақырып болып шығып
отыр.   Әсіресе   мынау   заманда   қазақ   тілінің   ары-бері   болып
тұрған   кезі,   аяғынан   әлі   қаз   тұра   алмай   тұрған   кезі,   қазақ
халқының аяғынан қаз тұрып, ілініп кете алмай тұрған кезінде
зәруліктен, содан туындап отырған тақырып екен деп ұқтым
мен (профессор Ә.Жүнісбек).
V-мәтін:  Жалпы,  қандай ауру болса,  алдын алып,  асқындырмай,
мүмкіндігінше   ерте,   соның   диагнозын   қойып,   емдеген   дұрыс.   Ол
қандай ауру болса да, мысалы, хирургиялық немесе соматикалық ауру
болса   да.   Ал   енді   жұқпалы   ауруларға   келетін   болсақ,   оны   ерте
қараудың, ерте емдеудің маңызы бар. Себебі, бұлар жаңағы өзінің
атына сәйкес жұқпалы аурулар. Демек, егер осы ауру пайда болса, ол
екінші адамға, сау адамға, әсіресе мынау, бір жанұяда, бала-шағаға
тағы  да басқа қарым- қатынаста  болған  сау адамдарға жұғады.
Сондықтан   жұқпалы   аурулар-ды   неғұрлым   ерте   анықтап,   ерте
дәрігерге   қаралып,   ерте   ем   қолданса,   бұл   ең   дұрыс   жол.   Бұл
жұқпалы   ауруларға   мемлекет   тарпынан   үлкен   көңіл   бөлінеді.
Сондықтан жұпалы ауруларды емдеу ақысыз. Сондықтан неғұрлым
ерте   қаралып,   ерте   тек-серілсе,   ол   жақсы   болар   еді   (Радиодан
тыңдалған хабар).
Мұндағы   негізгі   акцент   –   ойын   жазба   тілде   білдірмейтін
қарияның сөзі, жазба тілді дұрыс меңгермеген студенттің сөзі
және жазба тілді толық меңгерген, жазба коммуникацияны өз
иелігінде   жұмсай   алатын   (ақын,   журналист,   ғалым,   маман)
субъектілердің сөйлеу мәтініндегі айырмашылықтарды көрсете
отырып,   тілдің   синтаксистік,   морфологиялық,   лексикалық,
фонетикалық деңгейін коммуникация барысында немесе ойын
жарыққа шығару үстінде қаншалықты жүйелі, орынды қолдана
біледі,   соны   аңғару.   Бұл   арқылы   жазба   тілді  төмен,  орта,
жоғары дәрежеде меңгерген субъектілердің қайсысында мәтін
жүйелі құрылды, ол жүйелілік неден шықты – осы сауалдарға
жауап іздеу мақсаты көзделеді.
Мәтінде, яғни жазба тілдің морфологиялық, лексикалық, син-
таксистік жүйесіне машықтанып көрмеген, бірақ көпті көрген,
ойын пайымдауға құруға тиісті қарияның сөзінде ауызша тілге
тән элементтер басым.
Сөйлем   құрылысы   маңызды   ақпаратты   алдыңғы   орында
айтып, мәнсіз информацияны соңына қалдыратын ауызша тіл-
ге тән: кедей шаруада, әкеміз үлкен сол, 5-те тұрып ап, сонша
жыл істегенде.  Шылау,  көмекші сөздерді қолданбағандықтан
екі   сөйлем   арасын   байланыстыратын   мәнсіз   элементтерді
пайда-лану да ауызша тіл құрылымына тән еді. Мысалы, әкеміз
үлкен  сол, сол Зайсанда тұрдық, сол жұмыс.  Мәтінде ауызша
тілге тән редукция да жиі. Мысалы, елдің бәрі (аш), сотталуын
соттап  (абақтыға   айдады),   сонда   шешем   жарықтық(тың
бастамасы бойынша, елге қарай) қашпақшы болыппыз. Ақыры
1955 жылы (шекара ашылып, заңды түрде елге қарай өттік).
Мәтіннің   логикалық   құрылымы   синтаксистік   құрылымға
сай емес, ой бар мазмұнымен толық ашыла алмайды. Мәтінді
сол қалпында қағазға түсіру мүмкін емес. Осы қалпында түскен
мәтінді оқыған адам  мәтін мазмұнынан толық хабардар бола
ал-майды. Алайда мәтін қарияның ауызша баяндау стилінде өз
ау-диториясына түсінікті еді. Оған ешкім “ бұл не деп отыр,
қалай-қалай   сөйлеп   кетті?”   деген   жоқ,   қайта   қоштап,
мақұлдасып   отырған   еді.   Енді   жазба   тілге   келгенде,   мәтін
құрылысын   жаз-ба   тілдің   жүйесіне   кодтау   керек   болады.
Өйткені   жазба   тілдің   жүйесінде   баяндалмаған   сөз
коммуникация   мақсатына   жет-пейді.   Сондықтан   мәтіннің
синтаксистік   құрылымын   жүйелеп,   лексикалық   элементтерін
екшеп, морфологиялық формаларын орынды қолданып немесе
сөздердің   семантикалық   байланы-сын   формалап   мәтін   жасау
керек. Ол шамамен былай шығуы ықтимал:
Мен   1940   жылдың   наурыз   айында,   Қытай   жерінде,   кедей
шаруа   отбасында   дүниеге   келдім.   5   жылдық   орыс   мектебін
бітіргенде   жапа-тармағай   аштық   басталды.   Елдің   бәрі   аш-
жалаңаш,   жұмыс   жоқ,   сотталғандар   сотталып,   абақтыға
жабылғандар айдалып жатты. Сонда шешем жарықтық, бізді
алып, қашуға бел буыпты. Бірақ әкеміз үлкен кісі еді де, шешеміз
соған қарайлап жолға шыға алмапты. Ақыры, сөйтіп жүргенде
1955   жылы   шегара   ашылып,   елге   оралдық.   Алдымен   Павлодар
қаласына   келдік.   Кейін   Шығыс   Қазақстан   облысы,   Зайсан
ауданына   көшіп   келіп,   сонда   тұрақтадық.   Жұмысқа   тұрдым.
Мені пысықтығыма қарап, бригадир етіп қойды. Еркек балалар
сияқты ренжіткен адаммен жұлыса кететін көрінемін. Оны
70
71


ағам айтады. Азапты да көп көрдім. Таңертең 5-те тұрып
алып сиырды қосып, кешке дейін жұмыста тұрамын. Талай
(жесір) әйелдердің жағдайын әкімшілікке айтып, көмек алып
бердім.
Міне, жазба тіл жүйесіне кодталған ауызша тіл құрылымы
үлкен   өзгеріске  ұшырағанын  көріп  отырмыз.   Мәтін ұлғайып,
редукцияланған   элементтер   қалпына   келтірілді.   Мәтін
мазмұнына   бәлендей   мән   үстемесе   де,  Қытайда    Қытай
жерінде, кедей шаруада – кедей шаруа отбасында, Павлодарға
– Павлодар қаласына, 5 кластық – 5 жылдық деген имплицитті
тұлғалар жазба тілдің нормасына салынды. Мәтін көзбен көру-
оқу процесіне бағышталғандықтан, ауызша тілдегі интонация
дауыс   тоны,   конситуация   жазба   тілде   осындай  “басы   артық”
элементтермен компенсацияланады. Мәтін жазба тіл жүйесінен
үлкен   алшақтықта   жатыр.   Сөйленімді   жазба   тілге   толықтай
код-тау мүмкіндігі аз, дегенмен кодтауға болады.
Сөйтіп, жазба тілді төмен дәрежеде білетін адамның сөзінде
тілдік тәсілдер қоры аз, сөйленімі жүйесіз болады, жазба тілді
орта дәрежеде меңгерген адамның сөзінде уәжсіз түрде жазба
тілдің жүйесі де, ауызша тілдің элементтері де қолданылады.
Сөйлемдер   қысқа   емес,   толымды   келгенмен   синтаксистік
байланыс сөйлем аяғына дейін жетпейді. Ал жазба тілдің елесі
мен   ауызша   тіл   елесімен   қатар,   тіпті   алдыңғысы   басым
орналасқан саналы адамның сөзінде жүйе болады. Басы артық
сөйленістер болмайды. Логикалық жүйе мен синтаксистік жүйе
сәйкес   келеді   деген   қорытындыға   келеміз.   Қазіргі   БАҚ-тың
барлық  бағдарламаларының  мәтіндері   жазба  тілде  құрылады.
Сұқбат   түріндегі   бағдарламаның   жүргізушісі   де   өз   сөзін   ал-
дымен жазба тілде құрып алады. Қазір сөйлеуді қабылдайтын
аудиторияның перцепциясы да жазба тіл жүйесін түсінуге бет
бұрды.   Әйтпегенде   қазақтілді   бағдарламалардың   егемендік
алған 1993-1997 жж. алғашқы түрлері қазақ аудиториясы үшін
ауыр қабылданатын еді.
Сонымен, бүгінгі күн тұрғысынан, біздің ойымызша, тілдік
жүйе мен норма жазба тіл жүйесі мен нормасына сай келеді.
Қ.Күдеринованың «Қазақ жазуының теориялық 
негіздері» (2010 ж.) монографиясынан алынды.
1-тапсырма.
Ауызша   мәтінге   талдау   жасаңыз   (фонетикалық,
морфологиялық, лексикалық және синтаксистік деңгейлер
бойынша)
І-мәтін:  Студенттік шақ дегеніміз ол адамның ең қызықты
шағы. Осы жастық кезінің ең қызықты шағы болып есептеледі
ғой. Мектепте, біздер оқып жүргенде әлі бала едік. Мектептен
қоштасу дегеніміз- балалық шағымызбен қоштасу болад. Ал қазір
енді біздер  үшін өмірге қадам басып кел атырық. Студенттік
өмір деген адамның өзін-өзі ұстауын, бәрін үйретеді. Қазір мен
өзім жатақханада тұрыб атырмын. Общежитияда көп нәрсені
үйреніп кел атырмын. Бұрын істемеген, бұрын көрмеген нәрсемді
өзім арқылы, өзіме сеніп қана, өз ісімді аяқтай ала-мын. Және
қазір өзім  оқып  атқан группам өзіме қатты ұнайды. Таңдаған
мамандығым   болған   соң,   соған   сай   талпынуым   керек.   Және   де
сабақтың   сапасы   мен   үшін   жақсы   деп   ойлаймын   мек-тепке
қарағанда. Көп нәрсені үйренуге болады, кітапханаға барсаң да
өзің   үшін   оқисың.   Одан   тапсаң,   өзің   үшін   пайдалы.
Факультеттің   сапасы   жақсы   деп   ойлаймын,   бірақ   асып   бара
жатқандай, ішқандай жаман емес деп ойлаймын.  Сапасы жа-
ман емес, жақсы. Артық ештеме қоса алмаймын. Бәрін үйреніп
шықса да, көп нәрсені үйренуге болады.
ІІ-мәтін: Қазіргі ХХІ ғ. басты проблемасы бұл  терроризм.
Терроризм   бұл   дүние   жүзіндегі   адамдардың   ниетін,   таза
өмірге   деген   көзқарасын   бұзады.   Және   терроризм   неғылған
сайын дүниеде бейбітшілік азаяды. Тағы да одан кейін қазіргі
терро-ризм   өте   қатты   түрде   дамып   жатыр.   Көптеген
террорлық   нелер,   қозғалыстар   болып   жатыр.   Онда   қазір
мысал келтіре берсек көп.
ІІІ-мәтін:  Алқабилердің  жалпы  жұмысы  әлі  бізге  то-сын
жаңалық   болғаннан   кейін   көпшілік   түсінбей   жатқанын
сұрақтардан   көруге   болады.   Сондықтан   алқабилердің
құқықтары мен міндеттері қандай деген сұраққа жауап беріп
өтсеңіз (Қазақ радиосы, 26.02.06.)
2-тапсырма.
Төмендегі сұқбаттан қандай ой түйіндеуге болады?
Атақты спикерге:
-Жақсы сөз сөйлеу үшін жақсы дайындалу керектегінің
72
73


жүктеу 1,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау