Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



жүктеу 1,76 Mb.
Pdf просмотр
бет146/236
Дата03.10.2022
өлшемі1,76 Mb.
#39472
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   236
8e10fd01cc60087f7a7a338573861826 (1)

Оқуға арналған материал
Емле туралы
Емле негізі 4 түрлі: 1) таңба жүйелі (негізі ынтымақ); 2) та-
рих жүйелі (негізі дағды); 3) туыс жүйелі (негізі тегіне қарай);
4) дыбыс жүйелі (негізі естілуіне қарай).
1. Таңба жүйелі емле арғынға дөңгелек таңба алайық.
217


Қыпшаққа “жіп” таңба алайық деген сияқты немесе “бірге” мы-
надай: “1” белгі, “екіге” мынадай “2” белгі алайық деген сияІты,
не болмаса пәлен дыбысқа пәлен белгі алайық деп дыбыс басына
әріп арнаған сияқты, тіл іліміне тіремей, тек ынтымақпен мына
сөзді мынадай, ана сөзді анадай етіп жазайық деумен жасалатын
емле жүйесі, емленің бұл жүйесін алу – алмау жағын сөз қылмай
өтеміз, үйткені жоғарыда емлеміз қалай жасалса да, негізгі тіл
іліміне, тіл жүйесіне тіреліп отырып жасалу тиіс дедік.
2.
Тарих жүйелі – емле баяғы бір жасалған түрінде
қолданып дағдыланғандықтан, тіл өзгерсе де өзгерместен
әдеттенген бойынша қолданатын емле. Ондай емледе бір
дыбысқа арналған әріп, тіл дыбыстары өзгеріп кеткендіктен,
бірнеше дыбыстың ортасындағы ортақ таңба болуы мүмкін. Бір
дыбысты жазуға бірнеше әріп жұмсалуы мүмкін немесе тіпті
дыбысы жоғалып кеткен әріптерді әлі күнге жоғалмастан сөз
ішінде жазылып жүруі мүмкін. Емлеміз бұл жүйелі болу-
болмауын тағы сөз қылмай өтеміз, үйткені-дағдыланған
емлеше жазамыз десек, емле мәселесі қозғалмас еді.
3. Туыс жүйелі емле – сөздің ауыздан шыққандай дыбыс-
тарына қарамай, тегіне қарап отырып жазатын емле. Мәселен,
ауыздан шыққанда 
“қорада бір қара ат тұр екен”
дегенде “қара”
деген “ат” деген сөздерді ауыздан шығуынша
“қарат”
деп жаз-
бай, 
“қара ат”
деп жазады. Сол секілді ауыздан шыққанда, 
“со-
лай болсигеді” 
болып естілсе де,
 
жазғанда
 “солай болса игі еді”
деп, “болса”, “игі”, “еді” деген сөздердің тегіне қарап жазады.
Бірақ осы күнгі емлемізше жазу бар болғандықтан, емленің бұл
түрі сөз болуға тиіс.
4. Дыбыс жүйелі емле – сөздерді ауыздан шыққан күйінше
жазатын емле. Сөздің ауыздан шығуының өзі екі түрлі болады.
Сөйлегенде сөздер бір-біріне жалғаса айтылғанда ауыздан бір
түрлі болып шығады, әр сөзді оңаша жеке алып айтқанда ауыздан
екінші түрлі болып шығады. Оның мысалын айқын түрде “ақ”,
“көк” деген сөздердің айтылуынан көруге болады. Осы сөздерді
оңаша жеке түрінде айтсақ, ауыздан айнымай шығады. Сол араға
“өгіз” деген сөзді жалғас айтсақ, әлгі сөздеріміздің аяғы айнып,
екінші түрлі естіледі (
Ақ өгіз

ағ өгіз,
көк өгіз

көг өгіз).
Дыбыс жүйелі емленің сөйлегендегі ауыздан шығуынша жазу
түрін тілдік ілім-білім жүзінде қолданбаса, өнер – білім жүзінде
еш жұртта қолдану жоқ. Жеке айтқандағы ауыздан шығуынша
жазу түрін біздің қазақ қолданып келеді. Сондықтан емлемізді
туыс жүйесіне қатысқан жүйелеріне қарамай, көпшілігіне
қарап, дыбыс жүйелі деп атап келдік.
Жаңа емлешілер емле үйренуге жеңіл болу үшін дыбыс
жүйелі болу тиіс дейді: керек орындарда ғана туыс жүйелі (сөз
жүйелі) болсын дейді. Бұрынғы емлеміз дыбыс жүйелі емес бе
еді? Туыс жүйесін керексіз орында кірістіруші едік пе?
Бұрынғы емлемізде дыбыс жүйелі екендігін, туыс жүйелі
қандай керек орындарда кірісетіндігін жоғарыда айтып өттік.
Олай болса, жаңа емлешілердің емле жобасының бұрынғыдан
басқалығы қай жерінде? Басқалығы мынадай: екі сөз, үш сөз
жалғаса айтылғандағы дыбыстарының естілуінше жазу тиіс
дейді (бұрынғы емлемізде әр сөз жеке айтылғандағы естілуін-
ше жазылатын). Бұл бір. Екінші, үйлес болғандықтан, бірінің
орнына бірі алмасып айтылатын дыбыстардың тегі тексерілмей
ауыздан шығуынша жазылсын дейді. Бұрынғы емлемізде ондай
дыбыстар ауыздан шығуына қарамай, тегіне қарап жазылатын.
Мысал үшін бұрынғы емлеше жазу мен жаңа жобаша жазы-лу
арасындағы айырымын бірнеше сөз алып көрсетіп өтейік.
Алдыңғысы бұрынғыша, соңғысы жаңаша жазылған сөздер бо-
лады:
Тұрғанбай-Тұрғамбай,
қонған-қоңған,
көнген-көңген,
інге-
іңге, бара алмайды-баралмайды, келе алмайды-келалмайды, келе
алмай тұрмын-келалмайтұрмын, бүрсі күні-бүрсігүні, бұрнағы
күні-бұрнағыгүні, жазды күні-жаздыгүні, тұзсыз-тұссыз, бас-
сыз, басшы-башшы, ізші-ішші, қазса-қасса 
тағы сондайлар.
Мұны мен емле үйренуге оңай бола ма? Көз тануына, қол
жүруіне жеңіл бола ма? Басқа түріктерге түсініктірек болып
жақындар ма? – Жоқ. Олай болса, бұрынғыдан мұның несі артық
деп аламыз? Емлені бұрынғысынан артық болғандай етіп
өзгертуге мағана бар; бұрынғысынан төмен болғандай етіп
өзгертуге мағана да, мақсат та жоқ. Кілең туыс жүйелі болсын
дейтіндер де, кілең дыбыс жүйелі болсын дейтіндер де алдарын-да
неге барып қамалатындарына не көз салмайды-ау деймін.
Кілең туыс жүйелі емле болсын дегенде,
“балалы”, “тұзлы”,
“атлы”, “баланы”, “тұзны”, “атны” 
деп жазатын болмақ.
Бұлай жазу қолайлы болып табылар ма? Кілең дыбыс жүйелі
болсын дегенде,
“сөзшең”
дегенді
“шөшшең”
деп,
“ізшілер”,
“ісшілер

 
деген сөздердің екеуін де бірдей
 “ішшілер” 
деп,
“кигізсе” 
дегенді
 “кигіссе” 
деп,
 “кигізше” 
дегенді
 “кигішше”
деп,
“жазса”
дегенді “
жасса”
деп,
“қызса
” дегенді
“қысса”
деп, “
сезсе”
дегенді 
“сессе”
деп жазатын болмақ. Бұлай жазу
218
219


қолайлы бола ала ма? Екі жүйені де аралас тұтыну керек деу-
шілер: керегіне қарап, екеуін де тұтыну керек дейді. Солай
дейді де, мынау сөзді мынадай, анау сөзді анадай етіп жазайық
деп, сөз басына ереже жасайды. Сөз басына ереже жасайтын
болсақ, ондай емле қолайлы, оңай емле болып табылар ма?
Онан басқа тағы бір байқалып тұрған нәрсе сөздерді қосып
жазуға құмарлық. Ол құмарлықтың ар жағы неге барып килі-
гетініне тағы көз салынбайды-ау деймін. Мәселен:
“бара ал-
майды”
дегенді
“баралмайды”
деп жазу керек дейтін бар.
 
Бұл
қосылып айтылып тұрған сөздердің біреуі көсемше етістік, екін-
шісі көмекші етістік екен. Бұл екі түрлі етістіктің бірлесіп айты-
луы ылғи бір көсемше, бір көмекшіден болып отырмайды.
Онан көбірек болып бірлесетін орындары болады. Менің
ойымша, қопа қардай етіп емле жүйесін өзгертеміз демей,
бұрынғы емленің кеміс жерлері болса, соларын тексеріп, сола-
рын ғана түзеу. Басқа түріктерге жазу тіліміз түсінікті болу
үшін мүмкіндігінше жанастыру жағына қарап икемдеу.
Байтұрсынұлы 
Ақымет
Емле туралы //“Еңбекші қазақ”. 1929. 27-март.
Мақаланы қазіргі графикаға аударған О.Жұбаева //
«Ұлттың ұлы ұстазы» (Алматы, 2001. 128-137-б.).

жүктеу 1,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   236




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау