Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



жүктеу 1,76 Mb.
Pdf просмотр
бет196/236
Дата03.10.2022
өлшемі1,76 Mb.
#39472
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   236
8e10fd01cc60087f7a7a338573861826 (1)

Күдікшілдердің уәжі:
Үшінші рет қаріп (шрифт) ауыстырудан не пайда? Жетпіс
жыл бойғы рухани дүниемізден келер ұрпақ тағы да көз жазып
қалып, аға буын жаңа жазуды үйрене алмай сауатсыз болып
қалады (ә л е у м е т т і к-п с и х о л о г и я л ы қ ф а к т о р).
Ел жағдайы шүкіршілік дегенмен, әліпби ауыстыру қыруар
қаржыны қажет етеді (э к о н о м и к а л ы қ ф а к т о р).
Әліпби ауыстыру саясатын еліміздегі орыстілді
отандастары-мыз хош ала қоя ма? 8 мың шақырым шекаралас
көршілеріміз де құптай қоймас, Ресейден теріс айналып,
Батысқа бет түзеді деп түсінбей ме? (с а я с и ф а к т о р)
Әліпбиді өзгертпей-ақ, кем-кетіктерді ішінара жөндеуге бо-
лады (л и н г в и с т и к а л ы қ ф а к т о р).
Орыс жазуына жетпіс жыл бойы бауыр басып қалдық, исі
сіңді, сондықтан әліпби ауыстыру жұртшылыққа қиын тиеді (п
с и х о л о г и я л ы қ ф а к т о р).
Әліпби ауыстырып, латынға көшпесе де, экономикасы көш
ілгері Жапония, Оңтүстік Корей тәрізді елдер бар. Қытай тәрізді
алып ел бұл мәселені жылы жауып қойды. Одақтас елдің сана-
тында болған грузин, армян елдері әліпби ауыстырамыз деп ба-
сын ауыртып жатқан жоқ. Олай болса әліпби парадын
жасаудың
не қажеті бар? (ә л е у м е т т і к-м ә д е н и ф а к т о р).
Сонымен, қазақ жазуын латын графикасы негізіндегі жаңа
әлипбиге көшіруге себеп болатын төмендегідей бірнеше фак-
торлар белгілі болды.
Мәдени-әлеуметтік
:
 
тіліміздің жазу тәжірибесінде бұрын-
соңды кеткен кемшіліктерді жаңа әліпбиде қайталамау – тіл
иелерінің жазу-сызу мәдениетін көтеруге, адамзат тарихындағы
ерекше феномен, құндылық ретіндегі ұлттық тілдің бет-бедерін
сақтап қалуға зор ықпалын тигізеді;
Лингвистикалық
:
 
әлемдік лингвистиканың
әліпби теори-
ясында негізделген «әріп саны дыбыс санынан алшақ кетпей-
тін әліпби идеалды нұсқа» деген талапқа мүлде сәйкес келмей-
тін, басы артық әріптермен жасанды түрде күрделендірілген,
қосамжар, яғни екі тілдің орфографиясына қызмет ететін
әліпбиге түбегейлі реформа жасау арқылы тіліміздің дыбыстық
жүйесін нақты белгілейтін, оның өзіндік табиғатын бейнелеп
қана қоймай, ұрпақтан-ұрпаққа сақтап жеткізетін жаңа жазу-
сызу жүйесін ұсыну;
Экономикалық
:
 
әлемдік ақпараттар жүйесінде қазақ тілінің
үлесін арттыру, қарқындап дамыған алдыңғы қатарлы ел-
дермен бәсекелес бола алу үшін дүниежүзі бойынша кеңінен
қолданылып, сапаның бір көрсеткішіне айналған графикаға
көшу арқылы көштен қалмау;
Саяси
: 70
 
жылдан астам үстемдік құрған тоталитарлық
жүйенің құрсауынан жазу жүйесін құтқару, бодан елдің тоқырап
қалған ұлттық санасын ояту; егемен мемлекеттің рәмізінің бірі-
нен саналатын ұлттық жазу әліпбиін қалыптастыру;
Психологиялық
:
 
Кеңестік тоталитарлық жүйенің салта-нат
құрған кезеңінде бойға сіңіп қалған енжарлық, кез келген
мәселеде бауырлас аға елдің құзырына жүгінуден бұзылған
өзіндік сөйлеу, дыбыстау, жазу дәстүрін қалыптастыру үшін
осы үрдіспен тығыз байланысып қалған «кирил жазуында шет
сөздер өзгертілмеу керек» деген стереотиптен арылу;
Тарихи
:
 
түркітілді елдермен бауырластық қатынастарды
жаңғырту мақсатында ортақ таңбалар жүйесін қолдану, ХХ
ғасырдың басындағы латын графикасына негізделген жазу
дәстүріне қайта оралу. Жаңа әліпби шетелдік отандастарымыздың
ана тілінде шыққан баспа өнімдерін қиындықсыз оқи алатын-дай
болуы керек. 42 әріпке негізделген жазуда 13 әріп бөтен тілдік
таңбалар болғандықтан, біздің мектеп оқушылары да, қазақ тілін
оқып-үйренушілер де, шетелдегі қандастарымыз да қиындық
көріп жүр. Әлгіндей шетелдегі бауырластарымыздың кирилше
шыққан ана тіліміздегі басылымдарды қаншама ты-рысып оқып
үйренгісі келгенмен, оларды психологиялық шетен таңбалар
жүйесі қиындыққа душар ететіні белгілі.
Жаңа әліпбиге көшу латын графикасы негізіндегі жазуды
қолданып отырған түркітілдес бауырластарымызбен әдеби,
мәдени байланыстарымыздың нығаюына, дамуына ықпал
етуге, қазақ тілінің мемлекетаралық қатынастағы қолданылу
мүмкіндігіне жол ашуға, ұлттық жазудың елімізде ғана емес,
халықаралық деңгейде беделін көтеруге оң әсерін тигізеді.
292
293


Педагогикалық
:
 
мектеп табалдырығын жаңа аттаған
бүлдіршіннің екі тілдің орфографиясын 42 әріптен тұратын
қосамжар әліпби жүйесі негізінде меңгеріп шығуының
қаншалықты ауырлығын ескеру;
Ақпараттық
:
 
қазіргі заманғы жаңа компьютерлік техно-
логиялар талаптарынан шығатын ақпараттық сыйымдылығы
мол, әрі таңбалық жүйесі қолайлы да ықшам әлемдік деңгейде
әмбебаптандырылған әліпбиге көшу.

жүктеу 1,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   236




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау