Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


жарияланған мақаласынан үзінді. А.Байтұрсынов және қазақ тілінің фонологиясы



жүктеу 1,76 Mb.
Pdf просмотр
бет134/236
Дата03.10.2022
өлшемі1,76 Mb.
#39472
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   236
8e10fd01cc60087f7a7a338573861826 (1)

 
жарияланған мақаласынан үзінді.
А.Байтұрсынов және қазақ тілінің фонологиясы
...А.Байтұрсынов мүлдем жаңа графика жасау мәселесін
көтерген жоқ. Ол араб графикасын қазақ тілі дыбыс жүйесінің
статикалық және динамикалық ерекшеліктеріне сәйкес реформа-
ландыру мәселесін көтерді. Яғни, қазақ жазуының графикалық
базасы баяғы – арабша, бірақ бұған жаңа көзқарас ендірілу
арқылы әріп пен дыбыстың қарым қатынасы сингармофоне-
маграфия ұғымына негізделіп, қазақ әліпбиі мен орфографиясы
қазақ сөйлесім процесінің барлық қасиеттеріне бейімделеді.
Алфавитке (қолданылып жүрген әріптер негізінде) қосымша
таңбалар ендіріледі. Олардың қазақ көзімен қабылдануы дәстүрлі
(арабша) болуы керек. Қазақ алфавиті мен қазақ орфография-сын
жасағанда осындай шарттарды медеу тұту міндеттілігінің себебі –
араб жазуының қазақ даласына дінмен (исламмен) бірге
келгендігінде. Жазу және дін халықтың сана сезімінде
бөлшектенбейтін бір бүтін ұғым, сондықтан қазақ еліне бүгінде
басқа графиканы немесе басқа графиканың элементтерін енді-ру
мүмкін емес. Сол себептен ең объективті, ең ұтымды шешім
– араб графикасын қазақ дыбыс қорының қасиеттеріне бейім-
деп, қазақ алфавиті мен қазақ орфографиясын жасау. Мұндай
жаңашыл, үлкен жобаға негіз болған ғылыми жағдайлар мына-
лар еді:
1. Қазақ тілінде керекті нақты әріптер санын анықтау үшін
қазақ индивидінің ойындағы (басындағы, сана-сезіміндегі, ой-лау
қабылетіндегі) сингармофонемалардың (И.А.Бодуэн де Куртенэнің
пікірі бойынша психофонемалардың) психологиялық бейнелерін
(психобейнелерін) және сол сингармофонемалардың
сингармопозициялық түрлерін нақты анықтау.
2. Сингармофонема – сигармодыбыстар қоры, сөйлесім (ды-
бысталым) процесінде сингармопозициялық түрлерінде дыбыс-
талынады (реализация- ланады).
3. Сөз құрамында дауыссыз дыбыстар дауысты дыбыстарға
тәуелді: егер дауысты дыбыстар сингарможуан болса, онда
дауыссыз дыбыстар да сингарможуан болады; егер дауыс-ты
дыбыстар сингарможіңішке болса, дауыссыз дыбыстар да
сингарможіңішке болады.
4. Сингарможіңішке дыбыстың жіңішкелігін арнайы таңба
– дәйекшемен белгілеу. Дәйекше сөздің алдында, бірінші
әріптің биіктігінің деңгейінде жайғасады. Дәйекше сөз
құрамындағы да-уысты және дауыссыз дыбыстардың және
сөздің толық жіңішке дыбысталуын білдіреді.
5. Жаңа алфавит құрамына араб графикасынан басқа
графикалардың таңбаларын, таңбалау элементтерін ендірмеу.
6. Сингармофонемалық алфавитке араб графикасының не-
гізінде жасалған жаңа әріптерді ендіру және араб жазуына тән
200
201


қосымша таңбаларды қолдану: нүкте, нүктелер, үтір; тура,
имек, дөңгелек, т.б. сызықтар. Қосымша таңбалар әріптің
негізгі таңбасының үстінен, астынан, сол жағынан немесе оң
жағынан орын алады.
7. Араб тілінде артикуляциялық және акустикалық экви-
валенттері жоқ қазақ сингармофонемаларын жазуда таңбалау
үшін араб графикасының негізінде жасалған жаңа әріптерді
қолдану.
8. Қазақ тілінде артикуляциялық және акустикалық эквива-
ленттері жоқ араб дыбыстарының (фонемаларының)
таңбаларын сингармофонемалық алфавитте пайдаланбау.
9. Араб графикасының әрбірі – таңбалар қоры. Сөз
құрамындағы позициясына
байланысты бір әріптің негіз-
гі көрінісі (сурет бейнесі)
өзінің бірнеше варианттарында
(графикопозициялық түрлерінде, нұсқаларында) жазылады.
10. Түсініктілік.
11. Жеңілден – қиынға.
12. Белгіліден – белгісізге.
Алфавит пен орфографияны сингармофонологиялық
көзқарастың негізінде жасау қазақ тілі әрпі санының үнемделуіне
(көп болмауына) себеп болды. Яғни А.Байтұрсынов жасаған қазақ
тілі алфавитінің құрамындағы әріптер саны алдымен 24 таңбадан
және 1 дәйекшеден құрастырылады. Қазақтың сингармоникалық
сөйлесімінің барлық қасиеттерін жазылым процесінде толық
қамту үшін осы 24 әріптен және 1 дәйекшеден тұратын алфавитті
таңбалар саны жеткілікті болды.
...А.Байтұрсыновтың пікірі бойынша дүниеге келетін қазақтың
жаңа графикасы, әліпбиі және орфографиясы қазақ тілі дыбыс
қорының сөйлесім процесіндегі сингармониялық қасиеттерін дәл
көрсететін болу керек. Бұл ойды іске асыру үшін, біріншіден,
қазақ
индивидінің
басындағы
сингармофо-немалар
психобейнелерінің санын, екіншіден, оларды жазы-лымда
белгілейтін нақты таңбалардың санын анықтау керек еді.
А.Байтұрсыновтың бұл көзқарасының негізін іздейтін болсақ,
онда әліпби авторының алфавит пен орфографияны жасаудың
жоспарын түзгенінде-ақ, фонологияның маңызды принципі – әр
фонемаға – әріп принципін медеу тұтқандығы айқын байқалады.
Яғни А.Байтұрсыновтың бұл мәселені ше-шудегі негізгі ғылыми
бағыты – жеке сингармофонемаға – жеке әріп (жеке таңба) түсінігі
еді. Осындай биік ғылыми көзқарас
А.Байтұрсыновтың сингармоалфавит пен сингармоорфогра-фияны
жасау үшін тілді ұзақ әрі тыңғылықты зерттеп дайын-дау
барысында оның ұтымды жолдарын қарастырумен қатар, қазақ
(жалпы түркі) тілі әлемінің өмір сүру дағдысына бейімдей
түскендігін дәлелдейді. Сингармофонологиялық көзқарасты не-
гізге алғандықтан тілдегі сингармофонемалар санын, олардың
позициялық сингармотүрлерін анықтауға, сингармофонема-ны –
сингармодыбыстар қоры деп түсінуге, сол дыбыстар қорын
(фонеманы) бір әріппен таңбалауға мүмкіндік туды. Бұл жағдай
жазылымда бірнеше сингармофонемаларды бір әріппен
белгілеуден және бір сингармофонеманы бірнеше әріппен
таңбалаудан құтылу мүмкіндігін дүниеге әкелді. Консонантизм
құрамында А.Байтұрсынов сингармоезужан дыбысталатын

жүктеу 1,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   236




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау