қазтрансойл:
даМу серпіні
«қазтрансойл» ақ қазақстан-
дағы ең ірі коМпаниялардың
бірі болып табылады Және
елдің ЭконоМикалық
потенЦиалы Мен отандық
Мұнайгаз кешенінің даМуына
айтарлықтай үлес қосуда.
коМпанияның қарЖылық
көрсеткіштері Мен болашақ
Жоспарлары туралы біз
«қазтрансойл» ақ ЭконоМика
Және қарЖы Жөніндегі
басқарушы директоры әсеМ
бекқызы нүсіпоВаның баяндап
беруін өтіндік.
сем Бекқызы, Қазақстан-
дағы мұнайды құбырлар
арқылы транзиттеу мен
тасымалдаудың операторы бо-
лып табылатын «ҚазТрансОйл»
АҚ-ның республиканың мұнайгаз
саласындағы
орны
ерекше.
Соңғы жылдардағы компанияның
қаржылық-экономикалық
жетіс-
тіктері жайлы айтып берсеңіз.
— 2005 жылдан бастап 2009 жылға дейін
«қазтрансойл» ақ барлығы 225 млн. тон-
на мұнай тасымалдады. компания мұнай та-
сымалдау мөлшерінің жыл сайын тұрақты
түрде артып отыруын қамтамасыз етуде. бұл
жәйт өз кезегінде қаржылық-экономикалық
көрсеткіштерге жағымды әсер етеді. Мы-
салы, 2005 жылы компанияның негізгі
қызметінен түскен табыс мөлшері 63,7 млрд.
теңгені құраса, 2009 жылы бұл көрсеткіш
126,2 млрд. теңгеге жетті. табыстың өсуі таза
кірістің 5,6 млрд. теңгеден 15,5 млрд. теңгеге
дейін өсуіне алып келді.
қаржылық-экономикалық көрсеткіштердің
тұрақты түрде өсуі жүкті жіберушілермен
жұмыстың компанияның құбыр жүйесіне
тең жетімділік қағидасы бойынша тиімді
түрде байланысты. қоғамның монополияға
қарсы заңнамаға сәйкес теңдестірілген
тарифтік саясат жүргізуі де мұндай жағымды
үрдістің орын алуының негізгі себептерінің
бірі болып табылады. сонымен қатар, ком-
пания соңғы жылдары кеңқияқ-атырау,
атасу-алашанькоу, кеңқияқ-құмкөл мұнай
құбырларын салып, қытай бағытындағы ма-
гистралды мұнай құбырларының жүйесін
ұлғайтты. бұл жаңа экспорт бағытының пайда
болуына ғана емес, сондай-ақ, қазақстанның
батысы мен шығысындағы магистралдық
мұнай құбырларын біріктірілуіне алып келді.
Ə
Тұлға
Əсем Нүсіпова,
«ҚазТрансОйл» АҚ экономика және қаржы
жөніндегі басқарушы директор
126 № 3-4 (39-40) 2010 СПЕЦИАЛЬНЫЙ ВЫПУСК
компания 2008-2009 жылдары грузияда қара
теңіз жағалауында орналасқан стратегиялық
көліктік торап – батуми қаласындағы мұнай тер-
миналы мен теңіз портына ие болды.
баланстық капиталдандыру деңгейінің өсуі де
компания жетістіктерін көрсетеді. 2005 жыл-
мен салыстырғанда баланстық капиталданды-
ру мөлшері 45%-ға өсіп, 2009 жылы 325 млрд.
теңгеге жетті.
әрине,қаржылық-экономикалық
көрсеткіш-
тердің
өсуі
қазақстанның
мемлекеттік
бюджетіне түскен салықтық төлемнің арту-
ына әкелді. компания, елдегі ең ірі салық
төлеушілердің бірі ретінде, 2009 жылдың өзінде
бюджетке 20 млрд. теңге көлемінде салық
төледі.
— Болашақта, айталық 2015 жылы,
«ҚазТрансОйл» АҚ-н қандай болады
деп білесіз? Компания өзінің ұлттық
және
халықаралық
мүдделерін
қамтамасыз ету үшін қандай ұзақ
мерзімді
қаржылық-экономикалық
мақсаттар мен басымдылықтар
қоюда?
— болашақта, соның ішінде 2015 жылы да,
біз «қазтрансойл» ақ-ын қазіргі заманғы,
нормативтік сенімділік талаптарына жауап
беретін және өндірістік қызметтің қауіпсіздігінің
халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес
құбыр жүйесі бар, тиімділігі жоғары, бәсекеге
қабілетті, кіріс мөлшері жоғары және жедел да-
мушы компания деп көреміз. бұл – тұрақты түрде
өндірістік активтерін жаңартып отыратын және
мұнай құбыры жүйесінің жаңа нысандарының
құрылысын жүргіп отыратын компания.
«қазтрансойл» ақ республикада өндірілетін
мұнайдың кем дегенде 60 %-ын тасымалдай-
тын, қазақстандағы ең ірі мұнай құбыры ком-
паниясы болып қала бермек. бұл мақсаттарға
жету үшін компания қазіргі активтерін сақтап,
республикадағы жаңа мұнай құбырлары
активтерінде өзінің кем дегенде 50%-дық
қатысуын қамтамасыз етіп, оператор болу
құқығына қол жеткізбек.
компания стратегиясы қазақстан республика-
сының
мұнайды
әлемдік
энергетика
нарықтарына тасымалдау саласындағы мүдде-
лерін қорғау мақсатымен тығыз байланысты. ол
үшін біз батуми қаласындағы мұнай терминалы
мен теңіз портын дамытамыз. біздің шетелдегі
активтерімізді дамытуға және техникалық
жабдықтауды
жетілдіруге
бағытталған
жұмыстардың нәтижесінде қазірдің өзінде ба-
туми мұнай терминалы арқылы тасымалдана-
тын қазақстандық мұнайдың мөлшерінің едәуір
артқанын ерекше атап өткім келеді.
компанияның
ұзақ
мерзімді
қаржылық-
экономикалық мақсаты – шығын көлемін
мүмкіндігінше азайтып, кіріс мөлшерін артты-
ру. дәлірек айтқанда, 2015 жылы 2011-2015
бизнес жоспарына сәйкес 65 млн. тонна мұнай
мұнай тасымалдап, 25 млрд. теңге мөлшерінде
таза кіріс алуды жоспарлап отырмыз. Жыл сай-
ын активтеріміздің іргелі құрылысы мен жөндеу
жұмыстарына 20 млрд. теңге жұмсамақпыз.
— Компанияңыз 2010 жылдың бірінші
жартысында
қандай
қаржылық
көрсеткіштерге қол жеткізді? Бұл
көрсеткіштер сіз алдын ала болжаған
көрсеткіштерге қаншалықты сәйкес
келді?
— компания 2010 жылдың алғашқы жартысының
қаржылық-шаруашылық
қорытындыларын
жасап, ол 15 шілде күні ақтау қаласында
«қазтрансойл» ақ кеңейтілген отырысын-
да қарастырылды. 2010 жылдың алғашқы
жартыжылдығына қойылған барлық өндірістік
және
қаржылық-экономикалық
жоспарлар
орындалды деп айтуға негіз бар.
тасымалданған мұнайдың жалпы мөлшері
32,7 млн. тоннаны құрады. бұл жоспарланған
көрсеткіштен 8% жоғары. негізгі қызметтен
алынған жалпы табыс көлемі 66 млрд. теңгеге
жетіп, болжанған көрсеткіштен 15%-ға асты.
өндірістік өзіндік құн 35 млрд. теңгені құрап, ме-
желенген көрсеткіштен 4% төмен болды.
2010 жылдың алғашқы жартысында таза кіріс
21 млрд. теңгеге тең болды. бұл көрсеткіш 12,5
млрд. теңгені құрайды деп жоспарланған.
аталған мерзімде компания іргелі
құрылыс пен жөндеу жұмыстарына 9,3 млрд.
теңге, яғни, жоспарланған мөлшерден 37%-ға
артық сома жұмсаған. бұл құмкөл-қарақойын
телімінің өткізу қабілетін арттыру мақсатымен
жүргізіліп отырған құмкөл басты мұнай та-
сымалдау станциясы құрылысының жоспар-
дан жылдам жүргізілуі мен батуми мұнай
терминалындағы газ ұстаушы жүйелерінің орна-
тылуымен түсіндіріледі.
— Компания қызметіне жетекші
рейтинг агенттіктерінің берген
бағаларына сәйкес компанияның
халықаралық қаржылық «имиджі»
жайлы не айта аласыз?
— компанияның жағымды қаржылық имиджінің
құрамдас бөліктері болып тәуелсіз аудиторлар-
мен бекітілген ашық қаржылық есеп, жағымды
несие тарихы және жоғары несиелік рейтинг та-
былады.
«қазтрансойл» ақ-ның несие тарихы мінсіз.
компанияның соңғы рет алған қарызы – 2008
жылы 275 млн. ақш доллары көлеміндегі син-
дицирленген бесжылдық заем. бұл қаражат
грузиядағы батуми мұнай терминалы мен теңіз
портын сатып алу үшін алынды. 2010 жылы ком-
пания бұл несиені мерзімінен бұрын өтеді.
компания жетекші халықаралық рейтинг
агенттіктерімен соңғы 10 жыл бойы жұмыс
істеуде. рейтингтермен жұмыс істеу – ком-
пания беделінің мәселесі ғана емес. ком-
пания рейтингінің жоғары болуы сыртқы
нарықтан жеңіл несие алуға, инвесторлар-
ды тартуға жағдай жасайды. бұл несиелер ірі
инвестициялық жобаларды қаржыландыруға
жұмсалады.
2001 жылы Fitch Ratings компанияға BB-
«тұрақты»
деңгейіндегі
рейтинг
берсе,
Standard&Poor’s компанияға BB «тұрақты»
деп өз бағасын берді. 2002 жылы Moody`s
International агенттігі компанияға Ba2 «тұрақты»
несиелік рейтингін берді.
2009 жылы рейтинг агенттіктері компанияның
қазіргі несиейлік рейтинг деңгейлерін бекітті:
ВВ+ «тұрақты» - Standard&Poor’s, Baa2
«келеңсіз» - Moody`s International. ал Fitch
127
KAZENERGY