51
- мүмкін су тасқыны, селде, көшкіндерде, техногендік апаттарда жəне
басқа да қауіпті экзогенді құбылыстарда шаруашылық объектерін жəне
тұрғындарды хабарлаудың, мониторингтік ұйымының жүйесі;
- тіршілікпен қамтамасыз ету объектерінде материалдық-техникалық
құралдар, медикомент, азық-түлік қорларын құру.
2. Болуы мүмкін жер сілкіністерінен шаруашылық объектерін, аумақты
жəне тұрғындарды қорғау мақсатында алдын-ала мынадай шаралар
жүргізіледі:
- жер сілкінісін болжау жəне сейсмологиялық республикалық жүйесін
дамыту;
- республика аумағын сейсмикалық қауіпті бағалау жəне ғылыми болжау;
- сейсмикалық қауіптерді ескеріп құрылыстық норма жəне ережелерін
(ҚНжЕ) жасау;
- сейсмотұрақты ғимарат жəне ғимарат құрылысының сапасына бақылау
жүргізу;
- құрылысқа сай ғимараттар мен имараттардың сейсмотұрақтылығы
қамтамасыз ету;
- болуы мүмкін сейсмикалық əсерлерде ескерумен аумақ құрылысын
ескеру.
3. Су тасқыны, су басу жəне теңіздің таяздауынан қорғау бойынша шаралар:
- əрі су ағзалар мен теңіз деңгейінің өзгеруінен болатын нəтижелерді
болжау жəне ғылыми зерттеу;
- қорғаушы гидротехникалық жəне басқа имараттарды пайдалану жəне
құрылыс жобалау;
- жағалаулық зонадағы тасқын құбылыстары туралы шаруашылық
субъектілерімен тұрғындарға хабарлау, қоршаған орта жағдайы, ірі суағарлар
мен теңіз деңгейінің өзгерісін зерттеу нəтижесін ескеріп, аумақ құрылысын
жоспарлау;
- болуы мүмкін су тасқыны, су болуы аумақтарында нормативтік актілерге
сəйкес шаруашылық қажеттері үшін объект құрылысында қалдықтар
қалдырмау.
Объекті жəне аумақты қауіпсіздендіру бойынша шаралар:
o Қатты, суйық, газ пайдалы қазбалар кен орнын өңдеумен байланысты ТЖ-
дағы шаруашылық мыналардан тұрады;
o Қоршаған орта жəне тұрғындар үшін пайдалы қазбаларды өңдіру қаупін
бағалау, өлшеу жəне ғылыми зерттеу;
o Пайдалы қазбаларды өндіруді ескерумен жəне оның геологиялық құрылымға
төзімділігін ескеріп, ғимарат жəне ғимараттарды көшіру жəне аумақ
құрылысын жоспарлау;
o Кен орны өндіріліп жатқан аудандардағы ғимараттар мен имараттар
төзімділігі мен сенімділігін арттыру;
o Кен орын өндірілуімен байланысты ТЖ болатын шығынды төмендету
бойынша шараларды ұйымдастыру жəне жүргізу.
5 Зақымдану құралын пайдалану барысында, шығынның төмендеуі,
шаруашылық объекттері мен тұрғындарды қорғау мақсатында жүргізіледі:
52
А) алдын ала;
Б) зақымдану құралдарын қолданғанда.
Əдебиеттер: негізгі (27-32 б.); қосымша 1 (15-19 б.)
Бақылау сұрақтары:
1. Тұрғындарды қорғау тəсілдері жəне негізгі принциптері.
2. Көшіру органдары. Көшіру жəне бөліп жайғастыруды жүргізу тəсілдері
жəне принциптерінің, маңызы.
3. Көшіру шараларын жоспарлау, ұйымдастыру жəне жүргізу.
4. Табиғи жəне техногендік сипаттағы ТЖ-дан шаруашылық объектерін,
тұрғындарды қорғау бойынша азаматтық қорғаныс шаралары.
12-ші дəрістің тақырыбы: Дəрігерлік жəне жеке қорғаныс құралдары.
Халықты жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету.
Дəріс конспектісі: Жеке қорғаныс құралдары. Жеке қорғаныс құралдары
тыныс алу органдарын, көзді жəне тері жамылғыларын УЗ, ҚƏУЗ буынан,
тамшыларынан жəне аэрозольдерден, сондай-ақ радиоактивті шаңның, ауру
тудырғыш микробтар мен токсиндердің түсуінен қорғайды, олар тыныс алу
органдарын қорғау жəне теріні қорғау құралдары болып табылады.
Тыныс алу органдарын
қорғау
құралдары. Бүған газқағарлар,
респираторлар, мақта-мата таңғыштары мен шаңнан қорғайтын маскалар,
сондай-ақ оқшаулағыш газқағарлары жатады.
Фильтрлеуші газқағарлар ең көп қолданылады: олар жалпы əскери,
азаматтық жəне өнеркəсіптік болады.
Балалар газқағарлары. Балалар газқағарының бес түрі бар. Қазіргі уақытта
ең жетілген үлгі мектепке дейінгі балаларға арналған ПДФ-2Д газқағары жəне
мектеп жасындағы балаларға арналған ПДФ-2Ш газқағары болып табылады.
Бұл газқағарлар жиынына ГП-7К сүзгілік жұтқыш қорапшасы, МД-4 алдыңғы
бөлігіне ылғалданбайтын пленка салынған қорапша жəне сөмке кіреді. ПДФ-2Д
бір жəне екі өлшемдегі, ПДФ-2Ш екі жəне үш өлшемдегі алдыңғы бетпен
жабдықталады.
Қосымша патрондар. Газқағарлардың ҚƏУЗ-ден қорғаудағы мүмкіндіктерін
кеңейту мақсатында оларға қосымша патрондар (ДПГ-1, ДПГ-3) енгізілген.
Олар ГП-5, ГП-7 азаматтық газқағарлар жиынында пайдаланылады.
ДПГ-3 жиынында газқағары аммиактан, хлордан, диметиламиннен,
нитробензолдан, күкірт сутегінен, күкірт қышқылынан, синил қышқылынан,
тетра этилқорғасыннан, фенолдан, фосгеннен, фурфуролдан, флорлы сутегінен,
хлорлы цианнан жəне этилмеркаптаннан қорғайды. ДПГ-1 сонымен қатар
азоттың, хлорлы метилдің қостотығы, сутегі мен этилдің тотығынан қорғайды.
ДПГ-1 немесе ДПГ-3 қосымша патрондар жинағына жалғайтын түтікше
мен қоспа кіреді. Патронның цилиндрлік қалпы бар жəне сыртынан ГП-5, ГП-7
сүзгілік-жұтқыш қораптарына ұқсас.
ДПГ-1 патронының ішінде шихтаның екі қабаты, арнайы жұтқыш пен
гопкалит бар. ДПГ-З-те жұтқыштың тек қана бір қабаты бар. Гопкалитті патрон
көміртегі тотығынан қорғау үшін қызмет етеді. Ол қосымша патрон ретінде
газқағарда пайдаланылуы мүмкін.
53
Оқшаулағыш газқағарлар. Оқшаулағыш газқағарларға ИП-46, ИП-4М, ИП-
4МК, ИП-5 жатады Тыныс алу органдарын, көзді, бетті ауадағы кез келген
қоспадан оның ерекшеліктері мен жинақталуына қарамастан қорғау үшін,
сондай-ақ ауада оттегі жетпеген жағдайдағы жұмыс үшін қолданылады.
Өнеркəсіптік газқағарлар. Химиялық қауіпті объектілер қызметкерлерін
қорғау үшін өнеркəсіпті газқағарлар жасалынады. Олар сүзгілік газқағарлар
сияқты тыныс алу органы, көз бен бетті зақымданудан сақтайды. Олардың
қолдану аясы тар, адамды тек нақты жағдайларда ғана зиянды заттардан
қорғайды.
Тыныс алу органдарын құрайтын қарапайым құралдары ретінде қарапайым
мақта-мата дəкесін жəне шаңнан қорғайтын мақта-мата маскасын (ПТМ)
пайдалануға болады. Тыныс алу органдарын радиоактивті шаңнан, зиянды
газдан, будан жəне аэрозоль қоспасынан қорғаудың қарапайым құралы ретінде
Р-2 респираторлары қолданылады.
Теріні қорғау құралдары. Бұл құралдар радиоактивтік, улағыш заттардың
жəне бактериалдық құралдардың тікелей түсуінен, ал кейбір жағдайларда
жалпы əскерлік қорғаныс жиынын улы заттар буының адамның тері
жамылғысына əсерінен қорғауды қамтамасыз етеді. Олардың барлығы арнайы
жəне күнделікті болып екіге бөлінеді. Өз кезегінде арнайы оқшауланған
(ауаөткізбеуші) жəне фильтрлеуші (ауа өткізуші) болып бөлінеді.
Жеке қорғаныстың медициналық құралдары-медициналық препараттар,
материалдар жəне арнайы құралдар зақымдау құралдарының əсерін жəне
сақтандыру кезіндегі күрделіліктерді төмендету жөне зақымданудан ескерту
мақсатында қолданылады. Қорғаудың медициналық құралдарына: радиоқорғау,
залалсыздандырылған жəне бактерияға қарсы препараттар, медициналық
рецептуралар жəне таңу құралдар жатады. Жеке қорғаудың табельді
медициналық құралына жеке дəрі салғыш жатады. АИ-2 əмбебап дəрі салғыш
медициналық таңу пакеті, ИПП-8, ИПП-Ш жеке химиялауға қарсы тұратын
тұрғындар үшін тұрмыстық болып табылады. АИ-2 жеке дəрі салғыш
бактериялық заттардың немесе химиялық радиоактивті сəулеленулер адам
организміне əсерінің алдын-алу немесе төмендету мақсатындағы өздік жəне
өзара көрсету үшін арналған. Тұрмыстық əмбебап дəрі салғыш антисептикалық
жəне таңу құралдармен (көк дəрі, калий перманганаты, левонеполь немесе
ацетат мафенизин, мақта, лейкопластырь, бактерицид, орам), жалпы
терапиялық препараттар (аспирин, седальгин, аммиак, беселол, валидол,
нитроглицирин, папазол, диазолин, феназенам) радиоқорғау құралдарымен
жинақталған.
ИПП-8, ИПП-10 жеке химиялауға қарсы пакеті ОВ жұқтыру құралдармен
жəне аспаптар, киімнің кейбір бөліктері, тері қабыршақтарын залалсыздандыру
үшін арналған.
ТЖ өндірістік қызмет ету жəне тұрғындарды қорғау тəртіптері.
Тұрғындарды бактерияға, химиялауға, радиацияға қарсы қорғау қоршаған
ауадағы зиянды заттардан адам денесімен тыныс алу мүшелерін оқшаулау
принциптеріне немесе қорғау құралдарымен жұқтырылған ауаны фильтрлеуге
негізделеді. Сыртқы гамма жəне нейтронды сəулеленуден қорғау өндірістік,
Достарыңызбен бөлісу: |