- ФРИДРИХ ШЕЛЛИНГ (1775-1854 жж.) – классикалық объективтік идеализмнің өкілі. Шеллинг – табиғат философиясы - табиғат диалектикасы деп қарастырылатын түсінікке өте жақын келген оқымысты.
-
- Табиғатты іштей бірлікте болатын, органикалық және бейорганикалық материялардың эволюциялық дамуынан тұратын динамикалық үдеріс есебінде танып, оны парасаттың санасыз өмірінің түрі ретінде пайымдаған ол диалектиканы идеалистік негізде қарастырады. Шеллинг табиғаттың философиялық мәнін ашпақшы болған жаратылыстану ғылымдарын философиямен байланыстырған Б.Спиноза пікірінен өзгеше, табиғатты субстанция деп қарастыратын натурфилософиялық ағымды дүниеге әкелді. Егер Спиноза табиғат туралы сұрақтарды материалистік тұрғыдан шешсе, Шеллинг идеалист болды.
-
- Ф.ШЕЛЛИНГ философиясының мақсаты — «АБСОЛЮТТІК» ұғымын талдау,
- немесе болмыс пен ойлаудың бастамасын табу.
- Шеллинг философиясы үш кезеңге бөлінеді:
- НАТУРФИЛОСОФИЯ; 2. ПРАКТИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯ;
- 3. ИРРАЦИОНАЛИЗМ.
- Оның ойынша, табиғат денелері – қарама-қарсы бағытталған күштердің өзара
- әсерлерінің жемісі (тартылыс пен тебіліс, электрдің оң және теріс зарядтары,
- магниттің полюстері т.б.). Қарама-қарсылық, екіге бөлінушілік, сонымен қатар
- қарама-қарсылықтардың бірлігі табиғаттың әмбебап заңы болады.
ФРИДРИХ ШЕЛЛИНГ 4. Ф. ШЕЛЛИНГТІҢ ТАБИҒАТ ФИЛОСОФИЯСЫ - Табиғат құбылыстарын жете зерттеген Шеллинг диалектиканың келесі қарама-қарсы бастауларын: қажеттілік пен кездейсоқтық, бүтін мен бөлшек, ішкі және сыртқы, шектеулі және шексіздік мәселелерін ашады. Эволюциялық үдерістер туралы механикалық түсініктерді жетілдіріп, дамудың жаңа сапасы негізінде пайда болатынын, мөлшерлік, сандық өзгерістердің жаңа сапаға алып келетінін көрсетті.
- Шеллинг «Трансцендентальді идеализм» жүйесінде табиғат философиясын рухтың таным теориясымен байланыстырды, субъекті мен объектінің арасындағы диалектикалық байланысты ашуды көздеді.
- Осы еңбегінде таным теориясының тарихи әдістемесін негіздеп, «Философияны әр түрлі дәуірдің басынан кешірген сана-сезімінің тарихы» ретінде қарастырып, осы тарихи жолды логикалық түрде көрсетіп берді. «Табиғат – өзінің құпиясын ғажайып мәтіндермен жазып, бізден жасырынған поэма, оның жұмбағын ашатын болсақ, одан үнемі адасып, өзін-өзі іздеп, өзінен-өзі қашып жүрген рух одиссеясын көрер едік. Ол сезімдік дүние арқылы қалың, қою тұманнан жылт ете түсіп, асыл сөздің мағынасы сияқты, қиялға айналған, біздің үнемі ұмтылатын белгісізіміздің бейнесі тәрізді көрінер еді» (Шеллинг Ф.).
- Рух одиссеясын қарастыра отырып, Шеллинг ойды алғашқы түйсіктерден туындатады, сондықтан рух туралы ілім қоғамның дамуынан, оның тарихынан шықпайды. Табиғаттың ішкі қозғаушы күші, қарама-қарсылықтарды тудырушы парасат бізге даму үдерісі арқылы көрінеді. Парасаттың дамуы бастапқыда объективті санасыз, кездейсоқ қалыптан басталып, бірте-бірте саналылыққа, субъектілікке, қажеттілікке ұштасады.
Достарыңызбен бөлісу: |