Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні
|
Кадирова Жанар Болатовна
|
физика
|
1бағам
|
75 топ
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Ішкі энергия. Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдері
|
|
Жалпы мақсаты :
|
1.Білімділік мақсаты: Дененің ішкі энергиясы ұғымын беру және ішкі энергияның өзгеру жағдайларын қарастыру; оқушылардың сұрау, талдау жасау қабілеттерін дамыту;.
2. Дамытушылық мақсаты: Өзіне –өзі баға беруге, өз жетістіктерін сезініп, әлсіз жақтарына сын көзбен қарауға үйренеді, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артады
3.Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілік, әділдік, ұжымдық қарым - қатынас жасай білу қабілеттерге
тәрбиеленеді
|
Табыс критерийлері:
|
Өз бетімен жаңа сабақты түсініп, өмірде қолдана алады, топпен жұмыс жасау дағдылары жетілдіріледі
|
Күтілетін нәтиже. Оқушыларға электр энергиясын пайдалану жолдарын, техникадағы пайдасын біледі. Физикалық тілде сөйлеу дағдысы қалыптасады және ойлау, есте сақтау, байқағыштық, тапқырлық қабілеттері дамиды.
|
Әдіс –тәсілдер:
|
Топтық жұмыс
|
Ресурстар:
|
оқулық,компьютер, интерактивті тақта, презентация, Тәжірибелік жұмысқа арналған заттар
|
Сабақтың түрі:
|
Шығармашылық сабақ
|
Уақыты
|
Мұғалім іс -әрекеті
|
Оқушылар іс-әрекеті
|
Жұмыс түрі
|
Бағалау . Формативті бағалау
|
Ұйымдастыру
4 мин
|
Оқушылармен сәлемдесу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. топқа бөлу Топтағы рольдерді бөлу
|
Мұғаліммен сәлемдесу..
|
|
|
Өткенді қайталау
8 мин
|
1) «Бай болам десең, білімді бол» ойыны ой қозғау сұрақтары:
1.Қатты денелер нешеге бөлінеді және ата?
- Екіге бөлінеді. Аморофты денелер және Кристал денелер
2. Кристалдық құрылым түрлерін ата?
-Иондық, атомдық, молекулалық және металдық.
3. Сублимация дегеніміз не?
- Қатты денелердің газ күйіне өтуін айтамыз
4. Көбіне газ күйінен сұйық күйге тоқтамай, бірден қатты күйге өтетін кері процесті не деп атаймыз?
- Десублимация
5. Деформация дегеніміз не?
- Кейбір себептердің әсерінен дене пішінінің немесе көлемінің өзгеруін айтамыз?
6. Деформация түрлерін ата?
-бойлық созылу, бойлық сығылу, барлық жаққа созылу, барлық жақтан сығылу, көлденең майысу, бұралу.
|
Берілген сұрақтарға тез тез жауап береді
|
|
Қызыл-өте жақсы
Көк-жақсы
Сары –орташа оқушылар өздерін бағалайды
|
Сабақ мақсатын хабарлау
2 минут
|
|
Сабақ мақсатын белгілейді
|
Миға шабуыл оқушыларға сұрақ қою арқылы жаңа тақырыптың атын шығару
|
Слайд арқылы суреттер көрсету
|
Жаңа сабақ
10 мин
|
Жаңа сабақ түсіндіру
Жылулық құбылыстар- денелерді қыздырғанда немесе салқындатқанда оларда өтетін физикалық процестер
Дененің ішкі эенргиясы оның барлық микробөлшектерінің сол дененің массалар центріне қатысты хаостық қозғалысының кинетикалық энергиясы мен өзара әрекеттесу, яғни потенциалдық энергиясының қосындысына тең болады.
Идеал газдың ішкі энергиясы:
Ішкі энергия дегеніміз- молекулалардың ілгерлемелі және айналмалы қозғалыстарының кинетикалық энергиясы,олардың өзара әрекеттесуі кезіндегі потенциалдық энергиясы мен молекулалардағы атомдардың тербелмелі қозғалысының энергиясы және атомды түзетін бөлшектердің қозғалыс және өзара әрекеттесу энергиясы
Көп атомды газдың ішкі энергиясы дегеніміз – серпімді шариктер деп қарастыруға болатын молеклалардың ілгерілмелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясы.
Екі атомды идеал газдың ішкі энергиясы молеклалардың ілгерілмелі қозғалысының кинетикалық энергиясы мен айналмалы қозғалысының кинетикалық энергиясының қосындысына тең.
Үш атомды идеал газдың ішкі энергиясы:
Бір күйден екінші күйге өткен кезде термодинамикалық жүйенің ішкі энергиясының өзгерісі сыртқы күштердің жұмыс мен жүйеге берілген жылу мөлшерінің қосындысына тең және ол осы өтудің қалай іске асатынына тәуелсіз.
∆U=Q-А немесе Q=∆U +А – термодинамиканың І заңы.
Ішкі энергия термодинамикалық жүйенің күйін сипаттайтын функция да, ал жұмыс пен жылу мөлшері қандай да бір процестің нәтижесінде жүйенің ішкі энергиясының өзгерісін сипаттайтын шамалар болып табылады.
Жұмыс пен жылу мөлшері жүйенің ішкі энергиясының өзгерісінің мөлшері болып табылады.
|
Оқушылар дәптерлеріне жаңа тақырыпты жазады.
|
|
Кітаппен жұмыс
|