3. Г. ГЕГЕЛЬ ФИЛОСОФИЯСЫ - Гегель философиясының үшінші сатысы – алдыңғы екеуінің синтезі есебіндегі рух философиясы. Мұнда абсолюттік идея оянып, сергігендей болып, табиғат бұғауынан босанып, өз көрінісін абсолюттік рухтан табады. Адам – табиғаттың бөлшегі, ал адам рухы – табиғаттың емес, абсолютті рухтың жемісі.
-
-
- Рухтың өздігінен дамуы үш түрлі бағытта жүреді.
- Біріншісі – «Субъективтік рух» – адамның өзіндік санасы,
- ол өз жағынан үшке: антропологияға, феноменологияға, психологияға бөлінеді.
- Екіншісі – «Объективтік рух» – адамзат қоғамы. Оның басты түрлері:
- құқық, өнегелілік , азаматтық қоғам, мемлекет.
- Үшіншісі – «Абсолюттік рух» – рухтың ең жоғарғы көрінісі, мәңгілік ақиқат.
- Ол өнер, дін, философиядан тұрады.
- Философия — ең жоғарғы білім, абсолюттік идеяның соңы мен бастамасының
- қосындысы немесе «Дүниенің оймен көркемделуі» («Мир, схваченный мыслью»).
- Философия пәні мыналарды қамтуы қажет:
- 1. Табиғат философиясын; 2. Антропологияны; 3. Психологияны; 4. Логиканы;
- 5. Мемлекет философиясын; 6. Азаматтық қоғам философиясын; 7. Құқық
- философиясын; 9. Тарих философиясын; 9. Диалектиканы.
3. Г. ГЕГЕЛЬ ФИЛОСОФИЯСЫ - Г.Гегель ДИАЛЕКТИКАҒА классикалық анықтама берді.
- Г.Гегель бойынша диалектика процесі триада бойынша дамиды:
- «ТЕЗИС (бекіту) – АНТИТЕЗИС (терістеу) – СИНТЕЗ (қарама-қайшылықтарды жою»).
- Гегель диалектикалық логика категорияларының, принциптерінің,
- үш заңдарының жүйесін алғаш болып негіздеген. Олар:
- 1. «САННЫҢ САПАҒА АЙНАЛУЫ»,
- 2. «ҚАРАМА-ҚАРСЫЛЫҚТАРДЫҢ БІРЛІГІ ЖӘНЕ КҮРЕСІ»,
- 3. «ТЕРІСТЕУДІ ТЕРІСТЕУ».
-
- Г.Гегельдің тағы бір онтологиялық ұғымы – ЖАТСЫНУ.
- Абсолюттік рух мына нәрселерден жатсынады:
- 1. қоршаған дүниеден; 2. табиғаттан; 3. адамнан.
- Гегель абсолюттік рухтың тарихи дамуында үш саты болды дейді:
- ШЫҒЫСТЫҚ, ГРЕК-РИМДІК және ГЕРМАНДЫҚ.
- Шығыста (Ежелгі Египет, Қытай жіне т.б.) тек бір адам ғана еркін дамиды,
- Грек-рим дүниесінде кейбіреулер ғана еркіндамиды,
- Герман дүниесінде барлық адамдар еркін дамиды, деді.
- Осыған байланысты Г.Гегельдің айтқан әйгілі сөзі:
- «ФИЛОСОФИЯ ШЫҒЫСТА ПАЙДА БОЛЫП, БАТЫСТА АЯҚТАЛАДЫ».
Достарыңызбен бөлісу: |