86
www
.kazmektep.kz
азіргі педагогикалық терминологияда «оқу-тәрбие үдерісін гумани-
тарландыру дегеніміз – гуманитарлық пәндердің ролін күшейту, оқу
ӘОЖ 37.01 Ж92
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН
ІЗГІЛЕНДІРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Гульбира ЖЫЛКЫБЕКОВА,
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
педагогика ғылымының кандидаты, доцент
Қ
Аннотация. Мақалада білім беру жүйесін ізгілендіру яғни, жастардың гуманистік
көзқарасын қалыптастыру, гуманистік көзқарас қалыптастырудың күрделілігі жай-
лы сөз болады.
пәндерінің мазмұнының ізгілігін анықтау және оның жаңа бағалау нормала-
рын
нақтылау, оқу үдерісін толық ізгілендіру» болып табылады.
Оқу-тәрбие процесін гуманитарландыру аксиологиялық тұрғыдан алып
қарағанда, оның мазмұнын әлеуметтік құндылық кешені ретінде «адамдардың
мәндік күштерінің еркін дамуы және өмірлік ұмтылыстардың шығармашылық
сипатта жүзеге асырылуы үшін жағдай туғызуды талап ететін әрекет жүйесі
деп санауға болады (саяси, экономикалық, психологиялық, педагогикалық
және т.б.). Осыған сәйкес, ізгілік – тұлғалық-бағдарлаушы көзқарастардың
жүйесі ретінде, әлемдік құрылымның өзіндік үлгідегі болмысы болып та-
былады. Ол адамға бағытталған кең түрдегі әлеуметтік бағдарлама сипа-
тына ие бола алады, бірақ тәрбиелене алмайды. Сондықтан оның ізгіліктік
бағытталуы негізінде ғана тұлғаның сапалық тәрбиеленуі жүзеге асады. Бұл
тұрғыда «гуманистік көзқарас» – адамдардың бір-біріне, қоғамға, табиғатқа,
өзіне қарым-қатынасын бейнелейтін, тұлғалық қасиеттері кешенінің даму-
ын көрсететін сипаттама ретінде беріледі. Сол себепті ізгіліктік бағыттылық
гуманистік көзқарастың құрылымдық мазмұнын анықтаушы басты элемент
болып саналады.
«Гуманистік көзқарас қалыптастыру» тұлғаның ізгілікке бағытталуын
тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін ашу ғана емес, оның тұлғаның үйлесімді
даму үрдісі мен субъектіліктің қалыптасу жолдарын көрсетуден тұрады.
Гуманистік көзқарас қалыптастыру мақсаты – тұлғаның үйлесімді дамуы
үшін педагогикалық үрдіске қатысушылар арасындағы қарым-қатынастың
ізгіліктік сипат алуын көздейді. Мұндай қатынастарды белгілеу үшін
«ізгілік тәрбиесі» термині орын алады. Бұл тұрғыда қоғамдық білім беру
құрылымдары мен оларды гуманитарландыруға басты назар аударуы тиіс.
Ізгілікке тәрбиелеудің әлемдік теория мен тәжірибе бойынша қалыптасқан
мақсаты – ғасырлар бойы келе жатқан, жан-жақты және үйлесімдік сипатта
дамыған тұлғалық болмыс болып табылады. Бұл мақсат тұлғаның статикалық
ерекшелігін береді. Оның өсу сипаттамасы өзіндік даму және өзін көрсете білу
түсініктерімен байланысты болды. Дәп осы үрдістер тұлғаның өзі мен қоғам
арасындағы үйлесімділікте өзіндік даму мен өзін-өзі жетілдіру үшін жағдай
туғызатын – ізгілікке тәрбиелеудің мақсаттық ерекшелігін айқындайды.
Ізгілікке тәрбиелеуде тұлғаның өз келешегіне қатысты гуманистік
көзқарасы мен дүниетанымдық ұстанымдары анықталынады, олар адамды
табиғаттың ерекше құбылысы ретінде тану, өзінің субъективті артықшылығын
ескеруге мүмкіндік береді. Тәрбиелеу мақсатының бұлай құрылуы адамның
өз өміріне ықпалын өзгерту, өз қабілеті мен шығармашылық әлеуетін ашудағы
құқықтары мен жауапкершілігін түсінуіне мүмкіндік туғызады. Сонымен
87
www
.kazmektep.kz
қатар, өзіндік даму мен өзін-өзі жетілдіруде тұлғаның ішкі бостандығының
таңдауы арасындағы арақатынас пен оған қоғамның ықпалын түсіндіреді.
Демек, «ізгілікке тәрбиелеу» мақсатына жету арқылы адамның гуманистік
көзқарасын қалыптастыру шаралары жүзеге асырылады. Осы тұрғыдан
алғанда, ізгілікке тәрбиелеу мақсаты өзіне тиісті маңызды міндеттерді
қояды:
– тұлғаның өмірдің мәнін ұғынуы, өзінің әлемдегі орны, өзінің бірегейлігі
мен құндылығын түсінудегі философиялық-дүниетанымдық бағдары;
– өзіндік, жандүниелік қабілеттері мен шығармашылық әлеуетінің
даму қарқыны мен шегін бейнелейтін, өмір сүру жауапкершілігін түсінуге
мүмкіндік беретін, тұлғалық тұжырымдаманы
құруға көмек беру;
– жалпы адами және ұлттық мәдениет байлығын бейнелейтін, мәдени
құндылықтар жүйесіне тұлғаны араластыру, оларға деген өзіндік қарым-
қатынасты
белгілеу;
– ізгілік адамгершіліктің жалпы адами нормаларын, оның көлемі мен
нақтылы мазмұнын (қайырымдылық, өзара түсіністік, жылы жүректілік
және т.б.), ашу және тұлғалық маңызды көрсеткіш ретінде зиялылық
мәдениеттендіру;
– тұлғаның зияткерлік – адамгершілік бостандығы мен теңдей өзіндік
баға беру мен бағалау қабілеттілігі, іс-әрекет пен қызметті өзіндік реттеу,
дүниетанымдық
рефлексиясының дамуы;
– өмір салты мен этникалық және жалпы адами құндылықтардың
біртұтастылық сипатында отансүйгіштік сезімнің қайта түлеуі,
елдегі заңдар
мен тұлғаның азаматтық құқықтарын құрметтеуге тәрбиелеу, туған елдің
беделі мен
байлықтарын сақтауға ұмтылу;
– елдің материалдық қоры мен жандүниелік әлеуетін құрайтын, әлеуеттік
және тұлғалық сипат алатын қажеттілік пен мәжбүрлік ретіндегі еңбекке
көзқарасты өзгерту. Бұлардың бәрі өз кезіндегі тұлғалық өсу мүмкіндіктерін
қамтамасыз етеді;
– салауатты өмір салтына байланысты валеологиялық ережелерді дамы-
ту, тұлғалық және әлеуметтік ұмтылыстарды жүзеге асыру мақсатындағы
өмірлік жоспар ұғымдарын қалыптастыру.
Бұл аталған міндеттердің орындалуы тұлғаның ізгіліктік тәрбиесі
арқылы гуманистік көзқарасының түпкі негізін салуға мүмкіндік береді. Ол
өз кезіндегі әлем, қоғам мен өзін қалыптастыруда өмірлік қажеттілікке ие бо-
лады және оны бағалау мүмкіндіктерін меңгереді.
Жеке тұлғаның гуманистік көзқарасын қалыптастыру гуманистік тәрбие
жүйесінің бағыттаушы нәтижесі ретінде ізгіліктік ұмтылыстардың өзара
әрекеттесуіне тәуелді болады, яғни жеке адам психикасының ерекшеліктерін
ескеруді қажет етеді.
Бұл пікірге психологиялық-педагогикалық зерттеулерден көптеген
дәлелдемелер табуға болады. Жеке алып қарастыратын болсақ, А.Н. Леон-
тьев адам қоршаған әлем алдында жалғыз өзі тұрған жоқ, оның әлемге деген
қатынасы барлық кезде адамның басқа адамдарға деген қарым-қатынасымен
байланысты болып келеді, ол өз қызметі барысында адамдармен өзара қарым-
қатынаста болады деп есептеген. Қатынас өзінің әуелгі сыртқы формасына
(бірігіп әрекет жасау, ауызша немесе ойша қатынас) сәйкес адамның қоғамда
дамуының қажетті және спецификалық шартын құрайды. Материалдық
және рухани мәдениет жетістіктерін игеріп, оларды өзінің қажеттілігіне,
«өз даралығының органдарына» айналдыруы үшін адам өзін қоршаған әлем
құбылыстарымен қатынасқа басқа адамдар арқылы, яғни басқа адамдармен
қатынасу арқылы түседі. Бұл үдерісте адам (бала) сәйкес әрекетке үйренеді.
Дәл осы үдеріс өзінің қызметтеріне қарай тәрбие үдерісі болып табыла-
ды. Гуманистік көзқарас қалыптастырудың күрделілігі осы қызметтердің