Қазақстан Республикасының азаматтық және
эксперименттiк авиациясы әуе кемелерiнiц экипаж
мүшелерiнiң жұмыс уақыты мен демалысын
ұйымдастыру қағидасын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 22 сәуiрдегi № 437 Қаулысы
"Егемен Қазақстан" 2011 жылғы 1 маусымдағы № 228-231 (26629); "Казахстанская правда" от 07.05.2011 г.,
№ 150-151 (26571-26572); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., N 34, 409-құжат
«Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Қазақстан
Республикасының 2010 жылғы 15 шiлдедегi Заңының 13-бабының 19) тармақшасына, Қазақстан
Республикасының Еңбек кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименттiк авиациясы әуе
кемелерiнiң экипаж мүшелерiнiң жұмыс уақыты мен демалысын ұйымдастыру қағидасы бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 22 сәуiрдегi
№ 437 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименттiк авиациясы әуе кемелерiнiң экипаж
мүшелерiнiң жұмыс
уақыты мен демалысын ұйымдастыру қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименттiк авиациясы әуе кемелерiнiң экипаж
мүшелерiнiң жұмыс уақыты мен демалысын ұйымдастыру қағидасы (бұдан әрi - Қағида) «Қазақстан
Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Қазақстан Республикасының
Заңы 13-бабының 19) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне сәйкес әзiрлендi
және Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименттiк авиациясы әуе кемелерiнiң экипаж
мүшелерiнiң жұмыс уақыты мен демалысын ұйымдастыру тәртiбiн айқындайды.
Осы Қағиданың әрекетi әуе тасымалдарын және/немесе авиациялық жұмыстарды орындайтын Қазақстан
Республикасының әуе кемелерiн барлық пайдаланушыларға қолданылады.
2. Осы Қағидада пайдаланылатын негiзгi терминдер мен анықтамалар:
1) алыс қашықтықтағы маршрут - ол бойынша ұшуды орындау үшiн 12 сағаттан астам ұшу уақытын
жұмсау қажет болатын маршрут;
2) аса шағын көлемдi шашу - гектарына 5 (бес) литрден аз сұйық препараттарын жұмсау нормасы;
3) әуе кемесi экипажының мүшесi - ұшуға арналған тапсырмаға енгiзiлген, белгiлi бiр қызметтiк
мiндеттердi орындауға тағайындалған және қолданыстағы ұшу куәлiгi бар авиациялық персоналының
адамы;
4) әуе кемесiнiң бортындағы демалу орны - күшейтiлген ұшу экипажының мүшесi үшiн бизнес-салонның
соңғы қатарындағы кресло, күшейтiлген экипаждың қызмет көрсететiн персоналы үшiн экономикалық
сынып салонының соңғы қатарының креслосы. Қос экипажға арналған демалу орны жолаушылардан
оқшаулануға тиiс, ол желдеткiшпен қамтамасыз етiледi және оның мөлшерi жатып демалу орындарын
мүмкiндiк бередi;
5) бортсерiк - ұшақтың салонында нақты мiндеттердi орындау үшiн пайдаланушы жалдайтын маман;
6) көрсетiлген кезеңдерде жұмыс және ұшу уақытының жиынтығын құрайтын бiр ай үшiн кез келген
дәйектi 24 (жиырма төрт) (29-31) (жиырма тоғыз - отыз бiр) тәулiк, бiр жыл үшiн кез келген дәйектi 12 (он
екi) тәулiк, ол уақыт iшiнде экипажда (экипаж мүшесiнде) сенiмдi кәсiптiк қызмет үшiн психо-
физиологиялық функциялардың қажеттi деңгейi сақталады;
7) бортсерiктердiң күшейтiлген бригадасы - бортсерiктердiң ең аз санынан және оған қосымша екi
бортсерiктен тұратын бортсерiктер бригадасы немесе мүшелерiнiң саны ұшақ салонында нақты мiндеттердi
орындау үшiн қажеттi ең аз саннан асатын және ондағы екi бортсерiк ұшу кезiнде демалу мақсатында басқа
бортсерiктермен алмастырылуы мүмкiн бортсерiктер бригадасы;
8) бортсерiктердiң ең аз санды бригадасы - әуе кемесiнiң 50 (елу) жолаушы креслосына бiр бортсерiк
есебiнен тұратын бортсерiктер саны;
Жұмыс уақытының жекелеген кезеңдерiн көрсететiн және осы кезеңдер 8 (сегiз) сағаттан кем
аралықтармен бөлiнетiн 2 (екi) немесе одан да көп кезең болған жағдайда, онда осы кезеңдердiң
алғашқысының басынан және олардың соңғысы аяқталғаннан басталатын уақыт 1 (бiр) үздiксiз жұмыс
уақыты кезеңiн құраушы ретiнде қарастырылады;
9) бiр тәулiк, бiр апта, бiр ай және бiр жыл үшiн белгiленген нормалардан тыс жұмыс уақыты мен ұшу
уақытын нормативтен тыс - (мерзiмнен тыс) деп санау, өйткенi белгiленген нормалардан тыс әрбiр сағатпен
экипаж мүшесiне түсетiн психо-физиологиялық жүктеме елеулi түрде артады;
10) биологиялық циркадты ырғақ циклындағы организмнiң психо-физиологиялық функциялары
(қолайсыз кезең) - таңертеңгi 2 (екi) сағат пен 5 (бес) сағат 59 (елу тоғыз) минут арасын қоса алғандағы
уақыт аралығы, ол 3 (үш) сағаттық белдеулер шегiнде негiзгi әуежайдың жергiлiктi уақыты бойынша
айқындалады;
11) вахталық әдiс - қызметкерлердi тұрғылықты жерiне күн сайынғы қайтару қамтамасыз етiлуi мүмкiн
емес, олардың тұрғылықты жерiнен тыс еңбек процесiн жүзеге асырудың ерекше нысаны;
12) демалыс - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес экипаж мүшесi өзiнiң кәсiбiне
байланысты кез келген мiндеттердi орындаудан босатылатын уақыт кезеңi;
13) демалыс күнi - жергiлiктi уақыт бойынша 2 (екi) түндi қамтитын және кемiнде 36 (отыз алты) дәйектi
демалу сағаттарын құрайтын негiзгi әуежайдағы немесе одан тыс жердегi демалу уақыты;
14) жұмыс уақыты - экипаждардың мүшелерi қызметтiк мiндеттерiн атқаратын уақыт. Ол ұшу кезiндегi
жұмыс уақытынан және ұшуды орындауға тiкелей байланысты емес жердегi жұмыс уақытынан құралады;
15) жұмыс резервi - басқа экипаждың қажеттiлiгi кезiнде уақтылы ауыстыру мақсатында кәсiби қызметiн
орындауға тұрақты дайындықта болатын экипаж мүшесiнiң жүйеленген тiзiмi;
16) жұмыс уақытының қос ұзақтығы - жұмыстың 12 (он екi) сағат ұзақтығы кезiнде жұмыс күндерi
арасындағы жұмыс уақыты;
17) күшейтiлген ұшу экипажы - пайдаланушының әуе кемесiн басқару жөнiндегi мiндеттердi орындау
үшiн ұшу экипажының негiзгi толық құрамына ұшудың қандай да бiр учаскесiнде әуе кемесiн басқару
жөнiндегi жұмысқа қосылуы үшiн қосымша бiр немесе бiрнеше ұшу мамандарын тағайындауы;
18) қос ұшу экипажы — олар ұшу уақыты iшiнде кезекпен әуе кемесiн басқаруды жүзеге асыру үшiн бiр
уақытта тағайындалатын, 2 (екi) ұшу экипажынан тұратын экипаж;
ұшу экипажы - ұшу уақыты iшiнде әуе кемесiн басқаруға байланысты мiндеттердi орындау жүктелетiн
авиация персоналына жататын, авиациялық персоналының қолданыстағы куәлiгi бар адамдары;
19) негiзгi әуежай — пайдаланушының әуе кемелерi тұрақты орналасатын әуежай немесе пайдаланушы
айқындайтын өзге әуежай;
20) орташа қашықтықтағы маршрут - ол бойынша ұшуды орындау үшiн 9-дан (тоғыздан) 12-ге (он екiге)
дейiн сағат ұшу уақытын жұмсау қажет болатын маршрут;
21) пайдаланушы - азаматтық әуе кемелерiн пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өз
қызметтерiн ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;
22) резервтегi кезекшiлiк - экипаж кестеге сәйкес басқа экипаждың қажеттiлiгi кезiнде уақтылы
ауыстыру мақсатында кәсiби қызметiн орындауға тұрақты дайындық кезiнде талап етiлетiн орында болатын
бөлiнбейтiн уақыт кезеңi;
23) резервтегi кезекшiлiк уақыты - экипаж мүшесi жұмыс берушiнiң өкiмi бойынша қызметтiк
мiндеттерiн орындамайтын, бiрақ оларды орындау туралы өкiм алуға дайын болуға тиiс және демалу
уақытымен бөлiнбейтiн уақыт кезеңi;
24) уақыт кезеңi - олардың шегiнде пайдаланушы өз экипаждарының мүшелерi үшiн бағдарлама
жасайтын және (немесе) олар шын мәнiнде жүзеге асыратын қызметтi ескеретiн кез келген үздiксiз 24
(жиырма төрт) сағат, кез келген дәйектi 7 (жетi) тәулiк, кез келген дәйектi 28 (жиырма сегiз) (29-31)
(жиырма тоғыз - отыз бiр) тәулiк, сондай-ақ кез келген дәйектi тәулiктердiң 12 (он екi) айы уақытының
жиынтығы;
25) ұшу алдындағы демалу уақыты - жұмыс уақытының келесi кезеңiне дайындау мақсатында экипажға
(экипаж мүшесiне) демалу үшiн берiлетiн, жатын орындарымен қамтамасыз етiлген орында өткiзiлетiн
жердегi уақыт;
26) ұшу арасындағы демалу уақыты - негiзгi әуежайда да, одан тыс жерлерде де ұшу алдындағы және
ұшуларды орындау кезiнде ұшудан кейiнгi демалыс арасында психо-физиологиялық функцияларды қалпына
келтiру үшiн экипажға (экипаж мүшесiне) ұйықтауға арналған орындар қамтамасыз етiле отырып берiлетiн
үздiксiз дәйектi сағаттар;
27) ұшатын жұмыс уақыты - ұшатын күнi ұшуға келетiн сәттен ұшуды немесе ұшулар сериясын
аяқтағаннан кейiн қызметтiк мiндеттерiнен босатылған сәтке дейiнгi ұшуды немесе ұшулар сериясын
қамтитын үздiксiз жұмыс кезеңi;
28) ұшуға келу уақыты - пайдаланушының талабына сәйкес ұшу және кабиналық экипаждар мүшелерi
өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындау үшiн келетiн уақыт;
29) ұшу уақыты - әуе кемесi ұшып шығу мақсатында қозғалысын бастаған сәттен бастап ұшу
аяқталғаннан кейiн ол тоқтаған сәтке дейiнгi жалпы уақыт (ұшатын жұмыс уақытының бөлiгi болып
табылады);
30) ұшудан кейiнгi демалу уақыты - күнделiктi және күнделiктi емес ұшуларды орындау кезiнде күшiн
қалпына келтiру үшiн қажеттi экипажға (экипаж мүшесiне) берiлетiн, жұмыс уақыты аяқталған сәттен
бастап есептелетiн, жерде ұйықтауға арналған жағдайлармен қамтамасыз етiлген орындағы үздiксiз дәйектi
сағаттар;
31) үй резервi - экипаждың мүшесi жұмыс берушiнiң өкiмi бойынша қызметтiк мiндеттерiн
орындамайтын, бiрақ оларды орындау туралы өкiм алуға дайын болуға тиiс негiзгi әуежайдағы уақыт кезеңi;
32) эстафеталық тасымалдау - пайдаланушының өкiмi бойынша экипаж ұшатын жұмыс уақытын ескере
отырып ұшуларды жалғастыратын экипажды (экипаж мүшесiн) жолаушы ретiнде тасымалдау;
33) экипаждың (экипаж мүшесiнiң) жұмыс және ұшу уақытының нормасы - бұл тәулiк немесе кез келген
24 (жиырма төрт) үздiксiз сағат үшiн, апта үшiн - кез келген дәйектi 7 (жетi) тәулiк үшiн есептелетiн уақыт
кезеңдерi;
34) эстафета (iссапар) уақыты - экипаж (экипаж мүшесi) жұмыс кестесiне немесе әуе көлiгiн
пайдаланушының өкiмiне сәйкес оның бойында негiзгi әуежайдан тыс болатын уақыт кезеңi;
35) ақаулы жағдай - дұрыс жолдан және (немесе) белгiленген тәртiптен ауытқу болатын жағдаяттардың
жиынтығы.
2. Экипаждың (экипаж мүшесiнiң) тұрақты және
тұрақты емес әуе тасымалдарын орындау кезiндегi жұмыс
уақытының және демалу уақытының режимi
3. Ұшу уақыты мен жұмыс уақытының режимiн белгiлеу шаршаудың ұшу экипажының денсаулығына
және ұшу қауiпсiздiгiне қолайсыз әсер ету ықтималдылығын азайту мақсатында жүзеге асырылады.
4. Есепке алу уақыт кезеңi iшiнде нормадан тыс белгiленген жұмыс уақыты мен ұшу уақыты мерзiмнен
тыс деп саналады, өйткенi нормадан тыс белгiленген әрбiр сағат сайын экипаж мүшесiне түсетiн психо-
физиологиялық жүктеме елеулi түрде артады. Мерзiмнен тыс уақытқа Қазақстан Республикасының
еңбек заңнамасына сәйкес ақы төленедi.
5. Пайдаланушы:
1) ұшу алдындағы дайындықты жүзеге асыру, ұшуды орындау және әуе кемесiнiң ұшу арасында жерде
тұру уақыты үшiн қажеттi уақытты ескере отырып ұшуларды жоспарлауды;
2) Қағидаға сәйкес ұшуды жоспарлауды және жүзеге асыруды;
3) экипаж мүшесiмен келiсiм бойынша әрбiр экипаж мүшесi үшiн негiзгi әуежайды белгiлеудi;
4) ұшу жиiлiгi мен ұшатын жұмыс уақытының және экипаждар мүшелерiнiң демалу уақытын белгiлеу
кезiнде қажеттi ең аз демалу уақытының жұмыс уақытының ұзақтығына әсерiн есепке алуды;
5) экипаждар мүшелерiнiң ұшатын жұмыс уақытын экипаждардың мүшелерiнде ұшу қауiпсiздiгi
қатерiне әкеп соқтыруы мүмкiн шамадан тыс шаршаудың туындауын болдырмайтындай түрде
жоспарлауды;
6) экипаждардың мүшелерiне арналған ұшу кестелерiн алдын ала дайындауды және жариялауды;
7) экипаждардың мүшелерi үшiн демалыс күндерiн жоспарлауды, ол туралы оларды алдын ала хабардар
етедi;
8) экипаждардың мүшелерiне осы Қағидаға сәйкес демалу уақытын берудi қамтамасыз етедi.
6. Экипаждың мүшесi:
1) осы Қағидада көрсетiлген жұмыс уақыты мен демалу уақытының барлық нормаларының сақталуын
қамтамасыз етедi;
2) оған өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн барынша үздiк орындау үшiн берiлген демалу жағдайлары мен
уақытын оңтайлы пайдалануды қамтамасыз етедi.
7. Экипаждың (экипаж мүшесiнiң) жердегi жұмыс уақытына мыналар кiредi:
1) ұшу алдындағы дайындық уақыты кемiнде 1 (бiр) сағат;
2) ұшу уақыты аяқталған сәттен бастап есептелетiн кемiнде 30 (отыз) минут ұшудан кейiнгi жұмыс
уақыты;
3) ұзақтығы 2 (екi) сағаттан аспайтын демалуға және ас iшуге арналған үзiлiс уақытын қоспағанда,
әуежайларда (аралық және негiзгi) тұру уақыты;
4) қандай да бiр себептер бойынша кешiккен жағдайда ұшуды күту уақыты;
5) ұшуды күту кезiнде арнайы жабдықталған орындарда өткiзiлетiн резервтегi кезекшiлiкте болу уақыты;
6) үй резервiнде болу уақытының 50 (елу) пайызы;
7) эстафеталық тасымалдау уақыты;
8) эстафета уақыты (негiзгi әуежайдың күн тәртiбiне сәйкес);
9) бөлiмшеде жұмыс iстеу (ұшуларға алдын ала дайындық, ұшуларды талқылау, кәсiптiк оқу),
медициналық тексерулерден, дәрiгерлiк-ұшу сараптамалық комиссиясынан өту, сондай-ақ құжаттарды
ресiмдеу уақыты;
10) әуе кемесiнiң ұшуға арнайы дайындығына, жүктер мен жабдықтарды тиеуге және түсiруге
дайындалуға байланысты жұмыстарды орындауға, шекаралық және кедендiк бақылаудан өтуге арналған
уақыт;
11) көшу уақытын қамтымайтын пайдаланушының өкiмi бойынша экипаж мүшелерiн тасымалдау (көшу
уақыты экипаж мүшесiнiң тұрғылықты (уақытшы болу, демалу) орнынан (орнына дейiн) келу орындарына
(қызметтiк мiндеттерiн орындау орындарына) дейiн (орнынан) қозғалуға жұмсайтын уақыты ретiнде
айқындалады.
8. Экипаждың (экипаж мүшесiнiң) жұмыс уақытының ең көп ұзақтығы экипаждың құрамына қарай осы
Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес белгiленедi.
9. Экипаждың (экипаж мүшесiнiң) ұшу уақытына:
1) әуе кемесiнiң ұшып шығу мақсатында қозғалысты бастаған сәтiнен бастап тұраққа қонғаннан кейiн
соңғы қозғалтқыш(тар)ы өшiрiлген сәтке дейiнгi жалпы уақыты;
2) рульмен маневрлеу уақыты;
3) экипаждың (экипаж мүшесiнiң) тiкелей тренажер кабинасында ұшақтың тренажер кешенiн пайдалану
жұмысына жұмсайтын уақыты кiредi.
10. Әуе кемесiнiң әрбiр түрiнде экипаждың (экипаж мүшесiнiң) бiр айда және бiр жылда ұшу уақытының
ең көп ұзақтығы осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес белгiленедi.
Ұшу уақытының ұзақтығы экипаж мүшесiнiң келiсiмiмен бiр күнтiзбелiк жыл үшiн 900 (тоғыз жүз) сағат
болып белгiленедi.
11. Ұзақтығы 4 (төрт) сағаттан аспайтын эстафеталық тасымалдаудан кейiн белгiленген демалу уақыты
берiлмеген және ол жұмыс уақытының алдында болса, эстафеталық тасымалдау басталған сәттен бастап ол
аяқталғанға дейiнгi кезең жұмыс уақыты ретiнде есептеледi. Бұл жағдайда жұмыс уақытының келесi
ұзақтығы 8 (сегiз) сағаттан аспауға тиiс.
12. Тәулiктiк ұшатын жұмыс уақытының ең көп ұзақтығы 3-тен (үштен) бастап әр ұшып шығу-қону үшiн
30 (отыз) минутқа, бiрақ 2 (екi) сағаттан аспайтын уақытқа азаяды.
13. Ұшатын жұмыс уақыты қолайсыз кезеңде басталатын жағдайларда ұшатын жұмыс уақытының ең көп
ұзақтығы экипаж мүшесiнiң қолайсыз кезеңде болатын сағаттарының санына, бiрақ 2 (екi) сағаттан
аспайтын уақытқа азаяды.
14. Ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiруi мүмкiн болжанбаған жағдаяттар туындаған кезде пайдаланушы
тәулiктiк ұшатын жұмыс уақытының ең көп ұзақтығын 1 (бiр) сағатқа ұзарта алады.
15. Пайдаланушы ұзартылғаннан кейiн күнтiзбелiк 10 (он) күннен кешiктiрмей пайдаланушының шешiмi
бойынша ең ұзақ тәулiктiк ұшатын жұмыс уақытын ұзартудың жүргiзiлгенi туралы осындай шешiм
қабылдау себептерiн көрсете отырып, уәкiлеттi органды хабардар етедi.
16. Ұшулар сериясы 6 (алты) немесе одан да көп ұшып шығу-қонуды қамтыған кездегi жағдайларда
пайдаланушының ұшатын жұмыс уақытын ұзартуына жол берiлмейдi.
17. Экипаж мүшесiнiң қолайсыз кезеңде болу уақыты 2 (екi) сағатқа дейiнгiнi құраған жағдайда, 4-тен
(төрттен) көп емес ұшып шығу-қонуды қамтитын ұшулар сериясына қатысты ұшатын жұмыс уақытын
ұзартуға жол берiледi.
Экипаж мүшесiнiң қолайсыз кезеңде болу уақыты 2 (екi) сағаттан асатын жағдайда, 2-ден (екiден)
аспайтын ұшып шығу-қонуды қамтитын ұшулар сериясына қатысты ұшатын жұмыс уақытын ұзартуға жол
берiледi.
18. Пайдаланушының шешiмi бойынша ұшатын жұмыс уақытын апта iшiнде 2 (екi) реттен көп емес
ұзартуға жол берiледi.
19. Ұшатын жұмыс уақыты пайдаланушының шешiмi бойынша ұзартылған кезде ұшу алдындағы және
ұшудан кейiнгi уақыт 2 (екi) сағатқа ұлғайтылады не ұшудан кейiнгi демалу уақыты 4 (төрт) сағатқа
ұлғайтылады.
Ұшатын жұмыс уақытының 2 (екi) ұшудан кейiнгi кезеңдерi, экипаж мүшелерiнiң 2 (екi) кезең
аралығындағы ұшу алдындағы және ұшудан кейiнгi демалуының ең аз уақыты ұзартылған кезде ұшатын
жұмыс уақыты дәйектiлiкпен берiледi.
20. Ұшуды немесе ұшулар серияларын орындауға жоспарланған бортсерiктер үшiн ұшатын жұмыс
уақытын пайдаланушы бортсерiктер үшiн ұшуға келу уақыты мен ұшқыштардың ұшуға келу уақыты
арасындағы айырма уақытқа, мұндай айырманың 1 (бiр) сағаттан аспауы шартымен ұлғайтуы мүмкiн.
21. Ұшатын жұмыс уақытының ұзартылған кезеңi 22 (жиырма екi) сағаттан бастап 4 (төрт) сағат 59 (елу
тоғыз) минутқа дейiнгi аралықтан басталатын жағдайда ұшатын жұмыс уақыты 11 (он бiр) сағат 45 (қырық
бес) минутқа дейiн қысқартылады.
22. Ұшу кестесi ұшудың жоспарланатын уақыты ең көп жол берiлетiн ұшатын жұмыс уақытына сәйкес
келетiндей түрде жасалуға тиiс. Осы мақсаттарда пайдаланушы ұшудың жоспарланатын кестесiн өзгерту не
экипаждарды жоспарлауды өзгерту жөнiнде дереу шаралар қабылдайды.
23. Экипаждардың (экипаж мүшелерiнiң) шаршауын болдырмау мақсатында мынадай факторлар
ескерiледi:
1) әуе кемесiнiң түрi, оның жабдығы;
2) экипаж мүшелерiнiң саны;
3) ұшу уақытының бiр кезеңi iшiндегi ұшып шығу мен қону саны;
4) әуе қозғалысының жоғары тығыздығы кезiндегi жұмыс жүктемесi;
5) экипажға (экипаж мүшесiне) демалыс берiлуге тиiс жердегi демалу шарттары;
6) мiндеттердi орындау тәулiгiнiң уақыты;
7) ұшуы орындау үдерiсiндегi кешiгулер;
8) авиациялық арнайы жұмыстардың түрлерi;
9) сағаттық белдеулердiң ауысуы.
24. Ұшу экипаждарын (экипаждардың мүшелерiн) олардың кәсiптiк қызметiмен тiкелей байланысты
емес жұмыстарға тартуға тыйым салынады.
25. Экипаж мүшесiнiң қызметi ол ұшуы әр түрлi экипаждардың құрамында және (немесе) әр түрлi әуе
кемелерiнде кезекпен жасайтындай түрде жоспарланған жағдайда, ұшу және жұмыс уақыты барлық
жағдайларда ұшу және жұмыс уақыттарын қосу жолымен ескерiледi.
26. Әуе кемелерiн пайдаланушылар ұсынылатын қызмет көрсету түрiне сәйкес бортсерiктердiң саны мен
функцияларын айқындайды.
27. Бортсерiктер мен бортоператорлары үшiн ұшу және жұмыс уақыты нормалары ұшу құрамына ұқсас
белгiленедi және оларға осы Қағидада жазылған еңбек және демалу жағдайларына қойылатын барлық
талаптар қолданылады.
28. Экипаж мүшелерi - әйелдер мен әйел бортсерiктер жүктiлiгi туралы медициналық қорытындыға
сәйкес бұрынғы жұмысы бойынша орташа айлық еңбек ақысы сақтала отырып, ауыр және қолайсыз
өндiрiстiк факторлардың әсерiн болдырмайтын басқа жұмысқа ауыстырылады.
29. Тұрақты жиi трансмеридиандық ұшуларды орындау және экипаждың (экипаж мүшесiнiң) сағаттық
белдеулердiң жылжуы жағдайында болуы кезiнде экипаж (экипаждың мүшесi) келген жердiң сағаттық
белдеуi бойынша күн тәртiбiн сақтайды.
30. Алыс қашықтықтағы маршруттар бойынша ұшуды орындауды жүзеге асыруға 2 (екi) ұшу
экипаждарына ғана рұқсат етiледi. Бұл жағдайда кез келген 24 (жиырма төрт) сағаттық уақыт кезеңi iшiнде 2
(екi) экипаж екiншi экипаждың ұшу бағытындағы қандай да бiр пунктте жұмысқа қосылуы шартымен 17 (он
жетi) сағаттан аспайтын жұмыс уақытына ие болуы мүмкiн. Екiншi экипаждың ұшу және жұмыс уақыты
бiрiншi экипаж сияқты ескерiледi.
31. Орташа қашықтықтағы маршруттарда ұшуды орындауды күшейтiлген ұшу экипажы жүзеге асырады.
Бұл ретте кез келген 24 (жиырма төрт) сағаттық уақыт кезеңi iшiнде ұшу экипажының қосымша
мүшелерiнiң 1-i (бiрi) маршруттағы қандай да бiр пунктте жұмысқа қосылуы шартымен экипаж тұрақты
ұшуды жүзеге асыруы және 15 (он бес) сағаттан аспайтын жұмыс уақытына ие болуы мүмкiн. Экипаждың
қосымша мүшелерiнiң ұшу және жұмыс уақыты негiзгi экипаж сияқты ескерiледi.
32. Бiр ұшқыш құрамындағы экипаж бiр ұшу мен келесi ұшу арасында кемiнде 4 (төрт) сағаттың iшiнде
үздiксiз демалысты пайдаланатын 24 (жиырма төрт) сағаттық кезең iшiнде ол жұмыс уақытының 10 (он)
сағатқа дейiнгi ең көп ұзақтығына ие бола алады.
33. Экипаждың (экипаж мүшесiнiң) демалу уақыты:
1) ұшу алдындағы, ұшу аралығындағы және ұшқаннан кейiнгi демалу уақытын;
2) демалыс күнi үшiн бөлiнген уақытты;
3) жыл сайынғы еңбек демалысын құрайтын уақытты;
4) әуе кемесiн ұшыру жөнiндегi нақты мiндеттерiн орындау кезiнде әуе кемесiнiң кабинасындағы жұмыс
орнында ас iшетiн уақыттан басқа, жерде ол үшiн арнайы бөлiнген орында ас iшу уақытын құрайды.
34. Негiзгi әуежайдағы ұшу алдындағы демалу уақыты ұзақтығы бойынша қайсысының ұзағырақ болып
табылатындығына қарай алдыңғы жұмыс уақытына немесе 12 (он екi) сағатқа тең болуға тиiс.
35. Негiзгi әуежайдан тыс жерде ұшу алдындағы демалу уақыты қайсысының ұзағырақ болып
табылатындығына қарай алдыңғы жұмыс уақытына немесе 10 (он) сағатқа тең болуға тиiс.
36. Негiзгi әуежайдан тыс жерде ұшу алдындағы демалу уақыты кезiнде Пайдаланушы экипаждардың
мүшелерiне демалу орнына жеткiзу уақытын ескерместен, 8 (сегiз) сағат ұйықтау мүмкiндiгiн қамтамасыз
етедi.
37. Экипаждардың мүшелерiне жергiлiктi уақыт бойынша 24 (жиырма төрт) сағат түнгi уақытты
қамтитын және демалудың кемiнде дәйектi 36 (отыз алты) сағатын құрайтын аптасына бiр демалыс күнi
берiледi. Демалыс күнi бiр демалыс күннiң аяқталуы мен екiншi демалыс күнiнiң басталуы арасындағы
кезең 168 (жүз алпыс сегiз) сағаттан аспайтындай түрде берiледi.
Ұшу алдындағы немесе ұшудан кейiнгi демалу кезеңi демалыс күнiнiң бiр бөлiгi болуы мүмкiн.
38. Әрбiр күнтiзбелiк айдың iшiнде экипаж мүшесiнiң 7 (жетi) демалыс күнi болады, олардың 4-iн
(төртiн) ол базада алады. Экипаж мүшесiнiң қалауы бойынша базадан тыс демалыс күндерi шектеусiз
жоспарлануы мүмкiн.
39. Әрбiр күнтiзбелiк жылдың iшiнде экипаждың мүшесiне пайдаланушы зиянды жағдайларда жұмыс
iстеген уақыт кезеңiне теңбе-тең 36 (отыз алты) күнтiзбелiк күн мөлшерiнде ақы төленетiн қосымша еңбек
демалысын бередi.
40. Экипаждар мүшелерiнiң ұшу аралығындағы демалуының ұзақтығы негiзгiден тыс әуежайда болған
кезде 10 (он) сағаттан кем болмауға тиiс.
41. Негiзгi әуежайдың белдеулiк уақытынан батысқа 5 (бес) сағат шығысқа 3 (үш) сағат белдеулiк уақыт
айырмашылығы бар маршруттың соңғы әуежайларында экипаж мүшелерiне 14 (он төрт) сағаттан кем емес
ұшу аралық демалыс берiледi.
42. Алыс қашықтықтағы маршруттар бойынша ұшуы орындаған кезде негiзгi әуежайда ұшу алдындағы
және ұшудан кейiнгi демалу уақытының ең аз кезеңдерiнiң ұзақтығы тиiсiнше кемiнде 24 (жиырма төрт)
және кемiнде 48 (қырық сегiз) сағат үздiксiз демалу сағаттарын құрауға тиiс.
43. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы жағдайында күнделiктi ұшуы орындау кезiнде ұшудан кейiнгi
демалыс ұшу алдындағы демалыс болып табылады, бiрақ 12 (он екi) сағаттан кем болмауға тиiс.
44. Экипаж мүшесiнiң демалу уақыты экипаждың тiкелей алдыңғы қызметiне жұмсаған жұмыс уақыты
аяқталған сәттен бастап есептеледi және қонақ үйде, профилакторийде нөмiр алған сәттен немесе үйге
келген уақытынан бастап саналады.
45. Пайдаланушы межелi пункттердiң әуеайлақтарында, әуежайларында және әдеттегi кестеге сәйкес
салыстырмалы ұзақ күту кезеңдерi көзделетiн аралық аялдама пункттерiнде демалуға арналып
мамандандырылған бөлмелерде экипаж (экипаж мүшесi) үшiн демалуды қамтамасыз етедi.
46. Күшейтiлген ұшу экипаждары басқарып ұшыратын әуе кемелерi экипаж мүшелерiнiң әуе кемесiнiң
бортында демалуы жағдайларымен қамтамасыз етiлуге тиiс.
47. Қос экипаждар басқарып ұшыратын әуе кемелерi жатын орындарымен жарақтандырылуға тиiс.
48. Ұшуды орындау кезiнде ұшудың қауiпсiздiгiне әсер ететiн болжанбаған жағдаяттар туындаған
жағдайда экипаждың барлық мүшелерiнiң келiсiмiмен әуе кемесi командирiнiң шешiмiмен Қағидада
белгiленген ұшу уақытының нормалары, ұшатын жұмыс уақыты және демалу уақыты өзгертiлуi мүмкiн.
49. Ұшатын жұмыс уақытының ең көп ұзақтығы әуе кемесi командирiнiң шешiмiмен 2 (екi) сағаттан
аспайтын уақытқа, ал iркiлiстi жағдайлар кезiнде күшейтiлген ұшу экипажын пайдаланған жағдайда 3 (үш)
сағаттан аспайтын уақытқа ұлғайтылуы мүмкiн.
50. Экипаж мүшелерiнiң ұшатын жұмыс уақыты кезеңiнен кейiнгi демалу кезеңi әуе кемесi командирiнiң
шешiмiмен Қағиданың 38-тармағында көзделгеннен төмен деңгейге дейiн қысқартылуы мүмкiн.
51. Егер экипаж мүшелерi ұшудың қауiпсiздiгiне қатер төндiруге қабiлеттi шаршаңқылықты бастан
кешiрсе, әуе кемесi командирiнiң шешiмiмен экипаждың барлық мүшелерiнiң келiсiмiмен ұшатын жұмыс
уақыты қысқартылуы және (немесе) демалу уақыты ұлғайтылуы мүмкiн.
52. Әуе кемесiнiң командирi ұшатын жұмыс уақытының ұлғаюы немесе экипаж мүшелерiнiң демалу
уақытының қысқартылуы фактiсi туралы пайдаланушыға есеп бередi.
53. Егер ұшатын жұмыс уақытының ұлғаюы немесе экипаж мүшелерiнiң демалу уақытының
қысқартылуы 1 (бiр) сағаттан асса, пайдаланушы көрсетiлген оқиға болған күннен бастап күнтiзбелiк 10 (он)
күннен кешiктiрмей әуе кемесiнiң командирi есебiнiң көшiрмесiн қоса бере отырып және қабылданған
шешiмнiң себептерiн көрсете отырып, бұл туралы уәкiлеттi органды хабардар етедi.
54. Жұмыс резервiндегi кезекшiлiк уақыты ұзақтығы 12 (он екi) сағаттық бiр үздiксiз кезеңнен аспауға
тиiс және үздiксiз 28 (жиырма сегiз) 29-31 (жиырма тоғыз - отыз бiр) тәулiктiң iшiнде 3 реттен көп емес
белгiленедi.
Экипаж (экипаж мүшесi) ұшу тапсырмасын орындау үшiн резервтегi кезекшiлiктен шақыртылған
жағдайда, резервте өткiзген уақыт жұмыс уақыты ретiнде ескерiледi, бiрақ алдағы ұшудың жұмыс уақытына
қосылмайды, ал ай iшiнде жеке ескерiледi және мерзiмнен тыс жұмысқа жатқызылмайды.
55. Үй резервiндегi кезекшiлiк уақыты ұзақтығы 12 (он екi) сағаттық бiр үздiксiз кезеңнен аспауға тиiс.
Үй резервтерiнiң саны шектелмейдi.
Экипаж (экипаж мүшесi) ұшу тапсырмасын орындау үшiн резервтегi кезекшiлiктен шақыртылған
жағдайда, резервте өткiзген уақыт жұмыс уақыты ретiнде ескерiледi, бiрақ алдағы ұшудың жұмыс уақытына
қосылмайды, ал ай iшiнде жеке ескерiледi және мерзiмнен тыс жұмысқа жатқызылмайды.
56. Жұмыс резервiндегi кезекшiлiк уақыты экипаж мүшесiнiң келген сәтiнен бастап резерв ретiнде
белгiленген кезеңнiң аяғына дейiн есептеледi.
57. Пайдаланушы экипаждардың мүшелерiн резервтегi кезекшiлiктiң басталған және аяқталған
уақытымен, экипаж мүшесiнiң резервтегi кезекшiлiктен өзге жерде болуының ең көп жол берiлетiн
уақытымен, сондай-ақ резервке тағайындалуына байланысты алда тұрған қызметтiк мiндеттерiмен алдын
ала таныстыруды қамтамасыз етедi.
58. Пайдаланушы жұмыс резервiндегi экипаж мүшелерiн демалу және ұшуды күту үшiн арнайы
жабдықталған оқшауландырылған үй-жаймен қамтамасыз етедi.
59. Ұшуды орындау кезiнде экипаждардың мүшелерiне ұшу қауiпсiздiгiне әсер етуге қабiлеттi жұмыс
қабылетiнiң төмендеуiн болдырмау үшiн тамақтану және сусын iшу мүмкiндiгi берiлуге тиiс.
60. Пайдаланушы әрбiр экипаж мүшесiне және экипаждардың мүшелерi өз-өздерiне қатысты:
1) ұшу уақытын;
2) әрбiр жұмыс уақыты кезеңiн және ұшатын жұмыс уақытының басталуы, ұзақтығы және аяқталуы
уақытын;
3) демалу уақытын және ұшуды орындаудан бос күндердi (ұшуды орындаудан бос күн деп қызметтiк
мiндеттердi орындаудан бос және алдағы және кейiнгi күндердi қамтитын күн саналады);
4) резервтегi кезекшiлiк уақытын есепке алуды қамтамасыз етедi.
61. Пайдаланушы мен экипаждың мүшесi олардың сұратулары бойынша бiр-бiрiне жүргiзiлген есеп
жазбаларының көшiрмелерiн бередi.
62. Осы Қағидада көзделген шарттарға қарамастан, егер экипаж (экипаждың мүшелерi) шаршауды
бастан кешiруде немесе алдағы ұшудың жағдайларын ескере отырып осы ұшу барысында шаршауды бастан
кешiретiн болады деп санауға қандай да бiр негiздер болса, экипаж (экипаж мүшелерi) ұшпайды, ал
пайдаланушы ұшуды талап етпейдi.
63. Оқу және (немесе) жаттығу ұшуларын орындау кезiнде ұшу ауысымының ұзақтығы, ұшу уақыты
және қонуға кiру саны бойынша мынадай шектеулер белгiленедi:
1) ұшу ауысымының ұзақтығы 10 (он) сағаттан аспайды;
2) ұшу ауысымындағы ұшу уақыты 6 (алты) сағаттан аспайды;
3) қонуға кiру саны 25-тен (жиырма бестен) аспайды;
4) сертификатталған ең ауыр ұшу массасы бес мың жетi жүз килограммнан кем емес ұшақтар үшiн және
сертификатталған ең ауыр ұшу массасына қарамастан тiкұшақтар үшiн қонуға кiру саны 40-тан (қырықтан)
аспайды.
64. Әскери қимылдар жүргiзу жағдайларында, дүлей апаттар мен авариялық жағдайларда экипаждың
(экипаж мүшесiнiң) жұмыс және ұшу уақытының нормаларын уәкiлеттi орган айқындайды.
65. Жұмыс уақытын осы Қағидада белгiленген ең көп шектерден тыс ұлғайтуға мемлекеттiң қорғаныс
қабiлетiн қамтамасыз етумен байланысты жұмыстарды жүргiзу кезiнде, сондай-ақ авариялардың немесе
табиғи зiлзаланың салдарларын жою кезiнде жол берiледi, ол туралы ұшуға арналған тапсырмада уәкiлеттi
тұлғаның қол қоюымен тиiстi жазба орындалуға (немесе радиограмма қоса берiлуге) тиiс.
3. Әуе кемелерi экипаждарының (экипаждар мүшелерiнiң) авиациялық жұмыстарды орындау
кезiндегi жұмыс уақыты мен
демалу режимi
66. Әуе кемесi тұрақты орналасатын орындардан тысқары жерде авиациялық жұмыстарды орындаумен
айналысатын ұшу және техникалық құрам үшiн тәулiк iшiнде 10 (он) сағатқа дейiн жұмыс уақытының
ұзақтығы белгiленедi. Авиациялық жұмыстарды орындау кезiнде барынша жол берiлетiн жұмыс және ұшу
уақытының нормалары осы Қағидаға 4-қосымшада белгiленген.
67. Пайдаланушы дәрiгерлiк-ұшу сараптық комиссиясымен келiсiм бойынша жұмыс уақытының
ұзақтығы тәулiк үшiн 12 сағатқа дейiн белгiлеуi мүмкiн, бұл ретте жұмыс күндерiнiң арасындағы түскi ас
iшу үзiлiсiмен бiрге демалу ұзақтығының демалыс алдындағы жұмыс күнiндегi жұмыс уақытының екi есе
ұзақтығынан кем емес демалу ұзақтығы сақталуға тиiс.
68. Ұшу алдындағы және ұшудан кейiнгi демалудың ең аз ұзақтығы әрбiр демалу кезеңi бойынша
кемiнде 12 (он екi) сағатты құрауға тиiс. Күнделiктi ұшуларды орындау кезiнде ұшудан кейiнгi демалу ұшу
алдындағы демалу болып табылады және 12 (он екi) сағаттан кем болмауға тиiс.
69. Қауiптiлiгi жоғары химиялық заттармен жұмыс iстеу кезiнде осы Қағидаға 3-қосымшада көрсетiлген
ұшу уақыты 20 (жиырма) пайызға азайтылады.
70. Қауiптiлiгi шамалы химиялық заттармен жұмыс iстеу кезiнде осы Қағидаға 3-қосымшада көрсетiлген
ұшу уақыты 10 (он) пайызға азайтылады.
71. Авиациялық жұмыстардың барлық түрлерiн орындау кезiнде 1 (бiр) тәулiк, 1 (бiр) ай және 1 (бiр)
жыл iшiнде ұшу уақыты нормаларынан асыруға тыйым салынады, мыналардан басқа:
1) авиациялық-химиялық жұмыстар кезiнде, жұмыстарды жұмыс күнiнiң iшiнде аяқтау үшiн экипаж
мүшелерiнiң келiсiмiмен әуе кемесiнiң командирiне төтенше және қауiптiлiгi жоғары пестицидтермен
жұмыс iстеу кезiнде ұшу уақытының ұзақтығын 30 (отыз) минутқа, ал қалған препараттармен жұмыс iстеу
кезiнде 60 (алпыс) минутқа ұлғайту құқығы берiледi. Бұл ретте жүктеменiң ұлғаюы осы Қағиданың 68-
тармағының талаптарына сәйкес демалумен өтеледi;
2) жоғары ендiктегi экспедицияларға қызмет көрсету, теңiз кемелерiн алып жүру, мұздарды барлау және
алаңдар бойынша аэрофото түсiру жөнiндегi үшуларды орындау кезiнде тәулiк iшiндегi ұшу уақыты осы
Қағидаға 3-қосымшада белгiленген нормалардан тыс ұлғайтылуы мүмкiн және осы Қағиданың 46-
тармағының талаптарына сәйкес демалумен өтелуге тиiс;
3) сертификатталған ең ауыр ұшу массасы 5700 (бес мың жетi жүз) кем ұшақтар мен барлық үлгiдегi
тiкұшактардың экипаждары үшiн жұмыс уақытын 12 (он екi) сағатқа дейiн ұлғайтумен 10 (он) сағатқа дейiн;
4) сертификатталған ең ауыр ұшу массасы 5700 (бес мың жетi жүз) және одан да көп ұшақтардың
экипаждары үшiн 13 сағат 30 минутқа дейiнгi жұмыс уақытының ұзақтығымен 11 (он бiр) сағатқа дейiн.
1 (бiр) тәулiк iшiндегi ұшу уақытын белгiленген нормалардан тыс 1 (бiр) жылдың iшiнде 3 (үш) айдан
аспайтын мерзiмге ұлғайтуға жол берiледi. Жұмыстардың көрсетiлген түрлерi кезiнде 1 (бiр) ай және 1 (бiр)
жыл iшiнде ұшу уақытының нормаларын ұлғайтуға тыйым салынады.
72. Еңбектi ұйымдастырудың вахталық әдiсi кезiнде әуе кемесiнiң экипаждары жұмысының ұзақтығы
барлық экипаж мүшелерiнiң пiкiрлерi және денсаулық жағдайлары ескерiлгенде және жұмыс уақыты мен
демалу уақыты нормалары сақталған кезде 28-31 (жиырма сегiз — отыз бiр) күнтiзбелiк күн iшiнде 15 (он
бес) күннен аспауға тиiс.
73. Ағаштарды сыртқы аспамен тасып шығару және ток жүретiн өткiзгiштердiң оралымын жазу кезiнде
тәулiк iшiндегi ұшу уақытының нормасы 5 (бес) сағаттан аспауға тиiс. Бiр ұшудың ұзақтығы рейстердiң
санына қарамастан 60 (алпыс) минуттан аспауға тиiс. Ұшудың арасында демалу үшiн 10 (он) минутқа дейiн
үзiлiстер белгiленуге тиiс.
74. Теңiз айдындарын аэрогравиметриялық түсiрудi орындау кезiнде, гравиметриялық нүктенiң үстiнде
iлiнiп тұрып түсiру учаскесiнде тiкелей түсiрудi орындау кезiнде тiкұшақтармен ұшу ұзақтығы 90 (тоқсан)
минуттан аспауға тиiс. Гравиметриялық нүктенiң үстiндегi iлiнулердiң саны 11 (он бiрден) аспауға тиiс, бұл
ретте 6 (алты) iлiнудi орындағаннан кейiн экипаж түсiрудi тоқтатуға және 10 (он) минуттың iшiнде 100 (жүз)
метрден кем емес биiктiкте көлденең ұшуды орындауға, содан соң түсiрудi жалғастыруға тиiс.
75. Авиациялық-химиялық жұмыстарда ұшақтармен және тiкұшақтармен ұшулар сериясын орындау
кезiнде 10-12 (он - он екi) қонудан кейiн (немесе жұмыстың әрбiр 90 (тоқсан) минуты сайын) экипаждардың
демалуы үшiн 15 (он бес) минутқа дейiн үзiлiстер белгiлеу қажет, олар жұмыс уақыты ретiнде ескерiледi, ал
ұшу уақытының 3 (үш) сағатынан немесе 25-30 (жиырма бес -отыз) қонудан кейiн - демалуға арналған
үзiлiстiң ұзақтығы 1 (бiр) сағаттан кем болмауға тиiс, ол тамақтануға арналған үзiлiспен үйлестiрiлуi мүмкiн
және жұмыс уақыты деп саналмайды.
76. Ультра шағын мөлшердегi бүркудi және бiр гектарға 10 (он) килограммға (литрге) дейiнгi препарат
жұмсау нормасымен басқа да жұмыстарды орындау кезiнде ұшудың ұзақтығы 90 (тоқсан) минуттан аспауға
тиiс.
77. Тәулiк iшiнде бiр қауiптiлiк сыныбындағы препараттармен жұмыс iстеу бойынша жұмыстың толық
еместiгi кезiнде ұшу құрамына жалпы ұшу уақытының әр түрлi қауiптiлiк сыныбындағы препараттармен
жұмыс iстеу кезiнде белгiленген ұшу уақыты нормаларынан аспауы шартымен әр түрлi қауiптiлiк
сыныбындағы препараттармен жұмыс iстеуге рұқсат етiледi.
78. Аралас препараттармен жұмыс iстеу кезiнде тәулiк iшiндегi ұшу уақытының нормасы неғұрлым
жоғары қауiптiлiк сыныбындағы препарат бойынша айқындалады.
79. Ұшақтар мен тiкұшақтарда бiр ұшудағы керi айналымдардың саны 20 (жиырма) аспауға тиiс, бұл
ретте ұшулардың арасындағы демалу уақыты 15 (он бес) минуттан кем болмауға тиiс.
80. Авиациялық жұмыстарда ұшу және техникалық құрам үшiн бөлiктерге бөлiнген жұмыс күнi
белгiленуi мүмкiн - арасында кемiнде 2 (екi) сағат үзiлiс кезiнде ертеңгiлiк жұмыс және кешкi жұмыс.
Ертеңгi және кешкi жұмыстың арасындағы үзiлiс жұмыс уақытына қосылмайды.
Бұл жағдайда жұмыс уақытының жиынтық ұзақтығы 10 (он) сағаттан аспауға тиiс.
81. Техникалық құрамның жұмыс уақытына:
1) техникалық қызмет көрсету уақыты;
2) әуеайлақта әуе кемесiн күту уақыты;
3) жылдың суық кезеңiнде жылыну үшiн регламенттелген үзiлiстер уақыты;
4) басқа орналасу орнына ұшып бару уақыты;
5) техникалық оқу, талқылау, медициналық тексерулерден өту уақыты қосылмайды.
82. Ұшу және техникалық құрамның жедел нүктеде ауысуы бiр жарым айдан аспайтын уақытта
жүргiзiледi, бұл ретте экипажға әрбiр жұмыс iстеген 2 (екi) апта үшiн 1 (бiр) тәулiк есебiнен ақы төленетiн
қосымша демалыс берiледi.
83. Ауаны баптау және сүзу жүйесiмен жабдықталмаған әуе кемесiнде төтенше және қауiптiлiгi жоғары
пестицидтермен (қауiптiлiктiң 1-2 сыныбы) ұшуды орындауға тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының
азаматтық және эксперименттiк
авиациясы әуе кемелерiнiң экипаж
мүшелерiнiң жұмыс уақыты мен
демалысын ұйымдастыру қағидасына
1-қосымша
Экипаждың құрамына қарай экипаждың
(экипаж мүшесiнiң) жұмыс уақытының
ең көп ұзақтығы
Уақыт кезеңi/Экипаждың
құрамы
Бiр экипаж
Күшейтiлген
экипаж
Қос экипаж
Тәулiк
13 сағат
15 сағат
17 сағат
Апта
60 сағат
60 сағат
60 сағат
Ай
190 сағат
190 сағат
190 сағат
Қазақстан Республикасының
азаматтық және эксперименттiк
авиациясы әуе кемелерiнiң экипаж
мүшелерiнiң жұмыс уақыты мен
демалысын ұйымдастыру қағидасына
2-қосымша
Экипаждың (экипаж мүшесiнiң) бiр айдағы және бiр жылдағы
жұмыс уақытының ең көп ұзақтығы
Ұшу уақыты, сағат
Әуе кемелерiнiң түрлерi
28 күн
12 ай
Ұшақтар үшiн
100
800
Тiкұшақтар үшiн
90
800
Қазақстан Республикасының
азаматтық және эксперименттiк
авиациясы әуе кемелерiнiң экипаж
мүшелерiнiң жұмыс уақыты мен
демалысын ұйымдастыру қағидасына
3-қосымша
Авиациялық жұмыстарды орындау кезiнде 2 адамнан тұратын ұшу экипажы үшiн ең ұзақ үздiксiз
ұшу уақыты
Ұшуға келу уақыты
Ең ұзақ үздiксiз ұшу уақыты
07:00-13:59
10
14:00-17:59
9
18:00-06:59
8
Қазақстан Республикасының
азаматтық және эксперименттiк
авиациясы әуе кемелерiнiң экипаж
мүшелерiнiң жұмыс уақыты мен
демалысын ұйымдастыру қағидасына
4-қосымша
Авиациялық жұмыстарды орындау кезiнде жұмыс және ұшу уақытының жол берiлетiн ең көп
нормалары (сағат)
Әуе кемесiнiң түрi
Жұмыс уақыты
Ұшу уақыты
тәулiк
ай
жыл
тәулiк
ай
жыл
1 ұшқышы бар ұшақты пайдаланып
10
50
860
6
55
550
2 ұшқышы бар ұшақты пайдаланып
10
150
860
8
65
650
1 ұшқышы бар тiкұштақты пайдаланып
10
150
860
6
55
550
2 ұшқышы бар тiкұшақты пайдаланып
бортоператорлары үшiн
10
150
860
7
65
650
Достарыңызбен бөлісу: |