|
Картографияның мәні Картография (гр chartes – папирус қағазы + grapho – жазамын, сызамын) – географиялық карта, оны құрастырудың, басып шығарудың және қолданудың әдістері мен процестері (тәсілдері) жөніндегі ғылыми пән. КартографияТопографиялық карталардың парақтау және номенклатурасы
|
бет | 60/62 | Дата | 25.10.2023 | өлшемі | 131,69 Kb. | | #44016 |
| Картография емтихан ответтері КД-21Топографиялық карталардың парақтау және номенклатурасы
Топографиялық карталар шағын территорияларға жасалады, олар көптеген беттен тұрады. Картаның бетке бөлінуін жол сызық, ал беттің белгісін номенклатура деп атайды. Топографиялық карталардың әрбір беті трапеция болып табылады оған номенклатура беріледі. Карта бетінің номенклатурасы рамканың солтүстік қабырғасының үстінде орналасқан.
Картаның номенклатурасы негізінен 1:1000 000 масштабтағы карта құрады, оның рамкасының өлшемі бойлықта 6°, ал ендікте 4°. Осы масштаб бетінің номенклатурасы белдеуді білдіретін латын алфавитінің бас әрпінен және реттік нөмірін көрсететін цифралардан тұрады.
Мысал ретінде N-36-54-Г-а карта бетінің номенклатурасының 1:1000 000 масштабтан бастап рет-ретімен құрастыруды қарастырамыз.
N-36 бет 1:100 000 масштабтағы 144 бетке бөлінеді, олар 1,2,3 …, 144 цифрларымен белгіленеді. Осы масштабтың 54 нөмірлі бетінің номенклатурасы N-36-54 болады.
1:100000 масштабтағы N-36-54 картасының беті 1:50 000 масштабтағы картаның 4 бетіне сәйкес келеді: олар А,Б,В және Г әріптерімен белгіленді. Осы масштабтың екінші номенклатурасы N-36-54-Г болады.
Осы бетті 4-ке бөлуден 1:25000 масштабтағы картаның 4 бетін алады. Бұл беттер а,б,в,г әріптерімен белгіленеді. Осы масштабтағы картаның ең соңғы бетінің номенклатурасы N-36-54-Г-а болады.
1:5000 масштабтағы картаның номенклатурасының негізі болып, 1:10000 масштабтағы картаның беті саналады, ал ол болса 1:5000 масштабтағы картаның 256 бетіне бөлінеді. 1:5000 масштабтағы картаның ең соңғы бетінің номенклатурасы N -41-60-(256) болады.
1:2000 масштабтағы картаның номенклатурасын алу үшін 1:5000 масштабтағы картаның беті 9 бөлікке бөлінеді. Оларды орыс алфавитінің кіші әріптерімен белгілейді. Сонымен 1:2000 масштабтағы картанаң ақырғы бетінің номенклатурасы N -41-60-(256-и) болады.
Топографиялық карталардың масштабына байланысты жеке беттерінің өлшемі туралы мәліметтер және номенклатура үлгілері 1-кестеде берілген.
1-кесте - Карталардың номенклатурасы
Масштаб Беттің өлшемі Номенклатураның
үлгілері
Ендікте Бойлықта
1:1000 000 4º 6º N-36
1:500000 2º 3º N-36-А
1:200000 40' 1º N-36-ХХХ
1:100000 20' 30' N-36-54
1:50000 10' 15' N-36-54-Г
1:25000 5' 7'30" N-36-54-Г-а
1:10000 2'30" 3'45" N-36-54-А-а-1
1:5000 1'15 1'52,5 N-36-54 (256)
1:2000 25" 37",5 N-36-54 (256-и)
Пландар мен карталардың шартты белгілері. Топографиялық карталардың шартты белгілері мен шартты белгілерден және оларды түрлі-түсті безендіруден, түсіндірме жазулар мен цифрлы белгілерден тұратын біртұтас жүйе болып табылады.
Шартты белгілер және олардың түрлі- түстері жердің әртүрлі объектілерін және тектік түрлерін көрнекі көрсетеді. Түсіндірме жазбалар және цифрлық белгілер шартты белгілерді кескінділетін объектілердің жеке ерекшеліктері туралы мәліметтер мен толықтыралды.
Біркелкі объектілердің әртүрлі масштабты топографиялықкарталардағы кескіні және бояуы негізінен алғанда, бірдей, тек көлемдері жағынан ғана өзгеше болады. Белгілі бір топқа енетін объектілердің сандық және сапалық сипаттамалары олардың өзіне тән ерекшеліктерін аздаған толықтырумен еске салатын бастапқы графикалық белгілермен беріледі.
Шартты белгілер өзінің атқаратын міндеті және қасиеттері жағынан масштабтық, масштабтан тыс және түсіндірме шартты белгілер болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|