|
Картографияның мәні Картография (гр chartes – папирус қағазы + grapho – жазамын, сызамын) – географиялық карта, оны құрастырудың, басып шығарудың және қолданудың әдістері мен процестері (тәсілдері) жөніндегі ғылыми пән. КартографияКартограммалар мен картодиаграммаларды безендіруге қойылатын талаптар
|
бет | 57/62 | Дата | 25.10.2023 | өлшемі | 131,69 Kb. | | #44016 |
| Картография емтихан ответтері КД-21Картограммалар мен картодиаграммаларды безендіруге қойылатын талаптар.
Картограмма қандайда бір аудан үшін орташа болып са-налатын құбылыстардың салыстырмалы өлшемдерін картада кескіндеу тəсілі болып табылады. Картодиаграммалармен көбінесе барлық халыққа қатысты алғанда халықтың тығыздығы, халықтың үлес салмағы сияқты қандайда бір белгілерін (жастық, жыныстық, кəсіби құрамын) ашып көрсетуді көздейтін əлеуметтік-экономикалық құбылыстар кескінделедіКартодиаграмма тəсілі. Белгілі бір аумақтық бөліну шегіндегі қандайда бір құбылыстарды абсолют өлшемдерінің жиынтық көрсеткіштерін көрсету үшін картодиаграммаларды қолданады.
«Картодиаграмма» термині картаға түсіру əдісі, сонымен қатар, осы тəсілмен құрылған картаны білдіреді. Бұл тəсілмен көбінесе əкімшілік-аумақтық бөлінудің шекарасы айқын бейнеленген жеке мемлекеттер мен олардың ірі бөліктерінің, материктер мен аймақтардың тақырыптық карталарында қолданылады. Əрбір аумақтық-əкімшілік бөлінудің ішіне осы аумаққа тəн құбылыстың абсолют көрсеткішінің жиынтық өлшемін айқындайтын бір диаграммалық орналастырылады.
Картодиаграммалар мен картограмманы пайдалану барысын-да екі тəсілде де құбылыстар алып жатқан нақтылы бір аумақтың шекарасы мен оның ареалы көрсетілмейтінін ескеру қажет.
Нүктелік тəсіл. белгілі бір құбылыстардың географиялық орналасуын ғана емес, сандық сипатын да көрсететін нүктелік тəсіл көбінесе əлеуметтік-экономикалық карталарда кеңінен қолданылады. Қандай да бір құбылыстардың орналасуы мен мөлшері нүктелермен белгіленеді. Мысалы, ауылшаруашылық карталарындағы əрбір нүкте ірі қара малының орналасқан аймағымен белгілі бір сандық көрсеткішін анықтайды. Бір нүктедегі малдың санын нүктенің жалпы санына көбейтсек барлық масштабының саны шығады. Нүктелерді əртүрлі түспен бояп кескіндеу бір картада бірнеше құбылыстарды көрсетуге мүмкіндік береді. Мысалы, егіншілік картасында əртүрлі дақылдардың орналасуы, халықтар картасын-да ұлттық құрамына қарай қоныстану ерекшеліктерін анықтауға болады. Құбылыс саны нүктелердің жиынтығын көрсетеді (кіші өлшемді геометриялық пішіндерді), олар халық саны, мал басының саны жəне тағы басқа құбылыс белгілерінің санына (салмағына) сəйкес келеді.Нүктелік тəсілдің белгілеуден түпкілікті айырмашылығы құбылыстардың таралу аудандарын кескіндеуінде (географиялық ареалдарда немесе сол аумақ ұяшықтарының шектерінде яғни əкімшілік, ауылшаруашылық, шартты геометриялық жəне т.б.). Егер картада аудан масштабы көрсетілген болса, сирек жағдайда ғана бұл тəсіл елдімекендерге сипаттама беруге қолданылады. Нүктелердің картада орналасуы кескінделетін құбылыстың шы-найы таралуына сəйкес келетін географиялық жəне нүктелер аумақтағы ұяшықтар шегінде тең орналасып, солар арқылы ақпарат берілетін сызбалық немесе статистикалық түрлері белгілі болады. Осы екі түрдің біреуін таңдау сəйкес келетін статистикалық мəліметтердің жағдайына байланысты болады. Ғылыми-анықтамалық картаға түсіруде көбінесе географиялық түрлері қолданылады. Əлеуметтік-экономикалық карталарға түсіруде нүктелік тəсілдің кеңінен қолданылуы көбінесе құбылыстың сандық сапасының көрсетуімен тығыз байланысты. Оны пайдаланғанда картаға түсірілетін нысандардың сипаттама-сы да əсер етеді. Нүктелік тəсілдің алуан түрлілігі мен көлемі кар-та масштабындағы нүкте өлшемімен бірдей «эквиваленттік» деп аталатын нүктелерді қолданғанда өседі. Мұндай нүктелер көбіне ауылшаруашылық жерлеріне сипаттама беру үшін қолданылады Эквивалентті нүктелерді ғылыми-анықтамалық картаға түсіру барысында қолдану өте тиімді. Мұнда олар құбылыстың географиялық таралуын сақтай отырып, сандық сипаттарын қамтамасыз етеді. Нүктелік тəсілдің басқа түрі – бөлшектік жəне пайыздық нүктелер, олар құбылыстың сандық көрсеткіштері мен белгілі бір аумақтағы пайыздық қатынасты біріктіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|